Лекция тақырыбы: Діни топтар Лекцияның мақсаты мен міндеттері: Әлеуметтік топтардың жалпы ерекшеліктері мен түрлері, Діни топтардың жалпы ерекшеліктері мен



Pdf көрінісі
бет1/6
Дата06.01.2022
өлшемі338,97 Kb.
#16084
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6


№11 Лекция тақырыбы: Діни топтар  

Лекцияның  мақсаты  мен  міндеттері:  Әлеуметтік  топтардың  жалпы 

ерекшеліктері  мен  түрлері,  Діни  топтардың  жалпы  ерекшеліктері  мен 

түрлері,  атап  айтқанда  табиғи  діни  топтар  мен  таза  діни  топтар  туралы 

білімгерлерге мәлімет беру. 



Лекцияның  мазмұны:  1.Әлеуметтік  топтардың  жалпы  ерекшеліктері 

мен түрлері 

Діннің әлеуметтік  анықтамасы барлығынан да бұрын оның белгілі бір 

діни  ұйым  немесе  жамағатты  құру  ерекшелігінде  жинақталған.  Негізінде 

барлық дін қоғамның ішінде пайда болады және тарайды. Осы тұрғыдан дін 

социологиясыны  қарастыратын  басты  мәселелерінің  бірін  діни  топ,  ұйым 

немесе  жамағат  түрлерінің  пайда  болуы,  дамуы,  құрылымы,  ӛзгерісі  мен 

түрлерінің  зерттелуі  құрайды.  Жалпы  діни  топтар  мәселесі  бір  жағынан 

жалпы социологияның әлеуметтік топтар мәселесімен тығыз байланысы бар.  

Адам  дегеніміз  әлеуметтік  болмыс  болып  табылады.  Осы  тұрғыдан 

адамзат  тарихының  қай  дәуіріне  қарасақ  та  жер  бетіндегі  адамдардың 

әрдайым қауым немесе топ болып ӛмір сүргендігін кӛреміз.  

Әлеуметтік  топтар  мәселесі  кӛне  дәуірлерден  бері  ойшылдардың 

назарын  ӛздеріне  үнемі  аударып  отырды.  Мысалы,  антик  дәуірлерде 

Аристотель  және  Х  ғ.  ислам  философы  Фарабидің  қарастырған  маңызды 

тақырыптардың  бірі  де  осы  әлеуметтік  топтар  болытын.  Сондай-ақ  ХІҮ  ғ. 

ӛмір  сүрген  ұлы  ислам  ғұламасы  Ибн  Халдун  да  әлеуметтік  топтардың 

топтасу түрлеріне аса мән берген. 

«Топ»  ұғымы  ХҮІІІ  ғ.  бастап  әлеуметтік  мәнге  ие  бола  бастады  және 

барлық  тілдерде  қолдана  бастады.  Әлеуметтік  топтар  мәселесі  болса 

социологияның  алғашқы  жүйелі  классификациясын    жасаған  О.Конттың  да 

негізгі  тақырыбына  айналды  және  «әлеуметтік  статика»  ретінде 

қарастырылып, бұл  мәселе  қазір де  социологтар үшін  әлеуметтік  мәнін  жоя 

қойған жоқ. 

Әлеуметтік  топтар мәселесінде ең кӛп қарастырылған тақырыптардың 

бірі  де  олардың  мәні  болып  табылады.  Әлеуметтік  топтардың  мәні  туралы 

сӛз  қозғаған  кезде  ең  алдымен  олардың  адамдардың  бірігіп  ӛмір  сүруі 

оқиғасы нәтижесінде пайда болған формалар екендігін айта кетуіміз керек. 

Динамикалық  тұрғыдан  қарастырылған  кезде  қоғам  әрдайым  толқын 

секілді қозғалыстағы, шайқалатын және ӛзгеріске ұшырап отыратын күй мен 

мәнге ие.  Бұған  керісінше қоғамды статикалық  тұрғыдан қарастырған  кезде 

оның  объективті  құрылымға  ие  екендігін  кӛреміз.  Осы  екі  түрлі  кӛзқарас 

біріктірілген  кезде  қоғам  бір  жағынан  үнемі  ӛзгеріске  ұшырайтын,  екінші 

жағынан  да  әрдайым  белгілі  бір  бірлік  пен  тұтастық  кӛрсететін  құрылым 

немесе жүйеге ие екендігі белгілі болады.  

Қоғамның осындай әрдайым белгілі бір құрылымға ие болу құбылысы 

әлеуметтік  ӛмірдің  топтасу  ерекшелігінен  туындайтын  жағдай  болып 

табылады. Ӛйткені адамдар бірігіп ӛмір сүргендіктері секілді, әрбір қоғам да 

белгілі  бір  бӛліктерден,  яғни  әлеуметтік  категориялар,  топтар  мен  кішігірім 

топтардан құралады.  



Әлеуметтік  топтар  адамдардың  бір  араға  топтасуының  нәтижесінде 

пайда болған адам жиыны болып табылады. Бірақ адамдардың барлық бірігу 

түрлері әлеуметтік топты дүниеге келтірмейді. 

Әлеуметтік  топтың  болуы  үшін  ең  алдымен  бірден  кӛп  адамның  бір 

жерде  болуы  керек.  Сондай-ақ  осы  қауымдастық  басқалардан  басқаша 

бірлікті дүниеге келтіруі, ӛзіндік табиғаты болуы және қауымдастық ішіндегі 

әрбір адамның ӛзіне жүктелген міндеті бар «ролдер жүйесі» болып табылады. 

Сондай-ақ  әлеуметтік  топ  ішінде  әрбір  мүшесінің  белгілі  бір  ролі  бар 

топтасуды да алып келеді.  

Тоқ етерін айтқанда әлеуметтік топ мүшелеріның арасында ең алдымен 

оларды  бір  бірімен  байланыстыратын  ортақ  мүдделер  немесе  құндылықтар, 

идеалдар  болады  және  топтың  барлық  мүшелері  негізінде  осы  мақсатты 

жүзеге асыруға ұмтылады. 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет