Лекция. Тақырыбы: Бейорганикалық химияның негізгі тарауларын оқыту әдістемесі: ерітінділер, электролиттік диссоциация Лекция жоспары: Ерітінділердің типтері. Негізгі анықтамалары



бет3/11
Дата06.01.2022
өлшемі106.58 Kb.
#15720
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Ерітінділердің химиялық теориясы

Д.И.Менделеев ерітінділерді зертеуге 40 жылдай ғылыми жұмысын арнаған. Оның ерітінділердің химиялық теориясы 1887 жылы жасалды және экспериментпен бекітілді. Бұл теорияның негізгі шарттары мынадай:

1. Еру – физика-химиялық күрделі процесс, оған энергияны жұмсауды талап ететін (ΔН1 > 0), еритін зат құрылымының бұзылуы және энергияның бөлінуімен (ΔН2 < 0) жүретін, еріген заттың молекуласы мен еріткіш молекуласының әрекеттесуі енеді.

2. Еру процесі экзотермиялық (мысалы, суда NаОН немесе Н24 ерігенде), эндотермиялық (мысалы, суда NН43 ерігенде) болуы мүмкін. Зат еріген кезде бөлінетін жылуды еру жылуы деп атайды.

3. Еріткіш пен еріген заттың химиялық әрекеттесуі нәтижесінде сольваттар немесе гидраттар (егер су еріткіш болса) түзіледі. Құрамында су молекуласы болатын кристалды заттарды кристаллогидраттар деп атайды, ал кристаллогидрат құрамына енетін суды кристалдық су дейді. Табиғи минералдардың көпшілігі кристаллогидратқа жатады: Nа24 . 10Н2О – глаубер тұзы; КАІ(SО4)2 . 12Н2О – алюминий ашудасы.

Д.И.Менделеевтің ерітіндінің химиялық теориясы негізінде физика-химиялық талдау, кешенді қосылыстар химиясы, сусыз ерітінділердің электрохимиясы сияқты жаңа ғылыми бағыттар пайда болды. Бұл теорияны жетілдіре толықтыруға Д.П.Коновалов, И.А.Каблуков, Н.С.Курнаков, В.А.Кистяковский сияқты ғалымдар айтарлықтай үлес қосты.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет