Ұлы Дала Алтын Ордалық кезеңде (XIII-XV ғғ.)



бет1/3
Дата04.12.2022
өлшемі413,77 Kb.
#54726
түріҚұрамы
  1   2   3

Ұлы Дала Алтын Ордалық кезеңде (XIII-XV ғғ.)


  1. Қазақстан үш монғол ұлысының құрамында.

  2. Алтын Орданың Еуразия империясы ретінде құрылуы: территория, этникалық процестер, мәдени симбиоз.

Монғолимпериясы 1206 жылықұрылды. АстанасыҚарақорымқаласы.


Оны құрған Шыңғыс хан (Темучин). (1155-1227).
Керей ханы Торының тәрбиесінде болған.
«Жеңісхан» - монғоша «Шыңғыс хан».
Монғол мемлекеті әскери басқару жағынан Монғолия аумағы мен халқы үш аймаққа бөлінді.

  1. Оңқанат (Барунғар)

  2. Сол қанат (Жоңғар)

  3. Орталық қанат (кул)

Империя 95 түмен әкімшілік билікке бөлінді.
Әрбір түменде 10 мыңдай адам болды. Түмен аймақтарға бөлінді. Мыңдық он жүздіктен, жүздіктер ондықтардан тұрды.
Мемлекеттің басты заңы «Жасақ» .

Монғолдардың Қазақстанға жорығы


Шыңғыс хан ең алдымен найман, керей, жалайыр сияты айпаларды жаулап алып, Орталық Азия даласындағы ең құдіретгі жаулап алушыға айналды. Керейіт- тер ханының наймандармен, Моңғол тілдес татар және меркіт тайпаларымен соғыстарында Темучиннің атағы шыға бастады, ол соғыстарға Ван-ханның вассалы ретінде болашақ Шыңғысхан белсене қатысты.
1207 –1209 ж. үлкен баласы Жошы Енисей қырғыздары мен Сібір халықтарын жаулап алды. Осы жылдары Шыңғыс хан таңғұттардың мемлекетін, одан кейін Тұрфан кінәздіктерін басып алды. Шығыс Түркістандағы ұйғырлар мен қарлұқтар Шыңғыс ханға қарсылықсыз бағынды.
1211-1215 жылдары аралығында Қытай жерін басып алып, соғыс техникасын қолға түсірді
1216 жылы бұл науқан ойдағыдай аяқталғаннан кейін Моңғолдар Батысқа қарай жылжуын қайтадан бастады. Шыңғысхан өзінің үлкен ұлы Жошыға қыпшақтарға қашып барған меркіттерді қыруға, ал сенімді қолбасшыларының бірі Жебе-ноянға Күшлік-ханды жазалауға бұйырды. 1218 жылы Күшлік-хан талқандалды да, Моңғолдар оның Жетісудағы иеліктеріне кірді, оларды христиан наймандар мен буддистердің қысымынан қатты зардап шеккен жергілікті мұсылман тұрғындары қуана қарсы алды. Күшліктің иелігіндегі жерлердің шегіне кіргеннен кейін Моңғол қолбасшысы Жебе-ноян жаршылар арқылы хабарлатып әскерлерге бейбіт тұрғындардың мүлкіне тиісуіне тыйым салынсын, ал мұсылмандарға найман билеушілерінің тоқтатқан жария түрде құдайға құлшылық ету құқығы қайтарылсын деп бұйрық берді. Қашып кеткен Күшлікті моңғолдар Бадахшанда қуып жетіп, басынн алды. Сөйтіп, Шыңғыс иеліктері Хорезмшах мемлекетіне таяп келді. Жошы хан Қазақстанның Торғай далаларында меркіттермен шайқасып, оларға күйрете соққы бере ыдыратып жіберді. Бірақ келесі күні оған Хорезм шахы Мұхаммедтің 60 мындық әскері шабуыл жасады, ол Сырдарияның төменгі ағысындағы Женттен қазіргі қазақ далаларында мекендеген көшпелі қыпшақтарға жорыққа шыққан әскер болатын. Бұл шайқаста ешқайсысы жеңіске жеткен жоқ. Бірақ жалпы алғанда бұл кездейсоқ қақтығыс хорезмшахқа қатты әсер етті, В. В. Бартольдтің пікірінше, Шыңғысхан 1219-1221 жылдары хорезмшахтардың мемлекетін шапқан кезде оның моңғолдармен ашық шайқаска неліктен шықпаған себептерінің бірі осы болған. Ал бұдан әрі моңғол-хорезм қатынастары барған сайын шиеленісе берді де, соғысқа әкеп соқты.Шыңғысханның жеткен жеңістері туралы хабар Орта Азияда алуан түрлі пікірлер туғызды. Хорезмшах Моңғолияға бірінен соң бірін екі елшілік аттандырды. Өз тарапынан Шыңғысхан да елшілік жіберді. 1218 жылдын көктемінде хорезмшах Мұхаммед осы елшілікті қабылдады.
Содан көп кешікпей Шыңғысхан Орта Азияға сауда керуенін жіберді. 500 түйедентұратынкеруендемоңғолжансыздарынқосаесептегендебарлығы 450 адамболатын. Көпадамы бар керуен 1218 жылдыңжазындаОтырарғакеліпжетті. ОтырардыңбилеушісіқыпшақҒайыр-хан Иналшықкөпестердітыңшылықжасадыдепкүдіктеніп, олардыөлтіругебұйырып, керуендітонапалды. Шыңғысхан Қайыр-ханды ұстапберудіталапетті, бірақхорезмшахтыңбұлталаптыорындамағаныбылайтұрсын, соныменбіргеелшілердіөлтіругеәміретеді. БұлШыңғысханныңХорезмгеқарсысоғысынасебепболды. Тіпті хорезмшах Ғайыр-хандыМоңғолдарғаұстапбергісікелсе де, оныңмұныжүзегеасыруыекіталайеді. Ан-Нисавидің айтуынша, «олоған (Шыңғысханға) жөнелтеалмайтынеді, өйткеніәскердіңкөпбөлігі мен жоғарыдәрежеліәскербасыларсоның (Иналханның) қыпшақтуыстарыболатын. Онынкестесіндегіөрнектіжәнеоныңтүйінініңнегізінсоларжасап, оныңмемлекетіндетолықбилікжүргізді». Хорезмшахтыңмемлекетінде орта ғасырлардағыҚазақстандалаларынаншыққанқыпшақтаросындайықпалғаиеболған. Шыңғысханныңхорезмшахпенсоғысуүшінжинағанәскерініндәлсаны белгісіз, одақтастарымен - Жетісуқарлуқтарыменжәне ШығысТүркістан ұйғырларыменқосыпалғанда 150 мыңжауынгердеген сан жобағакеледі. Жорық 1219 жылдыңқыркүйегіндеЕртісжағалауынанбасталды. Деректемелердегімәліметтергеқарағанда, Шыңғысханәскерін Ертістен Сырдарияға дейінбұрынғыжаулапалушыларжүргенжолмен — Жетісу арқылыалыпөткен.
ОтырарғатаянғандаШыңғысхан оны қоршауғаұлдары Шағатай мен Үгедей баскарғанәскерлердіқалдырып, Жошы-ханды Сырдарияныңтөменгіағысына - Жентжөне Жанкент қалаларынажіберді, үшінші топ Сырдарияның жоғарғыағысындағықалалардыбағындыруғакетті, ал Шыңғысханныңөзінегізгікүштерімен Бұхараға аттанды. ОтырардыңбилеушісіҚайыр-хан бар күшінсалыпеңсоңғымүмкіндігінпайдаланаотырыпқорғанды. Отырардыкоршау бес айдайуақытқасозылды. ҚаһармандыққорғаныстыңбесіншіайыбітугеайналғандахорезмдікәскербасыҚаража-хаджиб он мындықколыменМоңғолдарғаберіліп, олардықалағакіргізіпжіберді. АлайдаОтырарсонда да табандылықпенқорғанабереді. «Арыстандайайбарлы» әскерлертобыменҒайыр-хан берікқамалғабекініпалды да, Моңғолдарға оны алуүшінтағыбір ай уақыткерекболды. Қамалдықорғаушылартүгелқырылғаннанкейінғанаол 1220 жылғыақпандаалынды. Ғайыр-хан қолғатүсіп, Шыңғысханныңалдынаапарылғанжердеқаталжазаланыпөлтірілді.[2]


Шыңғыс хан басып алынған жерлерді өз ұлдарына: қыпшақ даласын Жошыға, Іле, Жетісу, Мауераннахр өлкелерін Шағатайға, Шығыс Түркістан, Алтайды Үгедейге бөліп берді. Батысқа қарайғы жерлерді басып алуды Жошыға тапсырып, өзі 1225 ж. Қарақорымға қайтып оралды. 1226 ж. таңғұттарға қарсы соңғы жорығын жасады. Шыңғыс хан империясы Ляодун түбегінен Кавказға, Байкалдан Тұрпанға дейінгі алып кеңістікті алып жатты. Шыңғыс хан өлерінде балаларына Корея түбегіне дейінгі өлкені жаулап алу мен батысқа қа-райғы шабуылдарды жалғастыра беруді өсиет етті. Әкесінен кейін “ұлы хан” тағына отырған Үгедей Алтын елін біржолата жаулап алды. Мөңке Қытайға қарсы жорыққа аттанды, Төленің тағы бір ұлы Хулагу Иранды бағындырды. 1235 ж. Бату бастаған қол батысқа қарай жорық жасап, Шығыс Еуропаның көпшілік бөлігі мен Русьтің шығысын жаулап алды. Нәтижесінде 1245 – 46 ж. әйгілі Жошы-Қыпшақ (Алтын Орда) державасының негізі қаланды. Бұл держава шығысынан батысына дейінгі аралығы шамамен 6160 км, солтүстігінен оңтүгіне дейінгі аралығы 4400 км алып өлкені қамтыды. Қытайға қарсы аяқталмай қалған жорықты Құбылай одан әрі жалғастырды. Бұл жорық 30 жылға (1260 – 90) созылды.
Нәтижесінде бүкіл Қытай мен Оңтүстік-Шығыс Азияның көптеген елдері Моңғол империясы билігіне өтіп, Құбылай Қытайда Юань әулетінің негізін қалады. Ол империя астанасын Қарақорымнан Кайпинге (Пекин) көшірді. 1271 ж. жаңа астана салғызып, оны “Хан қаласы” (Ханбалық) деп атады. Бірақ көшпелілердің ат жалында жүріп күшпен жаулап алынған қоғамдық, экон. даму дәрежесі әр түрлі елдер мен халықтарды бір орталықтан басқару оңай емес еді. Моңғолдар жаулап алған елдерінде өздерінің ұлыстық әскери-бюрократ. билік жүйесін орнатты. Осыған байланысты ұлыс билеушілері өздерін орталықтан дербес, жеке билік иесі ретінде сезіну үшін жергілікті ақсүйектермен жақындасып, солардың салт-дәстүрлерін қабылдады. Бұл өз кезегінде империяның ыдырауын тездетті. Дегенмен, Моңғол империясы арқылы Батыс пен Шығыс арасындағы қарым-қатынастар дамып, Ұлы Жібек жолы қайта жандана бастады. Сонда да жаулап алынған әрбір халық, әрбір аймақ мүдделерін бір орталықтан реттеп отыру мүмкін болмады. Империя астанасы Кайпинге көшірілгеннен кейін онда бір-бірімен терезесі тең үш ортаға: Юань, Жошы-Қыпшақ және Ирандағы ильхандар мемлекеттері пайда болды. Юань билігі 108 жылға, ильхандар билігі 120 жылға созылса, Жошы-Қыпшақ державасы 240 жылға жуық өмір сүрді. Кейіннен бұл державалардың орнында көптеген ұлттық мемлекеттер өсіп шықты. Солардың бірі Алтын Орда, Ақ Орданың тікелей мұрагері – Қазақ хандығы болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет