Лекция. Тақырыбы: Жаратылыстану пәндерін оқыту әдістемесінің даму тарихы, кезеңдері Лекция мақсаты: Жаратылыстануды оқыту әдістемесі



бет1/3
Дата14.06.2022
өлшемі27,83 Kb.
#36854
түріЛекция
  1   2   3

2-лекция. Тақырыбы: Жаратылыстану пәндерін оқыту әдістемесінің даму тарихы, кезеңдері
Лекция мақсаты: Жаратылыстануды оқыту әдістемесі пәннің даму тарихы және оның кезеңдері туралы білім, білік, дағдыларын қалыптастыру.
Жоспары:

  1. Академик В.Ф. Зуев – жаратылыстану әдістемесінің негізін салушы.

  2. А.Я.Гердтің жаратылыстану пәнін оқыту әдістемесі бағытындағы еңбектері.

  3. В.В. Половцевтың еңбектері.

  4. Б.Е.Райковтың әдістемелік еңбектері.

  5. И.И.Полянский және Л.С.Севруктың еңбектері.


Лекция мәтіні :
1. Жалпы жаратылыстану саласындағы ғылымдарды оқытып үйрету әдістемесі, мектептерде оқыту әдістерінің дамуы 18-ші ғасырдың екінші жартысынан дами бастады. Пәннің дамуына биология мамандары, ғалымдар, көптеген әдіскер мұғалімдер, көп жылдар бойы жүргізілген оқу- әдістемелік жұмыстардың нәтижесі зор үлес қосты. Әдістемелік құралдар мен оқулықтардың мазмұны тарихтың дамуының әр түрлі кезеңдеріндегі қоғамдық-әлеуметтік құрылымның ерекшкліктеріне тікелей байланысты болды.
18-ші ғасырдың бастапқы кезеңдерінде табиғат туралы пән жарық көрген жоқ. Осы ғасырдың екінші жартысында арнайы мектептерде жаратылыстану пәні оқыту процесіне енгізіле бастады.
Екатерина ІІ-ші өз еліне білімді мамандар қажет болғандықтан, Ресейде мұғалімдер дайындайтын семинариялар (1783 ж), Халық училищелерін ашты, сол кезде ―5 жылдық бас училищелер‖ және ―2 жылдық кіші училищелер‖ деп аталатын оқу орындар ашылды..
Осы оқу орындарында академик Василий Феодорович Зуев (1757-1794) дәріс берді. 1786 жылы В.Ф.Зуев өз тегін көрсетпей 2 бөлімнен тұратын оқулық жазды. Оқулық ―Орыс империясының халық училищелеріне арналған табиғат тарихының нұсқасы‖-деген атпен жарық көрді.
Осы кезеңнен бастап жаратылыстану пәнін оқыту әдістемесінің тарихы басталды. Оқулықтың бінінші бетінде автор пәннің мақсаты мен міндеттерін алғаш рет ашып берді. Оқулықта В.Ф.Зуев жаратылысты, табиғатты оқытудың жүйесі мен оқыту тәртібін былай көрсетті:

Қазба байлықтар (Өлі табиғат );


Тоңатын әлем (Өсімдікте әлемі); Жануарлар әлемі ( Зоология).
Оқулықта өсімдіктер мен жануарларға, олардың биологиясына тоқтала отырып, адам өміріндегі пайдалану жолдарын да қамтыған. Оқулықта 148 жуық өсімдіктер мен 157-ге жуық омыртқалы жануарларға сипаттама берілген. Мазмұндауда автор Карл Линнейдің систематикасын басшылыққа алып, саралаудан аулақ болып, адам тіршілігіне пайдалы өсімдіктер мен жануарлар түрлеріне көбірек тоқталған.
Оқулықтың кіріспе бөлімінде, сабақ берушілерге арналған ұсыныстар келтірілді. Сабақты әңгімелеу барысында көрнекіліктерді пайдаланудың тиімділігін көрсетті.
Оқулықтың екінші бөлімі ―Жаратылыстану тарихының бейнелері‖ деп аталып, онда 57 сызбанұсқа, 193 сурет берілді. Осы бейнелер сабақ өту барысында оқушыларға таратылып берілуі тиіс.
Оқулықтың құндылығы барлық биологиялық мәліметтер нақты, ғылыми тұрғыдан дәлелденген, оқушылардың алған білімдерін іс-жүзінде пайдалану жолдарын көрсете білген.
Әулие Петр қаласында ―Растущий виноград‖ журналының бас редакторы қызметін атқарды.
Жаратылыстану пәнін оқытумен қатар В.Ф.Зуев сол кездегі жаратылыстануды оқытудың маңызды проблемаларын шешу барысында көптеген еңбек етті. Пәннің ғылымилығы, көрнекілігі, оқушылардың білімді саналы түрде игеруі, оқыту әдістерінің практикалық мәселелеріне тоқталды. Қорыта айтқанда, 18-ші ғасырдағы жаратылыстану пәнін оқытудың негізін қалаушы, оны бірінші рет оқу жүйесіне енгізуші В.Ф.Зуев болды.
2.ХІХ ғасырда жаратылыстану бағытында А.Любеннің, А.Н.Бекетовтың еңбектері әйгілі болатын.Олардың оқулықтары шағын көлемді, әрі оқушылардың оқып-білуіне жеңіл болды. Бірақ любенисттердің әдістемесі мен оқулықтарына қарсы пікірлер көбейді. Олардың әдістемелік нұсқаулары оқулық мазмұнына сай келмеді. Оқушылардың ойлау қабілетін дамытудан алшақ болды, қажетті биологиялық білім қалыптастыратындай мазмұнда болмады.
Бұл проблеманы шешумен Александр Яковлевич Герд (1841-1888) айналысты. Гердтің еңбектері әдістеменің ғылыми негізін қалады. Гердтің мақалаларында, оқытудың мазмұны ғылымның жетістіктері мен дамуына сәйкес, сонымен қатар ғылыми көзқарасты қалыптастыратындай болуы тиіс делінген. А.Я.Герд оқытудың тәсілдерінде бірінші кезекте оқушылардың өзіндік ойлауын, тәрбиелеу, байқампаздығын және танымдық қызығушылығын дамытуды көздеді. Өзінің мақалаларында, оқулықтарының алғы сөзінде оқытудың нағыз биологиялық бағыттарын көрсете білді. Өсімдіктер мен жануарларды даму кезеңдерімен қоршаған ортаға бейімделуі және олардың құрылысын тіршілік қызметтеріне байланыста оқытуды көздеді.
Индуктивті және дедуктивті әдістерді қатар қолдану керектігін айтты. Герд оқушылардың байқаған фактілер негізінде, қорытындылау, сараптау жасау арқылы ойлауын дамытуды бірінші кезекке қойды.
Герд сол кездегі барлық мектептерде қолданылатын ― мазмұндау‖ әдісіне сын көзбен қарап, ол оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытпайды, тек айтқанды есте сақтап қалу ғана көзделеді, сондықтан айтылған мазмұн тез арада естен шығады деп тұжырымдады.
А.Я.Герд Ресейдегі Ч.Дарвин ілімін жалғастырушылардың бірі болды. 1868 жылы Ч.Дарвиннің ― Жануарларды үйсіндіру және өсімдіктерді қолдан өсіру‖ атты кітабын аударып, мектеп зоология курсын дарвинизм негізінде құрды, мектеп жоспарында биология курстарын оқытудың жүйесін көрсетті:
1.Бейорганикалық әлем ( өлі табиғат);
2.Өсімдіктер дүниесі;

  1. Жануарлар әлемі;

  2. Адам;

  3. Жер тарихы.

Осы құрылған жүйе әдістемелік тұрғыдан дұрыс деп қабылданып, совет мектептерінде оқу процесінде қолдана бастады.
А.Я.Герд бастауыш мектеп үшін жаратылыстанудың жаңа курсы ―Өлі табиғат‖ және оған ―Мир божий‖ атты қосымша оқулық және мұғалімдерге арнап оқу -әдістемелік құрал ―Пән сабақтары ‖-еңбегін жазды. Әдістемелік құралдың бірінші бөлімінде сабақтардың өңделулері, топсеруендер, практикалық сабақтар және ізденіс бағытында жасалған үй тапсырмаларының әдістемелері берілді.
―Минералогия сабақтары‖ ботаникадан қиын сабақтардың тақырыптықжоспарлары берілген әдістемелік құралдары жарық көрді.
Осы кезеңдегі Ресейдегі революциялық қозғалыстар халық-ағарту жұмыстарына кері әсер етті. Сол себепті 1871 жылы жартылыстануды оқыту ерлер гимназиясынан, қала училищелерінде, әйелдер және әскери гимназиялардың оқу бағдарламасынан алынып тасталды. 1901 жылы қайтадан гимназияның төменгі кластарына енгізілді. Сонда А.Я.Гердтің әдістері В.Ф.Зуевтың есімі сияқты ұмытылды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет