Лекция. Сезім және эмоция. Лекцияның жоспары: Сезім мен эмоция туралы түсінік. Сезім мен эмоцияның ұқсастықтары мен айырмашылығы. Эмоция мен сезім теориялары
№11 лекция. Сезім және эмоция. Лекцияның жоспары: Сезім мен эмоция туралы түсінік.
Сезім мен эмоцияның ұқсастықтары мен айырмашылығы.
Эмоция мен сезім теориялары.
Сезім мен эмоцияның түрлері.
Сезім мен эмоцияның қасиеттері.
Негізгі ұғымдар: Сезім, эмоция, эмоция теориялары, ақыл –ой (интеллектік) сезімі, эстетикалық сезім, адамгершілік-моралдық сезім, стресс және дистресс, фобия, фрустрация, апатия
1. Сезім- адамның өзіне, өзге адамдарға, айналасындағы заттар мен құбылыстарға көңіл-күйінің қатынасын білдіретін және оларды бейнелейтін психикалық процесс. Адамның сезім күйлері- қуаныш, қайғы, таңдану, наразылық көрсету, ызалану, кектену, т.б. көңіл-күйінің сипаттық ерекшеліктерін сыртқа шығарады.
Эмоция латын тілінен аударғанда тітіркендіру, толқу деген мағынаны білдіреді. Бұл жан-дүниенің сыртқы және ішкі әсерлер салдарынан ызалану, қаћарлану, қорқу мен шаттану сияқты жағдайларының көрініс беруі. Эмоция – адамдар мен жануарлар дүниесінде де көрініс беретін кейіп. Сезім мен эмоцияның адам іс әрекеті мен көңіл-күйіне ұнамды әсер етуі стеникалық- күшті сезім тудырса, ал ұнамсыз не терісәсер етуі астеникалық- әлсіз, жағымсыз сезім тудырады.