Лекция мақсаты : 1С: Бухгалтерия программасында талдамалы, жинақтамалы, сандық және валюталық есептерді ұйымдастыру



бет1/29
Дата15.12.2022
өлшемі264,98 Kb.
#57482
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29

Дәріс-1 Программаны жұмысқа дайындау. Талдамалы, жинақтамалы, сандық және валюталық есептерді ұйымдастыру


Лекция мақсаты: 1С:Бухгалтерия программасында талдамалы, жинақтамалы, сандық және валюталық есептерді ұйымдастыру.


1. 1С:Бухгалтерия программасында талдамалы, жинақтамалы, сандық және валюталық есептерді ұйымдастыру
2. Субконто және субконто түрлерін анықтау.
3. Мәліметтерді анықтамалықтарға енгізу.
4. Анықтамалықтарды шоттармен байланыстыру.
5. Шоттар Жоспары. Талдамалы, жинақтамалы, сандық және валюталық есептер жүргізу белгілерін қою.


Талдамалы есеп жүргізу және алғашқы құжаттарды құру барысында анықтамалықтардың құрылымын пайдалану ең негізгі ақпарат болып табылады. 1С: Бухгалтерия жүйесінде көп деңгейлі анықтамалықтар (5 деңгейге дейін) ұйымдастыруға болады. Бұл шоттар бойынша көп деңгейлі талдамалы есеп жүргізуге мүмкіндік береді. Жүйеде бағынышты анықтамалықтар механизмі қарастырылған. Мұндай механизм әр түрлі анықтамалықтардың элементтерін бір-бірімен, мысалы, кәсіпорынмен жасалған шартты, тауарлар мен олардың өлшем бірлігін, тағы басқаларын байланыстыруға мүмкіндік береді. Бағынышты анықтамалықтардағы әрбір элементі негізгі (иемденуші) анықтамалықтың нақгы бір элементімен байланысты. Жұмыс барысында бағынышты анықтамалық терезесінен таңдалған элементтер жиынтығы негізгі иеленуші анықтамалықтың ағымдағы элементі болып табылады. Мысалы, ұйымның анықтамалығында курсор нақты элементке қойылған болса (нақты ұйым), онда оның бағынышты келісім-шарттар анықтамалығында тек ағымдағы ұйымның келісім-шарттары туралы деректер шығарады.
Анықтамалықпен жұмыс екі режимде жүреді:
=> анықтамалықтан элементті таңдау;
=> анықтамалықтағы элементтерді түзету және қарап шығу.
Қарап шығу және таңдау режимінде анықтамалықтарды программаның басты менюінен, құралдар тақтасынан, басқа формалардың немесе басқа амалдардың кнопкасын басу арқылы ашуға (қол жеткізуге) болады.
Тандау режимінде субконто мәнін, тұрақтыларды, басқа анықтамалық деректемелерін немесе құжат деректемелерін енгізу үшін, F4 пернесін немесе кнопкасын басу арқылы анықтамалықты ашуға болады. Бұл екі режимнің айырмашылығы сонда таңдау режимінде анықтамалықтан курсорды керекті элементке қойып, Enter пернесін немесе құралдар тақтасынан керекті кнопканы басу арқылы түзетілетін деректемені (реквизитті) немесе тұрақтының мәні ретінде ағымдағы элементті енгізе аласыз.
Анықтамалық формасына программаның басты менюіндегі "Амалдар (Операции)" пунктінен "Анықтамалық (Спрвочник) бөлімін немесе құралдар тақтасынан
кнопкасын таңдау арқылы қол жеткізуге болады. Әкранға жүйедегі тізімде бар анықтамалықтар тізімі шығады. Маустың немесе перненің көмегімен тізімнен керекті анықтамалықтың атауын таңдап OK кнопкасын басыңыз. Экранға жүйеде бар анықтамалықтар тізімі шығады. Егер анықтамалық көп элементтен және көп бағанадан тұрса, оңда анықтамалық кестесіне оның нақты бөлігі шығады, ал кестенің сол жағына және төменгі бөлігіне қарау сызығы шығады. Егер ағымдағы анықтамалық үшін менюдің Әрнкет(Действия) пунктіндегі Сатылы(Иерархиялық) тізім командасы таңдалған болса, онда анықтамалық бағанасының сол жағына жолдың типін көрсететін шартты белгілер шығады:
- Бұл жол анықтамалықтың элементін көрсетеді.
- Бұл жол анықтамалық тобына сәйкес келеді. Топтардың тақырыбы анықтамалық тізімінің жоғарғы жағында орналасқан. Маустың оң жақ кнопкасын екі рет басу арқылы осы топқа кіретін анықтамалық элементін таңдауға болады.
- Бұл жол қарап шығуға ашылған топтар атауын көрсетеді. Мұндай жолдар анықтамалық атауы ретінде кестенің жоғарғы бөлігінде орналасады және түзетуге болмайды. Маустың сол жақ кнопкасын осы топқа екі рет басу арқылы топты жабуға болады. Бұдан басқа анықтамалықтар элементін және анықтамалықтар тобын жоюға арналған, шартты белгілер болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет