Лекция. Тақырыбы: Түркі филологиясының танымдық, тәрбиелік мәні. Жоспары: Тіл тарихын зерттеудің мәні. Жазба ескерткіштерді зерттеудің мәні



бет1/36
Дата16.03.2022
өлшемі111,05 Kb.
#28194
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Байланысты:
Ëåêöèÿ. Òà?ûðûáû Ò?ðê³ ôèëîëîãèÿñûíû? òàíûìäû?, ò?ðáèåë³ê ì?í³.



1-лекция. Тақырыбы: Түркі филологиясының танымдық, тәрбиелік мәні.

Жоспары: 1. Тіл тарихын зерттеудің мәні.

2. Жазба ескерткіштерді зерттеудің мәні.

3. Түркі филологиясының қалыптасып дамуы мен кезеңдері.

Лекция мақсаты: Лекцияда тілдің тарихын зерттеудің, жазба ескерткіштерді зерттеудің мәнін және түркі филологиясының қалыптасып дамуы мен кезеңдерінен мағлумат беру.

Лекция мәтіні: Жазба ескерткіштерді ғылыми зерттеу – қоғамның рухани мәдениетінің тарихын, тілін терең танып білуге жол ашады. Осы тұрғыда түркітану ғылымының өнімді бір саласы – түркі филологиясы дербес пән болып қалыптасты. Оның зерттеу объектісі әр түрлі түркі жазба текстерінің ертеден бүгінге дейін жасалған нұсқаларындағы тілдік, графикалық ерекшеліктерін анықтап мәдени, әдеби және тарихи мәні мен мазмұнын көрсету екені белгілі. Қашанда халықтың рухани мәдениетін оның тілі мен жазба ескерткіштерінсіз, сондай-ақ, ауыз әдебиетінсіз толық тану да, түсіну де мүмкін емес. Бұлар іштей бір-бірімен қабысып, кірігіп жатады.

Түркі халықтарының бірнеше ғасырға созылған жазу дәстүрі мен жазба тіл тарихын сөз еткенде, алдымен, көне түркі жазба ескерткіштерін аламыз. Мұндағы көне түркі руникалық алфавиті графикалық жүйелілігі жағынан аса бай және жетілген жазу болғандығы белгілі.

Көне түркі жазу ескерткіштерінің ең қанат жайған аймағы Оңтүстік Сібір, Моңғолия, Қазақстан мен Қырғызстанның кең далалары мен кең шатқалдары. Сөз болып отырған жазу нұсқаларының ішінде екі жүзге жуығы тасқа қашалған,, ал ондаған нұсқасы түрлі қорғандардан табылған металл, күйдірілген саз балшықтардан жасалған бұйымдарға ойылса, сирек те болса,, ағаш пен сүйек сияқты заттар да қолданылғаны айқындалып отыр.

VІІ-ІХ ғ.ғ. көне түркі тайпалары руникалық жазуды кең түрде пайдаланған. Оның өкшесін баса келген алфавиттік (әріптік) жазудың да бірнеше түрлері таралғандығы белгілі. Мысалы, манихей, көне ұйғыр (соғды), брахмей т.б. Ал араб жазуының Орта Азия, Жетісу, Шығыс Түркістан аймақтарында ХІ ғ. бастап таралып, өріс алуы, бірнеше алфавиттерді ығыстырып, ұмыт қалдыруға дейін әкеп соқты.

Бірнеше ғасырға созылған араб графикасындағы жазба дәстүр ескі түркі жазба әдеби тілдерінің дамуына жол болып таралып, содан нәр алған өзбек, ұйғыр, қарақалпақ, қазақ т.б. халықтардың қазіргі жазба әдеби тілдерінің өркендеуіне негіз салды.

Ескі жазба дәстүр әр түрлі даму кезеңдерін бастан кешіріп, өзінің жалғасын тауып, халқымыздың тарихын танып білуде үлкен орын алады. Осыған зер салсақ, қазақ халқы мен қазақ тілінің даму тарихына араб пен латын алфавитінің рөлі айырықша болғаны белгілі. Біріншісі, қазақ жазба тілінің қалыптасуындағы алғышқы басқышы еді. Қазақтың алғашқы мерзімді баспасөзі де, көркем шығармалары да араб алфавитімен жазылып, жарық көрді.Екіншісі, Совет өкіметінің елді жаппай сауаттандыру шараларын іске асыру арқылы қазақ халқының жалпы мәдениетін, әдебиетін, тілін дамытудағы үлкен құралы болды. 1940 жылы қабылданған қазіргі қазақ алфавиті орыс графикасына негізделіп жасалды. Қазіргі қазақ алфавиті мен орфографиясы әдеби тіліміздің жаңа сатыға көтерілуіне, сан алуан стильдік тармақтарының дамуына ықпал етті. Әсіресе тіліміздің дамуы мен қалыптасу кезеңін қай дәуірден, қай кезеңнен бастаған жөн деген сұрақтың төңірегінде әр алуан пікірлер мен ойлар бар. Соларды жинақтай келе негізінен бір-біріне қарама-қарсы екі бағытты қарау жөн.

1-бағытты жақтаушылар қазақтың әдеби тілін халқымыздың жазба ескерткіштері тілі мен жазба әдебиетіне байланысты қарауды қолдайды.

2-бағытты жақтаушылар қазақтың әдеби тілі халқымыздың сөйлеу тілі мен ауыз әдебиетіне байланысты, соның негізінде пайда болды дегенді мақұлдайды.

Соған орай, әдеби тіл және оның пайда болуы мен дамуын сөз еткенде, қарапайым сөйлеу тілі мен диалектілердің өзара бірін-бірі ұдайы дамытатынын еш уақытта сырт қалдыра алмаймыз. Өйткені әдеби тілдің ауызша және жазбаша формалары мен атқаратын қызметі және олардың стильдік құрылымы мен айырмашылықтары жөніндегі деректерді зерттеу әлі аяқталған жоқ. Соның салдарынан әдеби тіліміздің даму теориясы мен оның проблемалары тиісті деңгейде ретке келтіре алынбай келе жатқанын жоққа шығара алмаймыз. Әдеби тілдің дамуын зерттеудегі өнімді деректеме танудың бір саласы назардан тыс қалып жүргенін алу керек. Атап айтқанда, ескі қазақ жазбаларының тілі немесе кітаби тіл деп жүрген деректеріміз қазіргі әдеби тілмен байланысты екенін ұмытпау керек. Олай болса, өткен ғасырлардағы шежірелер, тарихи құжаттар, дәрістік оқу құралдары, ресми іс-қағаздары, діни уағыздар т.б. жазба тіл нұсқаларын зерттеудің нақты деректер екеніне көңіл бөлмей отырмыз.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет