Ұлы дала ақын-жырауларының тағылымдық МҰралары



Pdf көрінісі
бет23/30
Дата23.02.2022
өлшемі0.97 Mb.
#26192
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   30
 
 
Шал ақын 
 
ХVІІІ ғасырдағы ақын-жыраулар поэзиясының көрнекті өкілінің бірі – Шал 
ақын.  Абылай  ханның  жақын  серігі,  беделді  рубасыларының  бірі  Құлеке 
батырдың  баласы.  Ал  шешесі  –  атақты  Үйсін  Төле  бидің  қызы.  Шал  ақын 
аталып  кеткен  Тілеуке  Құлекеұлы  1748  жылы  Көкшетау  өңірінде  дүниеге 


94 
 
келеді.  Ес  біліп,  ер  жетіп  қалған  кезде  Есіл  бойына  келіп  оның  соңғы  өмірі 
Солтүстік Қазақстан облысы, Қаратал ауылында өтеді. 
Шал  ақынды  жастайынан  үлкендерше сөйлеп, төрелік айтатын мінезіне 
қарай жеңгелері, жалпы жұрт Шал деп атап кеткен делінеді зерттеулерде. Не 
десе  де  Шал  ақын  жас  кезінен  сөзге  үйір,  өзі ойлы, тілі ділмар болып өседі. 
Тура мінезді, өткір тілді Шал ақын – он бес жасында-ақ ақын ретінде халыққа 
танымал болады. Оны жырау өзі туралы: 
Он бесте тартып міндім аттың жалын, 
Сол кезде айтқан сөзім оқ пен жалын –  
деген өлең жолдарынан аңғаруға болады. Топ алдында көсіле жыр төгіп, жұрт 
көңілінен  шығып,  ел  сүйіктісіне  айналған  Шал  ақынның  жастық  шағы 
жайында: 
Асу-асу жерлерді арыстадым, 
Қайда дүбір бар болса қалыспадым. 
Кешегі қас батырлар, қайран жақсы 
Алдына хан-қараның қарыштадым. 
Жырау  мұралары  тақырыптық  жағынан  біршама  бай,  ауқымы  кең, 
халықтық 
беті 
айқын. 
Белгілі 
психолог 
ғалым 
Қ.Жарықбаев:                             
«Шал  Құлекеұлы  да  (1748-1819)  қазақ  өмірінің  ұңғыл-шұңғылына  үңіле 
қараған,  оның  рухани  тіршілігіне,  мәдени  дамуына  шама-шарқынша  үлес 
қосқан зиялыларымыздың бірі»
69
 – деген.  
Шал  ақын  –  адамгершілік  идеясын  көтеріп,  әділ  істі,  ізгі  ниетті жақтап, 
адамға  тән  жақсы  қасиетті,  нағыз  достықты  дәріптеп,  жамандықты 
әшкерелеген. 
Жаманға дәулет бітсе ауа айналар, 
Жақсыға дәулет бітсе бақ байланар, 
Басыңа жазатайым бір іс түссе, 
Арасы дос пен дұшпан абайланар 
немесе, 
Жамандар өзін-өзі зорға балар, 
Бір өзінен басқаны төмен санар, 
Жақсылар ағын судай, асқар таудай, 
Жаймалап қайда жақсы орын алар –  
деген  өлең  жолдарында  өмірде  кездесетін  жайларға  терең  ой  жүгіртіп, 
жамандық пен жақсылықты жасайтын адам, олай болса жақсы адам мен жаман 
адамның  ара  жігін  аша  суреттеу  арқылы  «жақсылықты»  мадақтай, дәріптей 
насихаттау, үлгі ету, ал «жамандықтан» сақтандыру идеясы тұр. 
Қас жаманның белгісі 
Жиын тойға барғанда 
Тамағына өкпе өтер, 
Өкпелеймін деп кетер. 
Нәпсің бір көкжал бөрідей, 
Иманың бағлан қозыдай, 
Егер тыю салмасаң 


95 
 
Иманыңды жеп кетер –  
деп әдепсіздікті әшкерелей, сынай отырып, «жаман әдет», «жат мінездерден» 
аулақ болуға үндейді. 
Қаныпезер бұзақы жігіт болса, 
Тыныш жатқан еліңе дау келтірер, – 
деп елдің шырқын бұзатын ақымақ болмауды нұсқайды. 
Тентекті тентек десең, бұтын созар, 
Тентекке тізгін берсең, жұртың тозар 
Мақұл менен тентекті салыстырсаң, 
Түбінде тентектен де мақұл озар – 
деп, көпті көріп, көп нәрсені байқаған ақын, басынан өткенін таразылап әулетті 
сөздермен жеткізген. 
Ақылы жоқ надандар, 
Іс бітірмес жамандар, 
Жүз болса да бірмен тең, – 
деген.  
Арамзалардың  жұғымсыз  бейнелерін  суреттеген  тәлімдік  мәні  терең 
жырлары жат мінездерден сақтандырары анық.  
Шал ақында тағылым алатын нәрсе көп.  
Жігіттер, сақтаныңыз жаман достан, 
Досыңның жаманынан артық дұшпан, 
Өштескен жаудан аман сақтанады, 
Тиеді «достық» оғы қапылыстан 
... 
Басыңа іс түскенде жаман досың 
Беруге ат құйрығын жарамайды, –  
деп опасыз, екіжүзді, пәтуасыз адаммен дос болмауды, басыңнан бақ тайғанда 
жалт беретін уақытша достан аулақ болуды таза ақыл бере толғап, шынайы дос 
пен жалған досты ажырата білуге шақырған.  
Замандастарына ақыл-кеңес, үлгі-өнеге, насихат айту арқылы адамгершілік 
мораль мәселесіне кеңінен тоқталған жырау: 
Жақсыны алыс, жаманды жақын деме, 
Жақсы атансаң біреудің қақын жеме, 
Жақсымын деп біреудің қақын жесе, 
Жаман адам сол болар, мақұл деме. 
Жақсының жүрген жері той болады, 
Ақыл жоқ, кей адамда бой болады. 
Көрмеге қандай жаман болса-дағы, 
Парасат кей шаһбазда ой болады –  
деп, жақсы мен жаманды ажырата білу әркімге парыз деп ой түйіп, жақсының 
жақсылығы – көпке, туған елге ортақ болуында деп ізгілік жолын ұсынады. Бұл 
ойы халық даналығындағы «Жақсыдан – шарапат, жаманнан – кесапат» деген 
ой-пікірмен  ұштасып  тұр.  Жақсы  адамның  белгісі  –  парасаттылық  бойға, 


96 
 
көрікке байланысты емес, ішкі рухани байлығы мол, ойлы адамдарда да болады 
деген ойын білдіреді. 
Жігіттер жау алмайды ақылды алсаң, 
Білгішке көп білетін жақындасаң, 
Қарап жүрген кісіге адам тимес, 
Сабыр қып өз бойыңды мықты ұстасаң – 
деп кеңес береді. 
«Ақыл  –  тұрған  алдыңда  асқар  тауың»  деп, не нәрсені ақылға жеңдіріп 
істесе, жақсы болмақ. Яғни, жақсы болу – ақыл-парасатқа байланысты деген 
қорытындыға келеді. 
Өзі жаман жақсыны көре алмайды, 
Сыртынан ғайбат айтып атады тас 
Мұндай жанның әдеті осы деп біл, 
Өзіңе дос таба алмай, жинайды қас, –  
деп өзімшіл-күншіл, іші тарлықтан жирендіре сақтандырса, 
Айта берсе, таусылмас Шал кеңесі, 
Мешкейдің жіліншік өтер кең өңеші. 
Алдына келген асқа жаудай шабар, 
Басқаның болса-дағы несібесі 
... 
Ұятсызға бас пенен жамбас қойсаң, 
Қорқау қасқыр секілді жеуді біледі. 
Майда бол, жігіт болсаң, тал жібектей, 
Жарамайды қатты болу тікенектей. 
Білімің болса-дағы ұшан-теңіз, 
Пайда жоқ өз халқыңа еңбек етпей. 
...  
Ашылмас жігіт адам сыннан өтпей 
Не нәрсе талаптансаң табылады, 
Ғибрат ал жақсылардан жақын жүріп, 
Қаша көр жамандықтан аулақ беттей... 
деп  жоғары  адамгершілік  идеяларын  ұсынады.  Әрбір  азаматты  жаны  таза, 
инабатты, әдепті, қайырымды, білімді, еңбекқор болуға, алған білімін, ғибратын 
еліне, халқына қалтқысыз қызмет етер адал жан болуға шақырады. Адал еңбек 
ету – адамгершілік белгісі. Бұл жан біткенге ортақ парыз деп түсіндіреді. 
Адамгершілікке тән қасиеттің бірі – бірлікке ұмтылу, ынтымақты құптау, 
татулықты сақтау яғни, халық даналығындағы «Бірлік бар жерде – тірлік бар» 
деген идеяны: 
Бақ-дәулет, мал бітерде ырыс қонар, 
Ынтымағы ағайынның дұрыс болар –  
деген өлең жолдарымен паш етеді. 
«Ағайын татулығы – ел ырысы» дегенді құптаған жырау: 
Ағайының көп болса, 
Бірлігі  оның берік болса, 


97 
 
Жамандық жер кез келсе, 
Бір-біріне сеп болса, 
Бүтін тұрған бұзылмай 
Отыз екі тіспен тең – 
деген. 
Шал  ақынның  өмір  тәжірибесін  оймақтай  сөзбен  тізіп,  өз  байламын 
ұсынған әсерлі шумақтарынан ғибадатты кең ой түйесіз. 
Жігіттің өзім білем дегені, 
Басына салған ойраны, 
Ісін көпке бергені, 
Тастан соққан қорғаны. 
Өсек басты болады, 
Қыздың жасқа толғаны. 
Жан шошырлық жаман іс, 
Ағайын ала болғаны –  
деген  шумақтарындағы  неден  сақтанып,  неден  аянбау  керектігі  жөніндегі 
тағылымды ойы қай заманда да мағынасын жоймас ақылдың көзі. 
Жырау  пасық  адамдар  тобына  қадала  түсіп,  олардың ашқарақ, сұғанақ, 
опасыздығын әшкерелеп, байлығына сеніп, асқақтаған өркөкірек байлар мен 
әділетсіз, парақор әкімсымақтарды: 
Байды құдай атқаны –  
Дәулетіне мас болар 
Ханды құдай атқаны –  
Қоңсысымен  қас болар... 
деп немесе көп пара бергеннің сөзін сөйлеп, сойылын соғатын Күлен шешен 
деген бисымаққа: 
Өлсең де қабырыңда тек жатпайсың, 
Төре беріп, біреуден пара жесең, –  
дейді.  Ол  мансапқор,  мақтаншақ,  ешкімге  қайыры  жоқ,  алдампаз,  опасыз 
мінездерді сынап, кісі хақын жемей, адал қызмет етуін, ел билеушілердің әділ 
жолдан таймауын қалаған ақын: 
Халқын талаған хан онбас, 
Дәулетіне мастанған бай онбас – 
деген пікірге келеді. Жырау адамгершілік ақылдары арқылы парасаттылыққа 
үндейді. 
Шал ақын өз дәуіріндегі әлеуметтік тұрмыстың шындық көріністерін кең 
қамтып сипаттауға елеулі үлес қосты. 
Байлар малын бақса екен өзі жүріп, 
Кедей де өлмес еді күнін көріп 
Өз малын өзі бақпай бос қаңғырар, 
Бір кедейді жалдайды пайда көріп, – 
деуі  жанын  күйттеген  байдың шаруақор боп, өз дәулетін өз еңбегімен тапса 
деген ниеті, халықтың қамын ойлаудан туған жанашырлық пиғылы, әрі ақылы 
еді. Бай мен кедей арасындағы өмір, тірлігіндегі  қарама-қарсы жайды, теңсіздік 


98 
 
пен  әділетсіздікті  сипаттайды.  Ал  кедейлік  туралы  өлеңінде  жоқтыққа 
мойымайтын  қайсарлық,  жұмыстан  тартынбайтын  елгезектікке  шақырып, 
«кедейдің кенже ұлы – ұйқы мырза» деп жалқаулықтан жирендіреді. 
Жырау адам өмірі, өмірдің мәні, фәни мен бақи, дін мәселелерін де өзінше 
толғайды. 
Шал ақынның шығармашылығын ой елегінен өткізген ғалым М.Мағауин: 
«Шал  ақынның  біздің  заманымызға  жеткен  мұрасы  тақырыптық  жағынан 
алғанда  біршама  бай.  Бұлар:  дін,  этика,  мораль  мәселелерін,  байлық  пен 
кедейлік, о дүние мен бұ дүние жайы сөз етілетін философиялық-дидактикалық 
үлгідегі туындылар»
70
 – деп атап көрсетуінде үлкен маңыз бар. 
Адамның өсу жолын, адам өмірінің әрбір кезеңін өзінше шебер суреттей 
келе, жігіттер жас кезіңде тәубәға кел, ажал деген көзді ашып жұмғандай-ақ деп 
ойын түйіндейді. Өмірді бағалай білу керек деп, жастарға өсиет қалдырады: 
Кәрі өлсе соққан дауыл тыңғандай-ақ, 
Жас өлсе бәйтерегің сынғандай-ақ, 
Жігіттер, жас уақытты бос өткізбе, 
Тағдыр деген көзді ашып-жұмғандай-ақ. 
Кәріліктің ауыр азабын, сиықсыз тұралаған кейпін: 
Белгісі кәріліктің кетер күшің, 
Болмайды жастағыдай ешбір ісің, 
Кәрілік – дауасыз дерт ем қонбайтын... 
Жылаймыз қартайдық деп соның үшін –  
деп бейнелей келіп: 
Шалыңның екі көзі жайнап жатыр, 
Кеудемде нәпсі шіркін қайнап жатыр 
Байлаулы арқаным жоқ, қазығым жоқ. 
Қайтейін, кәрілік шіркін байлап жатыр – 
 дейді. 
Шал ақын сопы емес, дегенмен діндар адам. Оны ақынның: 
Бұл дүниеден өткен соң, 
Шын дүниеге жеткен соң... 
Кімнің жақсы, жаманын 
Бір жаратқан хақ білер –  
деген алғашқы термесіндегі өлең жолдарынан аңғарасың.  
Ол: «Құдая құдіретіңмен сақтағайсың» деп тәңірге сиына келе: 
Жігіттер ораза ұста, намаз оқы, 
Парасат майданы бар тергеледі – 
деген.   
Ер жігіттің қандай болуын: 
Айдынды жақсы аймен тең, 
Жомарт жігіт баймен тең, 
Шешен жігіт дүрмен тең, 
Иманды көңіл нұрмен тең 
немесе, 


99 
 
«Ер  жігіт  жауға  аттанған  ердің  көркі»,  деп  ел  қамын  ойлар  ер  болу 
парызын, әділет жолын және адам бойына лайық абзал қасиеттерді нұсқайды. 
Шал  ақын  шығармаларындағы  кеңінен  тоқталған  тақырыбы  –                     
әйел жайы. Ақын өлеңдерінде жанұя берекесі, бала тәрбиесі, ағайын-туыстың 
татулығы, ерлі-зайыптылардың тату-тәтті өмірі тебірене жырланады. 
Әйел алсаң қарап ал ақылдысын, 
Ол сенің ақыреттік жақын кісің. 
Ағайын-туысқанға қайырылса 
Дүниеде нағыз сол ғой мақұл ісің... – 
деп жақсы, адал, ақылды жар таңдау, ондай қасиеттерді тани білу әр жігіттің 
міндеті дегенді уағыздайды. 
Жақсы сол ерін күліп шаттандырса, 
Атқарып тапсырмасын мойнына алса. 
Ері жоқта күйзелтпей шаруасын 
Ағайын, көршілерін жадына алса. 
Сапардан ері келсе үйге кіріп, 
Жылы жүзбен қарсы шығып қолын алса – 
деп,  жақсы  әйелмен  бас  қосудың  көрші-қоңсымен,  ауыл-аймақпен  көңіл 
жықпай тату-тәтті өмір сүруге, үй тыныштығы татулығы болуына әсерін дәл 
басып суреттеген. 
Сондай-ақ  отбасының шырқын бұзар, ашулы да долы, көкбет әйелдерді 
небір керемет сөз өрнектерімен суреттеген. 
Бақытыңа кез бопты долы қатын, 
Мұны алған ер жанжалға молығатын, 
Ұрысса бар адамды жеңбей қоймас, 
Бір үй түгіл, бір ауыл торығатын. 
Ақын шығармаларында әйелдің өнегелігі мен он саусағынан өнер тамған 
өнерлігі, пысық та елгезектігі, жібектей мінезі мен алғыр ой, терең ақылы үлгі 
етіле сипатталады. Ақыл-кеңес астарласып жатады.  
Аз нәрсені көптей қылады, 
Көп нәрсені көлдей қылады, 
Киіміне кір жұқпайды, 
Асына қылшық тұрмайды, 
Дүниесінің бәрі таза болады, 
Ерінің бары, жоғын білгізбейді –  
деп отбасы, ошақ қасындағы әйелдің озық үлгісін жасайды. 
Жақсы әйелдерді салақ, жалқау, шайпау әйелдермен қатар қоя суреттеген.  
Кез болса ер жігітке жақсы қатын, 
Жақсы қатын шығарар ердің атын. 
Жаман болса өз қылған істерімен 
Еріне қалдырады жаман атын –  
деп  халық  даналығындағы  «Жақсыдан  –  шарапат,  Жаманнан  –  кесапат» 
демекшідей, жақсыға ұмтылдыру, жаманнан жирендіру идеясы бар. 
 


100 
 
Жақсы қатын алсаңыз, 
Алланың жауған нұрмен тең, 
Жаман қатын алсаңыз, 
Маңдайға біткен сормен тең –  
деп жанұяның, ердің бақыты алған жарына байланысты дей келіп, «Жақсы әйел 
– жігіттің бағы болса, жаман әйел – өмір бойы соры» болатынын айтады.  
Халық даналығындағы «Анасын көріп, қызын ал, аяғын көріп, асын іш» 
дегендей, қыз, келін мәселесін де кеңінен сөз еткен. 
Қыз қылықты болар, 
Келін епті болар. 
... 
Келін жақсы болса – 
Үйіңе көп кісі келеді. 
Келін жаман болса –  
Келген кісі кеткісі келеді – 
деп  болашақ  отбасының  ұйытқысы,  баланың  жан  дүниесін  нәрлендірер 
тәрбиешісі, қыз бен келінді адамгершілікке меңзейтін, өрісті өнегеге құрылған 
жыр шумақтарында өрнектеген. Жырау: 
«Аяғын көр, асын іш» деген сөз бар, 
«Шешесін көр, қызын» ал, сол белгісі... 
деген өлең жолдарында қыз, келін тәрбиесінің анаға сын екенін меңзейді. 
Жалпы жыраудың жырларынан өмір тәжірибесінен туған тәрбиелік мәнді 
ақыл-нақылға толы ойларын білуге болады. 
Жырау  жақсылық,  имандылық,  қадір-қасиет  жайында  толғанады.                      
Әке-шешені құрметтеу, туысқа деген қарым-қатынастың, адал ниеттің, қандай 
жағдайда болмасын шынайы, таза болуын үндейді. Демек, ақынның «Арғымақ 
ат кімде жоқ», «Саясы жоқ бәйтерек», «Өлеңге тоқтамайды Шал дегенің» т.б. 
өлеңдері афоризмге, ақыл мен нақылға толы екенін көреміз. Ақын толғаулары 
өзінің өткірлігімен, батылдығымен, философиялық тереңдігімен ерекшеленеді. 
Шал  ақын  мұраларының  тәрбиелік  тағылымын  зерделей  келіп,  ғалым 
С.Қалиев: «Халыққа қызмет ет, ел қамын ойла деуден артық патриоттық сезім 
болуға  тиісті  емес.  Бұл  –  Шал  ақынның  педагогикалық  ой-пікірінің  келер 
ұрпаққа айтар өсиетінің тобықтай түйіні»
71 
– деген. 
Шындығында, жастарды адами-рухани құндылықтарға тәрбиелеуде ақын 
мұраларының орны ерекше. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


101 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   30




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет