Лекция тақырыбы : Бір шаңғы жүрісінен екіншісіне ауысуды үйрету әдістемесі. Бір мезгілдегі жүрістер-адымсыз жүріс, бір адымды жүріс, қос адымды жүріс. Қозғалыс білік дағдылары



бет1/8
Дата05.02.2023
өлшемі97,33 Kb.
#65263
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
10 daris


10 лекция тақырыбы : Бір шаңғы жүрісінен екіншісіне ауысуды үйрету әдістемесі.

1. Бір мезгілдегі жүрістер–адымсыз жүріс, бір адымды жүріс, қос адымды жүріс.


2. Қозғалыс білік дағдылары.

 Бірмезгілді классикалық жүрісті үйретудің тәсілі мен әдістері


Бірмезгілді жүрістің негізгі элементіне шаңғы таяқтарымен бірмезгілдегі серпілу жатады (23-суретті қара). Бірмезгілдегі жүріс барынша жылдам болып есептеледі.
Қозғалыс ырғағындағы сырғанап адымдаудың санына байланысты бірмезгілдік адымсыз, бір адымды және қос адымды жүрістерді ажыратады.

Бірмезгілді адымсыз жүріс тәсілі
Бірмезгілді адымсыз жүрісте шаңғышы жылдамдықты қарға таяқты бар күшпен тіреп серпілу арқылы сақтай отырып, барлық уақытта екі шаңғыда сырғанап отырады (23-сурет). Серпілу кезінде аяқтар қатыспайды.

23-сурет. Бір мезгілді адымсыз жүріс.


Бірмезгілді адымсыз жүріс жайпақ еңкейістерде, ал сырғанау жақсы болған жағдайда тегіс жерлерде де қолданылады.
Бірмезгілді адымсыз жүріс тәсілінің жекелеген элементтерін қарастырайық.


24 – сурет. Серпілу алдындағы бастапқы қалып

Екі таяқты тіреп серпілуді аяқтағаннан кейін, шаңғышы қос шаңғыда сырғанай отырып таяқтарды олардың шығыршықтарымен артқа-төмен қарай қарата алға шығарады (24-сурет).
Серпілудің алдындағы бастапқы қалып: қол білезігі көздің деңгейінде (1-нүкте), иықтан сәл кеңірек (2-нүкте) таяқтар бір-біріне параллельқалыпта (3-нүкте) жерге 70-80 тік бұрыш жасап орналасқан (4-нүкте); дененің салмағы табанның алдыңғы бөлігінде (5-нүкте); шынтақтар екі жанына қараған (6-нүкте).
Серпілу кезінде (25-сурет) таяқтарды қарға шаңғы ботинкасының тұмсығының тұсына тірейді (1-нүкте). Таяққа оның ұшы қарға тірелісімен күш салып итеру керек. Алғашында күш салып итеру тұлғаның бүгілуімен (2-нүкте), ал содан кейін қолдардың буынында жазылумен іске асырылады. Таяқтарды тіреп серпілу кезінде аяқтарды шамадан артық бүкпеу қажет (3-нүкте). Қолдың сақиналары тізенің тұсынан өтеді. Серпілу кезінде тұлғаны алға-төмен күш сала ию керек. Серпілу аяқталғанда қол мен таяқтың орналасуы бір түзудің бойында болады (4-нүкте), және осы кезде таяқты басбармақпен және сұқ саусақпен ұстайды. Тұлға алға қарай көлбеу қалыпқа дейін дерлік иіледі (6-нүкте).



25-сурет. Серпілу
Таяқтармен серпілгеннен кейін еркін сырғанау (26-сурет) тұлғаны жайлап жазу болады (1-нүкте), содан кейін шаңғышы таяқтарды тағы да алға шығарады. Бірден жазылу шаңғыға түсетін қысымды ұлғайтатындықтан шаңғының қармен үйкелу күшін арттырады, ал бұл жылдамдықты бәсеңдетуге әкеліп соғады. Содан кейін қозғалу ырғағы қайталанады.

26-сурет. Еркін сырғанау




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет