Лекция сабағымыздың тақырыбы: Мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметтегі сыбайлас жемқорлықпен



бет1/7
Дата06.01.2022
өлшемі28,34 Kb.
#16141
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7

Құрметті білімалушы бүгінгі лекция сабағымыздың тақырыбы: Мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметтегі сыбайлас жемқорлықпен

басқа да қылмыстар
ПӘНІ: Құқық негіздері және еңбекті қорғау.

ТОБЫ: ИИ-19

УАҚЫТЫ: 12. 12.2020

Оқытушы аты-жөні: Ахметова Лаура Қуандыққызы

Тақырыптың мақсаты: “Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру.Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу.

Негізгі ұғымдар: коррупция, Сыбайлас жемқорлықтың субъектілері, пайдакүнемдік.

Жоспар:

1. Сыбайлас-жемқорлық туралы түсінік

2. Қылмыс түрлері

Пайдаланылған әдебиеттер:

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңы А:2017.

Қ.И.Оспанов Құқық негіздері. А:Жеті жарғы 2016ж. Адам,Қоғам,Құқық А.М.2014

Дәріс мәтіні:

Коммерциялық  құрылымдардың қызметкерлерімен өзге де ұйымдардың қызметкерлері қызмет бабын асыра пайдаланған жағдайда мемлекеттік органдар мүддесіне ондай нұқсан келмейді және олардың әлсіреуіне әкеліп соқпайды. Әрине, осындай өкілеттіктерді теріс пайдаланушылық көп материапдық шығынға ұшыратады және басқа да ауыр жағдайға душар етуі мүмкін, ал ол үшін сол коммерциялық және өзге ұйымдардағы кінәлі адамдар тиісті жауапкершілікке тартылуы тиіс.

Жергілікті  мемлекеттік басқару және басқару органдарына келетін болсақ, оларды сыбайлас жемқорлықтың орын алған саласына қосу принципті түрде маңызды болып табылады.

Сыбайлас жемқорлықтың субъектілері мемлекеттік қызметті атқаруға уәкілетті адамдар, не оған тексерілген адамдар, лауазымды адамдар, лауазым иелері болып табылмайтын мемлекеттік қызметкерлер танылады. Егер лауазым иелерінің сыбайлас жемқорлық субъектілеріне қатысты әдебиетте бірыңғай пікір қалыптасқан болса, лауазым иесі болып табылмайтын мемлекеттік қызметкерлердің осы санатқа жату мәселесі даулы болып табылады.

Алайда, мемлекеттік  билік пен жергілікті өзін-өзі  басқару органдарына қарсы кез  келген қызметкер (нұсқаушы, референт, хатшы, көмекші) белгілі дәрежеде қауіп  төндіре алады. Оларды қылмыстық жауапкершілікке тартудың міндетті шарты — заң қорғайтын мүддені елеулі түрде бұзу, зиян келтіру болып табылады, ал мұндай әрекетті олар әдетте өздерінің қызмет бабына байланысты жүзеге асырады. Егер мемлекеттік қызметкер өзінің қызмет бабын жеке мақсатта пайдаланып, құқық қорғау мүддесіне орасан зор нұқсан келтірсе, онда оны жауапқа тарту керек.

Іс-әрекеті жеке адам, мемлекет, қоғам мүддесіне  қарсы келіп және ол пайдакүнемдік  басқа да мүддені көздеу сипатына ие болады. Осылайша, сыбайлас жемқорлық тек пайдакүнемдікпен ғана баиланысты емес, сонымен қатар ол басқада жеке мүддеге байланысты (басшыға жағымпаздану, туыстық қамқорлық жасау, рулық қатынасты қоздыру және т.б.) көрініс табады.

Сыбайлас жемқорлық  әрекеті нәтижесінде жеке тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің құқық қорғайтын мүддесін елеулі түрде бұзу орын алады. Тек осы белгі бойынша сыбайлас жемқорлық қылмысын әкімшілік, тәртіптік, азаматтық-құқықтық жауапкершілік түрінен айырып алуға болады.

Осылайша, біз, сыбайлас жемқорлықтың қылмыстық-құқықтық көрініс нысандарына:

а) мемлекеттік  билікке қарсы, мемлекеттік қызмет және жергілікті өзін-өзі басқару  органдары қызметінің мүдделеріне қарсы;

е) лауазым иелерінің, соларға теңестірілген адамдардың, сонымен қатар, лауазым иесі болып  табылмайтын мемлекеттік қызметкерлердің;

б) қызмет бабын  пайдакүнемдік немесе басқа да жеке мүддесі үшін пайдаланып жасаған қылмыстарды жатқызамыз. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте қылмыстық заңдылықты дамытудың маңызы ерекше.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет