Лекция конспектілері «Педагогикалық психология»


Мінез акцентуациясы (К. Леонгард)



бет35/39
Дата28.04.2023
өлшемі0,67 Mb.
#88191
түріЛекция
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
3. Мінез акцентуациясы (К. Леонгард)
Мінездің акцентуациясы өте қолайсыз жағдайларды психологиялық күйзелістер мен адамның мінез-құлқының өзгеруіне, психопатияға соқтырады (адамның әлеуметтік тұрмысқа кедергі жасайтын мінез паталогиясы). Акцентуация проблемасының күн тәртібіне көптеген психиаторлар мен психоневрологтар байланысты. Сондықтан да олар осы проблемаға бар мінез бітістеріне классификация бергенде, психиаторлық терминологияны қолданған (шизоиттік) бітістер, эпилептоитдік бітістер кейбір ғылым педагогтар (К. Леонгард, А. Личко) осы терминологияның кейбір жақтарын пайдаланып, педагогтардың түсінігіне жақын акцентуациялық мінез бітістердің классификациясын берген. Мінез акцентуацияның типтері былай ажыратылады:
- мінездің интраверттік типі. Бұл типке жататындар тұйық келеді.
Олар өздері мен өздері болып, басқалармен тіл табысуды, жақындасуды қиынсынады.
- эктраверт типтегі адамдар көтермелі сезімді, басқалармен араласуды және әрекет жасауды тіпті олардың керектігін, мәнін жиі елемей ақ жаңың құмартып. тұрады. Мұндай адамдар сөзуар, көрсе қызар, кейде мақтаншақ, үстіртісенгіш келеді.
- жүгенсіз типке жататындар күйгелек, ұрысқақ, жанжал қой, қарсылық пікір айтылса шыдамсыз, кейде арам ойлы келеді. Мінезінде неврастеникалық анцентуациясы бар жетіншектердің негізгі ерешеліктері көңіл күйінде есерліктің басым болуы, ашуланшақтық, тез шаршауы, шамдануға жақын тұруы. Басқаларға деген ашуы өзіне деген, аянышы, долылыққа соқтырады. Бірақ жүйке жүйесінің әлсіздігі оны тез тоқтатып, жасаған қылығына өкініш туғызып, жылаумен аяқталады. Сондай-ақ басқаша жіктелуін де кезіктіруге болады:
- демонстративті (истероидты) тип- адамның зейін ортасында болғысы келгенде көрінеді, бұл кезде ол не істеп, қалай істеп отырғанын ұмытады. Демонстративті типке жоғары ығыстыру қабілеті және әлеуметтікортағатәуелділік, өзін-өзі сендірушілік тән.
-педантты (жоғары пунктуалды)- өткенге ұзақ ренжу, түкке тұрмайтын жағдайларға ерекше көңіл аудару, дәстүрді ұстанушы, тұйықталған, жоғары жауапкершіл тип.
- тұйықталған тип – бір күйден екінші күйге ауысу ауырлығы, ал оның негізгі қыры – бұл жоғары бағалы идеялардың қалыптасуы, соған ерекше маңыз білдіреді және қызметке өзінің және басқа адамның өмірін қоюға дайын болады.
- қозғыш тип ( эпилептоидты ) — өз әсерлерін, сөзін және мінез-құлқын күшпен басқарады. Аяқ асты бүлінгіш және әлсіз тітіркендіргіштерге күшті реакциямен жауап береді. Өткен өшпесіне қайта оралып, өш алуға бейім.
Сензитив типтестер қорқақ, тұйық, ұялшақ келеді. Мұндай балалар үлкен, әсіресе жаңа ұжымға қосылудан аулақ болады, тентектікке және жолдастарының қауіпты ойын-дарына қатыспайды, кішкентай балалармен ойнауды жақынырақ көреді. Оқуда сын жұмыстарынан қорқып, жиі сынып алдында жауап беруге ұялады, өйткені балаларға күлкі әлде оларда күндестік туғызамын ба деп қауіптенді. Жасқаншақ және ұялшақ балалар жалған дөрекілік, тіпті шеттен тыс қылықтар жасап, сөйтіп өзінің күшімен жігерін көрсетуге тырысады. Егер де осындай балалармен жақындасып, сенімді қарым қатынас құрып, соларды ұнайтындығын және қолдайтұғының аңғартқан адамға, олар ашылып, өздерінің жасап жүрген қылықтарының жалған екенін сезімдерінің өте нәзік екенін, өздерін қатты сөгетінің және өздеріне тым жоғары талаптар қоятынын ақиқаттайды.
Мінез акцентуациясының демонстративтік типіне жататындар эгоцентрист (ойлайтыны қара басы) болып, өздеріне ғана басқалардың әрдайым көңілі бөлініп, жаны ашып, тамашаласа екен деген қажеттіліктерді керек етеді. Жалғандық көзге түсетін тұрпат пен сиқын көрсетуге тырысу, жасанды мінез-құлық (өзін-өзі өлтіру көрінісін жасауға дейін бару)- осылардың бәрі құрбыларының арасынан ерекше болып көрінуге қандай болмасын амал-тәсілді қолдануға бағытталады. Тәрбие жұмысы дұрыс жолға қойылса мінез акцентуациясының жағымсыз көріністеріне тосқауыл жасауға болады. Педагогтармен ата-аналар балалардың мінездерінің әлсіз жақтарын, осы жақтарын жаралайтын стрессогендік жағдайларды болдырмауға тырысады.

Лекция №15.


Тақырыбы: Қабілет
Жоспары:
1.Қабілет жайлы түсінік.
2.Қабілеттер концепциясы.
3.Қабілеттердің даму деңгейлері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет