Лекция жоспары: Қазақстандағы ислам мәдениетінің алатын орны. Қазіргі кездегі дін мен мәдениет



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата06.01.2022
өлшемі248,93 Kb.
#16077
түріЛекция
  1   2


Ф-ӘД-001/026 

15-лекция. Тақырыбы: Қазақстандағы ислам мәдениетінің алатын орны. 

Қазіргі кездегі дін мен мәдениет. Ислам және Қазақстан мәдениеті. 



Лекция жоспары: 

1.  Қазақстандағы ислам мәдениетінің алатын орны. 

2.   Қазіргі кездегі дін мен мәдениет.  

3.  Ислам және Қазақстан мәдениеті. 



Лекция  мақсаты:  Ислам  және  Қазақстан  мәдениеті.туралы  жан-жақты 

түсінік беру 



Лекция мәтіні:  

         Қазақстандағы  Ислам  мәдениеті  жайлы  айтқанда  оның  Исламға 

дейінгі  мәдениетпен  кірігіп  өзінше  бір  түркі  дүниесіне  тән  мәдени  орта 

қалыптастырғанын  көреміз.  Бұл  қалыптасқан  мәдениет  Қазақстан  халқының 

барлық  шаруашылық,  тұрмыстық  жағдайларына  лайық  ыңғайластырылған 

болды.  Кеңес  үкіметінің  келуімен  діни  басқарма,  басқа  діни  басқармалар 

сияқты репрессияланып, көптеген мешіт, медреселер  жабылып талқандалды. 

Тек  1943  -  ші  жылдары  ғана  діни  ұйымдарға  деген  көзқарас  өзгеріп,  Орта 

Азия және Қазақстан діни басқармасы қайта бас көтерді. Көптеген мешіттер 

қайта  ашылып,  діни  қызметкерлер  даярлайтын  Бұқарадағы  "Мир  Араб" 

медресесі 

қайта 

ашылды. 


           Орта  Азияның  монументалды  -  сәндік  өнері  діни  құрылыстардың 

сәулетімен  тығыз  байланысты.  Исламның  мемлекеттік  ретінде  орнығуына 

байланысты  сан  алуан  ғибадатханалық  құрылыстар  ғимараттың  негізгі  түрі 

—  мешітпен  алмастырылды.  Мешіттер  сәнді  кескіндемемен,  мозаикалық 

керамикамен,  бедерсуретпен,  ағаш  және  ғаныш  ойма  суреттермен 

безендірілген.  Мұндай  құрылыстардың  интерьеріндегі  монументалды 

кескіндеме  және  сәндік  пластика  сәулетпен  тұтасып,  өнер  синтезін 

(тоғыстығын)  құрайды.  Мешітті  әшекейлеуде  бейнелеу  негізі  ою  -  өрнек 

болды.  Ою  -  өрнектің  өсімдік,  геометриялық  бейнелеу  түрлерімен  қатар 

өрнектік  өнер  дәрежесіне  көтерілген  эпиграфика  кең  түрде  пайдаланылған. 

Тор  мен  жиектерді  құра  отырып,  геометриялық  ою  -  өрнек  интерьерде 

өсімдік  өрнек  үшін  өзіндік  бір  арқау  болып,  бейнелеу  жазықтығын 

ұйымдастырды  және  онымен  ажырамас  тұтастықта  болды.  Эпиграфикалық 

ою - өрнек ислам дінін насихаттаудың өзіндік бір түрі болып табылды. Жазу 

жолақтары  михраб  қақпасын  айналып,  мешіттің  кіре  берісіндегі  қақпаны 

көмкеріп,  орталық  порталдың  ауқымымен,  күмбездің  барабанын  жиектеп, 

мешіттің  интерьерін  әшекейлегенде  пайдаланылады.  Мекке  жағына  қараған 

ішкі  қабырға  —  михраб  -  интерьерде  ең  көп  шамада  сәулеттік  сәндеуді 

шоғырландырады. /11/  



Ф-ӘД-001/026 

Қолданбалы  өнер  түрлерінің  өрісінің  кеңеюі,  ою  -  өрнек  гаммасының 

баюы,  Осы  күнге  дейін  жеткен,  орта  ғасырлық  сәулет  өнерінің  үздік  бір 

тұмасы, құрылыс, сәулет өнері және кәсіпшілік салаларындағы жетістіктерді 

тоғыстырған  ескерткіш.  —  Түркістан  қаласындағы  Қожа  Ахмет  Йассауи 

құрылыс кешені. Монғолдарға дейінгі кезеңде өнердің өркендеуі сәулет және 

қолданбалы  өнерлерінің  дамуында  өз  тоғысын  тапқандай.  Көп  түсті 

жыланкөзді  жылтырақпен  қапталған  керамика  өндірісі  дами  бастайды. 

Көптеген  құрылыста  пайдаланылатын  шикі  қыш  пен  пасхамен  қатар 

күйдірілген қыш кең таралды.  

Ұлт тәрбиесінің басты құралы - өнер. Жас ұрпақ ислам дінінің негізінде 

калыптасқан  тәрбиенің  құнды  қасиеттерін  бойына  сіңіріп,  бүгінгі  өмір 

талабына  керекті  жақтарын  іздестіреді.  Ислам  дінінің  берік  орын  алып  күш 

қуатының  дамуына,  оның  жас  ұрпақ  тәрбиесіне  деген  ізденістердің 

тәжірибелік ғылыми көзқарастың жақындасуына әсерін тигізетін тіке жол, ол 

-  өнер,  яғни,  музыка  арқылы  ислам  дінінің  негізінде  көптеген  табыстарға 

жетуге болады. 

Оңтүстік  Қазақстанда,  Жетісу  өңірінде  жүргізілген  археологиялық  қазба 

жұмыстары нәтижесінен көре аламыз. Онда ІХ - ХІІ ғасырдағы Ислам елдері 

қалаларына  тән  рабаттары,  мешіт,  моншалары  бар  қала  құрылыстары 

табылған.  Қазақ  даласында  кеңінен  тараған  ислам  өнерінің  үлгілерінің  бірі 

шебер  жазу  өнері.  Негізінде  бұл  жазулар  геометриялық  фигура  немесе 

өсімдік  бейнесінде  куф,  сулс  деп  аталатын  араб  классикалық жазу  үлгісінде 

Құран  аяттарын,  әртүрлі  тақырыптағы  хадистерді  шеберлілікпен,  бояу 

арқылы  немесе  ойып,  бедерлеп  жазу.  Мұндай  жазу  үлгілері  жоғарыда  атап 

өткен  кесене,  мешіттерді  безендіруге  қолданылған.  Сонымен  қатар  мұндай 

куф  араб  жазуларымен  безендірілген  жезден  жасалған  майшам  тұғырлары, 

ыдыс  -  аяқтар  (ҮІІІ-ХІ  ғ.)  Қазақстан  территориясынан  археологиялық  қазба 

жұмыстары 

кезінде 


табылған. 

Қазақ халқының поэзиялық және қара сөздік дәстүрін толық қамтитын, этно - 

мәдени танымды, даналар сөзін ұрпақтан - ұрпаққа жеткізудің көшпелі халық 

үшін,  ең  бір  тиімді,  кеңінен  дамыған  түрлерінің  бірі  ауыз  әдебиеті.  Қазақ 

халқының поэзиялық және қара сөздік дәстүрін толық қамтитын халық ауыз 

әдебиетіне 

де 

Ислам 


дінінің 

өзіндік 


әсері 

болды. 


      Исламның  қазақ  ұлттық  болмысы  мен  мемлекетінің  қалыптасуына, 

мәдениеті,  әдебиеті,  өнеріне,  жалпы  дүниетанымына  қосқан  зор  үлесін  көре 

аламыз. Осындай дүниетанымдық, құнды-лықтық, құқықтық және т.б. тарихи 

рөл  атқарған  Ислам  дініне  қазіргі  таңда  «қайта  жандануда»  деген  баға 

берілуде.  Тәуелсіздік  алған  жылдары  бастал-ған  дінмен  қауышу  үдерісі  20 



Ф-ӘД-001/026 

жыл  көлемінде  әлі  де  жалғасын  тауып  жатыр.  Осылай  деуімізге  Исламның 

қазіргі  таңдағы  ахуалы  себеп  болып  отыр.  Баршаға  мәлім,  1990  жылы 

Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы (ҚМДБ) құрылды. Бұл қадам 

әлсіреген діни байланысты қайта жаңғырту болды. Алғашқы кезеңнен бастап 

Қазақстанда  осы  арна  арқылы  басқа  конфессияларға  толерантты  көзқарас 

танытатын,  олардың  құнды-лықтарын  мойындайтын,  ғылымның  дамуын, 

техникалық  прогресті  қол-дайтын  Исламның  дәстүрлі  бағыты  таралуда. 

ҚМДБ  республика  ішіндегі  және  ТМД  шеңберіндегі  діни  конфессиялармен 

тату  қарым-қатынас  орнатып,  рухани-ағартушылық  жұмыстарына  баса  мән 

береді.  Діни  басқарма  еліміздегі  мұсылман  қауымын  біріктіруші  діни 

бірлестік  ретінде  өткен  жылы  қабылданған  Қазақстан  Республикасының 

«Діни  қызмет  және  діни  бірлестіктер  туралы»  Заңы  талабына  сәйкес  қайта 

тіркеуден  өтті,  қазіргі  кезде  оның 1800  аумақтық  бөлімшесі  қайта  тіркеуден 

өтіп,  400-ге  жуығы  қайта  тіркеуден  өту  кезегінде.  Тәуелсіздіктің  алғашқы 

жылдарында  Қазақстанда  барлығы  63  мешіт  болса,  қазіргі  кезде  олардың 

саны 2465-ке жетті. 

Қазақстан  үшін  дәстүрлі  сүнниттік  Исламның  ханафи  мәзһабының 

ұстанымдарын  насихаттауда  консервативті,  яғни  тео-логиялық  тәсілдерден 

бұрын  Исламның  халықтың  тарихи  өткен  кезеңі  мен  ұлттық  салт-

дәстүрлерімен  сабақтастық,  отансүйгіштік  пен  ұлттық  қауіпсіздік 

қағидаларына құрмет идеяларын үйлестіре насихаттау аса маңызды. 

Ясауи  ілімінің  алдағы  уақытта  ұлтымыздың  рухани  жаңғыруының  негізгі 

факторына айналары кү-мәнсіз. Сондықтан Қожа Ахмет Ясауи ілімін кеңінен 

зерделеп,  насихаттап,  оны  мемлекетіміздің  идеология-лық  тірегіне 

айналдыру  бағы-тында  нақты  іс-шаралар  жү-зеге  асырылуы  тиіс.  Сөз 

соңында  айтарымыз,  еліміздегі  Исламның  қайта  жандануын  келесідей  етіп 

көрсетуге  болады:  –  бірінші  кезеңде,  яғни өткен  ғасырдың  90-жылдары  мен 

2000  жыл  аралығын  қамтитын  кезеңде  халықтың  Исламға  бет  бұруы;  – 

екінші  кезең:  2000  жылдан  2010  жылға  дейінгі  аралықта  діни 

қызметкерлердің ағарту жұмыстары мен діни ғима-раттардың салынуы және 

дін  мамандарының  даярлануы  жүзеге  асты;  –  2010  жылдан  бастап  дәстүрлі 

емес  діни  ағым-дармен  күресу,  халықты  ақпа-раттандыру  арқылы  бір-тұтас 

дәстүрлі  Ислам  қауы-мына  біріктіру  қызметтері  жүзеге  асырылуда.  Қазіргі 

таңда  Ислам  дінінің  қайта  жандануы  жүзеге  асуда  және  де  негізгі  діни 

ағынның  қоғамды  рухани,  өнегелік  негіздері  арқылы  біріктіру  қызметін 

атқару кезеңіне ауысқандығын байқауға болады. 

 



Ф-ӘД-001/026 

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет