Логика және логикалық операциялар



Дата07.01.2022
өлшемі147,16 Kb.
#18856

Тақырыбы: Логикалық операциялар (дизъюнкция,конъюнкция, инверсия).


Логика – ойлаудың түрлері мен тәсілдері туралы ғылым.

Логиканың негізін салған Аристотель (384 -322жж. б.з.д.). Ол «Біз қалай ой қорытамыз?» деген сұраққа жауап іздей отырып, ойлау ережелерін зерттеді. Аристотель алғаш рет логиканы жүйелі түрде реттеп, ойлау түрлерін талдап берді: түсіну, пікір, ой қорыту.

Осылайша формальді логика пайда болды.

Ойлаудың негізгі формалары:

ТҮСІНІК –бұл нысанның нақты белгілерін тіркейтін ойлау формасы.

Түсініктің көлемі нысандар жиыны түрінде берілуі мүмкін. Қазіргі математика теориясының негізін қалаушы жиындар алгебрасы жиындар арасындағы байланысты түсіндіріп береді.



ПІКІР – нақты заттардың қасиеті туралы жалған немесе ақиқат екендігі айтылатын ойлау формасы. Пікір ақиқат немесе жалған бола алады.

Леп белгісі және сұрақ белгісі бар сөйлемдер пікір бола алмайды:



Маған кітапты әкеліп бер! Сен киноға барасын ба?

Пікір бөлінеді:


  • қарапйым(жеке) 2+8<5 - жалған

  • Жер – Күн жүйесінің планетасы - ақиқат;
  • Құрама(жалпы) (пікірлер алгебрасы арқылы ақиқаттығы есептеледі)

  • ОЙ ҚОРЫТУ– бір немесе бірнеше пікірлердің көмегімен жаңа пікір(қорытынды) туғызатын ойлау формасы.

Математикалық логика

Неміс ғалымы Готфрид Лейбниц (1646-1716) математикалық логика негізін салды.

Ағылшын Джордж Буль (1815-1864, математик), Лейбництің еңбегін жалғастырушы. Ғылымның жаңа саласы - математикалық логиканың негізін салды. (Буль алгебрасы немесе пікірлер алгебрасы).

Логика алгебрасында пікірлермен жұмыс жасалады.

Қолданылады:

  • Логикалық тұрақтылар(логикалық нақтылау) – нақты жеке нақтылау (А)

  • {Аристотель – логиканың негізін салушы}

    {Алма ағаштарында банан өседі}



    2. Логикалық айнымалылар –құрамындағы айнымалыларға байланысты мәні өзгеріп отыратын логикалық пікірлер, латын алфавитінің бас әріптерімен белгіленеді А, В, С, D, Е, F,…

    А = {Аристотель – логиканың негізін салушы}

    В = {Алма ағаштарында банан өседі}.

    Ақиқат пікірге -1, жалған пікірге — 0 қойылады.

    Осылайша, А = 1, В = 0.

    3. Логикалық функциялар (логикалық формулалар) – ЖӘНЕ, НЕМЕСЕ, ЕМЕС логикалық операциялармен байланысқан және қарапайым пікірлерден құралған күрделі логикалық пікірлер.

    Мысалы: “Барлық қыздар және ұлдар мектеп оқушылары” күрделі және екі қарапайы пікірден құралған.

    Мұның логикалық функция түрінде жазылуы:

    F(A,B)=A ЖӘНЕ B


ЛОГИКАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАР

Логикалық көбейту(Конъюнкция) белгіленуі: ЖӘНЕ, , &, •

F= А  В

Ақиқаттық кестесі: А және В пікірлерінің екеуі де ақиқат болса, А және В конъюнкциясы ақиқат болады. Егер екі пікірдің біреуі жалған болса, онда А және В конъюнкциясы жалған болады.

Конъюнкция - әрбір қарапайым екі пікірге, пікірлердің екеуі де ақиқат болғанда ғана ақиқат мән қабылдайтын күрделі пікірді сәйкес қоятын логикалық амал.



Ақиқаттық кестесі-бұл логикалық операцияның кестелік түрде ұсынылуы.

А

В

F

0

0

0

0

1

0

1

0

0

1

1

1

Логикалық қосу (Дизъюнкция)

Белгіленуі: НЕМЕСЕ, , +,

F= А  В

Ақиқаттық кестесі:

Дизъюнкция - әрбір қарапайым екі пікірге, пікірлердің екеуі де жалған болғанда ғана жалған мән қабылдайтын, пікірлердің ең болмағанда біреуі ақиқат болғанда ақиқат мән қабылдайтын күрделі пікірді сәйкес қоятын логикалық амал.

А

В

F

0

0

0

0

1

1

1

0

1

1

1

1

Терістеу (инверсия)

Белгіленуі: ЕМЕС А, А,



Ақиқаттық кестесі:

Пікір жалған болғанда терістеу ақиқат,

ақиқат болғанда жалған.

А ={Балалар бір-біоімен дос}

={Балалар бір-бірімен дос емес}

 


А

0

1

1

0

А

0

1

1

0

Логикалық операцияларды орындау реті:

  • () жақшадағы операцилар
  • ЕМЕС терістеу
  • ЖӘНЕ логикалық көбейту
  • НЕМЕСЕ логикалық қосу


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет