Лекция тақырыбы: «Бағалаудың өлшемдік технологиялары» жоо-дағы оқу пәні ретінде. «Бағалаудың өлшемдік технологиялары» курсының нысаны, пәні, зерттеу әдістері, оның басқа ғылым салаларымен байланысы



бет1/27
Дата13.03.2022
өлшемі322,25 Kb.
#27770
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27

1 лекция тақырыбы: «Бағалаудың өлшемдік технологиялары» ЖОО-дағы оқу пәні ретінде.

«Бағалаудың өлшемдік технологиялары» курсының нысаны, пәні, зерттеу әдістері, оның басқа ғылым салаларымен байланысы.

Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылардың оқу жетістігін бағалауды қазіргі тәжірибеге енгізудің негізін критериалды бағалау жүйесі анықтайды. Бұл бағалау рәсімдерінің сапалылығын, олардың халықаралық стандарттарға сәйкестігін және әр білім алушының оқудағы қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазақстан үшін ұсынылып отырған жаңа критериалды бағалау жүйесі білім алушының дамуын, оның қызығушылығын және оқуға деген ынтасын арттыруға бағытталады. Егер әр білім алушыға және оның ата-анасына түсінікті болатындай нақты әрі өлшемді бағалау критерийлері белгіленетін болса, бұған жетуге әбден болады.

Бағалау жүйесі – бұл білім беру үдерісін өз бетімен реттеудің табиғи ішкі механизмі; субъектілік оқу үдерісінің сәттілігіне барынша кері әсерін тигізеді.

Критериалды бағалау жүйесінің мақсаты бағалау критерийлерінің негізінде білім алушылардың оқу жетістіктері туралы шынайы ақпарат алу және оқу үдерісін жетілдіре түсу үшін оны барлық қатысушыларға ұсыну.

Критериалды бағалау жүйесінің міндеттері:

1. Оқу үдерісінде бағалаудың қызметі мен мүмкіндіктері аясын кеңейту;

2. Жүйелі кері байланыс орнату арқылы білім алушылардың өзін-өзі үнемі жетілдіріп отыруына жағдай жасау;

3. Бірыңғай стандарттарды, сапалы бағалау құралдарын, механизмдерін қалыптастыруға көмектесу;

4. Қолжетімді, нақты, үздіксіз:

–– білім алушыларға олардың оқу сапасы туралы;

–– мұғалімдерге білім алушылардың ілгерілеуі туралы;

–– ата-аналарға оқу нәтижелерінің деңгейлері туралы;

–– басқару органдарына ұсынылған білім беру қызметінің сапасы тура



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет