Логика дегеніміз



Дата13.10.2022
өлшемі14,31 Kb.
#42798

Логика дегеніміз – ойлауды дұрыс құрудың заңдарымен формалары, ережелері туралы философиялық ғылым. Мектеп жасындағы оқушыларды оқыту негізінің ең басты міндеті оқушыларға логикалық сезім, логикалық сауаттылық қалыптастыру ,баланың көру, есту қабілетін пайдалана отырып танымдық қабілетін дамыту. Осы мақсатпен оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігін арттыру үшін төмендегі логика негізіне арналған бағдарламаны ұсынып отырмын. Бұл бағдарлама математика пәнінен тереңдетіліп оқыту барысында 2- сынып оқушылары үшін арнайы жасалынып отыр. Аптасына 1сағаттан, жыл бойына 34сағатқа арналған.
«Логика әлемі» бағдарламасында оқушының танымдық қабілетін ашуға, қисынды ойлау деңгейін арттыруға ,шешуі белгісіз, сол шешімді табу үшін алдына мақсат қойып, сол мақсатқа өз бетімен жету жолдарын іздестіруге бағыттылған әр түрлі тапсырмалар қарастырылған.
Бағдарламаның мақсаты:
- оқушылардың логикалық ой –өрісін дамыту. Салыстыру, талдау, жинақтау, қорытындылау,жүйелеу;
- оқушылардың қызығушылық, танымдық қабілеттерін арттыру, кеңістікте жол таба білу .
- дұрыс ойлау, дұрыс пайымдау;
- ақыл – ой қызметтерін іске асыра білу;
- ақыл – ойға салып ой қортындылар жасау;
Бағдарламаның міндеті:
- логикалық сезім, логикалық сауаттылық қалыптастыру;
- балардың көру, есту қабілеттерін пайдалана отырып танымдық қабілеттерін дамыту
- танымдық әрекеттерін қалыптастыру, алған білімін практикада қолдана білу
Күтілетін нәтиже
- заттарды атауды, салыстыруды, талдауды, жинақтауды, қортындылауды, жүйелеуді үйренеді;
- түсініктерге анықтама беру қабілеттері қалыптасады;
- логикалық ойлау қабілеттерінің дамуына жол ашылады;
- сөйлеу, тапқырлық және ойлау шапшандықтары жетіледі.
- есте сақтау қабілеттері мен алған білімдерін іске асыра білуі қалыптасады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет