Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген



Pdf көрінісі
бет2/43
Дата15.02.2017
өлшемі3,08 Mb.
#4165
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43

Ағартушы әке 

 

Өзі  зерделі,  көзі  ашық  Қуан    «ендігі  жерде  қазақ  баласы  ата  салтымен 

жүріп  күн  көре  алмайды»  деп  ұйғарады.  «Жаңа  заманның  ағымына  ілесу 

үшін халыққа оқу-білім қажет. Көзі ашық адам ғана аяғын заман ағымымен 

тең  басады»  деген  тоқтамға  келеді.  Бұл  ойын  туысқандарына  да  айтып 

көреді. Олардан аса мықты қолдау таппаса да, ол өз ойынан қайтпайды.  

Қуан мұсылманша хат таныған адам бола тұра, өзі молдалық құрмаған, 

бірақ  сол  елден  медреселі  мешіт  салдыруға  атсалысып,  қырғыздан  келген 

Омар  және  Оспан  атты  ағалы-інілі  оқымысты  имамдарды  жаңа  мешітке 

шақыртқан. Қуан балалары да әуелі сол мешіттен оқып, сауатын ашқан. Бірақ 

Қуан  бұнымен  қанағаттанбайды,  Темір-Орқаш  болысында  екі  орыс-қазақ 


11 

 

училищесі  ашылуға  тиісті  екенін  естіп,  Орынборға  барып,  сол  училищенің 



біреуін  өз  аулынан  аштыртуға  рұқсат  қағаз  алады.  Қуанның  мектеп  ашуды 

сұрап жазған арызы Орынбор мұрағатында сақтаулы. Бұл мектеп бір кластық 

деп аталатын, оқу мерзімі үш жылдық орыс-қазақ училищесі екен.  

Қуанның өзгелерден ерекшелігі сол – балаларды оқыту үшін арабшаны 

шала  білетін  «дүмше  молданы»  емес,  жаңа  сипаттағы,  көзі  ашықмұғалімді 

іздестіреді.  Ауыл  адамдарының  жаңалық  атаулыны үрке  қабылдайтын  әдеті 

емес  пе,  әуелі  балаларын  «бұзылып  кетеді»  деп  бермей  қояды.  Оған  Қуан 

қыңа  қоймайды,  «жалғыз  оқыса,  ойын  баласы  ғой,  зерігіп  кетеді»,  –    деп 

Құдайбергеннің қасына екі жас үлкен апасы Аққатты, қарындастары Дәмет, 

Зиба,  Ағибаны,  інісі  Тәпеннің  қызы  Бәтиманы  қосып  оқытады.  Балаларына 

ұстаздыққа  Уфадағы  жоғары  дәрежелі  «Ғалия»  медресесін  бітірген,  кейін 

«Қазақ  КСР  мектебіне  еңбегі  сіңген  мұғалім»  атағын  алған  Әбділлә 

Беркіновті,  Троицкідегі  мұғалімдер  семинариясын  бітірген,  Совет  кезеңінде 

Орқаштағы  бір  кластық  орыс  мектебінде  ұстаздық  еткен  Хұсайын 

Ашығалиевті шақырады. Аталмыш мектепте біраз уақыт «Ғалия»медресесін 

тәмамдаған,  қазақтың  белгілі  жазушы-драматургы,  журналисі  Жиенғали 

Тілепбергенов  те  бала  оқытқан.  Бұл  оқиға  туралы  қарт  ұстаз  Әбділлә 

Беркінов  кейін  былайша  сөз  етеді:  «Сексеннің  сеңсең  бөркін  кисем  де, 

осыдан  жарты  ғасырдан  астам  бұрынғы  уақыттағы  сол  бір  кездің  суреттері 

сол  қалпында  көз  алдымда.  Ащықұдықтан  «Үміт»  мектебін  ашып,  Хұсайын 

Ашығалиев  екеуміз  сабақ беріп  жүрдік.  Бірде  орта  шаруа  Қуан  екі  баласын 

ертіп  келіп,  мектебімізге  қосты.  Үлкені  Құдайберген,  кішісі  Ахмет  осы 

«Үміт» мектебінде алғаш қалам ұстап, білім тарауларын ашты. Қуанның екі 

баласы да зеректігімен көзге түсті. Бір ерекшелігі – үлкені салмақты, ойшыл 

еді,  ал  Ахмет  күлдіргі,  ұтып  сөйлейтін...  Құдайберген  он  төрт  жасқа 

келгенше осы біздің мектепте білім алды. Одан кейін сүйікті шәкірттерімнің 

бірі Жиенғали Тілепбергенов екеуі Орынбордағы «Хұсайния» медіресесінде 

білімін жалғастырды...» (5). 

Ауылдан  орыс  мектебін  ашу,  онда  ұлдарына  қоса,  қыздарды  да  оқыту, 

Орынбордан,  Уфадан  қазақ,  орыс  және  татар  тілінде  шығатын  газет, 

журналдарды,  кітаптарды  жаздырып  алу  Ақжар  өңіріне  Қуан  Жұбанұлы 

әкелген  алғашқы  жаңалықтардың  басы  болатын.  Бұл  жаңалыққа  ауыл 

адамдарының қайсыбіреулері қарсы болғанымен, көпшілік мақұл көреді. Мал 

басы  әкесі  Жұбанның  тірі  кезінде-ақ  шағындалып  қалған  Қуан  мал 

өсіргеннен  гөрі    балаларын  оқытуды  жөн  көреді.  Өз  баласын  мал  соңына 

салғысы келмеген Қуан басқаларды да қанағысы келмейді. Бұрынғы жылына 

бес  киім,  бір  бұзаулы  сиыр  беріп  ұстайтын  қойшы,  малшы,  жылқышының 

орнына  малды  жалға  беру  амалын  табады.  Сөйтіп  Қуан  әр  ауылдағы  кедей 

отбасыларына  малын  қағаздатып,  несиеге  бөліп  береді.  Қуаннан  мал  алған 

адамдар мал басын түгел сақтайды және жыл сайынғы төлдің тең жарымына 

ие болады. Малдың сүті де сол мал баққан адамдардың ішіп-жеміне қалады. 

Сауын ретінде Қуан үйіне не бары 4-5 сиыр малын, сол шамалы бие ұстайды. 

Сондықтан  үйіне  қонақ  келсе,  қойды  бір  ауылдан,  соғымды  тағы  біреуден 


12 

 

алдыртады екен. Бұндай еншілестіктен Қуан үйінің малын баққан отбасылар 



әлденіп алады. Мұны көрген басқа ауылдың жалшылары өз қожайындарына 

наразылық білдірсе, олар Қуанға реніш білдіретін де болыпты. Бірақ Қуан өз 

өмірін сол кедей-кепшіктің күнкөріс халін ойлаумен өткізсе керек. 

Орташа  дәулетті  Жұбан  ауылында  ағалы-інілі  Қуан  мен  Тәпенді 

(Тәңірберген)  ауыл-аймақтағылар  «екі  мырза»  деп  атаса  керек.  Бірақ  олар 

елге билік құрмаған, әкелерінің: «Шырақтарым, би болмай-ақ, би түсетін үй 

болсаңдар  да  жарайды»  –  деген  өсиетімен  елге  сыйлы,  момын  шаруаның 

жанашыры болудан әріге бармапты.  

Қуанның  мектеп  ашудағы  «жаңалықтарына»  іштей  көнбісті  болып 

келген  ауыл  адамдары  оның  тағы  бір  «жат  қылығына»  шыдай  алмай,  бітеу 

жараның  аузы  ашылып  кетеді.  Батырбаймен  бірге  туған  Қондыбай,  Ерубай 

ауылдарының  ақсақал-қарасақалдары,  Қуанның  өзімен  үзеңгілес  адамдар 

жиналып:  «Мына  Қуанды  жөнге  салу  керек.  Батырбайдың  атағына  дақ 

түсіргеніне қалай қарап отыра береміз. Ата-бабаның аруағына дақ түсіргені – 

бізді қорлағаны ғой» – деп, жамағайындар буырқанып, морт сынады. Сөйтеді 

де,  оншақты  кісі  атқа  мініп,  Ақжарға  қарай  жол  тартады.  Ақсақал-

қарасақалдың  Қуан  ауылына  аттануына  себеп  болған  нәрсе:  «Қуан  кенже 

қызы Ақибаны өз ауылындағы қиягелді кедей жігітке атастырыпты!» – деген 

хабар  еді.  «Бұл  жолы  Қуанды  бетімен  жіберместей,  қысым  жасап,  бұрын-

соңды  ата-бабаларымыз  көріп-білмеген  жат  қылықтардан  оны  бездіреміз» 

деген ой  болған.  Елдің  ақсақал,  қарасақалы қанын  ішіне  тартып,  қатуланып 

келеді...  

Қойдың  еті  желініп,  қымыз  ішіліп,  қонақтар  көңілденгендей  болған 

кезде,  Қуан  олардан  бұйымтай  сұрайды.  «Ұша-төсін  арқалаған 

жанғылыштың  кедейіне  Ақибаны  атастыратындай,  Қуан,  саған  не  көрінді? 

Кедейлікке  жаның  құмар  болса,  өзің  бол!  Баланың  бағын  неге  байлайсың? 

Бәрімізде де бой жетіп отырған қыз бар, соларға сен солай жол көрсетпек пе 

едің?» – деді біреуі. Қуанға бұлайша қатты сөз айтуға басқалардан гөрі өзінің 

құқы  бар  деп  есептейтін  Байнияз  еді  бұл.  ...Қуан  жайлап  сөзін  бастайды: 

«Намысқа  қызып  келген  екенсіңдер,  ағайын»  –  дейді  ол  қонақтарына.  – 

Менің  балама  жандарың  ашиды,  оны  білемін.  Бірақ  қай  әке  де  өз  баласына 

қастық  ойламайды,  оны  сендер  де  білесіңдер!  Біздің  әкеміз  –  Жұбан 

кіндіктен  жалғыз  болғандықтан,  қасына  апа-қарындастарынан  туған 

жиендерін жинады. «Жиенмен жиылып, күйеумен көбейген елміз» дейді екен 

ол...  Өздеріңіздей  жан-жақты,  өніп-өскен  адам  болса,  олай  етпес  те  еді. 

Әкеміздің  басына  түскен  жалғыздықты  біз  де  аз  көріп  жүрген  жоқпыз. 

Тәпенді  білесіңдер,  елдің  дау-дамайынан  қолы  босамайды.  Оның  өлім 

сарқытындай болған жалғыз ұлы Нұрша аяғын жаңа ғана апыл-тапыл басты. 

Менің ұлдарым – Құдайберген мен Ахмет оқу соңында. Оларға «оқыма, мал 

бақ!»  деп  айта  алмаймын.  Заманның  тетігі  менің  қолымда  емес,  құдайдың 

қолында. Аумалы-төкпелі заман өзгеріп кетсе, қолдан мал кетсе, балаларым 

маған ренжімей, кімге ренжиді? Екі қызым Ор бойына асып кетті. Енді кенже 

қызымды  бай  ауылға  берем  деп  алысқа  ұзатсам,  қартайғанда  Бибішынар 


13 

 

екеуміз  қу  тіземізді  құшақтап  қаламыз  ғой»,  –  дегенде,  қонақтардың  біреуі: 



«Мынау  өзі  сау  ма?  Мұхаммедиің  бар  ғой»,  –  деді.  Қуан  оған  қарап: 

«Мұхаммеди  ағаларынан  қала  қоймас»,  –  деді  де,  сөзін  одан  әрі  жалғады: 

«Сендер  менің  күйеу  баламды  кедей  деп  кемітіп,  тексіз  деп  теперіш 

көрсетпексіңдер.  Шерін  тексіз  жігіт  емес,  «кішкене  шекті»  аталатын 

Баубектің  Андағұл  тайпасынан  шыққан  үш  ағайынды,  өнерлі  адам.  Өзі 

зергер, өзі етікші, өзі машина тігеді, әрі темір ұстасы. Еңбектің қай түрінен 

болса да қашпайтын тыңғылықты, мінезді жігіт. Күндердің күнінде, бір өнері 

болмаса,  бір  өнері  пайдаға  асып,  баламды  асырайды,  оған  сенем.  Біздің 

көрген-баққанымыз мал болғасын, басқа тіршілік көзі барын білмейміз. Басқа 

елдер  тері  илейді,  киім  тігеді,  былғары  жасайды,  аяқ  киім,  үсті  киім  тігетін 

фабрикалары  бар.  Кілем  тоқиды,  сабын  қайнатады.  Еттен,  сүттен  тағам 

жасайды.  Өзі  жеу  үшін  ғана  емес,  бұйымын  сатып  ақша  табады.  Біз 

бейнеттеніп  баққан  малымызды  базарға  айдап  апарып,  арзанға  сатып 

жүрміз», – деп бір демін алады... 

Құдайбергеннің  әкесі  Қуан,  міне,  осындай  адам  болған.  Ол  кісі  1919 

жылдың  күзінде  қырық  тоғыз  жасында  жүрек  ауруынан  дүние  салыпты. 

Құдайберген  әкесінің  қаза  болғанын  «Қызыл  штабта»  жүріп  естиді.  Содан 

сәл ілгеріректе, жаз ортасында Қуанның бірге туған інісі Тәпен (Тәңірберген) 

де  кенет  ауырып  дүние  салған-ды.  Әкесі  мен  артықша  жақсы  көретін 

ағасының басына  Құдайберген  өз  қолымен ойып,  құлпытас  қойыпты.  «1919 

жылы  Қуан,  Тәңірберген  Жұбан  балалары  дүниеден  қайтты»  деген  араб 

әрпімен  жазылған  сөздер  тоқымдай  қызыл  қайрақ  тастың  бетінде  мөрдей 

басылып әлі тұр. Бұл биік төбедегі тас қорымның аты – «Қосуақтам». 

Қуан, әрине, академик болған жоқ. Оның заманында қазақта академия да 

болған  жоқ.  Дегенмен  өз  кезеңі  үшін  Қуанның  білімі  мен  ақылы  халық 

академиясына барабар еді. Заманның ағымын байқап, өз балаларын жасынан 

оқу-білімге, өнерге баулып, жаңа өмірге дайындай біліпті. 

 

Зейінді шәкірт 

 

Қырғыз  Оспан  ишанның  Жобалдағы  қызыл  мешітінен  бес-алты 



жасында арабша дәріс алған Құдайберген жаңаша мектепте өзгелерден озық 

тұрады.  Жаңаша  оқуға  бейімділігін  танытып,  қабілетін  көрсетеді. 

Құдайбергеннің ұлдары Ақырап және Есет Жұбановтар «Әке шаңырағының 

шырақшысы»  атты  естелігінде  Оспан  ишанның  Жобалдағы  қызыл  мешіті 

туралы  былайша  сыр  шертеді:  «Темір-Орқаш  болысының  құм  шоқылы, 

көлтабанды,  қайың-терегі  аралас  өскен  ағаш-талды  Орқаш  дейтін  жағында 

ерте  заманнан  бір-екі  ауыл  көлемінде  жатақ  қырғыздар  тұратын.  Олар  өз 

руларын  Тата,  Барақ,  Естек,  Рысқұл  деп  бөліп  санағаны  болмаса,  салт-

санасы,  тіл  менғұрпы  жағынан  жергілікті  қазақтардан  еш  айырмасы  жоқ, 

этникалық  жағынан  әбден  сіңісіп  кеткенел  болатын.  Дегенмен,  соларды 

сағалап,  басқа  жақтан  келіп  қоныстанып  қалатын  келімсек  қырғыздар  да 

болмай тұрмайтын. Сондай бір ретпен ағайынды Омар, Оспан деген екі адам 



14 

 

Орқаштағы  қырғыздардың  ортасынакеліп,  Қотыртас  деп  аталатын  тау 



жынысты  бұйраттың  Жобал  деген  тұмсығына  қызыл  қайрақ  тастан  мешіт 

үйінсалдырады» (6, 262). 

Болашақ  ғалым  бала  кезінен  көркем  әдебиетке  қатты  еліккен. 

Мұсылманша  оқып,  шығыс  тілдерін  жақсы  игеруі  оның  Фердоусидің 

«Шахнамасы»,  Сағдидің  «Гүлстаны»,  Низамидің  «Ләйлә-Мәжнүні»  сияқты 

шығыстың  классикалық  шығармаларын  түпнұсқасынан  оқуына  себін 

тигізеді.  

Едәуір  ұзақ  жас  жасап,  соғыстан  кейінгі  жылдары  дүние  салған  Ленин 

орденді қарт мұғалім Әбділдә Беркінов өзінің «Зейінді шәкірт еді ол»  деген 

естелігінде:  «1911  жылы  Уфадағы  медресе  «Ғалияны»  бітіріп  қайтқаннан 

кейін  білім  нәріне  шөлдеген  қазақ  жастарының  көзін  ашуды  өзіме  мақсат 

еттім. Сол кездегі бастаған сүйікті қызметіммен 1955 жылы қоштастым. Осы 

өткен 44 жыл жас буынды тәрбиелеу жұмысымда менің алдымнан көптеген 

дарынды  жастар  өтті.  Міне,  сол  жастардың  ішінде  Құдайберген  де  болды... 

Ауыл ұстасы Сатыбалдыға қозылы қой беріп салдырған шым мектепке келіп-

кетіп  жүрген  санаулы  жастардың  ішінен  ұяң  мінезді  қараша  бала  асқан 

зейінді,  ұғымталдығымен  сол  кезде-ақ  көзге  түсті.  Сол  жылдардың  өзінде 

Құдайберген  орыс  тіліне  соншалықты  құмар  еді.  Сондықтан  болар  ол 

Орқаштың  бір  кластық  орыс  мектебінің  мұғалімі  Әжіғалиев  Құсайыннан 

сабақ  алып  жүрді.  Осы  кезден  бастап  Құдайберген  Жұрында,  Күйік 

қаласында,  Орынборда  оқып,  білім  шыңына  қарай  өрлей  берді.  Мен  ұзақ 

ұстаздық  өмірімнің  бір  жарқын  беті  Жұбановтарға  қалам  ұстатып  қара 

танытқан  кезім  деп  білемін.    Кейінгі  шәкірттеріме  де  осы  қос  ғұламаның 

қасиетті мінез-құлықтары, зеректігі жөнінде айтып, үлгіге ұстап отырдым. Ал 

Жұбановтарға ұстаздық еткенімді өзім мақтаныш етемін», – дейді (7, 301). 

Құдайберген Жұбановтың таңдамалы еңбектерінің бір томдық жинағына 

(8)  кіріспе  жазған  академик  I.Кеңесбаевтың бағалауынша,  ғалымның батыс-

шығыс тілдерін еркін меңгеріп, полиглот-ғұлама болуының ең бірінші себебі 

– оның терең де тиянақты орта білім алуында жатса керек. Алғаш бес-алты 

жасар  кезінде  ауыл  молдасына  «барып  «тілін  сындырып»,  жеті-сегізге 

келгенде  ауылдан  25-30  шақырымдай  жердегі  «Қотыртас»  аталатын  құм 

төбенің  қырғыздар  жақ  бетіндегі  Жобал  деген  тұмсығына  салынған  Оспан 

ишанның  мешітінде  үш  жылдай  оқыған,  14-15  жасында  әкесінің 

мақұлдауымен 

Орынбордағы 

«Хұсайния» 

медресесін 

тамамдаған 

Құдайберген  Жұбанов  араб,  парсы,  шағатай  тілдерін  тыңғылықтап  игеріп 

алған, яғни «мұсылманша» оқудың орта дәрежелі курсын мұқият аяқтаған. 

Құдайберген  қай  жерде,  қандай  оқу  орнында  оқыса  да,  үнемі  алдыңғы 

қатарлы  шәкірт  болады,  «үздік»  дегеннен  басқа  баға  алмайды.  Ахмет 

Жұбанов  өзінің  ағасы  жайлы  бір  әңгімесінде:  «Біз  Жұрындағы  орыс 

мектебіне Құдайберген екеуміз бірге келіп түстік. Бізге орыс тілін оқытатын 

жергілікті  шіркеудегі  поптың  қызы  еді.  Кейін  естідік,  ол  астыртын 

революциялық  ұйымдармен  байланысы  бар  адам  екен.  Мен  оның 

сабақтарынан  көпшілігінде  «жақсы»  деген  баға  алатынмын.  Құдайберген 


15 

 

болса,  тек  «үздік»  бағамен  оқыды.  Жақсы  оқыған  шәкіртін  ұстаз  да  жақсы 



көреді  емес  пе...  Құдайбергеннің  сабақ  айтқанына  риза  болған  мұғаліміміз 

оған әрдәйім «милый, мой милый!» деп тіл қататын», – деп сыр қозғайды. Бір 

ғажабы,  Қ.Жұбанов  өзі  түскен  ресми  оқу  орындарының  бәрін  уақытынан 

бұрын  бітіріп  отырған:  бес  жылдық  Жұрын  мектебінің  төртінші-бесінші 

кластарын  бір  жылда,  Електегі  алты  жылдық  училищенің  5-6  класын  бір 

жылда, «Хусайния» медресесін үш жылда тамамдап шыққан. Оның оқуға де-

ген зейінділігі мен ғаламат алғырлығы, міне, осы жайлардан айқын көрінеді. 

Сол  кездері  халық  ағарту  ісін  прогреске  жетелейтін  жол  деп  ұққан 

жастар қазақ арасында бір шоғыр болып көріне бастады. Құдайбергеннің жас 

күніндегі жақын досы Жиенғали Тілепбергенов те қазақ зиялылары арасында 

осындай  бағыт  ұстанған  болатын.  Ж.Тілепбергенов  Құдайбергеннен 

ересектеу  болған,  сол  кезде  ол  Ғалия  медресесінде  оқыған.  Бұл  жастарға 

жоғары  білім  берген  жақсы  бір  оқу  орны  саналған  әрі  сол  кездегі  Ақтөбе 

атырабынан зиялы қауымның шығуы мен жетілуіне зор ықпал еткен. 

Қ.Жұбановтың  1914  жылы  Орынбордағы  Хұсайния  медресесіне  оқуға 

барып түсуіне, бәлки, осы кісінің (Ж.Тілепбергеновтің) берген ақыл-кеңесі де 

себепші  болуы  мүмкін.  Осында  жүріп  ол  жалпы  білім  беретін  пәндерді 

тереңірек  үйреніп,  орыс  тілін  жетік  меңгере  бастады  және  Ш.Х.Сарыбаев, 

Н.Манаев,  Е.Жәрменов  сынды  абзал  жолдастар  тапты.  Шамғали  Сарыбаев 

кейін  қазақ  тілін  оқыту  әдістемесінің  теориялық  курсын  жазған  әдістемеші 

ғалым  атағына  ие  болды.  Н.Манаев,  Е.Жәрменов  болса,  халық  ағарту 

саласында жемісті еңбек еткен белгілі қайраткерлер дәрежесіне көтерілді.  

1917  жылы  Жұрындағы  екікластық  орыс  мектебін  бітіргеннен  кейін 

Құдайберген  Орқаштағы  біркластық  орыс  мектебінің  мұғалімі  Құсайын 

Ашығалиевтің  кеңесімен  Күйікқалаға  (Илецк)  барып,  ондағы  екікластық 

училищеге түсіп, білімін әрмен қарай жалғастырады. 

«Құдайбергеннің  осы  Күйікқала  сапарына  аттануының  өзі  бір  қызық 

жағдай  болып  еді,  –  деп  еске  алады  ол  кісінің  бірге  туған  інісі  –  өнер 

ғылымының  докторы,  Ұлттық  ғылым  академиясының  академигі  Ахмет 

Қуанұлы  Жұбанов.  Со  бір  жылғы  Қуанның  отбасындағы  қиыншылықтарға 

орай әкеміз Құдайбергенді оқуға жібермей, үй шаруасымен айналысасың деп 

ауылда  қалдырған-ды.  Бір  күні  әкеміз  Құдайбергенді  Жұрындағы  теміржол 

стансасынан  азық-түлік  алып  келуге  жұмсаған  еді,  ағамыз  теміржол 

стансасына  жеткен  бойда  астындағы  атын  телеграф  бағанына  байлапты  да, 

Күйікқала қайдасың деп келе жатқан бір пойызға мініпті де кетіп отырыпты. 

Стансаға  барған  ауылдың  адамдары  әкеміздің  атын  танып,  бағаннан  шешіп 

алып,  үйге  әкеп  тапсырғанда  Құдайбергеннің  оқуға  кетіп  отырғанын  бір-ақ 

білдік» (9). 

Сонымен,  Оспан  ишанның  мешітінен  Құран  үйренуден  бастап, 

Күйікқаладағы  орыс  училищесінен  орта  білім  тәмамдаған  Құдайбергеннің 

білім алу жолындағы қадамының алғашқы кезеңі осымен аяқталды десек те 

болады. 


16 

 

Шығыстың  ғұламаларының  шығармаларын  жата-жастанып  оқыған 



жасқа  Орынбордағы,  Күйікқаладағы  кезең  орыс  тілін  жетік  білуге  септігін 

тигізеді.  Осының  нәтижесінде  орыс  тіліндегі  бай  әдебиетпен  танысуға 

мүмкіндік  алады.  Кейін  қазақ,  орыс  тілдерінде  бірдей  жүйрік  жазуына  осы 

кезеңдегі  алған  ілім-білімнің  әсері  мол  болды  деуге  толық  негіз  бар. 

Құдайберген  Жұбановтың  білім  деңгейі  сол  кезең  үшін  жоғары  сапалы 

болғандығын  айтқан  жөн.  Бұл  жөнінде  академик  І.Кеңесбаевтың  былай 

дегені  бар:  «Қ.Жұбановтың  алғашқы  шәкірттік  кезеңде  алған  білімдері 

кейіннен  оның  жақсы  тіл  маманы  болуына  негіз  болды.  Бұл  жылдарда  ол 

құрылысы  басқа  араб,  парсы  және  орыс  тілдерін  тәжірибе  жүзінде  игеріп 

алады. Құдайберген Жұбанов он сегіз жасқа толмай жатып түркі, араб және 

парсы тілдерінде сөйлей де, жаза да білген» (8). 

 

 



Жігерлі жас маман 

 

Әкесі Қуан мен ағасы Тәпен дүниеден өткеннен соң (1919) енді екі үйлі 



жанды  асырау,  үлкендеріне  тірек,  кішілеріне  қамқоршы  болу  жиырма 

жастағы  Құдайбергеннің  басына  түседі.  Әрі  қарай  оқу  дегенді  енді  жас 

жігіттің  өзі  де  ойына  дарытпайды.  Қызмет  істеуге  кіріседі,  бала  оқытудан 

бастайды.  Бұл  Қазан  төңкерісі  жеңісінің  алғашқы  жылдары  еді.  Жаңа  дәуір 

қазақ даласына енді-енді ене бастаған шақ болатын. Төңкерісті, жаңа орнаған 

жас кеңес өкіметін бірден таныған жасөспірім Құдайберген ағартушылықпен 

қатар  ауылда  жаңа  тұрмыс,  жаңа  құрылыс  орнатуға  белсене  кіріседі.  1920 

жылы Жұрындағы Қызыл штаб мүшесі болып, өз аулы Темірорқашта кеңес 

тәртібін  орнатысады.  Құдайбергеннің  осы  еңбегі  ескеріліп,  Темірорқаш 

болысы  Жұбанов  ауылсоветі  аталады.  Бұл  ауыл  1937  жылға  дейін  осылай 

аталып келді. Қазірде бұл – Орқаш елді мекені. 

Орысша  да,  қазақша  да  сауатты  Құдайбергенді  көп  ұзатпай  Темір 

қаласына  орналасқан  уездік  Совдеп  өзінің  аппаратына  қызметке  алдырады. 

Ол  алғашында  кеңестік  бақылау  бөлімін  басқарады,  уездік  атқару 

комитетінің  мүшесіне  сайланады.  Бұл  кезеңде  әкімшілік  жұмысын  атқару 

мейлінше қиын еді. Әншейінде атаға, руға бөлінгіш қазақ ауылдары өкіметке 

салық төлеу, мал өткізу науқаны басталғанда жік-жікке бөлініп, арыз-шағым 

қаптап кетеді. Осындай екіұдай таластардың ақ-қарасын айырамын, әділдікті 

ұстанамын  деп  жүргенде,  оның  өзіне  біреулер  нақақтан  бәле  жауып,  ісі 

тергеуге алынады. Тіпті түрмеге де жабылады. 

Жазықсыз  жапа  шегуге  сәл  қалған  Қ.Жұбановтың  Мәскеуге  жолдаған 

арызы  бойынша  төтенше  комиссия  шығып,  жалған  айыптаулар  түгелдей 

бекерге  шығады.  Құдайберген  Қуанұлы  қайтадан  уездік  атқару  комитетіне 

қызметке тұрады. Енді ол уездік оқу бөлімінбасқарады. 

Бұдан  соң  Қ.Жұбанов  1922  жылдардан  бастап  Темір  қаласындағы 

(Жұрыннан  35  километр  жердегі)  уездік  ағарту  бөлімінде  инспектор  болып 

істейді.  Бұл  кезде  ол  бір  қағаздан  екіншісіне  цифрлар  көшіріп  отыратын 


17 

 

кеңсе  қызметкері  болуға  емес,  шын  мәнінде  жаңа  қоғамның  отты,  ойлы 



мүшесі,  халықтың  ағартушысы  болуға  ұмтылады.  Ол  күнделікті  өмірге 

ісімен, сөзімен араласады. 

Темірде Құдайберген Жұбанов тындырған шаруалардың бір парасы хат 

танымайтындарды  сауаттандыруға  байланысты.  Қазақ  АКСР  Орталық 

Атқару  комитетінің  халықты  жаппай  сауаттандыру  жорығын  өткізу  туралы 

қаулысы  жарияланған  тұс  еді.  Бұл  мәселе  аса  маңызды  да  шұғыл  шара 

саналған.  Қайраткер  осы  жорыққа  ерекше  белсене  араласады.  Оқу  жылы 

аяқталысымен  уездің  оң  жақ  еңіріндегі  Жем-Байсара  болысын,  Темір 

өзенінің  төменгі  ағысындағы  Темір-Орқаш  болысының  ауылдарын  аралап 

қайтуға  елге  шығады.  Сол  кезде  уездік  жұмысшы-батырақ  қызметкерлері 

одағының уәкілі болып қызмет атқарған Хайрулла Меңдібаевтың айтуынша, 

Құдайберген  Қуанұлы  әрбір  мектепте  екі-үш  күн  болып,  мектептердегі 

жұмыс қорытындыларымен, сабақ беру тәжірибесімен жақынырақ танысқан. 

Мұғалімдерге  оқыту  сапасын  жақсарту  жөнінде  ақыл-кеңестерін  берген.  Ол 

сауатсыздарды  оқыту  ісіне  ерекше  көңіл  бөлді.  Қалаға  арнайы  адамдар 

жібертіп, сауатсыздарды оқытатын мектептерге қалам, қарындаш, дәптерлер 

алдырады. 

1925  жылы  Қ.Жұбанов  Ақтөбе  қаласының  губерниялық  халық  ағарту 

органында  методикалық  инспектор  болып  істейді.  Сонымен  қатар 

педтехникумда  сабақ  береді.  Сол  кезде  Ақтөбе  губерниясы  халық  ағарту 

бөлімі  меңгерушісінің  орынбасары  болып  істеген  Қазақ  КСР-ның  еңбек 

сіңірген  мұғалімі  В.Решетняк  Қ.Жұбанов  туралы  былай  дейді:  «Орыс 

мектебінің  методисі  болып  істеген  Прокопий  Кобой  дегенді  тәртібінің 

нашарлығы,  мінезінің  дөрекілігі  үшін  жұмыстан  шығарып  жібергеніміз  әлі 

күнге есімде. Ол жылдарда оның орнын баса қойғандай методисті қазақ түгіл 

орыс  мамандары  арасынан  таба  қою  оңай  болмайтын.  Бізді  бұл 

қиыншылықтан  құтқарған  Құдайберген  болды.  Ол  орыс  мектептерінің 

методисі  қызметін  уақытша  өз  жұмысымен  қоса  атқара  тұрсам,  қалай 

қарайсың  дегенді.  Өзі  келіп  айтты.  Және  де  бұл  жұмысқа  мені  сынақ 

мерзіммен алыңыздар дегенді өз аузымен айтқанын әлі ұмытқан жоқпын.  

Алайда Құдайбергенді сыннан өткізудің бізге қажеті бола қойған жоқ. 

Өйткені  түу  дегеннен-ақ  ол  осы  екі  бірдей  жауапты  жұмысты  мүлтіксіз 

атқарып,  зор  қабілеттілік  танытқан  еді.  Бәрін  де  еш  қиналмастан-ақ  атқара 

білді» (10). Тіс қаққан, мол тәжірибелі шенеуніктің назарын өзіне аудартқан 

жігерлі жастың білімділігі мен еңбекқорлығы болатын. 

В.Решетняктың  айтуына  сүйенсек,  Құдайберген  Қуанұлы  сол  кездің 

өзінде-ақ неміс, ағылшын,  француз тілдерін үйренуге бар ынта-жігерін сала 

кіріскен.  Алдымен  ол  бұл  тілдерден  сабақты  қала  мұғалімдерінен  үйреніпті 

де,  кейін  өз  бетімен  оқып  жаттыға  бастапты.  Осы  жылдарда  ол 

И.П.Павловтың,  В.М.Бехтеровтың  т.б.  ғалымдардың  еңбектерімен  танысып, 

бар  ынтасын  психология,  педагогика,  логика,  рефлексология  пәндерін 

тереңірек  білуге  ерекше  ден  қояды.  Мәскеудің,  Қазанның,  Бакудің, 

Тәшкеннің, 

Петербордың 

Е.Д.Поливанов, 

В.А.Богородицкий, 



18 

 

И.И.Мещанинов,  Ағамалы-оғлы  сияқты  лингвистермен  хат  алысып, 



пікірлесіп тұрады.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет