Лекция. Философия пәні. Оның зерттеу объектісі Сабақ жоспары



бет1/2
Дата31.01.2023
өлшемі17,55 Kb.
#64209
түріЛекция
  1   2

1 ЛЕКЦИЯ. Философия пәні. Оның зерттеу объектісі..
Сабақ жоспары:
1.Философияға анықтама.Философиялық білімнің ерекшеліктері.
2.Мәдениеттерді интеграциялау кызметі.
3.Мәдениеттің өзін саналы түрде тану кызметі.
Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: философия, дін, миф, ғылым, өнер, даналық, дүниетаным, идеализм, материализм, объективті, субъективті идеализм, мәдениет, метафизика, диалектика, методология, онтология, гносеология, аксиология.
Лекция тезисі:
"Философия" терминінің этимологиясы "данышпандықты жақсы көру", "даналықты сүю" немесе "ең жоғарғы тұтас ақиқатқа ұмтылу " дегенді білдіреді. Философия объективтік археология іспеттес, адамға әлемнің мағыналы қазбалы кенін алуға көмек береді. Философия- ғылыми- теоретикалық дүниетанымның ерекше түрі. Ол өз алдына рационалдылығымен, жүйелілігімен, логикасымен ерекшеленетін дүниетанымның жоғарғы деңгейі. Өйткені екі жарым мың жылдың ішінде философияның мазмұны және мағынасы өзгеріске ұшырады, бірақта, ойлаудың ерекше түрі болып калды, өйткені бұның негізінде философияның өмірге қатынасы деген ұғым жатыр. Философия өмір сүру үлгісі мен ерекше түниетаным түрі ретінде бекітілді. Философиялық дүниетаным білімге бағытталған, рефлексифті, логикалы, нақты ұғымдар мен категорияларға сүйенеді.
Сонымен қатар, философия дүниеге деген көзқарастар жиынтығы ретінде қарастырылады. Дүниеге деген көзқарастар жиынтығы ретінде қарастырылады. Дүниеге козқарас дегеніміз не? Ол- бүкіл әлем, дүние, бізді айнала қоршаған табиғат пен қоғам туралы білімдердің жиынтығы, білімдердің жүйесі. Әуелі дүние, өмір, табиғат пен қогам туралы бірдеңе білмесек, қандай көзқарасымыз болуы мүмкін және біз қалай пәлсәпалық ой құра алуымыз мүмкін?Адамдардың өзіндік санасы сонау ерте заманнан, яғни олардың табиғаттан бөлініп шығып, индивидтің қоғамға өзі- өзі қарсы қоюы кезеңінен бастап екіге бөлінді: бірі- күнделікті күйбең тіршіліктің санасы, екіншісі-ой, арман, идея, мақсаттар санасы. Дүниетанымның үш тарихи типі бар: миф, дін, философия. Алғашқы қауымдық қоғамда ең алдымен мифологиялық көзқарас қалыптасты. Онда табиғат, оның күші адамша әрекет жасайды, адамның барлық мінез- құлқы, оның жақсы- жаман жақтары да табиғатқа берілген. Ендеше, бұл біртұтас рудың дүниені тануға бағытталған көзқарас.
Келесі козқарастың түрі дүниені діни тұрғыда танып білу, яғни әлемді, табиғатты, қоршаған ортаны, қоғамды танып білу үшін адам құдайға, дүниеден тыс күштерге табыну немесе соларға сыйыну емес, бұл кұдіреті күшті, барлық әлемді жаратқан бір құдайға сену, сол арқылы әлемді танып білу.
Философия-адамзат дамуының қайнарынан бастау алатын ғылым. Ол біздің заманға дейінгі мыңжылдықтың басында дуниеге келді. Сол кезден бастап ол үнемі даму үстінде. Адам баласының ой-үрдісі кеңейген сайын философияда тереңдей түседі. Философияны дінге жақын, өйткені ол догмаға сүйенеді дейтіндер- ғалымдар бар. Бірақ ол дін емес. Философия нақты фактілерге жүгінеді. Сондықтан, философия басқа ғылымдар сияақты көбінесе объективтік заңдылықтарға сүйенеді. Бірақ оның ғылым екенін мойындамайтындар бар. Әрине, философия- оз алдына ғылым. Ол ең алдымен, дүниетанымдық, теориялық, методологиялық ғылым.Философия бүкіл әлемді, оның басты салалары:табиғат, қоғам, адам санасын тұтас құбылыс ретінде алып, оның жалпы заңдылықтарын ашады, объективтік шындық жөніндегі белгілі қағидалар қалыптастырады. Сол мақсатқа жетуде ол басқа ғылымдар сияақты дүниетанымдық, методологиялық ғылым ретінде өмір сүреді. Философия ғылым болғандықтан оның өзіндік заңдылықтары мен категориялары бар. Философия бұдан 2500 жыл бұрын грек жерінде дүниеге келді, бұл б. з. д 5 ғасыр шамасы. Оларды философтар деп атады. Бұл гректердің ертедегі екі сөзінен құрылған ұғым:philio-сүйемін, sophia-даналық, "философия"-даналықты сүю-деп түсіндірілді. Философия сонымен бірге дүниетаным өмірлік позиция, іс-әрекет. Философтарды ойландырған мәселелер: дүние қалай қалыптасқан? Рухани материалдықтар қалай қалыптасқан? Шындық, ақиқат деген не? Адам өмірінің мәні не? Дүние мәңгі ме?- деген сұраулар. Философия барлық ғылымдардан бұрын дүниеге келгендіктен, оны ғылымдардың ғылымы деп санады. Сонымен қатар философияны дүниеге козқарас туралы ілім дейміз. Дүниеге көзқарас-дүниені түсіндірудің, бағалаудың принциптері мен әрекеттері. Дүниеге көзқарас сезімнен, танымнан, нанымнан турады. Философия жалпы азаматтық рухани өндірістік қызметтің саналы нәтижелері.Ол ғасырдан ғасырға бір халықтан бір халық үйреніп, біліп, ойлау арқылы ойдан өрнек құрап, рухани дами береді. Философияда екі түрлі әдіс қолданады: диалектикалық әдіс-ол дүние ұдайы қозғалыста, өзгерісте, дамуда деп түсінеді; метофизикалық әдіс-ол дүниені өзгермейтін, қозғалмайтын, дамымайтын құбылыс деп түсіндіреді. Бірақ, бұл әдіс адамның ой тәжірибесінің көрінісі.
Философия- бүкіл азаматтың даналық ой- пікірі, толғамы, дүниетанымы, көзқарасы. Сонымен философия дегеніміз материя мен сана, таным мен болымыс, адам мен қоғам жайлы адамзат ой – санасының дамуы барысында жинақталған, жүйеленген ғылыми ой- пікірдің жиынтығы. Философия дүниетанымның ғылыми- теориялық түрі болғандықтан оның өзінің даму жолдары бар:
Космоцентристік түсінік-қоршаған әлемді, табиғат құбылыстарын космостың құдретті күші, шексіздігі арқылы түсіндіретін философияалық дүниетаным.
Теоцентрим-барлық тіршілікті табиғаттан тыс күші бар-құдай тылсымымен түсіндіретін философиялық дүниетаным.
Антроцентрим- орталық проблемасы адам, оның танымдық қабілеттері мен жаратушылық қасиеттері туралы ілім.
Философия дүниетанымның жоғары сатысы ретінде өзінің құрамына барлық дүниетанымның мәселелерин кіргізеді. Философиялық білімнің ерекшелігі жанжақтылығында, барлық мәселелерді теориялық тұрғыда түсіндірілуі, өз кезеңіндегі объективтік білім мен құндылықтардың, өнегеліктің жиынтығы. Философия ғылым ретінде өзінің зерттеу әдістерімен де ерекшеленеді: диалектика заттардың ішкі қарама –қайшылығын қарастырады, метафизика диалектикаға қарама-қарсы әдіс, электика, софистика, германевтика, матеариалистік әдіс орталык проблемасы материяны барлық заттардың бастамасы ретінде қарастыру, идеалистік әдіс алғашқы бастама ретінде идеяны қолдау. Философияның негізгі мәселелері мен атқаратын қызметтері қоғам мен өмір сүретін ортасына байланысты қалыптасып, дамып отырады.
Философияның аткаратын қызметтері: дүниетанымдық қызмет-әлемнің біртұтас бейнесін қалыптастырады, методологиялық қызмет- қоршаған ортаны танып білу қызметін атқарады, сыншылдық қызмет, аксиологиялық қызмет-дүниенің құндылықтарын бағалау, әлеуметтік, тәрбиелік және болжамдық қызметтер атқарады. Философия тарихы, негізінен алғанда, адам баласының ғана емес, бүкіл адамзат баласының өзіндік санасы. Философия тарихы адамдардың алдыңғы қатарлы біртұтас көзқарасын қалыптастырады. Себебі, философия тарихы- адамдардың дүниеге деген қатынасының қалыптасу және даму тарихы, теориялық ойлауды қалыптастыру мектебі.
Жалпы, философияның негізгі сұрақтары адам төңірегінде қалыптасады. Сондықтан да көптеген философтар, "философия адамның өмірде дұрыс жол таңдай білуіне көмектесуі керек", -деген.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет