Лекциялардың тезистері


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар



Pdf көрінісі
бет9/10
Дата22.12.2016
өлшемі0,79 Mb.
#224
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

          

                    Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар 

1.

 

Білім беру мазмұны дегеніміз не, немен байланысты анықталады? 



2.

 

Оқыту процесінде оқу жоспары оқу бағдарламасының қызметі қандай?  



3.

 

Қазіргі кезеңде мектепте оқытудың мазмұнын қайта қараудың себептері не 



өздігінен орындайтын жұмыстар.  

4.

 



Қандай мемлекеттік құжаттар білім мазмұнын анықтайды.  

5.

 



Жалпы орта білім беретін мемлекеттік стандартқа талдау жасаңыз. 

6.Білім беру мазмұны – дидактикалық категория. 

7.Оқу жоспары, бағдарламалар, оқулықтар және оларға қойылатын талаптар. 

8.Қазіргі  кезеңде  Қазақстан  Республикасында  мектептерде  оқытудың 

мазмұны. 

 

Әдебиеттер  

1.Педагогика. Курс лекций. Алматы: “Нұрлы Әлем”, 2003 

2.  Вульфов Б. З., Иванов Б.Д. Основа педагогики (в лекциях, в ситуациях,  в 

первоисточниках) Уч. пособие – М., 2000.  



 

64 


3.Ильина Т.А. Педагогика.- М., 2000 

4.Лихачев Б.Т. Педагогика. Курс лекций. Уч. пособие.-М., 1999 

5.Лихачев Б.Т. Философия воспитания. Спец. курс. Уч. пособие- М., 2000 

6.Педагогика. Уч. пособие (Под. ред.  Т.Н. Пидкасистого-2010) 

7.Подласый И.П. Педагогика Учебник - Минск, 2010 

8.Харламов И.Б. Педагогика. Учебник-Минск, 2010 



             

24.  Оқытуды  ұйымдастыру  формалары.  Сабақ-  оқытудың  негізгі                                           

түрі. Сабақтың басқа түрлері. 

Оқыту 

әдістері, 

оқыту 

әдістерінің 

көптүрлілігі,                                                    

оларды топтастыру. 

                                                  Жоспар 

1Оқыту әдісі туралы түсінік  

2. Оқыту әдістерін  топтасгыру (классификациясы

3.Оқытуды ұйымдастырудың түрлері туралы ұғым. 

4.Қазіргі мектептегі жұмысты ұйымдастырудың түрлері. 

5.Сабақтың жіктелуі және құрылымы. 

6.Мұғалімнің сабаққа дайындығы.  

 

     Негізгі ұғымдар: оқыту әдістері, білім көздері, амал-тәсілдер. 

     Оқыту  әдісі  —  оқушыға  білім  мен  тәрбие  беріп,  дамыту  мақсатындағы 

ұстаз  бен  шәкірттің  бірлескен  қызметі,  қарым-қатынастағы  тәсілі.  Оқыту 

әдісі  арқылы  шәкірттің  білім  алуы  іскерлікке  төселіп  дағды  қалыптасуы, 

дүниетанымы мен қабілеті жетіледі. 

   1. Оқытудағы білім көздеріне байланысты әдістер: 

- Сөзбен түсіндіру әдісі (баяндау, лекция, әңгіме, пікірсайыс); 

- Көрнекілік әдісі (демонстрация, иллюстрация); 

- Тәжірибелік әдіс (жаттығу, зертханалық жұмыс т.б.). 

2. Таным түсінікті меңгеру сипатындағы әдістер: 

            - Түсіндіріп ұқтыру, репродуктивтік әдіс;  

- Проблемалық түрғыдағы әдіс; 

- Ішінара іздеу немесе эвристикалық әдіс; 

- Зерттеушілік әдіс. 

3. Дидактикалық мақсаттағы әдістер: 

- Жаңа білімді меңгеру әдісі: 

- Алған білімді бекіту әдісі: 

- Бақылау әдісі. 

     Шартты  түрде  топтастырылған  әдістердің  бәрінің  негізгі  бағдарлық 

жүйесіне  ортақ  әдістемелік  амал  тәсілдерінде  мына  мәселелер  ескерілуге 

тиіс: 

1. Іс-әрекетті жүзеге асырудағы тиімділік және ұйымдастырушылық



2.Мотивация және ынталандыру; 

3.Оқу жұмысын бағалау мен тұлғаның өзін-өзі бақылауы.  

     Сөзбен  түсіндіру  әдісі  -  мұғалімнің  баяндап  беріп  түсіндіруі  арқылы, 

немесе  оқулықтар  мен  оқу  құралдарын  оқу  барысында  жүзеге  асырылады. 



 

65 


Бұлар оқушыға берілетін ақпараттық мағлұматтың негізгі көзі деп саналады. 

Мұғалім  сабақты  түсіндіріп  баяндауында  оқылатын  материалдың  мақсаты 

мен мазмұнына және оқушының жас ерекшелігі мен дербес ерекшелігіне мән 

беріледі.  Оқытудың  бұл  әдісі  көбіне  бастауыш  мектепте,  тиісті  жағдайға 

байланысты жоғары сыныптарда да қолданылады. 

     Лекция  -  оқылатын  материалдың  жүйелі  түрде  баяндалуы  талап  етіледі. 

Орта  оқу  орындарының  жоғары  сыныптары  үшін  оқылатын  лекцияларда 

шәкірттің  лекциядағы  мәтіндік  мәнді  жаза  білуге  үйренумен  қатар  тиісті 

түсінік, термин, танымдық ойларды қалыптастыру бірлікте жүргізіледі. 

     Әңгіме  әдісі  -  тиісті  тақырыпқа  байланысты  ақпараттық  мағылұмат 

берумен қатар мұғалім мен оқушы арасындағы диалог, пікір алмасу бірлікте 

жүргізіледі. Әнгімелесу барысында репродуктивтік қайталау, пысықтау және 

шәкіртті  ойлантып  іздендіру  түріндегі  эвристикалық  тапқызу  жұмыстары 

оқушының сабақ тақырыбынан туындаған сұрақтарға байланысты заңдар мен 

заңдылықтарды,  деректерді,  теориялық  ұғым-түсінікті  дұрыс  меңгеруіне, 

зейін қойып қабылдай білуге

 

баулиды да қалыпғастырады. 



     Пікір  сайыс  әдісінде  -  талданып,  талқыланып  отырған  мәселе  жөнінде 

пікірін  ашық  айтып,  қателесіп  кетемін  деп  жасқанбай  сөйлеу  оқушының 

өзіндік пікірі болуға бағдарлайды. 

     Сөз 

түріндегі  қолданылатын  әдістің  басты  сипаты  ақпараттық 

мағлұматтың  мол  болуына,  дәлелді  сөйлей  білуге  логикалық  жүйені  сақтай 

алуға  бейімдейді.  Өзінің  ойын,  білген  түсінігін  жеткізуде  белсенділік 

көрсетіп,  әріптестерін  тыңдата  алуға  машықтандырады.  Әлсіздігі  кейде  бос 

сөзге дес беріп, дерексіз лепірмелікке ұрыну болса, оған жол бермеуге көңіл 

аудару керек. 

     Көрнекілік  әдісі.  Бейнелік  кескінді  көзбен  көріп,  оның  нақты  болмысын 

тануда  түрлі  суреттер,  құралдар  сызбалар  мен  таблицалар,  моделдер 

пайдаланылады.  Оқытуда  әр  түрлі  иллюстрациялық  құрал-жабдықтардың 

қолданылуы  оқушыға  берілегін  үғым-түсініктің,  нысанаға  алынған 

танымнын тиянақты да айқын болуына әсер ететіндігі ақиқат шындық.  

      Тәжірибелік  әдістер.  Алған  білімнің  нәтижесі  оның  нақты  тәжірибеде 

колданылуы екені ешбір дәлелдеуді керек етпейтін шындық. Сонымен бірге 

тәжірибе  оқушының  іскерлігін  жетілдіріп,  дербестігін  өрістетіп,  ақыл-ойы 

мен  дене  күшінің  дамуына  игі  ықпал  етіп,  тұлғаны  қалыптастырады. 

Көрнекіліктің түрлері: 

     Жаттығу 

әдісі  -  оқушыға  білік,  білімдарлық  қалыптастырып 

машықтандыру  мақсатында  тиісті оқу  материалдарын бірнеше рет  қайталап 

шығу.  Жаттығуға  қойылатын  талап:  оқушы  қайталаудың  мақсатын  түсінсе, 

қандай  нәтижеге  жетуге  тиісті  екендігін  біліп  және  болуға  ықтимал 

қателіктер мен кемшіліктерден сақтанып, қажетті дағдыларды меңгереді. 

     Зертханалық  жұмыс  -  оқушы  зертхана  (химия,  физика)  бөлмесінде  тиісті 

тақырыпқа  байланысты  тәжірибе  жүргізіп,  оның  мән-мағынасын  бақылап, 

білуге  тиісті  үрдісті  жеке  немесе  топтық  құрамда  орындап  көреді. 

Эксперименттің  барысымен  танысып,  оның  нәтижелік  көріністері  туралы 

пайымдау жасайды. 


 

66 


     Қазіргі  кезде  жиірек  қолданылатын  «Ойлан  да  -  ойыңды  айтып  қал» 

(«Мозговая  атака»,  «Мозговой  штурм»)  әдісі  -  мына    тұрғыда 

ұйымдастырылып  жүр.  Проблеманы  талқылауға  қатысатын  топ  шең  құрып, 

дөңгеленген  тәртіп  бойынша  орналасады.  Басқарушы  шешілуге  тиісті 

мәселені  түсіндіріп,  белгіленген  уақыт  ішінде  (10-30  минут)  қатысушылар 

жауап беріп, өз ойларын ортаға салады.  

     Бұл әдістің мәні - оқушы проблеманы шешуде белсенділік танытып, оған 

зерттеуші  тұрғысынан  қарауға  мүмкіндік  туғызылатындығында.  Сондай-ақ 

олар  қойылған  міндетті  өзінше  орындап,  өзінше  шешіп  және  ой-түсінігін, 

көзқарасын еркін түрде жасқанбай айтуға дағдыланады, өзінше әрекеттенуге 

жаттығады.  Оқушы  тез  ойланып,  ойын  жедел  айтып  салуға  әдеттеніп  және 

өзінше әрекеттенуге машықтанады. 

 

      Еліміздегі қазіргі орта оқу орындарының көпшілігіндегі оқытудың негізгі 



түрі - сабақ. Өйткені сабақ жастары қатарлас топтағы оқушыларға бірыңғай 

бағдарламамен  тиянақты  күнтізбе  бойынша  білім  берудің  негізі  болып 

табылады.  Сабақтың  типі  жөнінде  ғылыми  тәжірибелік  зерттеулер  де, 

жүйелеулер  де  жетерлік.  Дидактикалық  мақсаттағы  әр  түрлі  ойларды 

сараптай келгенде оны мына тұрғыда топтастырған орынды: 

-

 



Жаңа білім меңгеру сабағы. 

-

 



Іскерлік пен дағдыны қалыптастырып дамыту сабағы. 

-

 



Алған білімді жүйеге келтіріп тұжырымдау сабағы. 

-

 



Кайталау, пысықтау сабағы. 

-

 



Тексеріп алған білім сапасын айқындау. 

-

 



Аралас сабақ. 

-

 



Жинақтап қорыту сабағы. 

     Дидактикада қамтылатын логикалық бағдар:  

а) білімнің актуалдылығы және оны әрекетке айналдыру;  

ә) жаңа білімдік мағлұматты меңгеру және таным түсінікті жетілдіру;  

б) алған білімді пайдалану мен тиісті дағды қалыптастыру. 

     Әдістемелік  бағдарда  шешілетін  міндет  пен  орындалатын  жаттығу  және 

оқушының  кайталайтын  жауабы  жобаланып,  сабақта  атқарылатын  іс-әрекет 

нақты  жоспарлануы  керек.  Жаңа  материалды  түсіндірудің  әдіс,  тәсілдері 

керсетіліп,  қойылып

 

отырған  міндетті  шешудегі  мұғалімнің  басшылығымен



 

атқарылатын, оқушының  орындайтын және  өздігінен  атқаратын жұмыстары 

белгіленуге  тиіс.  Сабақтың  психологиялық  бағдарында  қойылған  мақсатқа 

орай  психологиялық  мотив  мәселесі  барлық  жағынан  қарастырылып, 

оқушының  жас  ерекшелігі  мен  дара

 

ерекшелігімен  санаса  отырып,  білімді 



меңгерудің психологиялық сипаттағы заңдылықтарына мән берілуі керек.  

     Сабақ  өткізу  алдымен  оқушының  іс-әрекетін  ұйымдастыру  болып 

табылады.  Мұның  құрылымдық  түрі  -  сыныптағы  оқушылардың  барлық 

құрамын  және  жеке  тұлғаны  жұпқа,  топқа  болу  арқылы  әрекетке  келтіру 

негізінде  жүргізіледі.  Сараптай  айтқанда  сыныптағы  барлық  оқушының  іс-

әрекетін мұғалім басқарып бағдарлайтын бірлескен әрекет болып табылады. 

Сондай-ақ  жеке  тұлғаның  әрқайсысы  өз  алдына  дара  да  дербес  түрде 


 

67 


әрекеттенеді.  Сабақ  барысында  оқушыларды  топқа  бөлгенде  4-5  шәкірт  бір 

топ  немесе  екі-екіден  бірлескен  топ  болып,  берілген  тапсырманы  мұндай 

жағдайда  орындаудын  натижелік  көрсеткіші  жоғарырақ  болады.  Өйткені 

топтастыруда үлгерімі бірыңғай немесе әр түрлі үлгерімдегі оқушылар болса 

олар бір-бірінен жәрдем алады. Өзара пікірлесіп еңбек ету барысында нашар 

оқитын  шәкірт  білімді  тиісті  деңгейде  меңгерудің  жол-жосығын 

құрбыларынан  үйреніп,  іс-әрекетке  ықыластана  кіріседі.  Топтағы  оқушылар 

бір-бірінен тәлім алып, белсенділігінің артуына ықпал етеді. 

     Сабақтың  теориясы  мен  тәжірибесінің  жүзеге  асып,  табысқа  жетіп 

нәтижелі  болуы  мұғалімнің  сабақка  дайындала  білуіне  тәуелді.  Өйткені 

өтілетін сабақтың жүйесін айқындап, жоспарлау барысындағы үрдіс негізінде 

оқушының  білім,  білік,  дағды  меңгеруі  психологиялық,  жағынан  шешуші 

сипатқа ие болатындығы ақиқат шындық.   

Саяхат  сабағының  мақсаты  –  ғылым  саласындағы  пәннен  теориялық 

білімді  нақты  тәжірибеге  жалғастырып  көрсету.  Бұл  оқушының  түрлі 

деректер  мен  құбылыстар  жөніндегі  таным  түсінік  арнасын  кеңейтуге 

мүмкіндік туғызу. 

Факультативтік  сабақтар  –  оқушылардың  сұранысы  бойынша 

ұйымдастырылады.  Сабақтың  бұл  түрінің  негізгі  мақсаты  –  оқушылардың 

талап-тілегін  ескере  отырып,  олардың  ғылыми-теориялық  білімін,  таным 

түсінігін  дамытып  шығармашылық  жолдағы  бағдарын  ашуға  жәрдемдеседі. 

Сонымен  қатар  оқушының  бейімділігіне  қарай  кәсіби  мамандыққа  деген 

қызығушылығын тұрақтандыруға ықпал етеді. 

 

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар 

1.

 



Оқыту формасы дегеніміз не? 

2.

 



Қазіргі сабаққа қойылатын негізгі талаптар. 

3.

 



Сабақтың негізгі түрлері, оның құрылымы. 

4.

 



Мұғалімнің сабаққа дайындалу тәсілдері. 

5.Оқытуды ұйымдастырудың формалары туралы түсінік. 

6.Сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар. 

7.Сабақтың дәстүрлі түрлері, құрылымы. 

8.Мұғалімнің тақырыптық және жеке сабақтарының жоспары. 

 

Әдебиеттер 

1.Махмутов М.И. Современий урок. Вопросы теории. М., 1999 

2.Дидактика средней школы (под.ред. М.Н. Скаткина), 2009 

3.Педагогика (под.ред. Пидкасистого П.И.) М., 2010 

4.Педагогика (дәріс курсы) А.2003. 



 

25 -26.  Білімді бақылап тексерудің түрлері мен әдістері 

Оқушылардың  тұтас  педагогикалық  үдерістегі  танымдық  іс-

әркетін белсендендіру 

                                           Жоспар 

1.Оқушылардың білім деңгейін бағалау жолдары 



 

68 


2.Ағымдық, аралық іс-әрекетті бақылау 

      Негізгі ұғымдар: білім деңгейі, ағымдық, аралық, бақылау. 

      Оқушылардың білімін тексеріп бағалау  - педагогикалық үрдіске қатысты 

мәселені  жинақтап  қорыту  болып  табылады.  Өйткені  оқыту  нәтижесінде 

оқушының  меңгерген  білім,  білік  дағдысы  қандайлық  дәрежеде  екендігін 

айқындап,  олардың  алған  білімін  тәжірибеде  қолдана  білу  міндеттерін 

шешуге  бағыттай  алу  үрдісін  бақылап  бағдарлаудағы  негізгі  сала  екені 

белгілі. 

     Бағалау  -  оқушының  меңгерген  білім  сапасы  мен  даму  деңгейінің 

көрсеткіші.  

      Дидактикадағы  ежелден  бері  белгілі  дәстүрлі  бақылап,  бағалаудың 

бірнеше  түрі  бар.  Орта  оқу  орындарында  ағымдағы  бақылау,  кезендік  және 

қорытынды  бақылау  деп  жіктеледі.  Ағымдағы  бақылау  нақты  сабақ 

барысында  өткен  тақырып  бойынша  меңгерген  нәтиже  тексеріліп 

бағаланады.  Кезеңдік  бақылауда  оқылатын  пәннің  арнаулы  тараулары 

бойынша,  немесе  тоқсандық,  жарты  жылдық  көлемдегі  білім,  білік 

дағдыларын меңгеруі  бағаланады.  Қорытынды бақылау  оқушыны  сыныптан 

сыныпқа  көшіру  қарсанында  өткізіледі  және  мұндағы  басты  мақсат  - 

оқушының  алған  білімін  жинақтап,  меңгергенін,  алған  білімін  келешекте 

ілгері жалғастыру бағдары өзектілігі көзделеді. 

     Білімді бағалау әдісі - бақылау арқылы және ауызша, жазбаша тексеріледі, 

сондай-ақ  сауалдамалық  тест,  тәжірибе  жолымен  жүргізіледі.  Бақылау 

әдісінің  міндеті  оқушының  күнделікті  жұмыс  үрдісінің  нәтижесін  байқап, 

даму  жүйесін  кадағалап,  білім  деңгейінің  дәрежесін  айқындау  болып 

саналады.  Бақылаудың  көрсеткіші  ресми  құжаттарға  түсіріліп,  мұғалім 

жинақтап жалпы баға қоюда есепке алынады. 

     Жазба  түрде  бақылау  бүгінде  сипатын  кеңейтіп,  оқушының  білімін 

байқаудан  мәнін  зорайтып  және  онын  тиімділігін  арттыра  түсуде.  Қазіргі 

дидактикада  техникалық  құралдардын  мүмкіндігі  артқан  сайын  оның 

қолданыс  аясы  да  өрістей  түсті  де,  автоматтық  бақылау,  перфокарта,  баспа 

материалдарын  пайдалану,  басқа  да  сұрақтарға  жауап  беру,  сұрақты  өзінше 

талдап жазу т.б. жолдары өрістеуде. 

     Бағалау  оқушының  білім  деңгейін  айқындаумен  қатар  тәрбиелік  мәні  зор 

болғандықтан  қай  кезде  де  оған  жауапкершілікпен  қарауды  талап  етеді. 

Дәстүрлік бағалаудағы бес баллдық жүйемен қатар пәннің белгілі тараулары 

мен  тақырыптары  немесе  тұтас  курс  бойынша  сынақ  (зачет)  тапсыру,  яғни 

шәкірттің  тиісті  мәселені  меңгеруі  тұрғысындағы  еңбегіне  бақылау 

тұжырымдама жасалатын. Ал оның қорытынды көрсеткіші емтихан арқылы - 

бес  баллдық  мәндегі  өте  жақсы,  жақсы,  орташа,  нашар,  өте  нашар  деген 

атаулармен жинақталатын. 

     Соңғы  он  жылдықтар  кезінде  әсіресе,  жоғары  дәрежелі  мектептер  мен 

арнаулы орта оқу орындарында рейтинг жүйесі өрістеді. Рейтинг - ағылшын 

тіліндегі  —  «жетістік  өлшемі»  «баға»  деген  мәнде  болса,  оқу  үрдісінде 

шәкірттің таным сапасын, нәтижесін бақылап, тексеріп қол жеткен табысын 

ілгері  жетілдірудің  жол-жосығын  нұсқап,  олардың  жауапкершілікпен 


 

69 


белсенді түрде еңбектенуіне бағдар берілетін әдіске айналды. 

     Рейтинг  жүйесіндегі  модульдік  құрылым  оқу  материалын  логикалық 

тұрғыдан  бөлшектерге  топтастырып  немесе  пәндік  тараулар  негізінде 

блоктарға  біріктіреді.  Модульдің  саны  оқу  пәнінің  мазмұнына  қарай  және 

оның көлемдік мөлшеріне лайық белгіленеді. Сондай-ақ модульдік құрылым 

оқу материалының белгіді бір кесегі, бөлшегі порциясы болса, оқушы мұнда 

көрсетілген  тапсырысты  міндетті  түрде  орындап,  жүзеге  асыруға  тиіс.  Ал 

оны бақылау, тексеріп бағалау: 

а) күнделікті немесе ағымдық іс-әрекетті бақылау тұрғысында; 

ә) аралық (рубеждік) бақылау түрінде; 

б) қорытынды мәнде аттестациядан өтеді.  

     Бұл жүйені тарамдай айтсақ мәні мынау: 

     Күнделікті  немесе  ағымдағы  іс-әрекетті  бағалау  белгіленген  модуль 

бойынша атқарылған  жұмыстын барысы мен бағдары қарастырылып, тиісті 

тапсырыстың нақты орындалуы жөнінде ұйымдастырылған жоба, жоспардың 

жүзеге асуына мән беріледі. 

     Аралық  бақылау  әрбір  модуль  аяқталған  кездегі  коллоквиум,  реферат 

қорғау,  өзіндік  жұмыстардың  нәтижесін  байқау  тұрғысында  жүргізіледі 

немесе тестілік сауалдама өткізіледі. 

     Қорытындылық  бақылауда  -  ағымдағы,  аралық  бақылаудың  жесін 

жинақтай  отырып  сынақ,  емтихан  өткізіледі  немесе  тестілік  сауалдама 

арқылы шәкірттің білім, білік, дағдысы жинақталып бағаланады. 

     Тестілік  сауалдамаға  Қазақстан  Республикасында  ерекше  беріліп, 

мемлекеттік  тұрғыдағы  бақылау  бағалау  денгейіне  дейін  көтеріліп,  2004 

жылы орта оқуын бітірушілерге ұлттық біріңғай тестілеу (ҰБТ) өткізілді.  

                                    Өзін-өзі бақылауға арналған сурақтар 

1.Сыныптық сабаққа сипаттама бер. 

2.Аралас сабақтың ерекшеліктерін сабақтың басқа түрлерімен салыстыр. 

3.Оқушының білімін тексеру жолдарын сипатта. 

4.Бағалауға  –  оқушының  меңгерген  білім  сапасы  мен  даму  деңгейінің 

көрсеткіші. 

5.Білімді бағалау әдісіне сипаттама. 

6.Рейтинг жүйесі туралы түсінік. 

 

Әдебиеттер 

1.Махмутов М.И. Современий урок. Вопросы теории. М., 1999 

2.Дидактика средней школы (под.ред. М.Н. Скаткина), 2010 

3.Педагогика (под.ред. Пидкасистого П.И.) М., 2010 

4.Педагогика (дәріс курсы) А.2003. 



 

27.  Білім  берудегі  инновациялық  үдерістер  және  мұғалімнің  кәсіби  іс-

әркетіндегі педагогикалдық технологиялар.

 

                                                      



                                           Жоспар 

1.

 



Оқытуда тұлғаның белсенділігін арттыру проблемалары 

2.

 



Оқытудың белсенділігін көтеруде үш деңгей туралы түсінік 

 

70 


3.

 

Оқытудағы интерактивтік әдістердің тиімділігі. 



     Негізгі 

ұғымдар:  интерактивті  әдістер,  қабылдау  белсенділігі, 

интерпретациялық және шығармашылық белсенділік. 

     Оқытуда  тұлғаның  белсенділігін  арттыру  –  психология,  педагогика 

ғылымы  саласындағы,  сондай-ақ  білімдендіру  практикасындағы  актуальдық 

мәселенің  бірі.  Педагогтер  оқушылардың  білім  алуға  деген  самарқаулығын, 

оқуға құлықсыздығын, білуге деген қызығушылығы мен құмарлығының мәз 

еместігін  байқап,  оны  болдырмас  үшін  оқытудың  тиімді  түрлерін  ізденіп, 

түрлі моделдер жасап, окытудың жаңа амал тәсілдерін қоймастан іздестіруде. 

Осы  орайдан  оқушылардың  атқаратын  жұмысына  деген  бақылауды  да 

күшейтіп,  берілген  ақпараттық  мағлұматты  қаншалық  меңгергендігіне 

байланысты  интенсификациялауда  оқытудың  техникалық  құралдарын, 

компьютерлік  жүйені  де,  түрлі  психологиялық  тәсілдерді  де  кеңінен 

қолдануда. 

     Оқытуға  қойылатын  мақсатқа  жетудегі  басты  фактор  тұлғаның 

белсенділігін  арттыру  проблемасына  байланысгы.  Былайша  айтқанда, 

тұлғаның  жалпы  дамуы,  кәсібилікке  әзірлік  деңгейі,  ақыл-ой  жұмысына 

бейімділігі, оқыту принциптеріне байланысты білімнің мазмұнын, формасын, 

әдістерін  менгерумен,  сондай-ақ  оқытудың  стратегиялық  бағдарына 

үйлесімділігін  арттырып,  олардың  белсенділігін  дамытып,  берілегін 

ақпараттың  көлемін  зорайтумен  қатар  оған  бақылауды  жетілдіруді  назарда 

ұстаумен  де  шарттас.  Ал,  игерілуге  тиісті  ілімнің  мәнін  көтеруде 

дидактикалық,  психологиялық  ахуалды  дұрыс  пайдалану  және  тұлғаның 

дербестік деңгейін жетілдіру бір-бірімен іштесе байланысып жатқан мәселе. 

     Тұлғаның  оқудағы  белсенділік  деңгейінің  өрістеуінде  оның  логикалық 

дамуы да ескерілуге тиіс. Сондай-ақ, тұлганың жеке басының өзіне ғана тән 

ерекшеліктерімен  қатар  оқуға  деген  ынтасы,  мотиві  айтарлықтай  мәнге  ие 

болады. 

     Оқытудың  дәстүрлі  логикасындағы  негізгі  кезеңдеріне  мән  берсек, 

оқушыға  олар  білуге  тиісті  материал  таныстырылады,  ал  олар  қабылдап, 

мәнін үғынып, ойлауымен қатар, көңілінде бекіту әрекеттері жалпы тәртіпке 

саналатыны  белгілі.  Әдеттегі  практикалық  іс-әрекетте  оқушының 

белсенділігін көтеру 3 деңгейде қарастырылады: 



      Қабылдау белсенділігі - оқушының ұғынудағы талпынысын сипаттайды 

және  білімді  қабылдауы,  еске  сақтауы,  меңгеру  тәсілдерін  біліп,  үлгіні 

тұтына алу тұрғысынан қарастырылады. 

     Интерпретациялық белсенділік – шәкірттің оқылған материалдың мәнін 

ұғынып,  ондағы  білімдік  түсінікті  өзгерген  жағдайға  үйлесімді 

пайдалануымен  және  сол  тәсілді  жаңғыртып  қолдана  алуы  тұрғысынан 

ескеріледі. 



     Шығармашылық  белсенділік  -  оқушынын  білімді  теориялық  жағынан 

ұғынуға  ұмтылып,  проблеманы  шешуде  өзіндік  ізденіс  танытып,  танымдық 

қызығушылығын жетілдіріп

 

өркендетеді. 



     Нақты ситуацияны талдау (Саsе-study) 

     Нақты  ситуацияны  талдау  -  оқушының  іс-әрекеттегі  белсенділігін 



 

71 


ұйымдастыруда  мәні  зор  тиімді  әдіс.  Өмір  мен

 

өндірістегі  міндеттерден 



туындайтын  нақты  ситуацияны  талдай  алудың  әдістерін  игеру  тұлғаның 

қабілетін дамытатын жол. Тұлға нақты ситуацияға кезіккенде алдымен мына 

мәселені айқындап алуы керек: осындай проблема бар ма, ол неліктен туып 

отыр және оған өзінің қарым-қатынасын белгілеуі қажет. 

     Қазіргі  зерттеушілер  ситуацияның  мәні  мен  түріне  қарай  былай 

топтастырып 

жүр: 

проблемалық 



ситуация, 

ситуацияны 

бағалау, 

иллюстрациялық ситуация, жаттығу ситуациясы т.б. Осының кейбіреулеріне 

тоқталайық. 

     Проблемалық  ситуация  -  нақты  өмірден  жинақталған  деректердегі 

шиеленіс. Әбден матаса шиеленіскен мәселені шешуге талаптанған адам оған 

бейне  бір  актерше  қарап,  ситуацияны  шешудің  өзіндік  жолын  ұсынады 

немесе мұны шешу мүмкін емес деген пайымдау жасайды. 

     Ситуацияны бағалау - оқиғаға байланысты мәселе талданып, ситуациядан 

шығудың жолы шешіліп қойған.  Осыған дейінгі қабылданған шешімге жан-

жақты  мән  беріп,  сын  көзбен  қарай  отырып  баға  беріледі.  Болған  оқиғаға 

байланысты 

айғақтарды 

талдап, 

дәлелдеп 

қорытынды 

жасайды. 

Тыңдаушылар мәселеге араласпай, тек сырттай бақылаушы дәрежесінде қала 

береді. 


     Иллюстрациялық  ситуация  -  тиісті  тақырыпқа  байланысты  күрделі 

мәселені шешу үшін оқытушы тапсырған тапсырма бойынша жүргізіледі де, 

тиісті  тұжырымдама  бойынша  жасалады.  Әрине,  мұнда  өзінше  пайымдама 

шығаруға мүмкіндік аздау болады. Өйткені келтіріліп отырған мысал, дерек 

жөніндегі  ситуацияға  баға  беріліп,  айқындалып  қойғандықтан  оны  басқаша 

шешудің қажеті де бола бермейді. 

     Жаттығу  ситуациясы  -  оқушыға  белгілі  дәрежеде  дағды  қалыптастыру 

мақсатында жүргізіледі. Ситуация туғызған проблеманы шешуге байланысты 

шығарылған  тұжырымдама  жөнінде  ойланып,  оны  зерттеу  тұлғаға  белгілі 

дәрежеде мәселеге әр жақты қарау дағдысын қалыптастырады. Бұл әдіс тиісті 

тәжірибені сараптап, одан қорытынды шығару дағдысына машықтандырады. 

Түрлі тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді. 

                   



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет