Лекциялардың тезистері



жүктеу 0.79 Mb.
Pdf просмотр
бет2/10
Дата22.12.2016
өлшемі0.79 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Дж.Локк  1632-1704  ағылшын.  Еңбектері  «Адам  1970  ақылы  жөніндегі 

тәжірибе»,  «Тәрбие  жөніндегі  ойлар»-1693,  Ақылды  тәрбиелеу  туралы.  Бұл 

гувернанттық  оқытуды  пайдалану  қажет  деді.    Бала  таза  тақта  сияқты,  не 

жазылса  сол  қалады  деді.    Дене  тәрбиесін  жақтады.  Мықты,  денеде  мықты 

рух  деді.  Ол  ерлікке  табандылыққа  әсер  етеді  деді.  Адамгершілік  тәрбиеде 

ұстамдылыққа,  сақтыққа,  әдептілікте  ерекше  мән  берді.  Мінез-құлықтағы 

мәдениетті  жақтады.  Адамгершілік  тәрбиенің  принциптерін  1.  табиғатқа 

сәйкестілігі; 2. бала табиғатын жете зерттеу; 3. тәрбиедегі қаталдықты балаға 

сүйіспеншілікпен ұштастыру деп берді.  

 

Ата-анамен  баланың  арасында  шынайы  туыстық  болуын  қалады.  Ол 



үшін оның жолдары берілді.  

1. үлгі-өнеге көрсету 

2. әдеттену 

3. балалармен пікір алысу 

4. намыс, теріс ұғымдарға назар аудару.  

 

Пестолоцци  (1746-1827)  Швецария.  Еңбектері  «Рертруда  балаларын 

қалай оқытады», «Аналар кітабы», «Бақылау азбукасы, сан жөнінде көрнекі 

ілім», «Лингард және Гертруда».  

 

Халықтың  кедейлігін  экономикалық  жағдайдан  емес,  білімсіздігінен 



деп  түсінер.  Адамды  дамытатын  тәрбиелейтін  еңбек  деді.  Дінге  оның 

қызметкерлеріне Пестолоцци қарсы болды.  

 

Тәрбиенің міндеті-адамның барлық табиғи күштерін, қабілетін дамыту 



және  ол  даму  жан-жақты  болу  керек  деді.  Тәрбиешінің  дұрыс  бағыт  беруін 

қолдады.  Баланың  тәрбиесіне  отбасының,  әсіресе  ананың  ролі  өте  зор 

бағалады.  

 

Балаға элементарлық білім беру теориясын ұсынды. Бұл тәрбиедлеудің 



жәй  басталып  күрделене  беруі  керек  деді.  Әлем  білім  беру  теориясына 

Пестолоцци  дене  тәрбиесін,  еңбекке  тәрбиелеуді  моральдық,  эстетикалық, 

ақыл-ой тәрбиесін беруді жатқызды.  

 

Оқытуда  көрнектілік,  жүйелілік  принцип  қарастырды,  элементтері 



білім  деп  беру  өлшеу  санау  сөзді  меңгеруден  тұрды.  Элементтерге  заттың 

санын, формасын атын жатқызады. 

 

Адольф Дистервег неміс 1790-1866. Еңбектері «Неміс мұғалімдерінің 

білімін  жетілдіруге  басшылық»,  «Педагогикалық  жылдық»,  «Тәрбие  және 

оқыту  жөнінде  Реин  беттері».  Дистервергтің  жалпы  халықтық  тәрбие  беру 

идеясын  жақтады.  Мектептің  мақсаты  азаматтарды  саналы  адамгершілік 

рухта  тәрбиелеу  деп  белгіледі.  Балалардың  жас  ерекшелігімен  қатар  дара 

ерекшеліктерде  ес,  зейін,  ойлау  процестерін  білудің  қажеттілігін  атап 



 

10 


көрсетті.  

 

Дистервегтің  оқытудың  негізгі  міндеті  балалардың  ақыл-ойын, 



қабілетін  дамыту  деп  көрсетті.  Әрбір  пән  білім  берумен  қатар  тәрбиелеу 

керек  деді.  Білім  беруде  тарих,  география,  ана  тілі  мен  әдебиеттің  зор  мәні 

бар  деп  білді.  Оқыту  дидактикасы  жөнінде  33  заңмен  жинақталған 

ережелерден  тұрды.  Көрнекі  оқуды  құптады.  Баланы  уақытынан  бұрын  еш 

нәрсе  оқытпа  деді.  Оқытуда  мұғалімнің  еркінің  күшті  болуының,  жақсы 

мінезінің және табанды болуының тәрбиелік мәні зор екенін атап көрсетті.  



 

Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 

1.

 



Я.А.Коменскидің  оқыту теориясына қосқан үлесі.  

2.

 



Дж.Локк пен Ж.Ж.Руссоның тәрбие туралы пікірлері. 

3.

 



Д.Дидро мен К.А.Гельвецидің педагогикалық теориясы. 

4.

 



И.Ф.Гербарт  пен  Ф.Дистервегтің  педагогикалық  ойларының 

ерекшеліктері. 

Әдебиеттер: 

1.

 



Хрестоматия  по  истории  зарубежной  школы  и  педагогической 

мысли/под ред. Пискунова, М., 1981. 

2.

 

Қ.Бержанов, С.Мусин. Педагогиканың тарихы. Алматы, 1984.  

3.

 



Қосымша  әдебиеттер.  Я.ВА.Коменский    «Ұлы  дидактика.»  Алматы, 

1965. 


4.Қ.Сейталиев. Педагогика тарихы: Оқулық. – Алматы: « Білім » , 

2008. 

 

 



ХХ ғасырдағы шет елдердегі педагогика мен білім беру жүйесі. 

 Жоспар 


1. ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы педагогика мен мектептің дамуы; 

2. Батыс Европа елдері мен АҚШ-тағы мектеп пен педагогиканың дамуы; 

3. Педагогикалық тұжырымдамалар. 

«Азаматтық тәрбие» және «Еңбек мектебі» педагогикасы 

XIX  ғасырдың  аяғы  мен  XX  ғасырдың  басында  қалыптасқан  ерекше  бір 

ағым  «Еңбек  мектебі»  педагогикасы  теориясы»  деген  болды.  Бұл  теорияны 

реакцияшыл  неміс  педагогы  Георг  Кершенштейнер  (1854—1932)  негіздеді. 

Әр  түрлі  реакцияшыл  педагогикалық  теориялардың  дәлелінше,  мектеп 

«әлеуметтік  тұрақсыздыққа»  қарсы,  таптық  күрес  пен  революцияшыл 

қозғалысқа  қарсы,  еңбекшілер  арасына  марксизмнің  тарауына  қарсы 

күресуге тиіс. 

Г.Кершенштейнер 

буржуазияның 

осы 

мүдделерін 



қанағаттандыратындай 

педагогика 

мәселелерін 

зерттеді. 

Мектептің 

міндеттерін  анықтай  келе,  мектеп  түгелімен  буржуазиялық  мемлекеттің 

(Германия империализмінің) мүддесіне қызмет етуі тиіс деді. 


 

11 


 

Іс-әрекет педагогикасы 

XIX 


ғасырдың 

90-жылдарынан 

бастап 

неміс 


іс-әрекет 

буржуазиясының  белгілі  педагогы  Август  Лай    (1862—1926)  «Іс-әрекет 

педагогикасы» теориясын негіздеді. 

Өзінің  ғылыми  педагогикалық  зерттеулерінің  бастапқы  кезінде 

Лай  экспериментальдық  педагогикамен  айналысты.  1903  жылы 

басылып 


шыққан 

«Экспериментальдық 

дидактика» 

еңбегінде 

эксперимент  арқылы  кейбір  оқу  пәндерінің  әдістері  мен  тәсілдерін 

негіздеуге тырысты. Мұнан кейін 1908 жылы оның «Экспериментальдық 

педагогика» еңбегі жарыққа шықты. 

Эксперименттік педагогика 

Империализм  дәуіріндегі  буржуазиялық  педагогикада  эксперименттік, 

педагогика көрнекті орында болған, мұның белгілі өкілдері неміс педагогтары 

Әрнст Мейман (1862—1915) және жоғарыда әңгіме болған А. Лай болды. 

XIX  ғасырдың  соңғы  ширегінде  Германия  мен  Америкада  құрылған 

эксперименттік  педагогикалық,  психологияның  лабораториялары  кейіннен 

Англияда,  Францияда,  Италияда,  Россияда  ашылды.  Кейінірек  оқу  мен 

тәрбиенің проблемалары біртіндеп эксперименттік зерттеу арқылы жүргізіліп 

отырды, сөйтіп, эксперименттік педагогика ерекше бағыт болып дамыды, 

Эксперименттер  үшін  әдейі  жасалынған  өлшеу  приборларының 

көмегімен және арнайы байқауларды ұйымдастыру арқылы балалардың дене 

дамуының кейбір заңдылықтары анықталды, балалар творчествосының (сурет 

салу)  жалпы  ерекшеліктері  зерттелді,  балалардың  қабылдауын,  ойын  да-

мытуға  творчестволық,  еңбектің  маңызы  бары  анықталды.  Мұнда  басқа  да 

бағалы байқаулар мен қорытындылар жасалынды. 

Прагматикалық педагогика 

Америка  Құрама  Штаттарында  XIX  ғасырдың  прагматималық  90-

жылдарынан  бастап,  тым  кең      тараған  философиялық  жүйелердің  бірі 

прагматизм  философиясы  болды.  Оны  толық  түрде  негіздеген  Джемс  еді. 

Прагматизм  үшін  пайдалы  нәрсе  ғана  шындық-ақиқат  болып  саналады. 

Джемс:  «Біз  үшін  ең  жақсы  қызмет  етуші,  бізді  жетелеп  бағыттаушы  — 

өмірдің әр бөліміне ең ыңғайлы да пайдалы келетін»,— деді. 

Империализм  дәуіріндегі  Америка  буржуазиясына  тән  талаптарды 

толық негіздеген белгілі философ-педагог Джон Дьюи (1869—1952) болды. 

Дьюи Чикаго университетінің педагогика кафедрасының профессоры болған. 

Ол педагогика мен педагогикалық психология жөнінен көптеген еңбек  

жазды.  Олардың  ішінде  кең  тарағандары:«Мектеп  және  қоғам»  (1899), 

«Мектеп  пен  бала»  (1902),  «Болашақтағы  мектеп»  (1915),  «Біз  қалай 

ойлаймыз»  (1910),  «Демократия  және  білім»  (1916)  т.б.  Бұл  еңбектерінде 

Дьюи баланы зерттеп білмегендігі үшін, оның талабын ескермегендігі үшін, 

өмірден қол үзгендігі үшін, оқу процесінің нәтижесіздігі  үшін  ескі  мектепті 

сынады.  Сонымен  бірге  ол  сол  кезде  маңызды  болған  мынадай 

педагогикалық, 

проблемаларға 

көңіл 


бөлді: 

мектептің 

өмірмен 

байланыстылығы,  оку  процесінде  балалардың  белсенділігін  дамыту, 



 

12 


оқытудың  тәрбиелілігі  т.б.  Осының  барлығы  Дьюи  шығармаларына 

практикалық қызметкерлердің көңілін аударды. 



 

Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 

1. Хейдеггердің  оқыту теориясына қосқан үлесі.  

2. Эсперстің тәрбие туралы пікірлері. 

3.. Марсельдің педагогикалық теориясы. 

4.Ж. Руссон педагогикалық ойларының ерекшеліктері. 

 

Әдебиеттер: 



1.Хрестоматия  по  истории  зарубежной  школы  и  педагогической 

мысли/под ред. Пискунова, М., 1981. 

2.Қ.Бержанов, С.Мусин. Педагогиканың тарихы. Алматы, 1984.  

3..Қ.Сейталиев. Педагогика тарихы: Оқулық. – Алматы: « Білім » , 

2008. 

4.Қосымша әдебиеттер. Я.ВА.Коменский  «Ұлы дидактика.» Алматы, 1965. 

 

7.  Ресей тарихындағы тәрбие, мектеп педагогикалық ой 

        Х-ХҮІІІ ғ.ғ. Ресейдегі тәрбие, оқыту және педагогикалық ой 

Жоспар:  

1.

 



Шығыс Славян еліндегі мектептер мен педагогика. 

2.

 



М.В.Ломоносовтың педагогикалық көзқарасы.  

    3.Кадет корпусы,  Москва университеті, Халық училещелері  



Негізгі  ұғымдар:  даму  тенденциялары,  тарихи  кезең,  тарихи  дәуір, 

оқыту, тәрбиелелу, жас кезеңдері, оқыту мазмұны, оқыту формалары. 

Шығыс  слаяндарда  алғашқы  тапсыз  рулық  қоғам  кезінде  және 

кейінгі  дәуірлерде  де  тәрбие  мәселелеріне  де  үлкен  көңіл  бөлінді.  Орыс 

жеріндегі  алғашқы  дін  иелерінің  иелігінде  шеркеу,  монастырь  иелерін 

даярлады.  

ХІІІ  ғасырларада  Суздальда  әйелдер  училищесі  ашылды.  Киев 

мемлекеті  ХІ-ХІІІ  ғасырларда  мәдениетінің  даму  жағынан  Еуропа 

елдерінде алдыңғы қатарда болды. Себебі, орыс князьдардың көбі  білімді 

адамдар еді.  

ХІҮ  –  ХҮ  ғасырларда  Новгород  экономикасымен  саудасы  дамыған 

ірі мемлекет болды. Сауатты адамдар көбейіп ктаптар кеңінен таралды. Ол 

жерде астрономия, философия ,табиғаттану ғылымдары дамиды.  

ХҮІ-ХҮІІ  ғасырда  Украина,  Белоруссия,  Литва  мемлекеттерінде 

туыстық  мектеп  құрыла  бастады.  Алғашқы  туыстық  мектеп  1586  жылы 

Львовтв  ашылды.  Мындағы  ұстапта  демократиялық  принциптер,  ата-

ананың мектеп алдыңдағы міндеті, мұғалімнің жеке басының үлгісі туралы 

мектепте  барлық  сословиенің  балалары  оқуға  алынды.  Панасыз  балалар 

ұйымның  есебімен  оқытылды.  Мұғалім  алдымен  оқушылардың    үйге 

бірілген  сабақтарын  сұрап,  одан  кейін  жаңа  сабақ  өтті.    Бұл  мектеп 



 

13 


мұғалімдері  славян  тілі  граматтикасын  құрастырып,  оқушылардың  ана 

тілінде оқып сөйлеуіне көп көңіл бөлді. 

1615жылы    Туысқандық  мектепте  оқу  мерзімі  12  жыл  көлемінде 

болды.Бұл кезеңдер орыс теңізшілері ірі географиялық жаңалықтар ашып, 

словян санауына арабтың цифры көшті.  

І  Петр  Петербургта  және  ірі  қалаларда  артиллерия  мектептерін, 

хирургиялық,  инженерлік,  навигациялық  мектептерін  ашты.  Ғылымдар 

Академиясы құрылды.  

Ресейде ХҮІІІғ. М.В.Ломоносов ғылымға үлкен жаңалықтар енгізді. 

Ол орыс тілінің грамматикасының қалыптасуына негіз болды. Ломоносов 

жасаған гимназияның ережесінде сословиелік мектеп болмауын жақтады. 

ХҮІІІ ғасырдағы Ресейде дворян балаларын әскери және мемлекеттік 

қызметке даярлайтын кадет корпустары ашылды. 

Корпустардың  кітапханасы,  театры  болды,  журналдар  шығарылып 

тұрды. 

Діни  мектептер  ашылып,  солдат  балаларына  арналған  горнизондық 



мектептер жұмыс істеді. 

ХҮІІІ  ғасырда  Ломоносовтың  басшылыымен  Москва  университеті 

ашылды. 

Университеттің  жанынан  гимназиялар  ашылып,ғылыми  қоғамдар 

жұмыс жасады. 

Ресейдің  экономикалық  жағынан  тез  қарқынмен  дамуы  “  Халық 

училищелерінің”  ашылуына  себеп  болды.1782  жылы  Петербургта  ең 

негізгі  училище  ашылды.Оқу  құралдары  жасалынып,  ұжыммен  жұмыс 

жүргізу әдістері ұсынылды. 

 

К.Д.Ушинский халық мектебі мен оның міндеттері жөніндегі мәселені де 

халықтық  идея  негізінде  қарастырды.  Оның  айтуынша  адамды  тәрбиелеуде 

қоғамдық  тәрбие  қажет,  ал  мұндай  тәрбиені  жүргізетін  орын-мектеп. 

Сонымен қатар Ушинский халық мектебінің тағдыры мен тізгіні халықтың өз 

қолына берілуін талап етті.  

 

Халық  мектебі.  Білімнің  міндеті  «балалардың  ақыл-ой  қабілетін 

дамыту,  айналасын  қоршаған  табиғат  пен  қоғамдық  қатынастарға  олардың 

табиғи  түрде  дұрыс  көзқарасын  қалыптастыру,  олардың  өздігінше  құратын 

өмір  мен  әрекетке  қабілетін  дұрыс  өсіру»-деді.  19  ғасырдың  60  жылдары 

формалдық және материалдық білім беру теориясын жақтаушылар айтысып 

жатқан. Ушинский екеуінде 1 жақты деп атады. Себебі, мектеп білім арқылы 

баланың  ақыл-ойын,  қабілетін  ойлауын,  сөзін  дамыту  болса  (формальды), 

нақты білім беру (материалды) керек болды.  

 

К.Д.Ушинский  білімнің  2  бағытын  қамтитын  пәндерді  де  анықтайды, 



жаратылыс, шет тілдер, өзінің халықтық идеясына сәйкес пәндердің негізгісі-

ана  тілі.  Ана  тілі  бүкіл  ақыл-ой  дамуының  негізі  және  бүкіл  білімдердің 

қазынасы, - деген 

Н.К.Крупская  жеке  пәндердің  арасындағы  тығыз  байланыстылық 

политехникалық  білім  берудегі  маңызын  ашты.Ол  жаратылыс  тану 

сабақтары  материалистік  көзқарасты  қалыптастырып,  еңбек  тәрбиесін 


 

14 


беруде  үлкен  роль  атқарса,  әдебиет  сабақтарының  елжандылық,  ізгілік 

сезімдерін тәрбиелеуде зор мәні бар екендігін атап көрсетті.   

Н.К.Крупская  оқушылардың  өз  бетінше  атқаратын  жұмысты 

ұйымдастыруды  тәжірибелік  жұмыстарды  жүргізуді  талап  етті. 

Оқушыларды сабақ үстінде ойлауға үйретуге айрықша көңіл бөлді. 

Н.И.Пирагов – белгілі орыс ғалымы, атақты хирург. 

Ол  мектеп  жүйесінің  бірнеше    сатылы  болу  керек  деп 

есептеді.Бастауыш  екі  жылдық  мектептен  кейін    екі  типті  4  жылдық 

прогимназия  (  орталау  мектеп)  ,  одан  соң  екі  типті  3  –  5  жылдық 

гимназия.Пирагов  орта  мектепте  негізгі  пәндер  латын  және  грек  тілдері, 

орыс тілі мен әдебиеті, математика, тарих болуға тиісті деді. 

Оның ұсынған мектеп жүйесі көп пәнділікті жоюға жол ашып берді. 

Негізгі 


дидактикалық 

принциптерді 

саналылық, 

көрнекілік,оқушылардың 

белсенділігі 

мен 


дербестігі 

деп 


санады.Балалардың  ойын,  қабілетін  дамытуға,  өз  бетімен  жұмыс  жасай 

білу  дағдыларын  қалыптастыруға  көңіл  аударып  отырды.Оқушылардың 

білімдерінің  терең  және  тиянақты  болуын  талап  етті.  Орта  мектептегі 

әдістердің ішінде мұғалімнің әңгімесінің маңызын атап өтті.  

1858  жылғы  «  Балаларды  ұрып  –  соғу  қажет  пе»  деген  мақаласында 

бұл  тәрбиелеу  әдісіне  қарсы  шықты.Көркемөнер  балалардың  рухын 

көтереді, ойлау процесі мен талғамын дамытады деп есептеді.  

Әдебиеттер: 

1Қ.Бержанов, С.Мусин. Педагогика тарихы. Алматы, 1984.  

2. Ж.Әбиев  Педагогика тарихы. Алматы, 2006 



3..Қ.Сейталиев. Педагогика тарихы: Оқулық. – Алматы: « Білім » , 

2008. 

 

Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 

1.І Петрдің ғылымға  қосқан үлесі.  

2.М.Ломоносовтың педагогикаға қосқан үлесі. 

3. Шығыс Славян еліндегі мектептер мен педагогика 

4. Ресейдегі педагогикалық ойлардың даму кезеңдерін атаңыз; 

5.  1861  жылғы  реформаның  білім  саласына  тигізген  ықпалына 

сипаттама беріңіз. 

6.К.Д.Ушинскийдің  оқыту теориясына қосқан үлесі. 

4.Л.Н.Толстойдың “Ясная поляна мектебінің” ерекшеліктерін атаңыз. 

8. .Н.И.Пироговтың білім саласына қосқан үлесі. 

Әдебиеттер: 

1.

 



Педагогика.  Алматы ұлттық педагогикалық университет. Алматы.,2004 

2. Очерки истории школы и педагогической мысли народов СССР  

         М.1985 

8.Кеңес дәуіріндегі білім беру жүйесі мен педагогикалық ғылым 

1917-1980 жылдардағы білім беру 

Жоспар: 


 

15 


1.

 

1917-1980 жылдардағы оқу-тәрбие мекемелері.  



2.

 

1917-1980 жылдардағы мектептер мен педагогика.  



Негізгі  ұғымдар:  даму  тенденциялары,  тарихи  кезең,  тарихи  дәуір,  оқыту, 

тәрбиелелу, жас кезеңдері, оқыту мазмұны, оқыту формалары 

 

Біз  бұл  тарауда  лекциямызда  Қазақстанда  осы  уақыттарда  жүргізілген 



жұмыстарға баса назар аударғымыз келді де, алынған мағлұматтарға қосыша 

материалдарды  өзіндік  жұмыстарда  қарастырып,  талдағандарыңызды  жөн 

көрдік  

Патша  әкімшілігі  саяси  және  практикалық  түсінік  тұрғысынан  өлкеде 

жалпы  білім  беретін  мектептердің  дамуына  мүдделі  болмады.  Тек  кәсіптік-

техникалық  білім  бергенді  жөн  деп  санады.  Осы  мақсатта  1885  жылы  төрт 

ауыл  шаруашылық  мектебі  (екеуі  Ақмола,  екеуі  Семей  облыстарында) 

ашылды, олардың оқу бағдарламаларында ауыл шаруашылығы үшін қажетті 

табиғат  туралы  мәліметті  және  оның  құбылыстары  жөнінде  үй

 

шаруасы, 



қолөнері  жөнінде  мағлұматтар,  ал  қыздар  бөлімшелерінде  -  киім  пішіп  тігу 

тоқу  жөнінде  мағлұматтар  берді.  Сонымен  қатар  кәсіптік-техникалық  білім 

берудің  көптеген  салалары  да  өркендей  қойған  жоқ.  Мәселен,  Қазақстанда 

өнеркәсіп училищелері атымен болған жоқ. 

Жалпы  алғанда  20  жылдың  ішінде,  1876  жылдан  1906  жылға  дейінгі 

мерзімде  өлкеде  153  оқу  орны  ұйымдастырылды.  Онда  1901  жылдың  1 

қаңтардағы деректеріне сай 8042 оқушы, соның ішінде жергілікті ұлттардың 

1793 баласы болды.

1

 

Қазан  төңкерісіне  дейін  қазақ  либерал-демократиялық  қозғалысының 



жетекшілері  Қазақстанның  әлеуметтік-экономикалық  және  саяси  дамуы 

туралы  өздерінің  бағдарламалық  көзқарастарын  кеңінен  насихаттады. 

Петроградтағы  төңкерістен  соң  іле-шала  „Қазақ  газетінде  21  қарашада 

Әлихан  Бөкейханов,  Ахмет  Байтұрсынов,  Міржақып  Дулатов,  Елдес 

Ғұмаров, Есенғали Тұрмұхаммедов, Ғабдулахмет Жүндібаев және Ғазымбек 

Білімжанов  құрастырған  „Алаш"  партиясы  бағдарламасының  жобасы 

жарияланды.  Бағдарламаның  жобасы  жеті  тармақтан  тұрады.  Сол 

тармақтардың бірі халыққа білім беру ісіне бағытталған. 

1930  жылы  Қазақстан  өкіметі  жалпыға  міндетті  бастауыш  оқу  туралы 

қаулы қабылдады. Жалпыға міндетті бастауыш оқудың жүзеге асырылуы осы 

жылдардан басталады. 1930-1931 оқу жылынан бастап Қазақстанда жалпыға 

міндетті  бастауыш  білім  беру  ісі  енгізілді.  Алғашқы  кезеңде  көшпелі 

аудандар  ғана  бұл  шарадан  тыс  қалды.  Ол  аудандарда  жаппай  бастауыш 

білім  беруді  1931  жылдың  көктемінен  бастауға  рұқсат  етілді.  Өйткені  бұл 

аудандар  отырықшы,  тіпті  жартылай  отырықшы  аудандарға  қарағанда 

оқытудың біраз басқаша түрі болуын талап етті.  

                                                           

 

 



 

16 


1960-1970 жылдары Қазақстанда мектептер оқушыларға білім беру мен 

тәрбиелеуде  нақты  табыстарға  жетті.  Көптеген  тәжірибелі  педагогтардың 

бақылаулары  бүгінгі  күні  ұлдар

 

  мен  қыздардың  жалпы  даму  деңгейінде 



қандайда бір ерекше  айырмашылық бар  екенін айту  қиындығы  куә  болады. 

Ол  мейлі,  өзінің  құралы  жағынан,  интернационалдық  немесе  ұлттық,  яки 

қазақ мектебі болсын, бәрібір бұл айырмашылық мүлде жоқ. Оқушы қыздар 

ұлдармен  қатар  өзінің  қарым-қабілетін  жан-жақты  көрсетуге,  өзінің  жеке 

шығармашылығын дамытуға теңдей мүмкіндігі бар. 

Қазақстанның  орта  мектебіне  жан-жақты  дамыған  адамды  тәрбиелеу 

мен қалыптастырудың ірі рөлі жүктелген.  

 . 


Әдебиет: 

        1.  Е.Н. Медынский    История  педагогики  М. 1982 

        2.  История  педагогики  Часть-2  С  ХҮІІ  века  до  середины  ХХ  в.  учеб. 

пособие для пед. университетов\ Под. Ред. А.И.Пискунова 



3..Қ.Сейталиев. Педагогика тарихы: Оқулық. – Алматы: « Білім » , 

2008. 

 

  1980-1991 жылдардағы білім беру 



Жоспар:  

1.

 



1970-1990 жылдардағы білім беру 

2. 1970-1990 жылдардағы мектеп пен педагогика  

 

Негізгі  ұғымдар:  даму  тенденциялары,  тарихи  кезең,  тарихи  дәуір, 

оқыту,  тәрбиелеу,    білім  беру  жүйесі,  оқу-тәрбие  туралы  заңдар,  сабақ, 

мектептен, сабақтан тыс жұмыстар, писонер, комсомл ұйымдары. 

Халыққа  білім  беру  жүйесіндегі  көпшілік  жалпы  қоғамдық  дамудың 

сұранысына  тәуелділігімен  жүзеге  асты.  Білім  беру  мен  тәрбиелеудің 

әдістемесі  мен  түрлері,  мектеп  құрылымдары  мен  түрлері,  олардың  саны 

өсті,  оқушылар  мен  жұмысқа  ата-аналар  мен  жұртшылық  көбірек  тартыла 

бастады. Біздің қоғамның жоғары мақсаты адамның ұлтына және жынысына 

қарамастан,  әрбір  адамның  рухани  және  денесінің  үйлесімділігінен  дамуы 

болып  табылады.  Жан-жақты  дамыған,  биік  құлықты 

 

сенімді  адамдар 



дайындау - педагогтар мен мектептердің басты міндеті. 

Білім  беру  саласында  компьютерлік  технологияны  енгізумен  қатар  » 

технология» деген ұғымның кездесуі жиілеп, оқытудың технологиясы ұғымы 

қалыптаса  бастады.  Бұл  бағыт  алғашқы  кезде  АҚШ  пен  Англия 

мемлекеттерінде ХХ ғасырдың 60- шы жылдарында пайда болған.       

Оқыту технологиясы ХХ ғасырдың  1 жартысында білімді тексеріп, бағалау 

барысында  пайдаланылып  осы  идея  оқыту  үрдісіндегі  техникалық  құрал-

дармен  оқытудың  негізін  қалады.  Көптеген  уақыттар  бойы  оқыту  техно-

логиясын сабақта техникалық құралдарды пайдалану деп түсінді.  

Оқыту саласына «технология» деген сөзді Ф.Б.Гильбрейт, Ф.У.Тейлор 

индустриялдық  технология  деген  пікірге  негіздеп,  оқытуда  техникалық 


 

17 


жабдықтарды пайдаланумен байланыстырған болатын. 

Мектептерде көбінесе оқытудың дәстүрлі технологиясы  қолданылады. 

Оқытудың  дәстүрлі  технологиясына  ХVII  ғасырда  Я.А.Коменский  негізін 

салған  сыныптық  -сабақ  жүйесін  жатқызады.  Соңғы  ғасырда  сыныптық- 

сабақ жүйесін жетілдіруде көптеген зерттеулер жүргізілген. 

Дәстүрлі  сабақтар  негізін  Я.А.Коменскийдің  салған  жүйесінің  құрылымы 

мен үй тапсырмасын сұрау, жаңа материалды түсіндіру,бекіту, үйге тапсырма 

беру,  бағалау  арқылы  жүреді.Педагогтар  ғасырлар  өте  келе,  қоғамның  даму 

барысына  байланысты  дәстүрлі  сабақтың  оқушылардың  өзбетінше 

дербестігіне  нұқсан  келтіретінін  байқады.  Себебі,  оқытудың  мақсаты, 

мазмұнына байланысты дәстүрлі оқыту тұлғаны дамытуға емес көбіне білім 

мен  дағдыны  меңгертуді  қарастырған.  Дәстүрлі  оқыту  технологиясы 

мұғалімнің авторитарлығын көрсетеді 

  Сонымен  қатар  қазіргі  жаңа  оқыту  технологияларына  мәселелік  оқыту 

технологиясы,  тірек  белгілері  арқылы  оқыту  технологиясы,  жобалап  оқыту 

технологиясы,  саралап  оқыту  технологиясы,  білім  беруді  ізгілендіру 

технологиясы,  озат  оқыту  технологиясы,модульдік  оқыту  технологиясы 

жатады. 


Жеке  тұлғаны  дамыта  оқыту  оқытуды  гуманизациялауға  байланысты 

болып  келеді.Оқу  үрдісіндегі  мұндай  міндет  сабақ  барысында  оқушының 

психикалық дамуына әсер ететін қағидалар мен ережелерге ғана сүйеніп қана 

қоймау керек екендігі анықталған соң алға қойылған.Бұл идеяны педагогика 

саласында  ХХ  ғасырдың  80-ші  жылдары  жаңашыл  –  педагогтар 

Ш.А.Амонашвили,С.Н.  Лысенкова,  И.П.Волков,В.Ф.Шаталов,  Е.Н.Ильин 

ұсынды.  Дамыта  оқытудың  мақсаты  -  оқушы  өміріндегі  қиындықтар  мен 

көкейтесті  мәселелерін,оның  ақиқаттығын  қабылдай  алуында.Осы  тұрғыда 



Каталог: images -> faculty -> ped-psychology
images -> Байқау сынағы сұРАҚ кітапшасы 7005 НҮСҚА
images -> С. Бегалин «Бала Шоқан» “Толағай”
images -> Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының
images -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
images -> Краткое содержание проекта Екі елдің данышпан ақындары Абай және Пушкин өмірі мен шығармашылығы қазіргі
faculty -> ДӘрістер кешені дәріс есептеу техникасының даму тарихы
faculty -> ДӘрістер кешені дәріс №1. Тақырыбы: модель. Модель тҥрлері жэне модель жасау кезеңдері
ped-psychology -> «Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» Дәрістің мазмұны


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет