Ұлы дала ақын-жырауларының тағылымдық МҰралары



Pdf көрінісі
бет16/30
Дата23.02.2022
өлшемі0.97 Mb.
#26192
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   30
Тест тапсырмалары 
 
Нұсқау: төмендегі жауаптардың дұрысын дөңгелектеп көрсетіңіз. 
1.  Алтын  Орда,  Қазан,  Астрахан  хандықтары  заманында  өмір  сүріп,  ұлы 
Мұхаммед  және  Әз-Жәнібек  хандармен  бірге  болған  ноғайлы  дәуірінің 
перзенті: 
А) Асан Қайғы жырау 
В) Бұқар жырау 
С) Майқы би 
D) Үмбетей жырау 
Е) Қожаберген жырау 
 
2. Асан Қайғы жыраудың: 
    «Әй, хан мен айтпасам білмейсің 
    Айтқаныма көнбейсің 
    Шабылып жатқан халқың бар 
    Аймағын көздеп көрмейсің», – деген толғауындағы хан есімі: 
А) Жәнібек хан 
В) Тәуке хан 
С) Қасым хан 
D) Абылай хан 
Е) Есім хан 
 
3. «Халық мұңын арман етіп, алысты меңзеген... өзі үшін емес, елі, жұрты үшін 
ізденген ел қамқоры», – деген ойдың авторы: 
А) Әуезов М. 
В) Сүйіншәлиев Х.  
С) Табылдиев Ә. 
D) Жарықбаев Қ. 
Е) Қалиев С. 
 
4. Асан атына «Қайғы» деген сөздің тіркесе айтылуының себебі: 
А) Халық қайғысын, мұңын жоқтаған 
В) Өз басында қайғысы бар  
С) Мұңлы  
D) Тұлдай жетім  
Е) Балама аты 
 
5. Аңыз жырларда Асан Қайғы жыраумен және оның баласы Абатпен пікірлес 
болған жырау: 
А) Қазтуған жырау  
В) Бұқар жырау 
С) Үмбетей жырау 
D) Қожаберген жырау 


49 
 
Е) Доспамбет жырау 
 
6. Асан Қайғы жыраудың «Еділ бол да, жайық бол» өлеңінің негізгі көтерген 
мәселесі: 
А) Береке-бірлікке шақыру 
В) Ханды өткір сынау 
С) Тіл тазалығын дәріптеу 
D) Адамгершілікке үндеу 
Е) Елін, жерін қорғауға шақыру 
 
7. Қазақ хандығы құрылмай тұрғанда Асан Қайғы жыраудың өмір сүрген тұсы:   
А) Алтын Орда 
В) Ақ Орда 
С) Қазақ хандығы 
D) Қырым хандығы 
Е) Астрахан хандығы 
 
8. Асан Қайғы жыраудың әкесінің айналысқан кәсібі: 
А) Саятшы 
В) Құсбегі 
С) Малшы 
D) Мұғалім 
Е) Дәрігер 
 
9. «Түгел сөздің түп атасы» атанған Майқы бидің ұрпағы болған жырау: 
А) Асан Қайғы жырау 
В) Көтеш ақын 
С) Жиембет жырау 
D) Үмбетей жырау 
Е) Шал ақын 
 
10. «Еділ менен Жайықтың 
      Бірін жарға жайласаң, 
      Бірін қыста қыстасаң, 
      Ал қолыңды маларсың 
      Алтын менен күміске! ...» – деген өлең авторы: 
А) Асан Қайғы жырау 
В) Қожаберген жырау 
С) Доспамбет жырау 
D) Үмбетей жырау 
Е) Марғасқа жырау 
 
 


50 
 
11. Асан Қайғы жыраудың: «Қамысы боранға қалқа, малға азық, қысы болмаса 
жазы қапырық, ордалы елге орын болмас», – деп келген жері: 
А) Бетбақ далаға 
В) Қызыл жарға 
С) Балқаш көліне 
D) Жоңғар ойпатына 
Е) Сырдария алқабына 
 
12. Асан Қайғы жыраудың саят құрудағы мақсаты: 
А) Ел қондырар жерұйық іздеу 
В) Сауық-сайран құру 
С) Жаудан тасалану 
D) Тыныштықты көксеу 
Е) Шұрайлы мекен табу 
 
13. Саятшы Сәбиттің баласы, данышпан жырау: 
А) Асан Қайғы жырау 
В) Бұқар жырау 
С) Көтеш ақын 
D) Үмбетей жырау 
Е) Шал ақын 
 
14. «Бұл заманда не ғаріп, 
      Ақ қалалы боз ғаріп. 
      Жақсыларға айтпаған
      Асыл шырын сөз ғаріп», – жыр жолдарының авторы: 
А) Асан Қайғы жырау 
В) Шал ақын 
С) Сыпыра жырау 
D) Марғасқа жырау 
Е) Ақтамберді жырау 
 
15. Ұлы Мұхаммед ханмен бірге болған жырау: 
А) Асан Қайғы жырау 
В) Жиембет жырау 
С) Сыпыра жырау 
D) Тәтіқара ақын 
Е) Доспамбет жырау 
 
16. Асан Қайғы жыраудың руы, тегі: 
А) Дулат  
В) Үйсін 
С) Қаңлы 
D) Қоңырат 


51 
 
Е) Арғын 
 
17. Ұзақ өмір сүріп, әрі тарихи тұлға, әрі аты аңызға айналған жырау: 
А) Асан Қайғы жырау 
В) Доспамбет жырау 
С) Марғасқа жырау 
D) Қожаберген жырау 
Е) Бұқар жырау 
 
18. Асан Қайғы жырауды «көшпенділер философы» деп атаған тұлға есімі: 
А) Уәлиханов Ш. 
В) Алтынсарин Ы. 
С) Торайғыров С. 
D) Байтұрсынов А. 
Е) Дулатов М. 
 
19. Қазтуған жыраудың ата-тегі жайлы «көшпенділердің шынжыр балақ, шұбар 
төс әскери аристократиясы сияқты», – деген ойды  айтқан ғалым: 
А) Мағауин М. 
В) Мұштақ Ғ. 
С) Досмұхамедов Х. 
D) Әлжанов Ш. 
Е) Қалиев С. 
 
20. Қазтуған Сүйінішұлының өмірге келген жылдары:  
А) ХV ғасырдың 20-30 жылдарында 
В) ХV ғасырдың 10-20 жылдарында 
С) ХV ғасырдың 60-70 жылдарында 
D) ХV ғасырдың 40-50 жылдарында 
Е) ХV ғасырдың 70-80 жылдарында 
 
21. «Балдағы алтын құрыш болат 
      Ашылып шапсам дем тартар, 
      Сусыным қанға қанар деп...» – деген жыр жолдарының авторы: 
А) Қазтуған жырау 
В) Доспамбет жырау 
С) Марғасқа жырау 
D) Қазтуған жырау 
Е) Тәтіқара ақын 
 
22. Алғаш рет Қазтуған жырау жырлары басылған кітаптың авторы:  
А) Мұштақ Ғ. 
В) Мұқанов С. 
С) Әуезов М. 


52 
 
D) Қалиев С. 
Е) Табылдиев Ә. 
 
23. Қазтуған жыраудың дүниеден өткен кездегі жас шамасы: 
А) 75 
В) 73 
С) 91 
D) 84 
Е) 60 
 
24. Қазтуған жыраудың өзіне арналған мадақ жыры: 
А) «Бұдырайған екі шекелі» 
В) «Белгілі биік көк сеңгір» 
С) «Алаң да алаң, алаң жұрт» 
D) «Тоғай, тоғай, тоғай су» 
Е) «Қарағайлы көдік бойында» 
 
25. Қазтуған жырау қазақ хандығына қосылған алшын тайпасы руларымен бірге 
Еділдің бергі бетіне өткен жыл: 
А) 1480 
В) 1420 
С) 1430 
D) 1452 
Е) 1467 
 
26. Қазтуған жыраудың шыққан әулеті: 
А) Көшпенді шонжар 
В) Ақсүйек 
С) Батыр 
D) Кедей 
Е) Орта шаруа 
 
27. Қазтуған жыраудың туып өскен өлкесі: 
А) Еділ бойында 
В) Шуда 
С) Орынборда 
D) Балқаш көлінің маңында 
Е) Сырдария жағалауында 
 
28. «Алаң да, алаң, алаң жұрт 
      Тоғай, тоғай, тоғай су» – деген өлеңнің авторы: 
А) Қазтуған жырау 
В) Марғасқа жырау 
С) Бұқар жырау 


53 
 
D) Үмбетей жырау  
Е) Шал ақын 
 
29. Қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар ноғайлының атақты жырауы: 
А) Доспамбет жырау 
В) Қазтуған жырау 
С) Бұқар жырау 
D) Жиембет жырау 
Е) Тәтіқара ақын 
 
30. Доспамбет жырау қайтыс болған жыл: 
А) 1523  
В) 1527  
С) 1530  
D) 1528 
Е) 1534 
 
31. Доспамбет қандай бағыттағы жырау: 
А) Жорықшы  
В) Үйлестіруші 
С) Сыншы 
D) Қолбасшы  
Е) Ақын 
 
32. Доспамбет жырау өмір сүрген дәуір: 
А) ХV ғ. басы – ХV ғ. соңы 
В) ХV ғ. соңы – ХVІ ғ. алғ. ширегі 
С) ХІV ғ. басы – ХV ғ. алғ. ширегі 
D) ХVІ ғ. басы – ХVІІ ғ. ортасы 
Е) ХVІІ ғ. басы – ХVІІІ ғ. соңы 
 
33. Доспамбет жыраудың жарақаттанған кездегі өлерін суреттеген толғауы: 
А) «Арғымаққа оқ тиді» 
В) «Тоғай, тоғай, тоғай су» 
С) «Қарағайлы көдік бойында» 
D) «Белгілі биік көк сеңгір» 
Е) «Алаң да алаң, алаң жұрт» 
 
34. Доспамбет жырау туралы жыр жазған тұлғалар: 
А) Махамбет ақын, Бұқар жырау  
В) Қазтуған жырау, Жиембет жырау 
С) Бұқар жырау, Ақтамберді жырау 
D) Қожаберген жырау, Марғасқа жырау 
Е) Үмбетей жырау, Шал ақын 


54 
 
35. Доспамбет жыраудың руы: 
А) Кіші ноғайлы 
В) Қаңлы 
С) Керей 
D) Дулат 
Е) Сақ 
 
36. «Бетегелі Сарыарқаның бойында 
      Соғысып өлген өкінбес!» – деген өлеңнің авторы: 
А) Доспамбет жырау 
В) Қазтуған жырау 
С) Бұқар жырау 
D) Үмбетей жырау 
Е) Шал ақын 
 
37. Доспамбет жыраудың қайтыс болған жас шамасы: 
А) Отыз жас  
В) Жиырма жас 
С) Қырық жас 
D) Елу жас 
Е) Алпыс жас 
 
38. Доспамбет жырау жайлы әңгімені жазған ғұлама ғалым: 
А) Радлов В. 
В) Аманжолова Д. 
С) Османова М. 
D) Левшин А. 
Е) Мелиоранский П. 
 
39. «Ноғай уа құмық шығырлары» атты кітаптың жарияланған жылы: 
А) 1893 
В) 1896 
С) 1967 
D) 1891 
Е) 1952 
 
40. Доспамбет жырау туралы 1971 жылғы жазылған кітаптың аты: 
А) «Алдаспан» 
В) «Бес ғасыр жырлайды» 
С) «Ертедегі әдебиет нұсқалары» 
D) «Қазақтың қысқаша тарихы» 
Е) «Шежірелер жинағы» 
 
 


55 
 
41. Доспамбет жырау қатысқан шайқас: 
А) Қырым шайқасы  
В) Аякөз шайқасы 
С) Тастөбе шайқасы 
D) Куликово шайқасы 
Е) Атлах шайқасы 
 
42. «Айналайын Ақ Жайық, 
      Ат салмай өтер күн қайда, 
      ...Күмбір, күмбір кісінетіп 
      Күреңді мінер күн қайда... 
      Алты құлаш ақ найза 
      Ұсынып шаншар күн қайда», – деп өткендегі жауға ойран салған ереуілді 
күндерін көксеген жырау: 
А) Доспамбет жырау 
В) Асан Қайғы жырау 
С) Қазтуған жырау 
D) Шалкиіз жырау 
Е) Марғасқа жырау 
 
43. «Сөре, сөре, сөре қар» – деген өлеңнің авторы: 
А) Доспамбет жырау 
В) Бұқар жырау 
С) Қазтуған жырау 
D) Марғасқа жырау 
Е) Тәтіқара ақын 
 
44. Ғалым Х.Сүйіншәлиев: «Халық ...бірнеше хандар тұсында қызмет еткен, әрі 
батыр,  әрі  жырау  деп  аңыздайды.  Ол  ноғайлы  қазақ  дәуірінде  шығып, 
Жәнібекті, Орақ, Мамайды, Би Темірді көрген...» – деп, өмірбаянынан дерек 
келтірген жырау: 
А) Шалкиіз жырау 
В) Доспамбет жырау 
С) Қожаберген жырау 
D) Ақтамберді жырау 
Е) Үмбетей жырау 
 
45. ХV ғасырдың екінші жартысы мен ХVІ ғасырдың бірінші жартысында өмір 
сүрген жыраулық поэзияның алыбы:  
А) Шалкиіз жырау  
В) Шал ақын 
С) Ақтамберді жырау 
D) Тәтіқара ақын 
Е) Марғасқа жырау  


56 
 
 
46. Шалкиіз Тіленшіұлының дүниеге келген жылы: 
А) 1465 
В) 1450 
С) 1560 
D) 1543 
Е) 1531  
 
47. «Жаманнан туған жақсы бар 
      Адам айтса нанғысыз, 
      Жақсыдан туған жаман бар 
      Күндердің күні болғанда 
      Бір аяқ асқа алғысыз» – дей келе, адамның жақсы не жаман болуы шыққан 
тегіне  байланысты  емес,  халқына  тигізген  пайдасына,  халық  үшін  еткен 
еңбегіне байланысты деген ой қай өлеңге тиесілі: 
А) «Айырдан туған жампоз бар» 
В) «Ағала ордам қонған жұрт» 
С) «Қоғалы көлдер, қом сулар» 
D) «Талпынып салдың егінді» 
Е) «Нашарлар қайтып күн көрер, егін салар құлқы жоқ»  
 
48. Қазақ поэзиясының көрнекті өкілі Шалкиіз жырау өмір сүрген ғасыр: 
А) XV 
В) XV-XVI  
С) XX 
D) XІX 
Е) XVIІ 
 
49.  «Жығылғанды  тұрғызсаң,  қисайғанды  түзейсің,  Меккеге  барып,  қажы 
болмай-ақ жұрттың қамын ойласаң, халық сыйлар беделге ие боласың», – деген 
тоқтау сөздің иесі: 
А) Темір биге 
В) Жәңгір ханға  
С) Бөгембай батырға 
D) Абылай ханға 
Е) Есім ханға 
 
50. Шалкиіз жыраудың жігіттік шағы өткен жер: 
А) Ноғай Ордасында 
В) Бөкей Ордасында 
С) Ақ Ордада 
D) Алтын Ордада 
Е) Қазақ хандығында 
 


57 
 
51. «Жауынды күні көп жүрме, 
      Жар жағасы тайғақ-ты
      Жаманға жақыным деп сөз айтпа, 
      Күндердің күні болғанда, 
      Сол жаман өз басыңа айғақты» – деген жыр жолдарының авторы: 
А) Шалкиіз жырау 
В) Асан Қайғы жырау 
С) Қазтуған жырау 
D) Доспамбет жырау 
Е) Марғасқа жырау 
 
52. Шалкиіз жырау қазақ поэзиясының өлең өрнегін ... ақын 
А) Байытқан 
В) Дамытқан 
С) Таратқан 
D) Жаңартқан 
Е) Зерттеген 
 
53. Шалкиіз жырау шығармалары қағаз бетіне түскен ғасыр: 
А) ХІХ  
В) ХХ  
С) ХVІІІ  
D) ХV 
Е) ХVІ 
 
54. Шалкиіз жырау жинақтары жарияланған кезең: 
А) Қазан төңкерісі 
В) Ақпан төңкерісі 
С) Тамыз төңкерісі 
D) К.Қасымұлы төңкерісі 
Е) Екібастұз спаск мыс кең ішіндегі төңкеріс 
 
55. Шалкиіз жыраудың шығармалары жарияланған тіл:  
А) Орыс-қазақ 
В) Қырғыз-қыпшақ 
С) Араб-парсы 
D) Орыс-ағылшын 
Е) Орыс-түрік 
 
56. Шалкиіз жырау өмірінің соңғы кезеңдерін өткізген сарай ханы: 
А) Хақназар хан 
В) Қасым хан 
С) Абылай хан 
D) Тәуке хан 


58 
 
Е) Есім хан 
 
57. Шалкиіз жыраудың ерлік рухқа, романтикаға толы жыры: 
А) «Ершобан» 
В) «Би Темірге айтқаны» 
С) «Асқар тау» 
D) «Қарағайлы көдік бойында» 
Е) «Тоғай, тоғай, тоғай су» 
 
58. «Шығырмақ бұлт жай тастар, 
      Ағытқан қойды жол бастар, 
      Ақ шекпенді жел бастар, 
      Шешен адам сөз бастар» – деген жыр жолдарының авторы: 
А) Шалкиіз жырау 
В) Доспамбет жырау 
С) Марғасқа жырау 
D) Үмбетей жырау 
Е) Қожаберген жырау 
 
59. Шалкиіз жыраудың дүниеге келген жері: 
А) Жайық 
В) Сыр өңірі 
С) Жетісу 
D) Баянауыл өңірі 
Е) Аякөз өңірі 
 
60. 1490 жылы Шалкиіз жыраумен бірге болған тұлға:  
А) Темір би 
В) Хақназар хан 
С) Мұса би 
D) Жәңгір хан 
Е) Абылай хан 
 
61.  «...адамдық  пен  зұлымдық,  жақсылық пен жамандық арасындағы ежелгі 
күрестің түрлерін алғаш осы Шалкиіз толғауларынан кездестіреміз...», – деген 
ғалым:  
А) Дербісәлин Ә. 
В) Қалиев С. 
С) Мағауин М. 
D) Табылдиев Ә. 
Е) Тәжібаев Т. 
 
62. Шалкиіз жыраудың білім алған тілі: 
А) Мұсылманша 


59 
 
В) Татарша 
С) Орысша 
D) Қазақша 
Е) Парсыша 
 
63. Шалкиіз жыраудың нағашы атасы:   
А) Мұса би 
В) Темір би 
С) Майқы би 
D) Шорман би 
Е) Байдалы би 
 
64. «Жағаға жақын қонғанда, 
      Жайылып сулар алмас па
      Жаманға дос болғанда, 
      Жазымда басы қалмас па, 
      Жат туғанды өз еткен 
      Жақсының ғұмыры аз-ақ болмас па!» – жыр жолдарының авторы: 
А) Шалкиіз жырау 
В) Доспамбет жырау 
С) Қазтуған жырау 
D) Асан Қайғы жырау 
Е) Тәтіқара ақын 
 
65. Ерлік, патриоттық сезімге толы өлең-жыр қалдырушы, асыл сөз иесі: 
А) Жиембет жырау  
В) Доспамбет жырау 
С) Қазтуған жырау  
D) Үмбетей жырау 
Е) Ақтамберді жырау 
 
66. Жиембет жырау өмір сүрген ғасыр: 
А) XVI-XVII  
В) XVI 
С) XVII-XVIII  
D) XV-XVI 
Е) XVІІІ 
 
67. Есім хан тұсында Жиембет жыраудың атқарған қызметі: 
А) Әскербасы 
В) Күйші  
С) Ақылгөй 
D) Жауынгер 
Е) Ақын 


60 
 
68. «Арқаға қарай көшермін, 
      Алашым ұран десермін, 
      Ат құйрығын кесермін …» – деген жыр жолдарының авторы: 
А) Жиембет жырау  
В) Асан қайғы жырау 
С) Ақтамберді жырау 
D) Марғасқа жырау 
Е) Қазтуған жырау 
 
69. Жиембет жыраудың руы: 
А) Алшын  
В) Дулат 
С) Адай 
D) Үйсін 
Е) Қаңлы 
 
70. Жиембет жырау әскербасы қызметін атқарған хан тұсы: 
А) Есім хан 
В) Қасым хан 
С) Абылай хан 
D) Тәуке хан 
Е) Жәңгір хан 
 
71. Жиембет жыраудың немересі: 
А) Қара батыр 
В) Сырым батыр 
С) Байбақты батыр 
D) Бөгембай батыр 
Е) Қабанбай батыр 
 
72. «Мен өлсем құнсыз кетер деме сен 
      Кешегі өзің ұрып өлтірген 
      Тілеуберді құлыңдай…» – деп қарсы келгеннің басын қақпай тынбайтын, 
қаһарланса қолына түскенді сұраусыз, құнсыз өлтіре салатын хан есімі: 
А) Есім хан 
В) Хақназар хан 
С) Жәнібек хан 
D) Керей хан 
Е) Тәуке хан 
 
73. Алау батырдың Жиембет жырауға туыстық жағы: 
А) Нағашы жағынан 
В) Арғы атасынан 
С) Әкесі жағынан 


61 
 
D) Қайынжұрт жағынан 
Е) Бөле жағынан 
 
74. Есім ханның Жиембет жырау мен оның інісіне қысым көрсету себебі: 
А) Сыйға жіберген аруды інісінің тартып алғаны үшін 
В) Есім ханды сатып кеткені үшін 
С) Хан туралы жаман хабар таратқаны үшін 
D) Ұрлық жасағаны үшін 
Е) Өтірік жала жапқаны үшін 
 
75.  «Қайратым  қанша  қайтса  да...»  –  деген  сөздерінен  Жиембет  жыраудан 
аңғарылатын ой:  
А) Бақытты шағын 
В) Қатты қиналғанын  
С) Жасы ұлғайыңқырап қалғанын  
D) Денсаулықтың қадірін 
Е) Адал жардың жоқтығын 
 
76. «...Мұныңа, ханым, шыдаман! 
      Арқаға қарай көшермін
      Алашыма ұран десермін, 
      Ат  құйрығын  кесермін»  –  деп,  Есім  ханға  өзінің  өкпесін,  осал  емесін 
білдірген жырау: 
А) Жиембет жырау 
В) Үмбетей жырау  
С) Қазтуған жырау  
D) Доспамбет жырау 
Е) Ақтамберді жырау 
 
77. Жиембет жыраудың ойраттармен соғысы болған жыл: 
А) 1620  
В) 1624  
С) 1625  
D) 1629 
Е) 1630 
 
78. Жиембет жыраудың ойраттармен болған соғыста басқарған жүзі: 
А) Кіші жүз 
В) Орта жүз 
С) Ұлы жүз 
D) Барлығы дұрыс 
Е) Дұрыс жауабы жоқ 
 
 


62 
 
79. Жиембет жырау неше ағайынды: 
А) 3 
В) 2 
С) ағайыны жоқ 
D) 1 
Е) 5 
 
80. Жиембет жырауды Жайық бойындағы қалмақтардан босатқан батыр: 
А) Сырым батыр 
В) Байбақты батыр 
С) Жолымбет батыр 
D) Қабанбай батыр 
Е) Бөгембай батыр 
 
81. «…Қол-аяғым бұғауда, 
      Тарылды байтақ кең жерім! 
      …Ақ ісімді жасырмай, 
      Атқа мінген ер едім, 
      Қашырды бүйтіп елімнің» – деген жыр жолдарының авторы: 
А) Жиембет жырау 
В) Марғасқа жырау 
С) Бұқар жырау 
D) Доспамбет жырау 
Е) Қазтуған жырау 
 
82. Марғасқа жыраудың бізге жеткен жалғыз өлеңі: 
А) «Еңсегей бойлы Ер Есім» 
В) «Өлеңге тоқтамайды Шал ақының» 
С) «Өрлігіңді сұрасаң» 
D) «Тоғай, тоғай, тоғай су» 
Е) «Белгілі биік көк сеңгір» 
 
83.  Марғасқа  жыраудың  толғауы  «Ертедегі  әдебиет  хрестоматиясына» 
енгізілген жыл: 
А) 1967 
В) 1867 
С) 1977 
D) 1962 
Е) 1865 
 
84. Марғасқа жырау өмір сүрген хан тұсы: 
А) Есім хан 
В) Тәуке хан 
С) Абылай хан 


63 
 
D) Жәңгір хан 
Е) Хақназар хан 
 
85. Марғасқа жыраудың бізге жеткен жалғыз өлеңіндегі сарын: 
А) Батырлық 
В) Қорқақтық 
С) Өшпенділік 
D) Екіжүзділік 
Е) Адамгершілік 
 
86. Марғасқа жырау жөнінде зерттеген ғалым-жазушы: 
А) Мағауин М. 
В) Әуезов М. 
С) Уәлиханов Ш. 
D) Қалиев С. 
Е) Кекілбаев Ә. 
 
87. «Қол-аяғым бұғауда 
      Тарылды байтақ кең-жерім», – деген ой кімге тиесілі: 
А) Марғасқа жырауға  
В) Майқы биге 
С) Әнет бабаға  
D) Бұқар жырауға 
Е) Шал ақынға 
 
88. Марғасқа жыраудың Есім ханға қатыстық жағы: 
А) Жорықшы жырауы 
В) Ақыны 
С) Нөкері 
D) Ақылгөйі 
Е) Қолбасшысы 
 
89.  Өзі  өмір  сүрген  ортадағы,  сол  кезеңдегі  атақты  басшыларының  әдеби 
кейпін, өшпес бейнесін жасаған жырау: 
А) Марғасқа жырау 
В) Жиембет жырау 
С) Бұқар жырау 
D) Асан Қайғы жырау 
Е) Үмбетей жырау 
 
 
 
 
 


64 
 
90. «Ей, Қатағанның хан Тұрсын, 
      Кім арамды ант ұрсын
      …Алғалы тұр жаныңды 
      Шапқалы тұр қолыңды!..» – деген жыр жолдарының авторы: 
А) Марғасқа жырау 
В) Жиембет жырау 
С) Асан Қайғы жырау 
D) Қожаберген жырау 
Е) Доспамбет жырау 
 
91.  Ақын-жыраулар поэзиясының тәрбиелік мәнін, педагогикалық негіздерін 
зерттеуге үлес қосқан ғалым: 
А) Қалиев С. 
В) Бөлеев Қ 
С) Мағауин М. 
D) Дербісәлин Ә. 
Е) Табылдиев Ә. 
 
92. Жыраулық поэзия дамыған дәуір: 
А) Алтын Орда 
В) Орта ғасыр 
С) Қазақ хандығы  
D) Қырым хандығы 
Е) Қоқан хандығы 
 
93. Жыраулардың ғұмырбаянынан тұңғыш дерек берген ғалым: 
А) Мағауин М. 
В) Кенжебаев Б. 
С) Егеубаев А. 
D) Тәжібаев Т. 
Е) Әуезов М. 
 
94.  Жырау  поэзиясының  негізгі  сарындары:  ұлт-азаттық  күрес,  заман  күйі, 
пенделік ғұмырдың жеке бас көңіл-күйі, адамның жас шамасы, опасыз жалған 
дүние, ... 
А) Ұрпақ тәрбиесі 
В) Отбасы тәрбиесі 
С) Қылмыс мәселесі 
D) Денсаулық мәселесі 
Е) Ар-ождан мәселесі 
 
95. Қазақ өлкесінде ақын-жырауларға бай өлке: 
А) Сыр 
В) Қарағанды 


65 
 
С) Маңғыстау 
D) Ақмола 
Е) Көкшетау 
 
96. Өлең-жырдың ішінде қайғылы көңіл-күйге байланысты жыр: 
А) Қоштасу  
В) Жырлау 
С) Оралу 
D) Кездесу 
Е) Жоқтау 
 
97. Аса бай, өшпейтін, ғажайып туындылар қалдырған, жыраулар поэзиясының 
толысып, түрленіп, гүлденген дәуірі: 
А) XVIII 
В) XVI 
С) XVII 
D) XV 
Е) XIX 
 
98. «Жыраулық өнер өзінің табиғи даму барысында ежелгі түркі әдебиетіне тән 
жалпылама  өсиет  ғибрат  айту  шеңберінен  шығып,  қоғамдық-әлеуметтік              
ой-пікірді білдіретін, күллі қазақ елінің тынысын аңғартатын қоғамдық күшке 
айналды», – деген ойдың авторы: 
А) Келімбетов Н. 
В) Мағауин М. 
С) Сүйіншәлиев Х. 
D) Марғұлан Ә. 
Е) Өмірәлиев Қ. 
 
99. Алғаш Жетісуда қазақ хандығы құрылған дәуір: 
А) XV ғасырдың аяғы, XVI ғасырдың басы 
В) XVІ ғасырдың аяғы, XVIІ ғасырдың басы 
С) XІV ғасырдың аяғы, XV ғасырдың басы 
D) XVІІ ғасырдың аяғы, XVIІІ ғасырдың басы 
Е) XVІІІ ғасырдың аяғы, ХІХ ғасырдың басы 
 
 
 
 
 
 
 
 


66 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   30




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет