Лекция конспектілері «Педагогикалық психология»



бет1/39
Дата28.04.2023
өлшемі0,67 Mb.
#88191
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




Лекция конспектілері

Н3-1.1.39-2022
1 баспа 02.02.2022












«Психология негіздері» пәні бойынша лекция конспектілері «Педагогикалық психология» кафедрасының мәжілісінде қарастырылған

Хаттама №10 «27» 05 2022 ж.


Пән оқытушысы Макашкулова Г.Б. ___________________


/Аты-жөні/ /қолы/

Лекция №1
Тақырыбы:Психология негіздеріне кіріспе.
Жоспары:
1. Психологияның ғылым ретіндегі жалпы сипаттамасы.
2. Психология пәні, оның басқа ғылымдармен байланысы
3.Психологиялық білімнің даму тарихы және психология ғылымындағы негізгі бағыттар
4. Психикалық құбылыстар және психикалық фактілер.


1. Психологияның ғылым ретіндегі жалпы сипаттамасы.
Психология - адамзатқа арналған күрделі, әрі маңызды ең кызықты көне ғылымдардың бірі. Адамзат баласы ғасырлар бойы көптеген ғалымдардың зерттейтін объектісі болып келеді. Өйткені, адамзат қоршаған әлемдегі ең ғажайып әрі құпия жаратылыс иесі.Ежелгі грек философы Сократтың екі мың жыл бұрын айтқан «Өзіңді таны!» деген мәнді де мағыналы ұранды сөзі бүгінгі таңда да маңызын жойған жоқ.
Психика туралы түсінік адамға және оның жеке өміріне өмірлік тәжірибе береді. Бір адам туралы Ол өте жақсы психолог, кез-келген адамның қандай екенін бірден айта алады деген сөзді жиі естіп жатамыз. Психологтың астарында өмірлік тәжірибесінің арқасында адамның өмірде көргендері арқылы көп нәрсені байқайтындығы, сезінетіндігі, сол арқылы өзгелерге түсіндіре алатындығы анықталады. Сондықтан біздің әр қайсысымыз белгілі бір сатыда Психологпыз. Қоғаммен бірге өмір сүріп және араласа жүріп біз өзімізше ол адамдардың ішкі омірі туралы түсінік жасауға мәжбүрміз, олардың қылықтары мен айтқан сөздерінің мағыналары мен себептерін ажыратамыз, олардың бізге және басқа адамдарға деген қарым-қатынастарын болжай аламыз.
Әртүрлі заттар мен құбылыстарды көре отырып, олар бізге ұнауы немесе ұнамауы мүмкін, кейбіреулерін есте сақтаймыз немесе ұмытамыз, біреулеріне зейін аударамыз, басқаларына көңіл бөлмейміз, осы құбылыстардың барлығы - біздің психикамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет