Ұлы дала ақын-жырауларының тағылымдық МҰралары



Pdf көрінісі
бет20/30
Дата23.02.2022
өлшемі0.97 Mb.
#26192
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   30
 
Тәтіқара ақын 
 
XVIII ғасырдағы ақын-жыраулардың көрнекті өкілдерінің бірі – Тәтіқара 
ақын. Зерттеушілердің пікірлеріне қарасақ, ақынның саналы ғұмыры Абылай 
хан  төңірегінде  өткен. Ал Абылай хан жорыққа аттанғанда Тәтіқара ақынды 
қасынан  тастамаған  екен.  Ол  –  Абылай  сарбаздарының  айтулы  да  құрметті 
жырауы  болған.  Қалмаққа  қарсы  жорыққа  қатысып,  жауынгерлер  рухын 
көтеретін ерлік туралы көне заман жырларын айтып, оған қоса айқас үстінде, 
қиын-қыстау шақтарда оларды күреске, батылдық пен қиындыққа мойымайтын 
қайсарлыққа  үндейтін  өлеңдерін  табан  астында шығарып, сарбаздарға жігер 
беріп, бойларына күш дарытқан-ды. 
Тәтіқара  ақынның  бізге  жеткен  «Қамыстың  басы  майда,  түбі  сайда», 
«Кебеже  қарын,  кең  құрсақ»,  «Кеше  тоқыраулы  судың  бойынан», 
«Ассалаумағалейкум,  жақсылар  мен  қасқалар!»  деп  басталатын  өлеңдеріне 
үңілсек, оның өз дәуірінің сөз зергерлерінің бірі, өмір шындығын дәл айтатын 
батыл  да  турашыл,  жігерді  шыңдап,  намысты  қайраудың  шебері  екендігін 
танисың. Ол: 
Алдыңнан су, артыңнан жау қысқанда, 
Ер жігіттің ерлігі осындайда –  
деп жауынгерлердің ерлік намысын оятып, жігерін шыңдап, ел қорғар ерлерді 
«Ерді  намыс  өлтіреді»  деген  халық  даналығымен  сабақтастыра  тәуекелге 
шақырады. 
Жорықтағы  сарбаздардың  еңсесін  түсірмей  жігерлендіріп,  рухын көтеру 
үшін суырыпсалма ақын Тәтіқара әр рудың қол бастаған батырларын асқақтата 
көтермелеп, намысын қайрай ерлікке үндеген. «Жаным – арымның садағасы» 
деу ерлердің ісі дегенді уағыздайды. 
Қамыстың басы майда, түбі сайда, 


78 
 
Жәнібек Шақшақұлы болат найза, 
Бөкейді айт Сағыр менен Дулаттағы, 
Дәрбісәлі, Маңдайды айт Қыпшақтағы, 
Өзге батыр қайтса да бір қайтпайтын, 
Сары менен Баянды айт Уақтағы –  
деп әр батырдың ерекше қасиеттерін ерлік істерін үлгі ете сипаттайды. Жәнібек 
Шақшақұлын саспайтын, батыл «болат найза» батыр десе, Сары мен Баянды 
табанды, қайтпас батыр, шабуылды бастайтын деп үлгі ете дәріптейді. 
Ағашта биікті айтсаң, қарағайды айт... 
Жігіттік, ерлікті айтсаң Бөгенбайды айт, 
Найзасының ұшына жау мінгізген 
Еменәлі Керейде ер Жабайды айт –  
деп  қайтпас  батырлардың  өшпес  ерлігін  паш  етіп,  қалың  қолды  ажалдан 
құтылуға үндейді. 
Елінің  ар-намысын  қорғай  білетін  азаматты  дәріптеудің,  үлгі-өнеге  етіп 
ұсынудың  ерлікке,  төзімділікке,  қажырлылыққа,  тәуекелшілдікке  үндеудің 
жастарды тәрбиелеуде маңызы зор. 
Ақын  сұрапыл  майдан  үстіндегі  «елі  үшін  еңіреген  ерлердің»  жеңісті 
ерлігін,  кейбір  айқастағы  табансыздық  көрсеткен  жеңілісті  сәттерін  де 
жасырмай жырлаған. Айқас алаңында жүректі жарып шыққан: 
Жау жағадан алғанда, 
Ит етектен алғанда, 
Ер Абылай қорыққан жоқ, 
Әншейін еңкейе бере жылысты... – 
деген шумақтан шайқас елесін көресіз. 
Бәсентиін Сырымбет 
Оқ жіберіп ұрысты. 
Ақыл қалмас қашқанда, 
Дегбір қалмас сасқанда, 
Баяндай ерді көрмессің 
Бұрылып жауды шанышқанда... –  
деген  шумақта  «Жауды  өлтірсең,  өлімнен  құтыласың»  демекші,  елге  пана 
батырлардың ерлік қасиетін толғаған. 
Тәтіқара – кезі келгенде тартынбай әділдікті, кемістікті айта білген батыл 
ақын.  Тіпті,  жұрттың  өзі  хан  көтерген  Абылай  ханды  өткір  тілін  қадап,                 
«Хан-талау қылып алыңдар!» деген. 
Үш жүздің баласы 
Ақылдасып, қолдасып, 
Хан көтеріп еді, 
Үш жүздің баласын 
Бір баласындай көрмеді. 
Ат құйрығын сүзіңдер, 
Аллалап атқа мініңдер,  
Хан-талау қылып алыңдар! 


79 
 
Жауына  қаһармандық  көрсеткен  батырлар  сөзін  сөйлеп,  халық  мұңын 
мұндаған ақынның мұндай өктем сөздері ханға ұнамай, олардың ара қатынасы 
алшақтайды. 
Өзі  кедей  ортадан  шыққан,  жоқшылық  тақсіретін  көп  көрген  ақынның 
қартайған  шағы  да  мұқтаждықпен  өткен.  Оны  өзінің  халін  сұрай  келген игі 
жақсыларға: 
Ассалаумағалейкум, жайсаңдар мен қасқалар, 
Адам көңілін жоқтық шіркін басқарар, 
Түзде жүрсем батырмын, 
Үйге келсем пақырмын. 
Таңертеңгі ішкен шалап 
Қарында емес, қуықта, 
Ажал шіркін алыста емес, жуықта. 
Түссеңдер, міне, қара лашық, 
Түспесеңдер – жолың ашық!.. –  
деп толғаған. 
Тәтіқара – ешкімге бас имей өткен, әділ, турашыл, бетті жауынгер ақын, 
жортуыл  жыршы,  сырт  жаулармен  күрестің  ұраншысы,  жаудан қайтпайтын 
батыр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   30




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет