Lesson Study бойынша мұғалімге арналған нұсқаулық Астана, 2013 Баспаға «Назарбаев Зияткерлік мектептері»



Pdf көрінісі
бет1/6
Дата23.01.2017
өлшемі2,16 Mb.
#2532
  1   2   3   4   5   6

Lesson Study

бойынша мұғалімге 

арналған нұсқаулық

Астана, 2013

Баспаға «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ

Педагогикалық шеберлік орталығының

Әдістемелік кеңесі ұсынған

Чичибу  Т.  Lesson  Study  бойынша  мұғалімдерге  арналған  нұсқаулық: 

ағылш./Т. Чичибу (Жапония), Л. Ду Тоит (Оңтүстік Африка), А.Тулепбаева (Қазақстан 

Республикасы).- «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік 

орталығы, Астана:, 2013.   

Осы нұсқаулық оқытуды жақсартудың үдерісі ретінде Сабақты зерттеу (ағылш.-

Lesson Study, жапон.- kenkyu jugyo) тәсілдерінің негізгі идеяларын аша түседі. Ав-

торлар  осы  тәсілдің  мақсатын,  артықшылығын,  оны  оқу  үдерісінде  пайдаланудың 

тиімділігін, сондай-ақ аталған тәсілді кезең-кезеңмен іске асыруды ұсынады.

Сабақты  зерттеудің  (Lesson  Study)  тәсілдерін  пайдалану  түрлі  елдердің  орта 

білім беру жүйесінде және мұғалімдерді даярлау жүйесінде кеңінен танымал бола 

түсуде,  ал  соңғы  жылдарда    жоғары  білім  беруде  факультативтік  оқыту  формасы 

ретінде өз орнын алып келеді


МАЗМҰНЫ

Жапониядағы Lesson study ................................................................................................4

Неліктен Lesson study тәжірибесі әлемге танымал болды? ...........................................5

Lesson study мақсаты .........................................................................................................8

Lesson study тиімділігі .....................................................................................................14

Эксплициттік білім және имплициттік білім ................................................................15

Lesson study мектеп мәдениетін қалыптастыра алады .................................................18

Қазақстандағы «ашық сабақ» пен Жапониядағы Lesson Study арасындағы  

айырмашылықтар ............................................................................................................19

Lesson Study үдерісі:

1-кезең: Мектеп басшылығымен дайындау ...................................................................22

2-кезең: Зерттеу сабағын жоспарлау ..............................................................................24

3-кезең: Зерттеу сабағын бақылау ..................................................................................25

4-кезең: Сабақтан кейінгі талқылау ...............................................................................27

5-кезең: Lesson studyбойынша есеп жазу ......................................................................29

Одан әрі оқуға арналған әдебиеттер ..............................................................................32



4

Тошия  Чичибу,  Жапония,  Токио  қаласынан,  білім  беру 

саласының  магистрі,  Жапонияның  білім  беру  саласындағы 

Саяси  Зерттеулер  Ұлттық  Институтының  жетекші  ғылыми 

қызметкері. Сабақты зерттеудегі халықаралық қауымдастықтың 

(WALS),  Мұғалімдердің  білімін  зерделеудегі  Жапондық 

қоғамының, Білім беруді басқару саласын зерттеудегі Жапондық 

қауымдастықтың,  Білім  беруді  басқарудың  Жапондық  қауым- 

дастығының мүшесі. «Оқу жоспарларын ұйымдастыруға арнал- 

ған  коучинг  әдістемесін  зерттеу»  тақырыбында  диссертация 

қорғаған, Кюшу-Киорицу университеті (1988). Мұғалімдердің 

біліктілігін арттыруға арналған ондаған мақалалардың авторы. 

Жапониядағы он бір жылдық бастауыш және орта мектепті да-

мыту жөніндегі кеңесші. 

 

Луиза Хэйзел Ду Тоит, ОАР, Йоханнесбург қаласынан, Білім 

беру саласындағы бакалавр. Педагогикалық шеберлік орталы- 

ғының Біліктілікті арттыру бөлімінің тренер-кеңесшісі. Жара-

тылыстану ғылымдары бойынша білім беру саласының кеңес- 

шісі  (ОАР),  жаратылыстану  ғылымдары  бөлімінің  жетекшісі, 

халықаралық  бакалавриат  және  химия,  физика  бойынша  А 

деңгейінің  (Тайланд,  Португалия,  Германия)  мұғалімі  бо-

лып  жұмыс  істеген.  Жаратылыстану  ғылымдары  бойынша 

оқулықтар сериясының авторы әрі редакторы. Жаратылыстану 

ғылымдары мұғалімдеріне тәлімгерлік, моделдеу және басқа да 

көмектер көрсету бойынша бай тәжірибесі бар.

Ажар  Хамитқызы  Тулепбаева,  Қазақстан  Республикасы, 

Астана  қаласынан,  Педагогикалық  шеберлік  орталығының 

Біліктілікті арттыру бөлімінің аға менеджері. М. Әуезов атын- 

дағы Семей университетінің шетелдік филология кафедрасының 

оқытушысы, Семей қаласындағы физика-математика бағытын- 

дағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде ағылшын тілі мұғалімі 

болып жұмыс істеген. Cambridge University-мен (2011) бірлесіп 

ағылшын  тілі  бойынша  ықпалдастырылған  бағдарлама  жасау 

жөніндегі  жобалау  тобының  мүшесі.  John  Hopkins  University, 

CTY  International  Educators  Institute  (Baltimore,  USA),  CTY 

Saratoga Springs  тәлімгерлігінен өткен. 


5

Lesson study 

Lesson study Жапонияда 19-ғасырда жаңа жалпы білім беретін жүйе орнатқан 

уақытта мектеп базасында, сонымен қатар өңірлік және ұлттық деңгейде пайда бол-

ды. Мұғалімдер жаңа оқыту әдістемесін талқылап, оны нақты сабақтарға бекіте ба-

стады. Соңында бұл үдерістерді Lesson study деп атады. Содан кейін Lesson study 

тәжірибесі Жапониядағы барлық мектептерге берілді. 

Lesson study зерттеу сабағы болып табылады, және де Қазақстанда өткізілетін 

ашық сабаққа ұқсас. Lesson study-да бір мұғалім өзіне зерттеу сабағын өткізуге, зерттеу 

сабағына дейін шамамен бір айда сабақ жоспарын жазуға ерікті түрде жауапкершілік 

алады. Содан кейін ол өз сабақ жоспарын осындай сыныптың немесе дәл осындай пән 

саласында жұмыс істейтін мұғалімдер қатысатын жиналысқа ұсынады. Содан кейін 

мұғалім басқа мұғалімдермен талқылауға негізделген сабақ жоспарын қайта жазады. 

Кейбір жағдайда кездесу циклдары және жоспарды қайта жазу үдерісі бірнеше рет 

қайталанады. Басқа жағдайда мұғалім мектеп кеңесінің әдіскерінен сабақ жоспарын 

жақсарту үшін кері байланыс беруін сұрайды. 

Зерттеу сабағында мұғалім сабақ жоспарын ұстана отырып, өз сыныбында сабақ 

өткізеді. Барлық мектептердің мұғалімдері немесе осындай сыныптардың немесе пән 

саласының мұғалімдері зерттеу сабағын бақылайды. Зерттеу сабағанан кейін мұғалім 

мен тыңдаушылар зерттеу сабағын талқылайды. Кейде мектеп кеңесінің әдіскерлері 

немесе  университет  профессорлары  сияқты  шақырылған  кеңесшілерді  талқылауға 

қосылуын және кездесуге қатысқан мұғалімдерге кейбір кеңес беруін сұрайды.  Бұл 

Lesson study тәжірибесі айына бір рет өткізіледі. 



Неліктен Lesson study тәжірибесі әлемге танымал болды?

Енді Lesson study әлемге танымал болды. 1999 жылға дейін Жапондықтардан 

басқа lesson study-ды шамалы адамдар ғана білетін. Тек Жапониядағы мұғалімдер 

ұзақ уақыт бойы lesson study-ды тәжірибеде қолданған.   

Жапониядағы  Lesson  study-ның  маңызы  бүкіл  әлемде  танымал  болды.  Оның 

қуатты импульсын 1999 жылы жарыққа шығарылған Оқытудағы олқылықтар кітабынан 



6

(Teaching gap) байқауға болады. Teaching gap - lesson study-ды бүкіл әлемге танымал ет-

кен алғашқы кітап. Мен 2001 жылы АҚШ-та болдым. Мен кездестірген әр зерттеуші 

немесе аспирант кітапты білетін.Teaching gap 1995 жылы Жапонияда, Германияда және 

АҚШ-та  тоғызыншы  сыныпта  математика  сабағының  бейнежазбасына  негізделген 

зерттеулер талдамасының есебі болып табылады. Талдау көрсеткендей, Жапониядағы 

сабақтар студенттерге және олардың ойлауға уақыт беруіне көзделген. Жапониядағы 

сабақтардың аса жоғарғы деңгейіне Lesson study-ды ендіру көмегімен қол жеткізілді.

Бұл  диаграмма  Жапониядағы  сабақтар  Германиядағы  немесе  Америкадағы 

сабақтарға қарағанда студенттер ұсынған анағұрлым көп шешімдерді қамтыды.   



Студенттердің математика сабағына қатысуы

Математика сабағындағы оқу әдістері

Орындарында жұмыс істеген кезде қажетті ойлану үш санатқа бөлінді:



Жаттығу: тұрақты іс-қимылды тәжірибеде қолдану, Қолдану: Ұғымдарды не-

месе іс-қимылдарды жаңа жағдайларда қолдану, Талдау: Жаңа нәрсе жасау немесе 

оқиғаны жаңа тәсілдермен талдау.

Неміс  және  америкалық  студенттер  күнделікті  әрекеттерді  қолдана  отырып, 

барлық уақытты өткізген уақытта Жапония студенттері тұрақты әрекетті тәжірибеде 

қолдана  отырып  және  жаңа  нәрселерді  ойлап  таба  отырып,  теңдей  уақыт  көлемін 

өткізді.  


7

1999 жылы жарыққа шығарылған Teaching Gap кітабы АҚШ-та  Lesson Study 

тәжірибесінде шу көтерді. Бұл диаграмма мектептер мен мұғалімдердің саны 2002 

жылдан бастап 2004 жыл аралығы кезінде артып келе жатқанын көрсетеді. 

(http://www.tc.columbia.edu/lessonstudy/timeline.html)

2007 жылы Гонконгте Lesson Studies бойынша Дүниежүзілік Қауымдастықтың 

негізі қаланды және сол уақыттан бері ол тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Бұл жылы 

WALS конференциясы Швецияда өткізілетін болады.  

Доктор  Хироюки  Куноға  сай  Жапония  мен  Қазақстаннан  басқа  АҚШ, 

Ұлыбритания, Сингапур, Гонконг, Таиланд, Малайзия, Индонезия, Бруней, Қытай, 

Швеция өз орталарында Lesson Study қолдануда(Kuno 2011 WALS). 

Lesson Study мақсаттары

Lesson Study-дың мақсаты әр мектепте әртүрлі. Lesson Study-дың мақсатқа бай-

ланысты үш түрі бар. Бірінші түрі Lesson Study-дың бірыңғай тақырыбына байла-

нысты, екінші түрі оқыту дағдыларын дамытуға арналған, ал үшінші түрі бақылау 

дағдыларын дамытады. 


8

Lesson Study мақсаты

Мектеп: Lesson Study-дың бірыңғай тақырыбына назар салу 

Нұсқаушы: Оқыту дағдыларын дамыту

Бақылаушы: Бақылау дағдыларын дамыту 

Lesson Study бірінші түрінде барлық мұғалімдер бірге жұмыс істеп, бірыңғай зерттеу 

тақырыбын таңдайды. Олар бірге ақпарат жинап, Lesson Study-ді соның негізінде өткізеді. 

Жыл аяғында олар зерттеу туралы есепті басып шығарады. Lesson Study-дың бұл түрінде 

әрбір мұғалім Lesson Study-ды өзі үшін емес, бірыңғай тақырып үшін өткізеді. Жыл бойы 

өткізілген әрбір Lesson Study мектептегі Lesson Study үдерісі бөлшектерінен тұрады. Бұл 

жағдайда, сабақ жоспарын талқылау әсіресе маңызды. Әрбір Lesson Study мектептің зерт-

теу тақырыбына байланысты болуы керек. Әрбір Lesson Study циклын өткізгеннен кейін 

мұғалімдер зерттеу нәтижелерін бірыңғай тақырыпқа байланыстыруға тырысады. 

Мектептің 

Зерттеу тақырыбы Lesson study Мектептің зерттеу есебі 

Lesson study тақырыбы: 

•  Студенттер арасында пікірталас тудыруы тиіс

•  Студенттердің сыни ойлауын дамытуы тиіс

•  Топтық не жұптық жұмысты қолдануы тиіс

•  ICT аспаптарын қолдануы тиіс 

•  Оқу дағдыларын дамытуы тиіс

•  Өзін-өзі таныту дағдыларын дамытуы тиіс

•  Сандар  мен  көлем  түсініктерін  белгілі  бір  объектілерді  қолдану  арқылы 

тереңдету 

Жапонияда  көптеген  мектептер  Lesson  study-дың  осындай  түрін  өткізеді. 

Менің жұмысым Lesson study-дың осындай түрінің тиімділігін көрсетеді. Бірақ бұл 

Lesson  study  үлкен  тәжірибенің  болуын  талап  етеді,  сондықтан  мен  Қазақстандық 

мұғалімдерге бұл Lesson study-ді ұсыну ертерек деп ойлаймын.

Lesson study-дың екінші түрінде мұғалім өз еркімен Lesson study-ды өткізеді. Мұға- 

лім өзінің зерттеу тақырыбын таңдап, өзінің оқыту әдісін дамытуға тырысады. Ол өзінің 

сабақ жоспарын зерттеу тақырыбына байланысты жазып, зерттеу сабағын өзі жүргізеді. 

Ол  сабақты  бірнеше  мұғалімдер  тобы  бақылайды.  Бақылаушылар  сабақты  талқылап, 

оның нәтижесінде мұғалім сабақ жоспарын қайта жазып, екінші зерттеу сабағын ашады. 

Мұғалім Lesson study циклы барысында кері байланыс алып, өзінің оқыту дағдыларын 

дамытады. Ұлыбритания мен АҚШ-та өткізілетін Lesson study осындай түрге ұқсас. 


9

Сабақты жоспарлау

Зерттеу сабағы 

Талқылау 

Талқылау 

Сабақ жоспарын қайта қарау

Екінші зерттеу сабағы 

Мысалы, Ұлыбритания ғалымы Dadley(2011)Lesson Study-ды мұғалімді дамытатын 

үдеріс ретінде сипаттайды. Ол сыныптағы түрлі оқушылардың топтарына жататын белгілі 

оқушылардан ақпарат жинау процесін аса маңызды деп табатын. Бақылаушылар оқушы- 

ларға сұрақ қою арқылы олардың оқу жолдарын және сабақ тиімділігін анықтайтын.


10

Lesson Study-дың бірінші циклы 

Жақсартуды  қажет  ететін  жайттарды  анықтатын  LS  тобының  бірінші 

кездесуі 

Бірінші зерттеу сабағын бірігіп жоспарлау 

Бірінші зерттеу сабағын өткізу/бақылау 

Оқушыларға сұрақ қою

Бірінші зерттеу сабағынан кейінгі талқылау және екінші зерттеу сабағына 

бастапқы жоспар құру

Екінші зерттеу сабағын бірігіп жоспарлау

Екінші зерттеу сабағын өткізу/бақылау 

Оқушыларға сұрақ қою

Екінші зерттеу сабағынан кейінгі талқылау және бастапқы жоспар құру

Үшінші зерттеу сабағын бірігіп жоспарлау

Үшінші зерттеу сабағын өткізу/бақылау 

Оқушыларға сұрақ қою

Үшінші зерттеу сабағынан кейінгі талқылау және негізгі қортындылар шығару

Өзіңіз байқаған жайттарды жазу/ұсыну. Қоғамдық зерттеу жүргізу 

АҚШ-ның ғалымы Lewis (2002) Lesson Study үдерісін басқару циклі ретінде 

сипаттайды. 

1.  Lesson Study-дың тобын құру

2.  Студенттерге оқу және ұзақ мерзімді даму мақсаттарын қою 

3.  Зерттеу сабағы үшін бірігіп жоспар жасау

4.  Бір топ мүшесі сабақты жүргізіп, қалғандары студенттердің оқуы жөнінде 

мәлімет жинайды 

5.  Сабақ кезінде жиналған мәліметті талқылап, оны сабақты жақсарту үшін 

қолдану және жалпы нұсқаулықтарды жинақтау 

6.  Тексерілген сабақты қайта басқа сыныпта өткізу

Lesson  Study-дың  бұл  түрі  мұғалімнің  оқыту  дағдыларын  дамытады. 

Ғалымдардың екеуі де Lesson Study үдерісін мектептегі волонтер мұғалімдер тобы-

мен байланыстырып сипаттайды. Жапониядағы Lesson Study мен Ұлыбритания не-

месе АҚШ Lesson Study арасыда үлкен айырмашылық бар. Жапонияда Lesson Study 

барлық мұғалімдермен өткізілсе, Ұлыбритания мен АҚШ-да Lesson Study тек волон-

тер мұғалімдермен ғана өткізіледі. 

Lesson Study-дың үшінші түрінде барлық мұғалімдер зерттеу сабағын өткізіп, 

соымен  қатар  әріптестерінің  зерттеу  сабағын  бақылайды.  Сабақты  бақылаған  кез-

де,  мұғалімдер  жақсы  әдіс-тәсілдермен  бөлісіп,  өздерінің  оқыту  және  бақылау 

дағдыларын дамыта алады. Lesson Study-дың бұл түрінде мұғалімдер өздерінің зерт-

теу тақырыбын таңдай алады, бірақ бірыңғай тақырыпты беру оларға көбірек пайда 

келтіреді. Lesson Study-дың бұл түрінде әрбір мұғалім жылына бір зерттеу сабағын 

өткізіп, бірақ бақылау процесіне көбірек назар аударады. 



11

Жақсы бақылау дағдылары бар мұғалім студенттерді де жақсы бақылай алады. 

Әдетте, мұғалімдер сабақты бақылаған кезде, студенттерді емес, мұғалімге көбірек 

назар аударады. Мұғалімдер өздерінің бақылау дағдыларын дамытуда студенттерді 

көбірек назар аударуға үйретуі керек. 

Барлық мұғалімдер Lesson study Lesson study Lesson study

Сіз Бақылау Бақылау Бақылау

Сыныпта  әртүрлі  студенттер  бар.  Олар  талантты,  дарынды,  сонымен  қатар 

сабақты нашар оқитын болуы мүмкін. Мұғалім оқушылардың бәрін оқытуға дайын 

болуы керек. Оны жүзеге асыру үшін мұғалім оқушылардың сабақты қалай оқып, 

ұғатынын бақылау керек. 

Lesson study мұғалімдерге өздерінің ұғымдары мен түсініктерін тексертуге ын-

таландырады,  мұғалімдер  арасында  диалогты  туындатады,  әріптестік  және  кәсіби 

даму мәдениетін дамытып, мұғалімдердің назарын оқушылар қажеттілігіне аударта-

ды. Сонымен қатар, мұғалімдер оқы жоспары жөнінде тереңірек түсінік алады. 

 

Lesson study тиімділігі

Lewis (2002) Lesson Study тиімділігін былайша сипаттайды:

•  Білім беру стандарттары мен мақсаттарын сыныпта жүзеге асырады;

•  Ақпаратқа жүгініп дамуды көздейді;

•  Студенттерің түрлі қасиеттеріне әсер ете отырып, оқу процесін дамыту 

•  Даму қажеттігі жайлы мәселе қояды

•  Мұғалімдерді бағалау

Бірінші тармақта Lesson Study-де білім беру мақсаттарын жүзеге асыру жолында 

ынтымақтаса жұмыс істеу процесін ұйымдастыру мүмкіндігі жайлы айтады. Екінші 

тармақ мұғалімдердің тест пен үй тапсырмасы арқылы алған мәліметке қарағанда, 

сабақты бақылау үстінде алған мәлімет тиімдірек екені жайлы айтады. Бұл мәлімет 

келесі ақпаратты қамтиды:

•  Студенттерді тақырып жайлы түсінігі сабақ барысында қалай өзгереді;

•  Студенттердің оқу процесінде қажетті қасиеттері. Мысалы, жақсы ұйымдасу, 

жауапкершілік, басқа адамдардың идеяларын тыңдау және жауап беру. 



12

Dudley (2011) Lesson Study тиімділігін былайша сипаттайды:

•  Оқушылардың оқу процесі әдеттегіден тереңірек түсіндіріледі;

•  Оқу процесінде оқушылардың не оқып жатқаны жайлы ой-пікірлері мен шыны-

мен не оқып жатқаны жайлы түсінік арасындағы айырмашылық айқын көрінеді;

•  Оқу процесі оқушылардың қажеттіліктеріне сай жоспарланады;

•  Бұның барлығы қолдап оқыту мен оқу ортасы мәнмәтінінде жасалады. 

Мен Lesson Study процесін имплициттік білім алу және мектеп мәдениетін да-

мыту ретінде сиппатаймын. 

Эксплициттік білім және имплициттік білім

Егер мен сізге «Сіз өзіңіздің оқыту дағдыңызды қалай дамытасыз?» деп сұрақ 

қойсам. 

Біздің кейбіріміз әдебиетті оқығанда алған білімімізге не болмаса конференцияға 

қатысқанымызға сілтер едік. Ал басқалары сабақтарда алған тәжірибесіне меңзейді.    

Кітапты  оқудан  және  конференцияларға  қатысудан  сіз  тек  эксплициттік, 

анық  білім  аласыз.  Бірақ  көп  жағдайда  тәжірибе  үшін  эксплициттік  жеткіліксіз. 

Сіз велосипедпен бара жатқанда сізге кітапты жай оқып шығу жеткіліксіз. Сіз ве-

лосипедпен  бара  жатқанда  сіз  имплициттік,  жасырын  білімді  аласыз.  Осылайша, 

мұғалімдік  тәжірибенің  көп  бөлігі  эксплициттік  (сырттай)  түсіндіріле  алмайды, 

мұғалімнің  тәжірибелік  білімі  ішкі  болып  табылады.  Сіз  кітап  оқу  арқылы  алып 

жүрген эксплициттік білім. Сіз эксплициттік білімді  имплициттік білімге айналдыра 

алғаныңызда тиімді болуы мүмкін. 

Осылайша, көптеген мұғалімдер өз тәжірибесіне сүйенеді. Тәжірибе арқылы сіз 

имплициттік білім ала аласыз. Ал Lesson study тәжірибесі  имплициттік білім алудың 

аса тиімді тәсілі болып табылады, себебі Lesson study сіздің сабақ жөніндегі ойыңыз 

бен бақылау дағдысын дамытады. 

Сіз өзіңіздің оқыту дағдыңызды қалай дамытасыз?



Білім алу (Эксплициттік білім - имплициттік білім)

Тәжірибе (тәжірибе - имплициттік білім)

13

Мектеп мәдениетінің маңызы

Оқыту тәжірибесінен басқа Мектеп мәдениеті де өз оқыту дағдыларын дамыту 

үшін маңызды болып табылады. Жапониядағы зерттеуге сай мұғалімдердің оқыту 

дағдыларына  басшының  шеберлігі  ғана  емес,  сонымен  қатар  мектеп  мәдениеті  де 

әсер етеді. Басшының шеберлігі мен дарыны мектеп мәдениетінің қалай дамуына да 

әсер етеді.   



Басшының ықпалы тура емес

Басшы шеберлігі

Мектеп мәдениеті 

Топтық мәдениет 

Мұғалімдердің оқыту дағдылары

Менің зерттеу жұмысым Lesson study тиімділігін статистикалық ақпарат арқылы 

көрсетеді. Менің зерттеу жұмысыма жүгінсек, Lesson study жақсы мектеп мәдениетін 

қалыптастырады. «Жақсы мектеп мәдениеті» дегеніміз – ол мұғалімдер арасындағы 

тығыз қарым-қатынас. Мұғалімдер арасындағы тығыз қарым-қатынас сапалы білім 

беру мен студенттердің жоғары балдарына әкеледі. АҚШ зерттеу жұмыстары жақсы 

мектеп мәдениетін «Кәсіби оқу ортасы» деп атайды (Chichibu &Kihara,2013).  

Мұғалімдердің 

Оқыту дағдылары Lesson study Мектеп мәдениеті

Lesson Study мектеп мәдениетін қалыптастыра 

Жапониядағы  білім  саласындағы  саясатты  зерттеу  жөніндегі  ұлттық  институт 

(NIER) 2010 жылы 2,000 мектепті зерттеген екен (1,000 бастауыш мектеп және 1,000 орта 

мектеп). Мектептерді зерттеу Жапониядағы Lesson Study көптеген аспектілерін ашады.

Мектеп зерттеулеріне сай түгел дерлік бастауыш және орта мектептер Lesson Study 

жылына бір немесе бірнеше рет қолданады.  Орташа алғанда, бастауыш мектептер Lesson 

Study жылына 10 рет өткізеді, ал орта мектептер Lesson Study жылына 5 рет қолданады.


14

70% бастауыш және 66% орта мектептер жиналыстар өткізіп, оларда зерттеу 

сабағы үшін жасалған сабақ жоспарын талқылайды.  

Мектеп  зерттеуі  тек  қана  Lesson  Study  қолданылып  жүрген  жағдайларын 

ғана  емес,  сонымен  қатар  оның  тиімділігін  көрсетеді.  Lesson  Study  мектептегі 

әсерін  анықтау  үшін  біз  мұғалімдердің  өзара  іс-қимылы  жөніндегі  зерттеу 

объектілерін, мұғалімдердің жоғары сапасы жөніндегі нұсқаулықты, студенттерге 

арналған тестілік бағалау сомасын әзірледік. Біз «мұғалімдер арасындағы тікелей 

қарым-қатынас»,  «мұғалімдердің  жоғары  сапасы  жөніндегі  нұсқаулық»,  «мектеп 

оқушыларын  тестілік  бағалау  сомасы»  өзара  аса  байланысты  екенін  анықтадық, 

сонымен  қатар  бұл  зерттеу  объектілері  зерттеу  объектілерімен  «Lesson  Studies 

ұйымдастыру  немесе  бағдарламалары  немесе  әдістері»  бойынша  байланысты 

екенін анықтады.   

Сонымен  қатар  мектептерді  зерттеу  басшы  немесе  әдіскер  коучингісінің 

тиімділігін көрсетеді. «Директордың әр сабақты күнделікті бақылауы», «халықтық 

білім  беру  бөлімі  инспекторларының  мектепке  жыл  сайын  барып  тұруы»  сияқты  

зерттеу тармақтары  Lesson Study үдерісімен байланысты.

Осылайша, біз Lesson Study тиімді тәжірибе болып табылатынын байқаймыз, 

ал  әдістемелік  коучинг  Lesson  Study  тәжірибесін  ілгерілетеді  (Chichibu  &Kihara, 

2013). 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет