Лекциялар жинағы шымкент 2019



бет6/51
Дата03.05.2023
өлшемі0,76 Mb.
#89632
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
Ас қорыту жүйесi. Бiрнеше бөлiмдерi бар хорданың астына орналасқан. Ауыз алдындағы қарамалағыш түтiктерiнiң түп жағында ауыз орналасқан. Ауыз қуысы екi бүйiрiнде жүздеген желбезек саңылаулары бар көлемдi де, ұзын жұтқыншақпен жалғасады. Жұтқыншақ сыртқы ортаға ашылмай желбезек айналасындағы қуысқа ашылады (атриалдық қуыс). Дененiң артқы жағында аналь тесiгi орналасқан, сол арқылы қорытылмаған зат сыртқа шығады (нәжiс) [2].
Сезiм мүшелерi. Өте қарапайым. Жарық тiтiркендiргiштi жарық сезгiш – Гессе көзшелерi қабылдайды. Ол нерв түтiктерiнiң iшiнде орналасқан. Иiс шұңқыры арқылы судың химиялық қасиеттерiн ажырата алады. Сонымен бiрге дененiң сыртқы қабаты эпидермисте бытырап жатқан сезгiш клеткалары болады.
Қан айналу жүйесi. Қан айналу жүйесi тұйық. Жүрегi болмайды. Сондықтан ланцетниктiң қаны көптеген қан тамырларының жиырылып-жазылып тұруы нәтижесiнде қозғалады. Қан айналу жүйесi негiзгi екi қан тамырларынан – арқа мен бауыр және олардың көпеген торларынан тұрады.
Тыныс алу жүйелерi. Ас қорыту мүшелерiнiң алдыңғы бөлiгi жұтқыншақ ауыз қуысынан денесiнiң ортасына дейiн жүзге жуық желбезек саңылаулары алып жатады. Желбезек саңылауларының қабырғалары қан тамырларымен қамтамасыз етiлген. Желбезек саңылаулары бiрден сыртқа ашылмай, атриалдық қуысқа одан атриопор арқылы сыртқа ашылады [3].
Зәр шығару жүйесi. Жұтқыншақ маңайында орналасқан көптеген (90) жұп нефридия түтiктерiнен тұрады. Әрбiр мүше бiрнеше тесiктерiмен дене қуысына ашылады да, бiр тесiкпен желбезек маңындағы қуыспен жалғасады.
Көбеюi. Бас сүйексiздер жынысты жолмен көбейедi, дара жыныстылар. Олар көптеген жұп жыныс бездерi желбезек маңындағы қуыстың ұзына бойына орналасқан. Жетiлген жыныс клеткалары уақытша пайда болған жыныс жолы арқылы желбезек маңындағы қуысқа келiп, одан атриопор арқылы сыртқа суға шығарылады. Жыныстық клеткалары су түбiне жақын қабатқа барып ұрықтанады, яғни ланцетниктiң ұрықтануы сыртта болады, ұрықтық дамуы суда өтедi.
Дамуы. Бас сүйексiздердiң (ланцетниктiң) эмбриональдық дамуын бiрiншi рет зерттеген К.О.Ковалевский (1865). Ұрықтанған жұмыртқалары өте қысқа мерзiмде дамиды.
Қабықтыларға немесе личинка хордалыларға – асцидиялар, сальпылар және аппендикуляриялар жатады. Олар мұхиттар мен теңiздерде кеңiнен таралған. Личинка хордалылардың шамамен 1100 түрi белгiлi, оның 1000 су түбiндегi заттарға бекiнiп отырып тiршiлiк ететiн асцидия класына жатады. Көптеген асцидиялар жеке жүрiп тiршiлiк етедi, ал қалғандары бiрнешеуi бiрiгiп колония құрады. Олардың басқа хордалылардан айырмасы ересек личинка хордалыларда хорда мен нерв түтiктерi болмайды, керiсiнше, личинкалық дәуiрде типтiң барлық негiзгi қасиеттерi анық көрiнедi. Личинкалық дәуiрiнде желбезек, хорда және нерв түтiктерi болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет