Лекция мақсаты: пайда мен зиян туралы қаржылық есептіліктін аудитін жоспарлау мен аудитінің әдістемесімен таныстыру



бет1/3
Дата08.02.2023
өлшемі30,84 Kb.
#66159
түріЛекция
  1   2   3

Лекция 5. Пайда мен зиян туралы есептіліктін аудиті
Лекция мақсаты: пайда мен зиян туралы қаржылық есептіліктін аудитін жоспарлау мен аудитінің әдістемесімен таныстыру
Түйін сөздер: пайда, табыс, кіріс, зиян, шығындар, залалдар, халық аралық қаржылық есеп беру стандарты, халықаралық аудит стандарттары, кезен шығындары, таза пайда
Қарастырылған сұрақтар:

  1. Пайда мен зиян туралы есептіліктін мақсаты мен міндеті

  2. Пайда мен зиян туралы есептіліктін аудитін жоспарлау

  3. Пайда мен зиян туралы есептіліктін аудитін жүргізу әдістемесі




  1. Пайда мен зиян туралы есептіліктін мақсаты мен міндеті

Пайда мен залал туралы есеп беру кәсіпорынның іс-әрекетінің қаржылық нәтижелері, шығындары мен табыстары туралы ақпараттан тұрады. Әр елде ол әр‑түрлі аттарға ие.
Мысалы: Пайда мен залал туралы есеп беру; Пайда туралы есеп беру; Операциялар туралы есеп беру. Бірақ атына қарамай ол пайдаланушыларына, яғни салымшылары мен кредиторларына кәсіпорынның бұрынғы іс‑әрекетін және күтілетін нәтижелерді орындалмау тәуекелдігін бағалау үшін қолданылатын керекті қаржылық ақпараттан тұрады. Пайда мен залал туралы есеп берудің негізгі элементтері табыс және шығын, пайда мен залал.
Шаруашылык субъектісінің табыстары - деп Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есебінің №5 "Табыс" - деп аталатын стандартына сәйкес есепті кезеңдегі активтердің көбеюін (ақша қаражаттарының, басқа да мүліктердің келіп түсуін, кіріске алынуын) және міндеттемелердің азаюы (өтелінуі) негізінде капиталдың көбеюін (үлес қосушылардың қосқан жар-наларынан басқа) яғни экономикалық пайда табуды айтамыз. Кірістер – есепті кезең ішінде активтерді көбейту немесе олардың құнын арттыру түрінде экономикалық пайданы ұлғайту не меншік иелерінің салымдарына байланысты емес өз капиталын көбейтуге әкеп соғатын міндеттемелерді азайту.
Мұндай кірістерге:
- дайын бұйымдар мен тауарларды сатудан алынатын табыстар;
- қызмет көрсетуден алынатын табыстар;
- дивидендтер, роялтилер және пайыз (процент) түрінде алынатын және тағы да басқа табыстар жатады.
Бұл жоғарыда аталған табыстар қатарына шаруашылық субъектісіне келіп түскен, кіріс етілген және субъектінің төлеген сомалары мына жағдайларда жатқызылмайды:
- алдын-ала аванс ретінде алынған табыстар;
- алынған несиелердің және қарыздардың қайтарылуы. Сондай-ақ, қызметтер көрсету жөніндегі мәміленің (келісімнің) нәтижесін барынша дұрыс бағалау мүмкін болмаған уақытта табыс жұмсалған шығындар мөлшерінде ғана танылады.
Алынған табыстар шаруашылық субъектісі қызметінің түріне және бағытына байланысты мынадай түрлерге бөлінеді:
- негізгі қызметтен алынған табыстар;
- негізгі емес қызметтен (жанама қызметтен) алынған табыстар.
Субъектінің негізгі қызметтен алынған табыстары мен негізгі емес қызметтен (жанама қызметтен) алынған табыстарының қосындысы оның жиынтық табысын құрайды. Ал ХҚЕС бойынша субъектінің табыстарын негізгі және негізгі емес қызметтен алынған табыстар деп бөлінуі ХҚЕС «Түсім» деп аталатын №18 стандартына сәйкес қарастырылмайды.
Шығындар – есепті кезең ішінде активтерді немесе олардың құнын азайту түрінде экономикалық пайданы азайту не оны меншік иелерінің арасында бөлуге байланысты емес өз капиталын азайтуға әкеп соғатын міндеттемелерді көбейту. Шығыстарды айқындау залалды, сондай-ақ субъектінің қарапайым қызметі барысында туындайтын шығыстарды қамтиды.
Субъектінің қарапайым қызметі барысында туындайтын шығыстар, мысалы, сатылған өнім мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құнын, жалақыны және негізгі құралдардың амортизациясын қамтиды. Олар, әдетте, активтердің, мысалы ақша қаражатының және олардың баламаларының, қорлардың, негізгі құралдардың жылыстауы немесе азаюы нысанын қабылдайды.
Залалдар – бұл шығыстар анықтамасына келетін және субъектінің қарапайым қызметі барысында туындауы немесе туындамауы мүмкін басқа да баптар. Өзге де залалдарды пайда мен залал туралы есепте таныған кезде олар әдетте жеке беріледі, себебі олар туралы ақпарат экономикалық шешімдер қабылдаған кезде пайдалы.
Шығыстар кезең шығыстары және болашақ кезеңдер шығыстары болып бөлінеді.
Кезең шығыстарына ХҚЕС сәйкес субъекті сатып алатын немесе құратын активтердің құрамында есепке алуға жатпайтын шығыстардың барлық түрлері жатқызылады.
Кезең шығыстары жүргізілген есепті кезеңде есептен шығарылады (есептен шығару құқығы меншік құқығы берілумен бірге басталатын дайын өнімді қоспағанда).
Болашақ кезеңдердің шығыстары:
Болашақ кезеңдердің шығыстарына (бөлінген, жолға қойылған шығыстар) кірістер алу мақсатында немесе болашақта кейінгі қызметті жүзеге асыру үшін есепті кезеңде субъектінің активтерді пайдалану жөніндегі шығыстары жатқызылады.
Есептеу және сәйкес келу қағидаттарына сәйкес болашақ кезеңдердің шығыстары осы операция бойынша кірісті таныған сәтке дейін актив ретінде субъектінің балансында капиталданады және тиісті кіріс танылған кезеңде шығыстарға біркелкі есептен шығарылады. 
Болашақ кезеңдердің шығыстары қаржылық есептіліктің «Ұзақ мерзімді активтер» бөлігінде көрсетіледі, оны өтеудің белгіленген мерзіміне сүйене отырып анықталады. Бір жылдан кем мерзім бойынша анықталған болашақ кезеңдердің шығыстары бойынша дебиторлық берешек қысқа мерзімді ретінде біліктенеді және субъектінің қаржылық есептілігінің «Ағымдағы активтер» бөлігінде көрсетіледі.
Шығыстар мыналарды қамтиды:
1) сатылған өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны;
2) өнімді және көрсетілген қызметтерді сату жөніндегі шығыстар
3) әкімшілік шығыстар;
4) қаржыландыруға арналған шығыстар;
5) тоқтатылатын қызметке байланысты шығыстар
6) үлестік қатысудан түсетін шығындар;
7) корпоративтік табыс жөніндегі шығыстар;
8) өзге де шығыстар.
Табыстар мен шығындар ақша қаражатының көбеюі немесе азаюына тікелей байланысты болмайды. Ақша қаражаттар сомасының көбеюі немесе азаюы активтік бухгалтерлік есеп счеттарының өзгеруіне тікелей байланысты болады. Табыстар мен шығындар соманың өзгерісі «Капитал» немесе бөлінбеген таза пайда есебіне арналған бухгалтерлік есеп счеттарын өзгеріске түсіреді.
Дайын өнімдерді, тауарлар, жұмыстар және көрсетілген қызметтерді сатудан түскен табыстарды есепке алу жөніндегі мәліметтер бухгалтерлік есеп тәжірбиесіне есептеу принципі бойынша танылып тіркеледі.
Келісім–шарттағы қойылған жағдайларға тән ұйым өзіне табыс түсіретін өнімдер өндіріп, жұмыс көлемін өндіріп, тұтынушыларға орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтерді өткізген жағдайда түсетін табыс сомасы ақшаның түсуі немесе түспеуіне қарамастан есепке алынады.
Табыс категориясы қаржылық қорытындының ең маңызды факторларына жатады. Таза пайданың көбеюі және осыған байланысты ұйымның капитал көлемінің көбейіп отыруы түскен табысқа байланысты болады. Қаржылық қорытынды есеп жасаудың халықаралық әдіснамалық ұсынысына сәкес табыс категориясы қаржылық нәтиженің қалдықталған қорытынды сомасымен танылады. Яғни, түскен табыс деп жалпы табыс пен осы кезеңде жұмсалған шығындардың айырмасын айтамыз.
Табыстарды тану бірнеше классификациялық топтар арқылы танылады. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаментінің ұсынған анықтамасы бойынша ұйымның табысы негізгі қызметке жатпайтын қызметтер атқарудың нәтижесінде пайда болуы мүмкін делінген.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет