Оқушының дене дамуындағы негізі Дене бітімінің дамуының көрсеткіштері, балалар организміне қоршаған ортаның тигізетін әсерінің деңгейін анықтаумен бірге, салауаттандыру шараларының тиімділігі туралы пікір айтуға да мүмкіндік береді. Жеке баланың, немесе ұжымның дене бітімінің даму дәрежесі, бағалы гигиеналық көрсеткіш болғандықтан, балалар мен жасөспірімдердің морфологиясы ішкі факторлардың да, сыртықы факторлардың да әсерін көрсетеді. Сондықтан да, және қолданылып жүрген тәсілдердің қарапайымдылығы мен арзандығына байланысты, балалар мен жасөспірімдерге дүниеге келген күннен бастап, жыныстық ер жету кезеңіне дейін антропометриялық байқауларды міндетті түрде жүргізу керек.Сондықтан, дене бітімінің дамуын бағалағанда бой ұзындығын, дене салмағын және кеуде шеңберін міндетті түрде зерттеу керек. Арнаулы, терең жүргізілетін зерттеулерде дененің әртүрлі бөліктерінің ұзындық диаметрі, сан, иық, жіліншіктерінің шеңбері т.б. қосымша өлшенеді. Ұжымның дене бітімінің дамуын, жеке жас мөлшері топтарының негізгі антропометриялық белгілерінің және олардың өзгерістерінің орташа арифметикалық өлшемдерін есептеп шығару арқылы бағалайды.
Балалардың дене бітімінің дамуына жеке баға беру әртүрлі тәсілдермен жүргізіледі:
Ең басында осы мақсат үшін көп уақыттар бойы жеке антропометриялық параметрлердің қатынастары - индекстер тәсілі қолданылды. Бұндай индекстердің саны бірнеше ондықтарға дейін жетті. Әртүрлі индекстер әртүрлі көрсеткіштердің санынан тұрды, ең қарапайым индекстер - екі көрсеткіштен тұрды (дене салмағы - бой ұзындығы және кеуде шеңбері - бой ұзындығы индекстері). Индекстердің есептелуі қарапайым болып келетіндіктен, бұрынғы кезде кеңінен қолданылған болатын. Әсіресе, ең кең таралғандары Брок, Пинье, Кетле, Гульда және Кауп, Ливи, Рорера жоғарыда аталған Эрисман индексі және т.б. болды.
Осы уақытқа дейін жеткен Брок индексі бойынша, дене салмағы (кг), бой ұзындығынан (см) 100 см алғанға тең. Мысалы, бой ұзындығ 170 см болса, дене салмағы 70 кг тең болуы керек. Пинье индексі, немесе "сандық көрсеткіш", бой ұзындығынан дене салмағын және кеуде шеңберінің көлемін алғанға тең. Индекс аз болған сайын, организм әлсіз болады деп есептелді.
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА
«Блум түймедағы» 1.«Білу» Қарапайым сұрақтар: Балалар мен жасөспірімдер организмінің өсу және даму заңдылықтары, олардың гигиеналық маңызы ?
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты психологиялық дамуы?
3.«Қолдану»Практикалық сұрақтар: 1. «Мен қандай мұғалім болуым керек? Мен неге өзгеруім керек?» (постер құру)
2. Егер, Сіз ҚР Білім және Ғылым министрі болсаңыз, мектептерге дене тәрбиесі сабағынан қандай өзгерістер енгізер едіңіз?
4. «Талдау» Түсінік беру сұрақтары: 1. «Өз білмегеніңді кісіден сұра,
Үлкен жоқ болса кішіден сұра»
2. «Жаста оқыған оқуың – тасқа жазғанмен бірдей,
Егде тартқанда оқыған оқуың – мұзға жазғанмен бірдей»
(Мақалды қалай түсінесіз, талдап беріңіз)
5.«Жинақтау» Шығармашылық сұрақ: 1. «Синквейн» (бес жолды өлең) әдісі – «Критерий»