Лиро-эпостық жырлар. Қыз Жібек пен Қозы Көрпеш Баян сұлу жырының ұқсастықтары



бет1/2
Дата06.01.2022
өлшемі46,66 Kb.
#13645
  1   2

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті



Лиро-эпостық жырлар. Қыз Жібек пен Қозы Көрпеш Баян сұлу жырының ұқсастықтары

Орындаған:Жумаканова Е.Б.

Тобы:Кя-903с

2020 жыл


Жоспар:

1.Лиро-эпостық жырлар, оның зерттелуі

2. Қыз Жібек пен Қозы Көрпеш Баян сұлу жырының ұқсастықтары мен айырмашылықтары

Халқымыздың ауыз әдебиетінде ұрпақтан- ұрпаққа қалдырып, ғасырлар өткен сайын ұлылығын асыра түсіріп келе жатқан асыл мұраларымыздың бірі – лиро-эпос жырлар.

Бір жағынан, лирикалық, сыршылдық са- рыны бар, екінші жағынан, оқиғалы болып, эпосқа тән сипатқа ие болатын шығарма түрі. Ғашықтық жырлардың мазмұны халқымыздың ертедегі жалпы әдет-ғұрпына, үйлену салтына байланысты өмірге келген.

Қазақ фольклорында екі жастың махаббаты туралы әңгімелейтін эпикалық шығармалар тобы бар. Оларды фольк- лортану ғылымы «лиро-эпос» деп атайды. Қазіргі шақта «романдық эпос» деген атау да орныққан. Біз қазақ ұғымына түсінікті, әрі ел арасында айтылып жүрген «ғашықтық жыр- лар» деген атауды қолданғанды жөн көрдік. (Рас, кейде балама атау ретінде «романдық эпос» тіркесін де пайдаланамыз).

Екі жастың бір-біріне деген сүйіспеншілігін жырлайтын эпостарда, негізінен, махаббат отына жанған қыз бен жігіттің қосыла алмай, трагедияға ұшыраған тағдыры баяндалады. Әдет- те, олардың бақытына кедергі болатын нәрсе—ата-аналардың қарсылығы, немесе қызға ғашық басқа жігіттің жауыздығы, иә болмаса екі рудың араздығы болып көрсетіледі. Міне, тақырыптың, оқиғаның осы негізде өрбуі бұл шығармалардың ел арасына кең таралуына себеп болған.

Ғашықтық жырлар көркем фольклордың даму барысында батырлық эпостан кештеу қалыптасқан, бірақ бұл қаһарман- дық жыр мүлде өшіп, оның орнына романдық эпос келді де- ген сөз емес. Эпостың бұл екі түрі көп уақыт бірге, бір-бірі- мен байланыса, қатарласа өмір сүрген. Сондықтан олардың ұқсастықтары да аз емес, айырмашылықтары да баршылық.

Ғашықтық жыр да, батырлық жыр да эпос жанрына жа- тады, сондықтан олардың жалпы поэтикалық сипаты ұқсас. Айталық, сюжеттік құрылымдардың бір типті болып ке- луі, образдар жүйесіндегі біркелкілік, яғни кейіпкерлердің тек біржақты суреттелуі, өлең құрылысы мен бейнелеуіш құралдардың біртектілігі секілді белгілер эпостың екі түрінде де кездеседі. Бұлар эпос жанрының табиғатынан туындаған ұқсастық. Сонымен бірге батырлық жырдың ғашықтық эпосқатигізген әсері де бар. Мәселен, қызды сүйген жігіттің образын- да қаһармандық қасиеттердің болуын, қыздардың бейнесінде- гі әдемілік, адалдық сияқты қасиеттермен бірге ержүректік пен қайрат-күштіліктің көрінуін батырлық жырдың ықпалы деуге болады.

Дей тұрғанмен, романдық эпостың өзіндік белгілері де көп. Ең алдымен, оның басты тақырыбы—соғыс емес, бей- біт өмірдегі екі жастың махаббаты. Сүйгеніне қосылу үшін күрескен қыз бен жігіттің бүкіл тіршілігі, іс-әрекеті кәдімгі қазақ аулында өтеді, сол себепті елдің тұрмысы, салты, ғұрпы жан-жақты көрсетіледі. Ғашықтық жырдың күллі бітімі, ауа- ны—тынышты жағдай, кейіпкерлердің іс-қимылдары, тарты- сы—шым-шытырық емес, ал оқиғаның өрбуі—баяу, кәдуілгі, күнделікті өмірдің ағымына сәйкес. Романдық эпостың тағы бір негізгі ерекшелігі—шығарманың аяқталуы көп жағдайда трагедиялы болып келеді. Ал бұл жанрдың сюжеттік негіздері мен кейіпкерлері шығу тегі жағынан көне аңыздауларға да, кейінгі уақыттарда болған шын оқиғаларға да арқа сүйейді және оларды таза романтикалық пафоста баяндайды. Соның өзінде де эпостың мәнін жоғалтпай, кейіпкерлердің ішкі сезім- дерін, олардың қуанышы мен күйінішін суреттеуге кең орын беріледі, қаһармандардың адамгершілік қасиеттерін ашуға үлкен көңіл бөлінеді. Мұндай жағдай кейіпкерлерді шындық- қа жақын етіп бейнелеуге, оларды аспандата әсірелемеуге мін- деттейді. Егер батырлық жырларда болашақ батыр ғажайып жағдайда туып, жедел өсіп, ерлік күш-қайратын бала шағын- да-ақ көрсетсе, романдық эпоста бас кейіпкерлер әдеттегі адам- дар сияқты, ержетіп, есейеді. Мұнда қаһарман өзінің сүйіктісін де тек ерлікпен ғана емес, сырт пішін-келбетімен, ақылымен, өнерімен тәнті етіп, табындырады. Бұлай болуының себебі— ғашықтық жыр жанры қалыптасып, өркендеген дәуірдегі қоғамда жігіттің (қыздың да) идеалы өзгере бастаған болатын. Енді идеалды жігіт—тек қара күштің иесі ғана емес, ол алды- мен өнерлі, білімді, яғни «сегіз қырлы, бір сырлы» азамат бол- ды.

Жалпы, әлем халықтары фольклорының тарихына көз салсақ, ғашықтық жыр көркем эпос ретінде, негізінен, өркен- деген феодалдық қоғамда қалыптасып, дамиды екен. Оның се- бебі бұл кезеңде адамдардың санасында, өмірде рухани өзгеріс орын алып, жаңа қоғамдық идеал пайда болатын көрінеді. Енді өмір сүру үшін тек батырлық көрсетіп, сыртқы жаулармен соғысу ғана емес, бақытты болу мақсаты алға шығады да, елдің сана-сезімінде жеке адамның тағдыры мен әлеуметтік мәселелер көкейге қонып, маңызды бола бастайды. Бұл тұста бүкіл мәдениет қайраткерлерінің, ақындар мен жыршылардың назары жеке адамның бақыты мен тағдырына, махаббат пен отбасы мәселелеріне ауысады. Мұндай өзгерістің болуы заңды еді. Өйткені әрбір жаңа дәуір мен жаңа ұрпақ бұрынғы мұраны ғана пайдаланып қоймайды, олар өз талабы мен талғамына сай дүниелерге мұқтаж болады да, өз уақытының сауалдарына жа- уап беретін шығармалар тудырып, соған сәйкес кейіпкерлерді сомдайды. Өстіп, дүниеге екі жастың тағдырын баяндайтын көлемді эпикалық жыр дүниеге келіп, романдық эпос жанрын қалыптастырады.

Біздің ғашықтық жыр жеке көркем жанр ретінде Қазақ хандығы кезінде қалыптасқан. Әлбетте, оның кейбір сюжеттері мен сарындары өте ерте заманда пайда болған. Бұл тұрғыдан қарағанда, ондай сюжеттер мен сарындар сонау рулық қауымның ұғым-түсініктеріне, алғашқы мемлекеттер мен Түркі қағанаты замандарындағы наным-сенімдерге, дүниетанымға меңзейді. Мұның өзі романдық эпостың көркем түрге дейінгі даму жолы өте ұзақ болғанын аңғартады. Мұны, мәселен, «Қыз Жібек» және «Қозы Көрпеш—Баян Сұлу» жырларынан көруге болады.

Қазақ романдық эпосының классикалық үлгісінің бірі—«Қыз Жібек» жыры. Бұл да—ерте заманда туып, Қазақ хандығы тұсында өнер туындысына айналған көркем шығарма. Мұның ең басты ерекшелігі—үлкен екі сюжеттен тұратындығы. Яғни «Қыз Жібек»—екі бөлікті шығарма. Бірінші бөлімінде Төлеген мен Жібектің сүйіспеншілігі мен Төлегеннің қарақшы Бекежанның қолынан мерт болғаны баяндалады. Ал екінші бөлімнің мазмұны—Төлеген өлгеннен кейінгі Жібектің тағдыры және оның Сансызбай- мен қосылуы.

Жырдың жалпы нобайы мен тақырыбына, сюжеттің, оқиғаның даму логикасы мен композициясына қарағанда, оның бірінші бөлімі өзінше жеке шығарма болып туып, ел арасына тараған болу керек. Мұндай пікірді кезінде Ғабит Мүсірепов те айтқан екен1. Бұл бөлім жеке күйінде нағыз ғашықтық жырдың үлгісі болып көрінеді, яғни бірін-бірі сүйген екі жастың бақытсыз тағдырын баяндаған болу керек. Ондай жағдайда жеке жыр ретінде өмір сүрген бұл бөлім траге- диямен аяқталған деп ойлауға болады: Төлеген опат болғанын білген Жібек өмірмен өзі қоштасқан тәрізді.

Композициялық құрылымы бойынша жырдың алғашқы бөлімі, негізінен, «Қозы Көрпеш—Баян Сұлу» секілді таза романдық эпосқа жақын:

1.Төлегеннің ерекше жағдайда дүниеге келуі: алдыңғы сегіз бала шетінеп кеткеннен кейін, солардың өтемі ретінде тууы.

2. Қалыңдық іздеп, сапар шегуі.

3. Болашақ қайын жұртына келуі.

Рас, Төлегеннің қызды іздеу сапары мен арудың аулына

келуі Қозыдан гөрі өзгеше. Ол Қозы сияқты ұзақ жүрмейді, қиналмайды және жасырын да келмейді. Төлеген ашық келіп, өзінің мақсатын ашық айтып, елге жария етеді, Қозы секіл- ді мал бағып жүрмейді. Есесіне ол ұнатқан қыздың әкесіне қалыңмал төлеп, «заңды» күйеуге айналады. Қайын жұртында Жібекпен ойнап-күліп үш ай тұрады да, еліне қайтады. Бірақ әкесі Төлегенге қайын жұртыңа келесі жылы барасың деп, дереу аттануға рұқсат бермейді. Алайда Төлеген әкесінің тыйымына қарамай, жалғыз өзі жолға шығып, айдалада қарақшылардың қолынан мерт болады.

Міне, осылардың бәрі ертегінің құрылымын еске түсіреді: кейіпкердің бірнеше баланың өлімінен кейін тууы, яғни Құдайдан тілеп алған перзент болуы, оның қыз іздеп, алысқа са- пар шегуі, қыздың еліне келуі, қыз әкесінің талаптарын орын- дауы, қызға үйленуі және қыздың елінде біраз уақыт тұруы мен еліне қайтуы. Тіпті, әкесінің баласына тыйым салуы мен Төлегеннің тыңдамай кетіп қалып, опат болуы да ертектегідей: тыйым—тыйымды бұзу—жаза тарту. Бұл мотив—ертегінің өзегі. Әрине, эпос бұларды өте көркем әрі лирикалық мағынада көрсетеді. Мәселен, Төлеген жай ғана, еріккеннен қыз іздемей- ді. Ол тек өзі ұнатқан, сүйген қызды ғана алмақ ниетпен іздей- ді. Төлеген ондай қызды табады, оны құлай сүйеді, қыз да оны сүйеді, сөйтіп, екеуі аз уақытқа болса да, бақыт құшағында болады. Төлегеннің Жібекті сүйгені соншалық—ол тіпті әкесінің тыйымын бұзып, сүйіктісіне берген уәдесін орындау үшін қатерлі жолға жалғыз шығады.

Төлегеннің мерт болған жағдайы да ғашықтық жырға сай көрсетіледі: дұшпаны оны қырық күншілік шөлдегі Қособа деп аталатын жерде қапысын тауып өлтірді. (Жердің Қособа аталуының өзі—трагедиялық оқиға болатынын аңғартады). Төлегеннің өлімі де романдық эпос ауанына сәйкес: ол қырық қарақшымен күні бойы атысады. Астындағы болдырған Көкжорға да тұрып қалады. Бекежан болса, оның сыртынан жасырын келіп атады. Егер Бекежан бетпе-бет келсе, Төлеген бой бермес еді дейді жыр. Сонымен, Төлеген батқан күнмен бір- ге қапыда өледі...

Ғашықтық жыр жанрының заңы бойынша, Төлегеннің өлгенін естіген Қыз Жібек өзі де өмірмен қоштасуы керек еді. Алайда ол олай етпейді, тірі қалады. Енді оқиға әрі қарай дами- ды. Осылай, «Қыз Жібек» жырының екінші бөлімі басталады.

Бұл бөлім—батырлық эпос мәнінде баяндалады: Төлегеннің інісі Сансызбай хабарсыз кеткен ағасын, оның әйелін іздеп шығады, бірақ ол тек Жібекті ғана табады. Жесір қалған жеңгесін зорлықпен алғалы жатқан қалмақпен соғысып, Жі- бекті алып, аулына қайтады. Осы желіге құрылған екінші бөлім, яғни Сансызбай-Жібек бөлімі эпикалық жанрда жиі кездесетін эпилог болып шыққан. Әдетте, мұндай эпилогта әкесінің, немесе ағасының істей алмай кеткен шаруасын бала- сы, я болмаса інісі жалғастырып, тындыратын болған. (Мұны ғылымда «шежірелік тұтастану» деп атайды). Ол әкесінен, яки ағасынан әлдеқайда күшті болады да, олардың шамасы келмеген жауларды түгел жайратады, сөйтіп, олардың өсиетін жүзеге асырады.

«Қыз Жібек» жырында мұндай рөлде Сансызбай көрінеді. Ол ағасының алысқа, Жібек аулына жол тартқанда «олай- бұлай боп кетсем, асыл туған Жібекті еш жаманға қор қылмай, өзің бір алып, сүйгейсің» деп айтқан өсиетін толық орындайды. Қалмақтың ханы Қоренді жекпе-жекте өлтіріп, қалың қалмақ қолын қырады да, жеңгесін алып, еліне қайтады.

Жалпы, осы екінші бөлімнің сюжеті өте көне болып есепте- леді. Ол сонау ежелгі рулық қауымда жігіттің өз қалыңдығын (немесе әйелін) жау қолынан азат еткені туралы айтатын аңыздау түрінде пайда болған сюжет. «Қыз Жібекте» бұл сюжет тарихи тұтастануға сәйкес кейінгі, ХVІ-ХVІІІ ғасырлардағы қалмақ-қазақ ұрыстарының бір көрінісі болып шыққан да, қаһармандықпен қатар лирикалық мазмұнда баяндалған.

Сонымен, көзіміз жеткені—«Қыз Жібек» жыры фабула- сы әртүрлі, әр кезде туған екі сюжеттен құралған эпос екен. Қалыңдығын (немесе әйелін) жау тұтқынынан ерлікпен бо- сатып алған жігіт туралы көне қаһармандық сюжет бағы ашылмаған екі ғашық жөніндегі романдық эпосқа кірігіп, осы эпостың жалғасына айналған да, Жібектің күйеуі—Төлеген өлгеннен кейінгі тағдырын көрсетеді. Ал енді осы айтылған контаминация қашан және не үшін жүзеге асқан? Біздің топ- шылауымызша, ежелгі сюжеттің ғашықтық жырға енуі ХVІІІ ғасырда жүзеге асқан секілді, себебі бұл тұста қазақ фолькло- рында эпикалық дәстүр мен шығармашылық мейлінше өріс алып, дамыған болатын.

Қазақ тарихында ХVІІІ ғасыр—ұзаққа созылған ең бір жау- гершілік заман болып, қазақ халқы жоңғар басқыншылары- мен және Еділ қалмақтарымен жерін, елінің тәуелсіздігін сақтау үшін сан рет соғысқаны белгілі. Осы дүрбелең дәуір ақындар мен жыршыларды ежелгі ру-тайпалық эпостарды қайта жырлауға, жаңғыртуға мәжбүр етті. Олар жаңадан жырлағанда сол шақтағы қоғам алдында тұрған мақсат-мін- деттерге сай етіп жырлады және жаңа шығармалар тудырды. Сөйтіп, қазақ эпосы тарихи тұтастануға түсті. Мұхтар Әуезов: «Жырдың екінші саласы осы жаугершілік заманға келіп килі- геді. Жайық бойындағы аз ру шектілерге торғауыттардың ол кезде, белгілі бір кезеңде үстем болуы рас2», деп жазуы біздің ойымыздың дұрыстығын көрсетсе керек. Сонымен, «Қыз Жі- бек» жырының екі бөлімі ХVІІІ ғасырда қосылып, тұтас бір көркем шығармаға айналған деп айта аламыз. Сансызбай ту- ралы бөлімнің қосылуының тағы бір себебі—жыршылар мен тыңдаушылардың Жібектің әрі қарайғы тағдырын білгісі ке- луі мен жұртшылықтың жырды бақытты аяқталуын қалауы. Тегінде, фольклорлық шығармалар әрқашан жақсылықпен аяқталады: ертегіде бас кейіпкер зұлымдықтың бәрін жеңіп, сүйгенін алып, барша мұратына жетеді; эпоста да солай, батыр барлық жауын жайратып, елге тыныштық орнатады, арма- нына жетеді. Бұлай болуы халық арманы мен эстетикасынан туындаған заңдылық.

Жібек пен Сансызбай туралы сюжеттің жырға эпилог болып енуі, сөз жоқ, эпостың бірінші бөліміне де өзгеріс енгізген. Оны мынадай мотивтер мен эпизодтардан көруге болады: Төлегеннің еліне қайтып келуі; Базарбайдың Төлегенге қайтадан Жібек- ке баруына рұқсат бермеуі; Төлегеннің алыс жолға жалғыз кетуі; Төлегеннің Сансызбайға Жібекті тапсыруы; Жібектің Сансызбайды күтуі; Жібектің Сансызбаймен қосылуы, т.б. Жоғарыда айтқандай, жырдың бірінші бөлімі Төлегеннің және Жібектің өлімімен аяқталуы керек еді. Ғашықтардың арасы- на Бекежан кіріп, Төлегенді өлтіруге тиісті еді. Бәлкім, Ғабит Мүсірепов айтқанындай, бірінші бөлім әдепкі түрінде осылай аяқталған да шығар. Алайда жырда Бекежан Төлегенді дереу өлтірмейді. Ол Төлегенге әйелімен үш ай тұруға мүмкіндік бе- реді. Бекежан арам ойын ыңғайлы жағдайда орындамақ, яғни Төлеген жеке қалғанда өлтірмек. Ондай сәт туады да: Төлеген әкесінің рұқсатынсыз Жібектің аулына жалғыз шығады. Неге бұлай болады? Базарбай неғып өзгеріп қалды? Оның өзі емес пе еді Төлегенге қыз айттырмай, сүйгенін алсын деп, ерік беріп қойған? Төлеген Жібектің еліне алғаш аттанғанда рұқсат бер- ген де өзі еді ғой? Енді неліктен ол екінші рет баруға қарсы бола қалды?

Жырда бұл сұрақтарға жауап берілмейді, Базарбайдың өзгеріп қалғаны да түсіндірілмейді. Жыр мен жыршылар үшін ең басты нәрсе бұлар емес. Олар үшін аса маңызды нәрсе—Ба- зарбай Төлегеннің таңдауына риза емес, сол себепті ол баласына рұқсат бермейді. Ал Төлеген болса, әкесінің рұқсатынсыз, бата- сын алмай, жолға жалғыз шығады. Оның соңынан еріп, біраз жерге дейін жылап шығарып салған—жалғыз інісі Сансызбай. Сансызбаймен қоштасып тұрып, Төлеген оған:

Олай-бұлай боп кетсем,

Асыл туған Жібекті

Еш жаманға қор қылмай,

Өзің бір алып, сүйгейсің!—деп табыстайды.

Төлеген—қазақ эпосы, тіпті бүкіл қазақ фольклоры үшін жаңа кейіпкер. Ол Қозы Көрпештен де өзгеше. Қозының бей- несінде батырлық қасиет көп. Ал Төлеген—нағыз лирикалық кейіпкер. Ол бай болуды, батыр болуды көксемейді. Оның ар- маны—өзіне лайықты сұлуды сүю, соны өзіне өмірлік жар ету. Жыршы да осыны айтады: «Батырлық, байлық кімде жоқ, Ғашықтың жөні бір басқа». Демек, сол кездің қоғамында осындай ой-пікір болған, яғни ел ішінде махаббат—өте таза, бәрінен ерекше, биік сезім, оны кез келген адам біле бермейді деген ұғым қалыптасқан. Нақ осындай ерекше сезім Төлегенді әкесінің бата бермегеніне қарамастан, алыс жолға жалғыз ат- тандырады. Төлеген үшін өмірдің мәні де, сәні де—махаббат, махаббат үшін күресіп, өмір сүру, сүйгеніне үйлену. Сондықтан да болу керек, оның мінезі де, істері де әдеткі эпостағыдай емес. Ол аң да ауламайды, мал да бақпайды, жастайынан батырлық мінез де танытпайды, батырлық өнерді де үйренбейді. «Періш- те сипатты ұл» боп тууының өзі—оның ерекше сұлу болатынын білдіреді. Демек, ол батыр болмайды: Төлеген кәдімгі батыр- ларша «сағат сайын» өспейді, бозбала кезінде ешбір ерлік іс- әрекет жасамайды. Есесіне он екі жасында өзіне пара-пар сұлу қыз іздей бастайды. Он алты жасқа толғанда ат тұяғы жететін жерді түгел шарлап шығады. Қыз Жібек туралы ести сала, ол еш ойланбастан жолға шығады.

Егер Қозы Көрпеш қалыңдығының аулына жалғыз шығып, көп қиындық көріп, ұзақ жүріп жетсе, Төлеген қасына бірнеше нөкер ертіп, «жылқыдан екі жүз елу жорға алып, бірнеше күн жол жүріп, Шекті деген елге келіп, шатырды тігіп, жорғаларын жайып салып, жұртқа жар салады». Байқайтынымыз—Төлеген алыс елге шаршамай-талмай, еш қиналмай, аз-ақ күнде жетеді.

Оның қызды таңдауы да өзгеше. Қызын көрсеткен әрбір адамға бір жорғадан береді. Тіпті, Төлегеннің өзі Жібекке құда түседі. Бұл да—оның ерекшелігі. Оның құда түсу әдісі де айрықша. Ал- дымен жұртқа жорға таратып, Шекті еліне «мырзалықпен» та- нылады да, Қаршыға арқылы Жібекті көруге мүмкіндік алады. Бұл жерде Төлеген тағы бір мінез көрсетеді. Ол Қаршығаның сөзіне сеніп қана Жібекке іңкәр болмайды, мақтаулы қызды өз көзімен көргісі келеді. Яғни Төлеген қызға сырттай ғашық болғысы келмейді, қызды өзі сынап, өзі тілдесіп қана бағала- мақ. Міне, жастайынан өзіне тең қызды іздеген Төлеген мұнда да сол әдетінен таймайды.

Көркем шығарма болғандықтан, жырда Төлеген мен Жібектің бір-біріне деген сүйіспеншілігі бірден ашылмайды. Жібекке деген Төлегеннің ынтықтығы сатыланып көрсетіледі. Ең алғаш Жібек туралы ол өз елінде жүргенде естіп, сұлуды із- деп шығады. Содан соң Жібек жайында Қаршығадан қанығып, оны көруге асығады. Сөйтіп, Қаршығаға ілесіп, көштің соңына түседі. Көш үлкен, аяғынан басына дейін баруға тура келеді. Жол бойы бірінен бірі әдемі он үш қызды көреді. Әрқайсысын Жібек екен деп жақындағанда, Қаршыға «Жібек емес» дейді. Жырда қыздардың келбеті өте шебер суреттелген, оларды көрген Төлеген енді тезірек Жібекті көруге асығады. Қаршығадан озып, Жібектің күймесіне бұрын жетеді. Бірақ Жібек онымен «сөйлесуге намыстанады». Тек Қаршығаның үгітінен кейін ғана Жібек «бетін бір ашып, жарқ етіп көрініп, амандасты да, қайтадан бетін жауып, пәуескенің қақпағын түймелеп, жатып қалды»,—дейді жыршы. Жібектің ғажайып көркін көрген Төлеген: «Жиһанда бұл сипатты әйел көргенім жоқ еді, енді мұны алайын!»—деп шешеді. Осы сәттен бастап Төлеген енді белсенділік көрсетеді.

Жалпы, Төлеген ғашықтық эпостың дәстүріне сәйкес, өзіне тиісті сынақтардың бәрінен сүрінбей өтеді: қалаған жары үшін ол өз елін, ата-анасын тастап, жалғыз өзі қауіпті сапарға шығады; махаббатқа адалдық танытып, жарық дүниемен қоштасады. Мұндай жағдай романдық эпос кейіпкерінің бәрінің басынан өтеді, Төлеген де осыны бастан кешіреді.

Тумысынан ерекше жаралған Төлегеннің мінезі Жібекке де- ген сезімінен кейін бұрынғыдан гөрі жұмсарып, оның болмы- сын байыта, нұрландыра түседі.

Сонымен қорыта айтқанда, қазақтың классикалық түрдегі ғашықтық жырлары—ежелгі рулық заманда пайда болған «жігіттің үйленуі» туралы түпкі сюжеттің негізінде орта ғасырларда үлкен эпосқа айналған түрі. Бұл сюжет, әсіресе Қазақ хандығы тұсында, көркем фольклордың тамаша үлгісіне айналған. Талантты ақындар мен жыршылар «Қозы Көрпеш— Баян Сұлу» мен «Қыз Жібек» сынды жырларды тамаша романдық эпос етіп жырлаған. Сөйтіп, қазақ фольклорының құрамында ғашықтық жыр жеке жанр болып қалыптасқан.

«Қозы Көрпеш—Баян Сұлу» жырының қай кезде пайда болғаны жөнінде ғалымдар әрқилы болжам айтады. Бір топ зерттеуші бұл жыр Жошы ұлысында дүниеге келген десе, екін- ші топтағы оқымыстылар Ноғайлы дәуіріне телиді. Ал үшінші топтағы ғалымдар аталмыш эпостың пайда болуын Қазақ хандығымен байланыстырады. Бұлардың бәрінен өзгеше пікір- ді М.Әуезов пен Ә.Марғұлан ұсынады. М.Әуезов 1927 жылғы кітабында былай деп жазады: «Қозы Көрпеш нағыз қазақ жұртының әңгімесі болса да, өлгенше ескі заманның әңгімесі. Бұған дәлел— барлық түрік жұртына тегіс жайылғандығы, екіншісі, елдің салтын суреттеген жерлерінен білінеді... Меніңше, «Қозы Көрпештің» өте ескілігін білдіретін дәлел: осы әңгіменің якут (саханың) ішінде болғандығы, олар мұсылман емес. Алыс солтүстікке кеткеніне көп заман, қазақтан оларға «Қозы Көрпеш» әңгімесі артынан қуа баруға қисынбайды. Ол ел жалпы түрік шеңберінен жырылып кеткен күнінде осы жақтан ала кеткен жолдасы болуға лайық. Олай болса, «Қозы Көрпеш» тым кәрі әңгіме болуға керек».

Ал Ә.Марғұлан былай дейді: «Қозы Көрпеш—Баян Сұлу» жырының қай кезде шыққанын жақсылап айыратын белгінің бірі—оның күмбезі. Бұл күмбез өте ерте уақытта, исламнан көп бұрын, ғұн заманында не Түркі қағанаты кезінде тұрғызылған белгі4». Осы еңбегінің тағы бір жерінде Ә.Марғұлан бұл күмбездің, оның ішіндегі тас мүсіндердің жасалған мезгілі— Түркі қағанаты, яғни VІ-VІІІ ғасырлар шамасы» деп нақтылай түседі5.

М.Әуезовте де, Ә.Марғұланда да әңгіме «Қозы Көрпеш— Баян Сұлу» жырының бізге жеткен осы күнгі үлгісі жайында емес, сол жырдың ең ескі, түпкі сюжеті туралы деп ойлаймыз. Егер бұл эпостың қазіргі түрік халықтарындағы (айталық, башқұрттағы, қазақтағы, алтайлықтардағы) нұсқаларын жал- пы мазмұны, кейіпкерлері, мифтік ситуациялары мен жер- су атаулары т.б. компоненттері бойынша салыстыра қарасақ, «Қозы Көрпеш—Баян Сұлудың» ең алғашқы, түпкі сюжеті, шынында да, сонау Түркі қағанаты тұсында пайда болғанына көз жеткізуге болады. Оған дәлел көп.

Ә. Қоңыратбаев батырлық жырлармен ға шықтық жырлардың жанр ерекшеліктерін қорытындылай келіп, он екі айырмашылығын нақтылап көрсетеді.

“Қозы Көрпеш-Баян сұлу”, “Қыз Жібек” нұсқаларын салыстыра зерттеп, бұл шығар- малардың қазақ және басқа түркі халық тарында алатын орнының маңыздылығын айқындау фольклористика ғылымының ал- дында тұрған негізгі мәселенің бірі.

“Қыз Жібек” жырының сюжеті. “Қозы Көрпеш-Баян сұлу” жырынан беріде, шамамен, ХVІІ ғасырда пайда болған делінеді. “Қыз Жібек” жыры қазақ халқының төл мұрасы болса да, оның көптеген бір-біріне ұқсамайтын нұсқалары бар. Ең негізгі деп алынатын “Қыз Жібек” жырының – халық арасына кең тараған нұсқасы мен 1887 жылғы Мұсабай нұсқасы тереңірек қарастырылып, олардың айырмашылықтары мен ұқсастықтары баршылық. “Қыз Жібек” жыры қазақтың төл туындысы десек те, көршілес жатқан қырғыз, қарақалпақ туыстарымызға тарап үлгірген екен. Жыр бертін келе пайда болса да, ақын – жырауларымыз- дың арқасында өзінің жан сұлулығын көрсететін лиро – эпостық шығарманың інжу – маржанына айналғанымен қатар, қазақтың өткен тарихын анық бере алатынымен құнды екенін баса айта аламыз. Барлық нұсқасы да қазақтың тарихын шынайы түрде бере алған.

Қазақ фольклорында жырдың – классикалық эпостық деңгейге көтеріліп, көркем туындыға айналу себептері көп. Әр халық- тың өзіндік ерекшелігін, салт-дәстүрін, тұр-мыс-тіршілігін көрсететін шағын бөлшектер ді, адамдардың мінез-құлқын бейнелейтін психологиялық иірімдерді жырда кеңінен пайдаланып отырған.

Жырдың нұсқасында әр түрлі болып кез- десетін мифтік сарындар, аңыз- әңгімелер, әр алуан сюжеттер мен мотивтер, эпосқа тән элементтерді салыстыру барысында, тарихи – типологиялық байланыстың ең бірінші ке- зекте, туысқандыққа негізделген – тарихи – генетикалық, ал онан соң – қоғамдық дамудың ортақтастығы және көршілестік қарым – қаты- настар барысында пайда болғандығын пайым- дауға болады. Әсіресе, мифтер мен аңыздар- дан түркі халықтарының түп-төркіні аңғарыл-са, эпостық элементтер мәдени қарым-қатынастар мен көршілестіктің нәтижиесі екендігін байқатады.

Төлеген - қазақ эпосы, тіпті бүкіл қазақ фольклоры үшін жаңа кейіпкер. Ол Қозы Көрпештен де өзгеше. Қозының бейнесінде батырлық қасиет көп. Ал Төлеген - нағыз лирикалық кейіпкер. Ол бай болуды, батыр болуды көксемейді. Оның арманы - өзіне лайықты сұлуды сүю, соны өзіне өмірлік жар ету. Жыршы да осыны айтады: "Батырлық, байлық кімде жоқ, Ғашықтық жөні бір басқа". Демек, сол кездің қоғамында осындай ой-пікір болған, яғни ел ішінде махаббатты - өте таза, бәрінен ерекше, биік сезім, оны кез келген адам біле бермейді деген ұғым қалыптасқан. Нақ осындай ерекше сезім Төлегенді әкесінің бата бермегеніне қарамастан алыс жолға жалғыз аттандырады. Төлеген үшін өмірдің мәні де, сәні де - махаббат, махаббат үшін күресіп, өмір сүру, сүйгеніңе үйлену. Сондықтан да болу керек, оның мінезі де, істері де әдеткі эпостағыдай емес. Ол аң да ауламайды, мал да бақпайды, жастайынан ерлік мінез де танытпайды, батырлық өнерді де үйренбейді. "Періште сипатты ұл" боп тууының өзі - оның ерекше сұлу болатынын білдіреді. Демек, ол батыр болмайды: Төлеген кәдімгі батырларша "сағат сайын" өспейді, бозбала кезінде ешбір ерлік іс-әрекет жасамайды. Есесіне он екі жасында өзіне пара-пар сұлу қыз іздей бастайды. Он алты жасқа толғанда ат тұяғы жететін жерді түгел шарлап шығады. Қыз Жібек туралы ести сала ол еш ойланбастан жолға шығады.

Егер Қозы Көрпеш қалыңдығының ауылына жалғыз аттанып, көп қиындық көріп, ұзақ жүріп жетсе, Төлеген қасына бірнеше нөкер ертіп, "жылқыдан екі жүз елу жорға алып, бірнеше күн жол жүріп, Шекті деген елге келіп, шатырды тігіп, жорғаларын жайып салып, жұртқа жар салады". Байқайтынымыз - Төлеген алыс елге шаршамай-талмай, еш қиналмай, аз-ақ күнде жетеді. Оның қызды таңдауы да өзгеше. Қызын көрсеткен әрбір адамға бір жорғадан береді. Тіпті, Төлегеннің өзі Жібекке құда түседі. Бұл да - оның ерекшелігі. Оның құда түсу әдісі де айрықша. Алдымен жұртқа жорға таратып, Шекті еліне "мырзалықпен" танылады да, Қаршыға арқылы Жібекті көруге мүмкіндік алады. Бұл жерде Төлеген тағы бір мінез көрсетеді. Ол Қаршығаның сөзіне сеніп қана Жібекке іңкәр болмайды, мақтаулы қызды өз көзімен көргісі келеді. Яғни, Төлеген қызға сырттай ғашық болғысы келмейді, қызды өзі сынап, өзі тілдесіп қана бағаламақ. Міне, жастайынан өзіне тең қызды іздеген Төлеген мұнда да сол әдетінен таймайды.

Осылай адам сезімін сатылап, біршама дамыта көрсету— жалғыз бұл жырдың ғана емес, жалпы романдық эпостың та- бысы, бәлкім, бұл әдебиеттің әсерінен болған шығар. Бірақ мұнда әлі психологизм жоқ, ол фольклорға тән емес. Ғашықтық жырдың басты мақсаты—ерлікті емес, махаббатты жырлау, шайқасты емес, еркін сүйіспеншілік үшін күресті дәріптеу, сол себепті мұнда ел ішіндегі бейбіт өмір, халықтың тұрмысы, салт- ғұрпы молырақ көрініс табады, кейіпкерлер соғыс алаңында емес, имандылық майданында айқасады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет