Лекция. Графика. Орфография. Транскрипция. Транслитерация Жоспар: Графикалық жазулардың пайда болуы Орфография жайлы мәлімет Транскрипция. Транслитерация жайлы Тірек ұғымдар



бет1/2
Дата06.01.2022
өлшемі55 Kb.
#16833
түріЛекция
  1   2

14-лекция.Графика.Орфография.Транскрипция.Транслитерация

Жоспар:

1.Графикалық жазулардың пайда болуы

2.Орфография жайлы мәлімет

3. Транскрипция. Транслитерация жайлы



Тірек ұғымдар: Кейбір ғалымдар ымдау, нұсқау белгілерін де, мылқаулардың мимикалық тілін де, әр түрлі іздер мен белгілер

 Жазудың адамзат өміріндегі маңызы былай да түсінікті. Оны санамалап, егжей-тегжейлі айтып жатудың өзі артық. Жазу арқылы адамзат қоғамы мәдениетке қол жеткізіп, цивилизацияға қадам басты. Осы күнгі жазулар бірден пайда болған жоқ. Олар дамудың небір жолдары мен сатыларынан өтті. Осының нәтижесінде адамзат тарихында зерттеушілердің айтуынша1 жазудың мынадай типтері мен түрлері пайда болды: Жазудың тегі І Семасиографиялық немесе ІІ Фонолографиялық идеографиялық (тілдің тұрпат (тілдің мазмұн жағына негізделген) жағына негізделген) Жазудың түрлері А. Пиктография (хабардың Б. Силлабографиялық жалпы мазмұнын бейнелеуге (графикалық таңбаның объектісі – негізделген). буын). Б. Иероглифика немесе Б. Фонемография (графикалық логография (сөзге негізделген) таңбаның объектісі – фонема) Әрине, орыс әліпбиіне негізделген қазіргі қазақ жазуы я болмаса, араб әліпбиіне негізделген бұрынғы жазу (А.Байтұрсынұлының нұсқасы); немесе латын әліпбиін негіз еткен 30-40-жылдардағы қазақ жазуы ғылыми тұрғыда дәлелдемей-ақ жай ғана ой жіберіп қарағанның өзінде жазудың фонографиялық типіне, фонемографиялық түріне жататынын байқауға болады. Бірақ бұл топшылау басы ашық ақиқат болғанмен, дәл осы ақиқатқа қатысты шешілмеген түйіндер, жауабын күтіп тұрған сұраулар бар. Мысалы: араб әліпбиіне негізделген қазақ жазуындағы әріптердің саны неге 24, ал латын әліпбиі бойынша 29, орыс әліпбиіне негізделген қазіргі жазуда 42? Ғылым мен техника, білім мен мәдениет, тіпті жалпы прогресс жазуымен байланысты. Сондықтан жазу-сызу мәселесі қашан, қай кезде, қай елде болмасын, ат төбеліндей зерттеушілердің ғана емес, жалпы жұртшылықтың назарын өзіне аударып отырады. Мысалы, ағылшын жазуының неше ғасырлық тарихы болғанына қарамастан, тіл мамандары жазуды оңтайлы етудің, емлені жеңілдетудің тиімді қолданудың жолдары мен теориялық негіздерін үнемі қарастырып келеді



Графика өнері каллиграфияменжазбамен тығыз байланысты деп табылады. 19 ғ. дейін графика мен сурет түсініктері қатаң ажыратылып қаралды. Графика деп тек баспа техникасымен салынатындарды атаса, суретке — қолмен салынатын жұмыстарды: нобайдынұсқа, т.б. жатқызады.[1]

Графика – бейнелеу өнерінің бір жанры. Кескіндеме жанрында түс пен бояу негізгі рөл атқарса, графикада (гр. graphein гр. grapho– жазамын) сызықтар, штрихтар, ашық және қара (қоңыр) дақтардың арақатынасы шешуші рөл атқарады, сондай-ақ заттардың ең негізгі белгілері таңдап алынады. Графикаға гравюраның барлық түрлері (литографиялиногравюраксилография), плакаттықсатиралық сурет түрлері жатады. Бейне қарындашпенкөмірменборменқаламұшпен тікелей қағазға түсіріледі немесе арнайы өңделген тақталарға (гравюра) немесе тасқа (литография) бедерленіп, қағазға содан басылады, кейде баспалық-механикалық әдіс арқылы көбейтіледі. Бейнелеу құралдарының қарапайымдылығымен әрі көп таралыммен басып шығаруға ыңғайлылығымен графика бұқаралық байланыс, ақпарат саласында (плакаттарпошта маркаларыэкслибристергазет-журналдар), кітаптарды, әдеби шығармаларды безендіру үшін, әр түрлі тақырыпқа карикатурашарж, жалпы нобайкомпозициялық эскиздер салу үшін, т.б. заттарды көркемдеуде кеңінен қолданылады. Графикада кескіндеме жанрындағыдай акварельгуашьпастель пайдаланылады. Графиканың көп ғасырлық тарихы бар. Батыс Еуропаның Леонардо да ВинчиМикеланджелоРембрандт, орыс халқының Орест КипренскийКарл БрюлловВасилий ПеровИлья Репин сынды суретшілері өздерінің графикалық туындылары арқылы әлемдік бейнелеу өнері қорын байытты.  Жартастарға салынған суреттер жатады. Қазіргі заманғы қазақ бейнелеу өнеріндегі графика 1930 – 50 жылдары аралығында қалыптасты

Жазу – адамдардың кеңістік пен уақытқа тәуелді болмай, өмірдің барлық салаларында кең түрде қарым-қатынас жасауына мүмкіндік беретін құрал.

Орфография – жазба тілде пайдаланылатын біркелкі жазудың тарихи қалыптасқан жүйесі. Ол жазба тілдің нормаларын қарастырады.

Морфологиялық ұстаным – сөздің морфологиялық құрамын ескеріп, бастапқы құрамын сақтап жазу. Фонетикалық ұстаным бойынша сөз айтылуындай жазылады. Дәстүрлік ұстаным - сөздің бір кезде жазылып, қалыптасқан, дәстүрге айналған түрінде сақтап, жазу. Графика ауызекі сөйлеу тілінің дыбыстық жағын, оның ерекшеліктерінінің барлығын түгелдей қамтып бере алмайды . Мұндай қызметті транскрипция ғана атқара алады. Транскрипцияның әдеттегі жазудан мынадай айырмашылықтары бар: әдеттегі жазу жүйесінде сөздердің дыбыстық жағымен бірге олардың әр түрлі байланыстары, атап айтқанда, этимологиялық және морфологиялық байланыстары да қарастырылып, есепке алынады. Ал транскрипцияда сөздің дыбыстық жағына ғана назар аударылады. Транскрипция үшін сөздің этимологиялық, морфологиялық байланыстардың ешбір мәні жоқ. Бұл-бір. Екіншіден, графика сөздің дыбысталуын әрқашан дәлме-дәл көрсете бермейді. Ал транскрипцияның ең негізгі қызметі – сөздің дыбыстық немесе фонемалық құрамын дәлме-дәл көрсету. Бір әріп ыңғайына қарай әр түрлі фонемаларды белгілей алса, транскрипциялық таңба бір ғана мәнге ие бола алады. Бір фонема жазуда әр түрлі әріптермен таңбалануы мүмкін, ал транскрипцияда ол әрқашан бір ғана таңбамен белгіленеді.

Транскрипциядан транслитерацияны ажырата білу керек. Транслитерация жазылғанды бір алфавиттен екінші алфавитке, мысалы, орыс алфавитінен латын алфавитіне немесе, керісінше, аударып жазуда қолданылады.Транслитерация әсіресе географиялық атауларды және т.б. басқа жалқы есімдерді жазуда жиі қолданылады.

Транскрипция (лат. transcrіptіo – қайта көшіріп жазу) – белгілі бір тілдегі дыбыстарды дәл бейнелеп көрсету үшін пайдаланылатын шартты белгі. Жазуда бір фонема түрлі әріптермен таңбалануы мүмкін, ал транскрипцияда ол бір таңбамен белгіленеді. Транскрипцияның негізгі қызметі сөздің дыбыстық немесе фонемалық құрамын дәлме-дәл көрсету, онда сөздің дыбыстық жағына ғана назар аударылады. Бір әріп ыңғайына қарай түрлі фонемаларды белгілесе, транскрипциялық таңба бір ғана мағынаға ие болады. Транскрипция екіге бөлінеді:

Транскрипция сөздердің дыбысталуындағы өзгерістерді ескермей, тек фонемаларды жазады, дыбыстар сөздің айтылуына жуықтап беріледі. Мысалы, ору [орұу], қи [қый], шикі [шійкі].

Транскрипцияда сөздердің айтылуындағы дыбысталу ерекшеліктері дәлме-дәл көрсетіледі: қазан қап [Қазаңғап], ортан бел [ортамбел], сейсенбі [сейсембі]. Әрбір жеке тілдің фонемалық жүйесін айқындауда фонемат. Транскрипция жұмсалса, ал фонетикалық Транскрипция барлық тілдердегі дыбыстық ерекшеліктерді түгел көрсету үшін қолданылады. Оқу барысында көбіне фонемат. Транскрипцияға жүгінуге тура келеді, яғни сөздер мен сөз тіркестерін, тұтас мәтінді айтылуына біршама жуықтатып жазу қажеттігі туындайды. Жеке дыбыстар мен әріптердің айтылуы мен жазылуындағы айырмашылықтар, көрші дыбыстардың бір-біріне әсері ескеріліп отырады. Қазіргі қазақ тілінде қолданыста жүрген и, у, ю әріптерінің әрқайсысы екі-үш тіпті онан да көп дыбыстарды құрайды: у – ұу-ұшу [ұшұу], үу- жүру [жүрүу]; и – ый- сиқыр [сыйқыр]; ю – йұу-құю [құйұу], т.б.[1]



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет