Лекция жоспары: Н. И. Лобачевский өмірі мен қызметі Н. И. Лобачевский геометриясының жарыққа шығуы



бет1/3
Дата07.01.2022
өлшемі169,69 Kb.
#19001
түріЛекция
  1   2   3

Евклидтік емес геометрияның пайда болуы.
Лекция жоспары:

1. Н.И. Лобачевский өмірі мен қызметі

2. Н.И. Лобачевский геометриясының жарыққа шығуы

Лекцияның мақсаты:

а) Студенттерге Евклидтік емес геометрияның пайда болуын үйрету.



Лекция мазмұны:

Н.И. Лобачевский 1792 жылы 1 желтоқсанда бұрынғы Нижегород губерниясында туған. Гимназияны бітіргеннен кейін ол 1808 жылы Қазан университетіне оқуға түседі. Студент кезінде-ақ ол ғылыми жұмыстар жүргізді.

Н.И.Лобачевский 1810 жылы кандидат дәрежесін алады, ал 1811 жылы физика-математика ғылымдарынан өте жетік болуы себепті, ол кандидаттықтан магистрлікке көшіріледі. Магистрлік ғылыми дәреже оның "Аспан, денелерінің эллипстік қозғалыс теориясы" деген енбегі үшін берілді.

Магистр Лобачевский 1812 жылдан бастап педагогикалык жұмыска кіріседі. 1814 жылы профессор атағы берілгеннен кейін университеттің өзінде лекциялар оқиды. 1816 жылы Лобачевский Қазан университетінін профессоры болып бекітіледі. Ол университеттің белгілі ғалымы, көрнекті қоғам қайраткері болды.

1827 жылы Н.И.Лобачевский Қазан университетінің ректоры болып сайланады. Ол ректор болған жылдан бастап Қазан университетінің гүлдену дәуірі басталады.

Н.И.Лобачевский "Ғылыми жазбалар" журналында "Болжау геометриясы туралы" шет елдерде шығатын журналдарда (неміс тілінде) "Евклидтік емес" жаңа геометрия туралы оның бірнеше ғылыми мақалалары басылып шықты. Ол алгебрадан оқу құралын жазды.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет