Лекциялар жинағы шымкент 2019



бет24/51
Дата03.05.2023
өлшемі0,76 Mb.
#89632
түріЛекция
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   51
Терi жабындысы. Барлық қосмекендiлердiң терiсiн және оның сыртынан жауып тұратын сүйектi немесе мүйiздi қабыршақтары жоқ – жалаңаш болады. Олардың денесiнiң салмағы судан шыққанда артып, суға түскенде жеңiлденген. Сондықтан құрлықта өмiр сүрген қосмекендiлер үшiн сүйектi қабыршақтардың болмауы үлкен жеңiлдiк. Қабыршақтардың жойылуымен, қорғанудың қажеттiлiгiне байланысты эпидермисiнде бездер өте көп. Терi бездерiнiң секреттерi терiнi құрғап кетуден және сыртқы ортаның факторларының зиянды әсерiнен қорғайды. Көптеген түрлерiнiң терiсiнде улы бездерi болады. Оның қызметi қосмекендiлердi жыртқыш жануарлардан қорғайды. Қосмекендiлер құрлықта тiршiлiк ететiн жануарлар сияқты құрғақшылыққа қарсы тұру қабiлеттiлiгi әлi жете дамымаған.
Қаңқасы. Қосмекендiлердiң құрлықта тiршiлiк етуiне байланысты қаңқасының барлық бөлiмдерiнде өзгерiстер бар. Жер бетiндегi тiршiлiгiне сәйкес ми сауыты (көпшiлiгiнде) өмiр бойы шемiршектi күйiнде қалады. Бас жамылғы сүйектер аз кездеседi. Басты үстiңгi жағынан төбе және маңдай сүйектер қоршап жатады. Тiл асты доғасының, желбезек доғасының өзгерiске ұшырауы тiл асты пластинкалардың тууына себебiн тигiзедi.
Омыртқа жотасы - мойын, дене, сегiзкөз және құйрық бөлiмдерiнен тұрады. Мойын бөлiмi бiр ғана омыртқадан тұрады, дене омыртқалары 7-100-ге дейiн болады. Мысалы,ең азы –7, ал аяқсыздарда 100-ден асады. Сегiзкөз бөлiмiнiң омыртқасы бiреу ғана, ал аяқсыздарда тiптi болмайды. Құйрық бөлiмi құйрықты қосмекендiлерде айқын бөлiнген, ал құйрықсыздарда уростил деген бiр ғана сүйекшеден тұрады. Қабырғалары нашар дамыған немесе жойылып кеткен. Нағыз қабырға тек қана аяқсыздарда ғана болады. Құйрықсыздарда қабырға мүлдем болмайды. Қабырғалардың болмауына сәйкес олардың көкiрек қуысы болмайды.
Аяқ қаңқалары құрлықта тiршiлiк ететiн омыртқалылардың аяқ қаңқасына ұқсайды. Алдыңғы аяқтары тоқпан жiлiк, қары жiлiк, ол екi сүйектен тұрады: шыбық сүйегi мен шынтақ сүйектерiнен құралады, алдыңғы аяқтарында қол басы сүйектерiнен тұрады. Артқы аяқтарында ортан жiлiк, ол жамбас белдеуiне жалғасады, асық жiлiк шыбығынан тұрады, артқы аяқтарында – табан сүйектерiнен тұрады. Қосмекендiлердiң алдыңғы және артқы аяқтары алғашқы бес саусақты болған, ал қазiргiлерiнде саусақ аз болуы ықтимал. Құйрықсыз қосмекендiлердiң артқы аяқтары ұзын болып келедi, өйткенi олар суда жүзiп жүру үшiн қажет және саусақтарының арасы жүзгiш жарғақтармен қосылған[2].
Иық және жамбас белдеулерi балықтардiкiмен салыстырғанда әлдеқайда жақсы дамыған. Иық белдеуi негiзiнен мына сүйектерден құралады: жауырыннан, бұғанадан, каракоидтан. Осы айтылған иық белдеуiнiң үш сүйегiнiң ұштары тоқпан жiлiктiң басына келiп жалғасады. Қосмекендiлерде дамыған қабырғалардың болмауына байланысты, көкiрек қуысы болмайды. Жамбас белдеуi үш сүйектен қалыптасқан. Ұзын мықын сүйегi (подвздошной), шап сүйегi (ловковый), шонданай сүйегi (седалешной). Осы сүйектердiң ұштары түйiсiп, жамбас шұңқырын құрайды. Жамбас белдеуi өзiнiң ұшымен сегiзкөз омыртқасымен жалғасады. Сондықтан қосмекендiлердiң артқы аяғы, балықтардың бауыр жүзгiш қанаттарынан гөрi бекiнiстерi мен сүйенiштерi әлдеқайда мықты болады.
Ет жүйесi. Балықтардың ет жүйесiмен салыстырғанда қосмекендiлердiң ет жүйесi ерекшелеу. Өйткенi бiрiншi рет омыртқалы жануарларда аяқтарының пайда болып, соның көмегiмен жер бетiнде қозғалуында. Сондықтан алдыңғы, артқы аяқтарында күштi еттер дамиды және қозғалысына байланысты еттер жiктелген. Ал балықтардың еттерiндегi сегменттi бөлiну оларда сақталмаған. Қорыта айтқанда осы қосмекендiлерде пайда болған ет жүйесi, эволюцияның даму барысында күрделенiп, жiкке бөлiнiп жоғарғы омыртқалы жануарлар – бауырымен жорғалаушылардың, құстардың және сүтқоректiлердiң ет жүйесiнiң негiзiн қалайды.
Нерв жүйесi. Қосмекендiлердiң алуан түрлi ортада тiршiлiк етуiне, күрделi және өзгергiштiк тiршiлiк ортасына байланысты миының құрылысы балықтардiкiмен салыстырғанда, алдыңғы миы үлкендеу және ол ми жарты шарларына бөлiнген. Ортаңғы миы онша үлкен емес, ал мишығы өте аз болады. Мидың бұл бөлiмiнiң нашар дамуы қосмекендiлердiң қозғалысының күрделi болмай жай баяу қимылдауына байланысты. Жұлын нервтерi иық және жамбас белдеулерiнде нерв торларын құрайды. Омыртқа жотасының екi жағында орналасқан симпатикалық нерв жүйесi жақсы дамыған.
Сезу мүшелерiнiң iшiнде белгiлi бiр дәрежеде өзгерiске ұшыраған мүше ол (құлақ) есту мүшесi. Ол балықтарға қарағанда қосмекендiлердiң есту мүшелерi жақсы дамыған. Қосмекендiлерде тек қана iшкi құлағы емес, ортаңғы құлағы мен дабыл жарғағы да бар. Ортаңғы құлақ қуысының төменгi ауыз-жұтқыншақ қуысына ашылатын бөлiмi евстахиев түтiгi деп аталады. Қосмекендiлерде жұп иiс сезу капсулалары болады, олар сыртқы ортамен бiр жұп танау тесiгiмен қатынасады. Иiс сезiмiмен iшкi танау тесiгiмен қатынасады. Иiс сезiмiмен iшкi танау хоандар кетедi, олар ауыз-жұтқыншақ қуысымен жалғасып тыныс алуға да қатысады. Қосмекендiлер иiс сезу мүшесiн ауада ғана пайдаланады, ал суда жүргенде танауын жауып жүредi.
Балықтарға тән бүйiр сызық, қосмекендiлердiң личинкаларына ғана тән. Бүйiр сызық тiршiлiгi үнемi суда өтетiн қосмекендiлердiң кейбiр құйрықты және құйрықсыз түрлерiнiң ересектерiнде өмiр бойы сақталады.
Қан айналу жүйесi. Эволюциялық дамудың барысында омыртқалы жануарлардың iшiнде құрлыққа шығуына байланысты қосмекендiлерде ең бiрiншi рет өкпе пайда болады. Осыған сәйкес қан айналыс жүйесiнде елеулi өзгерiстер туады. Барлық қосмекендiлердiң жүрегi балықтардың жүрегi сияқты екi бөлiмнен емес үш бөлiмнен: бiр қарыншадан, сол жүрекшеден және оң жүрекшеден тұрады. Өкпеде оттегiне қаныққан және көмiр қышқыл газы азайған қан өкпе веналары арқылы сол жақ жүрекшеге келiп құйылады. Мұндай қандарды вена қан тамырлары әкелсе де, оны артерия қаны деп атайды. Бүкiл денеге оттегiн таратып, көмiр қышқыл газына қаныққан қан веналар арқылы оң жақ жүрекшеге келiп құйылады. Мұндай қанды вена қаны деп атауға ұйғарылған. Жүрекшелердiң жиырылуының нәтижесiнде барлық қан құлақшаға құйылады. Құлақшада артерия мен вена қандары толық араласпайды, өйткенi қарыншаның iшкi бетiндегi әртүрлi өсiндiлер қандардың толық араласуына мүмкiндiк бермейдi. Сондықтан жүрекше жиырылып болғаннан кейiн қарыншаның оң жақ бөлiгiнде вена қандары, сол жағында – артерия қандары, ал ортасында – аралас қандар тұрады.
Жүрекшенiң оң жақ бөлiгiнен артериялық конус шығады, одан төрт жұп артериялық доғалар тарайды. Бiрiншi жұп артерия таза артериялық қанды бас бөлiмiне апарады, оны ұйқы артериясы дейдi. Екiншi және үшiншi жұп артериялар дененiң барлық жерiне таратылған үлкен тамырлар жүйесiнiң аортасын құрайды. Төртiншi жұп артерия - ол қанды өкпеге апарады, әрбiр өкпе артериясынан бiрден үлкен қан тамыры шығып, терiге барып, терiде веноздық қан оттегiне қанығып денеге тарайды. Сондықтан бұл қан тамырларын өкпе-терi артериялары деп атайды. Сайып келгенде, қосмекендiлерде балықтардiкi сияқты бiр ғана қан айналыс шеңберi емес, екi қан айналыс шеңберi бар. Үлкен қан айналыс шеңберi – жүректен шыққан қан артериялар мен капиллярлар арқылы бүкiл дененiң бөлiктерiне тарап, одан капиллярлар мен веналар арқылы оң жақ жүрекшеге келiп құяды. Кiшi қан айналым шеңберi – жүректен шыққан қан өкпе артериясы мен капиллярлар арқылы өкпеге барады, одан капиллярлар және өкпе венасы сол жақ жүрекшеге келiп құяды[3].
Қосмекендiлерде бұл екi шеңбер жылы қанды омыртқалардағы сияқты толық бөлiнбеген. Вена қаны да, артерия қаны да жүректiң жалғыз қарыншасы арқылы өтедi. Қан тамырлар арқылы қан баяу қозғалады және қанда оттегi аз аралас қанмен қамтамасыз етедi. Сол себептен зат алмасудың дәрежесi жоғары болмай, олардың денесiнде жылу аз болады. Бұлар да балықтар сияқты, суық қанды жануарларға жатады. Олардың денесiнiң температурасы қоршаған ортаның температурасымен тығыз байланысты. Қосмекендiлердiң тiршiлiгiнiң маусымдық, тәулiктiк ерекшелiктерi және географиялық таралуы осыған байланысты. Олардың түрлерi тек тропикалық жерлерде ғана көп болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет