Лекция. Тақырыбы: Ислам өркениеті, әдет ғұрпы. Исламдағы діни, мәдени салт-дәстүрлер. Ислам және ғылым. Лекция жоспары



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата06.01.2022
өлшемі407,01 Kb.
#16085
түріЛекция
  1   2   3


12  лекция.  Тақырыбы:  Ислам  өркениеті,  әдет  –  ғұрпы.Ислам  өркениеті, 

әдет – ғұрпы. Исламдағы діни, мәдени салт-дәстүрлер. Ислам және ғылым. 

 

Лекция жоспары: 



1.  Ислам өркениеті, әдет – ғұрпы

2.  Исламдағы діни, мәдени салт-дәстүрлер. 

3.  Ислам және ғылым. 

 

Лекция  мақсаты:  Ислам  өркениеті,  әдет  –  ғұрпы,  мәдени  салт-

дәстүрлер  және ғылым туралы түсінік беру 

Лекцияның мәтіні: 

Ислам - көркемдікті ұнатып, барлық нәрседен көркемдік пен сыматтылыққа үндеген 

дін болып есептеледі. Пайғамбар (с.ғ.с.) хадисінде: „Аллаһ Тағаланың өзі сымбатты болу 

себебінен  сымбаттылықты  жақсы  көреді!”  –  деген  (хадисті  имам  Муслим  ”Әл  -  Иман” 

кітабында риуаят еткен.) 

Өнер  -  эстетикалық  шығармашылық,  сондықтан  Ислам  оған  қарсылық  білдірмейді. 

Ислам  эстетикалық  негіздермен  салыстырғанда,  адамгершілік  негіздеріне  басым  мән 

береді, яғни эстетикалық  негіздер адамгершілік негіздерінен кейін тұрып, онымен тығыз 

байланыста  болады.  Бұл  Исламның  өнердың  барлық  тұріне  қатысты  көзқарасы.  Өнердің 

қай  түрінде  болмасын,  оның  құндылық  дәрежесін  анықтауда:  ”көркемділік  -  жақсылық, 

жағымсызда  -  жамандық  бар”  деген  Исламдық  ұстаным  басшылыққа  алынады. 

Мұсылмандардың  Киелі  кітабы  болғандықтан  Құран  осы  күнгі  мұсылман  мемлекеттері 

өмірінде,  ең  алдымен  діни  жұмыстар  саласында  маңызды  роль  атқарып  келеді.  Құран 

әралуан  оқу  орындарында  оқытылады.  Бұрынғысынша  оның  идеялары  ен  бейнелері 

көркем  әдебиеттен  орын  алуда.  Ол  мұсылман  халықтарының  бұқаралық  ақпарат 

құралдарында,  қоғамдық  –  саяси  әдебиеттерінде  кең  пайдаланылады.  Құран  текстері 

исламдық сурет  және сәулет  өнерінде негізгі  өрнектік міндет  атқаратын мәнін де сақтап 

қалған. Құран идеялары мен бейнелері осы күнгі мұсылмандардың оқыл – ойына, тәлім – 

тәрбиесіне әсер етпей тұра алмайды.  

 Құран Кәрімде әлемдегі барлық жаратылыстың бір - бірімен үйлесімділігі мен оған 

қараған  адам  көңілін  шаттық  сезімге  бөлейтін  көркемділік,  ұлылықпен  асқан  әдемілікке 

назар  аударатын  аяттар  баршылық  (қараңыз  -  Хижр  сүресі,  16  -  аят,  Нахл  сүресі,  6-аят, 

Фуссилат  сүресі  12  -  аят).  Демек  ислам  әсемдік  пен  сымбаттылықты  қамтыған  көркем 

өнер  түрін  қабыл  алмайды  деу  қисынсыз.  Ислам  тек  материалдық  және  адамгершілікке 

жат нәрсені бейнелейтін өнерді қабылдамайды. 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет