Лекция Функция ұғымын енгізудің жалпы әдістемесі. Модульмен берілген функциялардың графигін салу. Көрсеткіштік және логарифмдік функцияларды оқыту Жоспары



бет1/6
Дата24.06.2022
өлшемі292 Kb.
#37269
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6

4-лекция


Функция ұғымын енгізудің жалпы әдістемесі. Модульмен берілген функциялардың графигін салу. Көрсеткіштік және логарифмдік функцияларды оқыту


Жоспары:
1. Функция және функционалдық тәуелділік ұғымын мектеп курсын оқытудағы орыны. Мектеп оқулықтарында функция ұғымын оқыту реті. Функция ұғымын енгізудің жалпы сүлбесі.
2. Көрсеткіштік және тлгарифмдік функция, олардың қасиеттері. Көрсеткіштік және логаорифмдік өрнектерді түрлендіру
3. функцияларының графигі.
4. y = |f1(x)| + |f2(x)| + |f3(x)| + …+|fn(x)| функциясының графигін салу


Әдебиеттер:
1. Рахымбек Д. Арифметика, алгебра, анализ бастамаларын оқыту әдістемесі. /Оқулық/ - Шымкент: М. Әуезов атындағы ОҚМУ баспа орталығы 2016. – 432 б
2. Рахымбек Д. Мектепте сандық жүйені оқыту әдістемесі: Оқу құралы. /Д. Рахымбек. – Шымкент: ОҚМПУ, 2020. - 98 бет.
3. Елубаев С. Математиканы оқыту әдістемесі. – Алматы; Эверо, 2016
4. Мектеп оқулықтары
5. Мұғалімге арналған оқу-әдістемелік құралдар


1 Функция және функционалдық тәуелділік ұғымының мектеп курсын оқытудағы орны
Математикадағы басты идеялардың бірі шамалар арасындағы өзара тәуелділік. Бұл функция немесе функционалдық тәуелділік ұғымы арқылы беріледі. Мектеп математикасында функция немесе функционалдық тәуелділік ұғымы негізгі ұғымдардың біріне жатады. Функционалдық тәуелділік бүкіл математиканың негізгі ұғымы. Ендеше, орта мектеп бітірушілердің дайындығы да көп жағдайда осы өте маңызды ұғымды қаншалықты берік игергенімен өлшенеді.
Сонымен бірге функционалдық тәуелділік басқа оқу пәндерінде, түрлі құбылыстар мен үдерістерді зерттеу мақсатында кеңінен пайдаланылады. Әсіресе, функционалдық тәуелділіктің физика курсында маңызы аса зор, өйткені физикада құбылыстар арасындағы байланыстар оқып-үйреніледі.
Әдетте математика «таза түрдегі» ғылым, оның нақты жаратылыстану ғылымдарына зәру емес сяқты көрінеді. Бірақ, математиканы терең меңгерту үшін, кез келген пәнді, соның ішінде мәселен физиканың материалдарын, математикадан кеңінен пайдаланып, байланыстырып отыру аса қажет. Өйткені:
- Математика сабақтарында физикалық материалдарды орынды қолдана отырып математикадан алған білімдерді бекітуге, математикалық ұғымдар мен ережелерді нақтылауға, дамытуға мүмкіндік бар;
- Математикада физикалық құбылыстар мен заңдылықтарды қарастыра отырып, математикалық ұғымдар дерексізден нақтыға көшеді, сөйтіп оқушылардың ұғымдарды меңгеруі оңайлайды, білімді қорытуға мүмкіндік береді;
- Физикалық құбылыстарды зерттеу барысында, ол математиканың алдына жаңа міндеттер қояды, математикалық ойлаудың жаңа жолдарын іздеп-табуға мәжбүр етеді. Мысалы: статистикалық және спектральдық идеялар, өрістік көзқарас т.б.с.с.
Функционалдық тәуелділікті пәнаралық байланыстар негізінде оқытудың кейбір тәсілдері А.Тәжмағанбетов, Ш.Г.Омашев, Ә. Көшеров т.б әдіскер-ғалымдардың еңбектерінде зерттелген.
А.Тәжмағанбетов алгебра сабақтарында функционалдық тәуелділік ұғымдарын пысықтау мақсатымен у=kx және у=k/x түріндегі функция қасиеттерін кинематикалық процестерге қолданған. Функциядағы параметрдің таңбаларына байланысты физикалық құбылыстардың өту ерекшелерін түсіндірген. Сол сияқты, бұл функцияны физикада қолдану барысында, математика түсініктерінен кейбір ерекшеліктерінің болатындығына да тоқталады.
Ш.Г.Омашев функционалдық тәуелділік және оның қасиеттерін графиктік түрлендірулерді мектепте өту кезінде, түрлі практикалық есептер шығарту арқылы меңгерту жолдарын қарастырған. Сонымен бірге, мұнда функцияны оқытуға алдын-ала дайындық жұмыстарды жүргізу жолдары сөз болған.
Ә.Көшеров функционалдық тәуелділік ұғымына негізделіп құрастырылған пәнаралық мазмұнды есептерді шығарту арқылы оқушылардың математика және физикадан алған білімдер сапасының жоғары болатындығын өз зерттеу жұмыстарының нәтижесінде көрсетті.
Жоғарыдағы зерттеулердің нәтижелеріне және мектеп математика мен физика пәндерінің оқу бағдарламаларына сүйеніп, функционалдық тәуелділік және оған байланысты ұғымдар жиынын оқушылардың меңгеруі мына әдістемелік мәселенің дұрыс шешілуіне тікелей байланысты деп айтуға болады.
Функционалдық тәуелділік ұғымын қалыптастыру үшін, оқушыларда оған қажетті ұғымдық база жасау керек. Олар: материалдык өмірдегі құбылыстардың өзара байланысы мен өзара қарым-қатынасы туралы түсінік; айнымалы шамалар туралы түсінік; шамалар арасындағы байланыстың берілу тәсілдері. Бұл ұғымдық база жасалғаннан кейін ғана функция және оған байланысты басқа ұғымдар қарастырылады. Осы орайда, функционалдық тәуелділікті оқып-үйренуді үш кезеңге бөлуге болады.
Бірінші кезең – дайындық кезеңі. Бұл негізінен бастауыштан басталады да, бесінші сыныптан ұғымдық базаны жасаумен аяқталады. Бұл кезеңде функция ұғымы берілмейді.
Екінші кезең - 7-сыныптан (6-сынып) басталады да,оның мақсаты функция ұғымын қалыптастыру.
Үшінші кезең - 9-сыныптан басталады. Оның негізгі мәні функционалдық тәуелділіктің жаңа түрлері мен оларды қолдана отырып нақтылау және дамыту.
Аталған кезеңдерді ойдағыдай жүзеге асыруға, қазіргі мектептерде қолданып жүрген математиканың оқу бағдарламасында толық мүмкіндік бар. Функционалдық тәуелділік ұғымының оқушылар санасында дұрыс қалыптастырып, оны әрі қарай дамытылуы математика мен физика пәндерінің жүйелі байланыстырылып жүргізілуіне тікелей тәуелді болады. Ал, бұл байланыс тиімді болуы үшін, екі пән мұғалімдері мынадай әдістемелік бағытты басшылыққа алулары керек:
- Қарастырылып отырған әрбір функционалдық тәуелділікті үйрену уақытын екі пәнді оқытуда да өзара келісіп отыру;

  • Функционалдық тәуелділікті анықтайтын ұғымдарға, анықтамаларға, терминдерге, формулаларға қойылатын талаптарды өзара келісіп алу;

  • Әрбір функционалдық тәуелділіктің жеке бір түріне берілген тапсырмалар жиынының мазмұны мен көлемін, қиындық деңгейлерін, берілетін орнын өзара бірігіп анықтау;

  • Функционалдық тәуелділікке байланысты ұғымдарды дамытудың сабақтастығын екі пәнде де қамтамасыз ету.

Функционалдық тәуелділікті оқушылардың меңгеруін жетілдіру үшін мынадай жұмыстарды жүйелі жоспарлап өткізуге болады.

      1. Математика мен физикада жаңа такырыпты түсіндіру барысында, пәнаралык байланысқа негізделген функционалдық тәуелділікті меңгеруге мүмкіндік беретін қосымша материалдарды жүйелі пайдалану.

      2. Белгілі бір такырыпты қарастырғанда алгебра және физика сабақтарын кіріктіріп оқыту. Мұндай жағдайда, екі пән мұғалімі сабақтың жоспарын бірігіп түзеді. Сабақ материалын екі сағатқа бөліп оқытқан тиімді. Кіріктірілген сабақтарды барлық сыныптарда жоспарлап өткізуге болады.

      3. Физикалық мазмұнды есептерді жүйелі түрде шығарту арқылы функционалдық тәуелділікті меңгерту. Мұны екі бағытта: математика сабағында физикалық мазмұнды есептер шығарту, ал физика сабағында құбылыстар мен заңдарды оқып-үйрену барысында функция қасиеттерін кеңінен қолдану жаттығуларын орындату арқылы жүргізу.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет