Лекция жоспары: Ядроның құрлысы мен қызметі Ядро қабықшасы Ядро шырыны Ядрошық Хромосомдар



бет1/7
Дата14.03.2023
өлшемі0,53 Mb.
#74080
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7

9-Апта. 15.03-20.03.2021 ж.
Тақырып: Клетка ядросы
Лекция жоспары:
1.Ядроның құрлысы мен қызметі
2. Ядро қабықшасы
3.Ядро шырыны
4.Ядрошық
5.Хромосомдар



Ядро (лат. nucleus, грек, kaiyon — ядро) — организмдегі протеиндік алмасуды реттеу арқылы тұқымқуалаушылық қасиеттерді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін жасушаның негізгі бөлігі.
Ядронаң атқаратын қызметі : 1. Тұқым қуалау ақпаратын өзінде сақтап, она бөліну процесінде келесі ұрпақ жасушаларына беру. 2. Жасушанаң барлық тіршілік әрекетін бақылау, басқару.
Ядро - хромосомалары бар жасушаның негізгі органоиды. Жоғары сатыдағы көптеген өсімдіктер, жануарлар мен саңырауқұлақтардың жасушаларында бір ядро бар. Қарапайымдар мен төменгі сатыдағы өсімдіктердің бірнеше ядросы болады. Ядроның диаметрі - 3-10 мкм. Оның екі жарғақшадан тұратын қабығы бар.
Ядро жарғақшасының шұрықтары өте көп, сол шұрықтар арқылы ядро мен цитоплазма арасында заттардың белсенді тасымалы іске асады. Сыртқы жарғақша эндоплазмалық тор өзекшелерімен қосылып, өзекшелердің біртұтас жүйесін түзеді.
Ядроны алғаш рет тауықтың жұмыртқа жасушасынан байқаған 1825 ж. чех ғалымы Я.Пуркине (1787 – 1869) болды. Ядроны өсімдіктер жасушасынан ағылшын ботанигі Р.Броун (1831 – 33), ал жануарлар жасушасынан Т.Шванн (1838 – 39) анықтады. Ядро кариолеммадан (ядро қабықшасы), хромосомалардан, ядрошықтан және кариоплазмадан (ядро сөлі, шырыны) құралады
1.Ядро қабықшасы
Ядро қабықшасынаң ішкі және сыртқы мембрана лары үш қабаттан тұрады.
Кариолемма ядроны жасуша цитоплазмасынан бөліп тұрады. Ол сыртқы және ішкі жарғақшалардан және олардың аралығындағы жарғақаралық (перинуклеарлы) кеңістіктен тұрады.
Кариолеммада көптеген ұсақ тесіктер болады. Олардың саны жасушадағы түзіліс процестерінің белсенділігіне байланысты. Түзіліс процесі күшейген сайын, тесіктер саны да көбейеді. Ядро қабықшасы тесіктері арқылы жасуша цитоплазмасы мен ядро аралығында зат алмасу процесі (белоктар, көмірсулар, майлар, нуклеин қышқылдары, су, әр түрлі иондар) үздіксіз жүріп отырады, олар арқылы ядро дан цитоплазмаға және керісінше белоктар, көмірсулар, майлар, нуклеин қышқылдары, су және әртүрлі бхондар өтеді, яғни ядро мен цитоплазманаң арасында үздіксіз зат алмасу процестері жүріп жатады.
Мембрананаң ішкі қабаты талшықты тор ақуыздардан тұрады, оларды ламина деп атайды. Мембрана құрылысынаң тұрақтылығын ұстап тұруда өте маңызды роль атқарады. Сыртқы мембрана эндоплазмалық ретикулумнаң мембрана сына өтеді және рибосомаларды байланастыру үшін қажетті ақуыздардан тұрады. Ядро мембранасынаң қалыңдығы 10 нм., ал перинуклеарлық кеңістіктің қалыңдығы тұрақты болмайды ( өзгеріп отрады ). Қабықшанаң жалпы қалыңдығы 6080 нм. тең. Қабықшанаң ішкі мембранасы агранулярлы болып келеді, ал сыртқы мембрана сына рибосомалар бекінеді. Ядро қабықшасы ядро мен цитоплазманаң арасындағы зат алмасуды реттеп отрады және белоктар мен липидтерді синтездеуге қабілетті ядролы - тесікті комплекс. Ядролық тесіктер – гиганты макромолекулы комплекс тер, ядро мен цитоплазма аралығында ақуыздар және рибонуклеопротеин дердің белсенді алмасуын қамтамасыз етеді.

.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет