Лекция Саяси билік: мәні мен жүзеге асыру механизмдері



бет1/13
Дата08.03.2022
өлшемі30,43 Kb.
#27237
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Лекция-4. Саяси билік: мәні мен жүзеге асыру механизмдері


  1. Саяси биліктің мәні, оны анықтаудағы түрлі әдістер (бихевиористік, телеологиялық, жүйелік, релятивистік). Биліктің функциялары. Саяси биліктің объектісі мен субъектісі, қайнар көздері, қорлары. Биліктің деңгейлері.

  2. Билікті жүзеге асырудың түрлері мен әдістері. Саяси және мемлекеттік билік. Билікті табыстау және биліктің бөлінуі. Саяси биліктің легитимділігі және оның көздері.

  3. Егеменді Қазақстандағы мемлекеттік билік. Негізгі институттар мен билік тиімділігінің критерийлері.


1. Саяси биліктің мәні, оны анықтаудағы түрлі әдістер (бихевиористік, телеологиялық, жүйелік, релятивистік).

Саяси зерттеулердегi салыстыру объектiсi әрқашанда әртүрлi қоғамдағы билiктiң бөлiнуi болып табылады. Шын мәнiнде, билiк саясаттағы негiзгi мәселе. Сонда билiк дегенiмiз не? Билiктi қоғамдық ғалымдар әртүрлi түсiндiредi. Мәселен, билiк – басқа адамдардың мiнез-құлқын өзгерту мүмкiндiгi (Г. Саймон); белгiлi бiр мақсатқа жету мүмкiндiгi (Т. Парсонс); белгiлi бiр тәсiлдердi қолдану мүмкiндiгi, көбiнесе күштеуге негiзделген (Г. Лассуэл, А. Каплан); басқарушы мен басқарылушы арасындағы ерекше қатынас түрі (М. Дюверже); шиеленiстiк ахуал тұсында табысты бөлудi реттеу және шешiмдi қабылдау мүмкiндiгi (Г. Лассуэл) деген анықтамалар берілген. Билiк теориялары iшiнде билiк бiр субъектiнiң екiншiнiң қарсыласуын тоқтату нәтижесiнде пайда болады деп санайтын «қарсыласу» теориясы (Б. Рейвен, К. Леви) да бар. Ал, «Ресурстарды ауыстыру теориясының» (П. Блау, Д. Хиксон) авторлары, билiк бiр субъектiлердiң екiншi адамның ресурстарын өзiне керек iс-әрекетiне ауыстыруы деп санайды. «Ықпал ету зонасын бөлу» теориясы билiктi әлеуметтiк топтардың өзара ықпал шекарасын бөлуi деп санаған. Сонымен бiрге, билiк туралы тағы басқа да концепциялар бар, мәселен белгiлi философ М. Фуко билiк – барлық қоғамдық құрылымдарға енедi, ең алдымен тiлде болады деп санады.



Билік ұғымының теологиялық, бихевиористік, құрылымдық, инструменталдік анықтамасы:

  • Бихевиористік – билік адамдардың мінез-құлқына әсер ету мүмкіндігіне негізделген айрықша мінез-құлық түрі.

  • Телеологиялық (teleos - мақсатқа жеткен + logos - ұғым, ілім) – билік алға қойған мақсатқа сәйкес белгілі бір нәтижеге жету мүмкіндігі.

  • Жүйелілік – билікті әлеуметтік жүйе негізінде, яғни оның мақсаты мен міндеттерін орындау құралы ретінде түсіндіреді.

  • Психологиялық – билікті нақты индивидтің мінез-құлқы арқылы түсіндіреді, сол мінез-құлықтың субъективті ниеттемесін, адамдар санасындағы биліктің көздерін ашуға тырысады.

  • Релятивистік (французша «relation»- қарым-қатынас деген сөз) – билікті екі әріптес арасындағы қарыс-қатынас ретінде қарастырады, біреуі екіншісіне белгілі бір ықпал етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет