Логикалық сұрақтар



бет1/5
Дата05.10.2022
өлшемі33,08 Kb.
#41468
  1   2   3   4   5

Логикалық сұрақтар:

  1. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3- кг болды,ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша? 

  2. Төрт қойдың неше аяғы бар? 

  3. Бір жұмыртқа үш минутта піссе,төрт жұмыртқа қанша минутта піседі?

  4. Бір жанұяның бес ер баласы және олардың әрқайсысының қарындастары бар .Жанұяның қанша баласы бар?

  5. Ағашүстінде 100 торғайотырады.Аңшы 10 торғайдыатыпалады. Торғайдыңқаншасықалады ?

  6. Қатар тұрған ұш санның қосындысы да көбейтіндісі де 6 ға тең.Ол қандай сан? 

  7. Төртеуі 4 сағат шахмат ойынын ойнады.Әрқайсысы қанша сағат шахмат ойнады? 

  8. Аулада жүрген бұзаулар мен тауықтардың аяқтарының саны 10. Аулада неше тауық,неше бұзау болуы мүмкін? 

  9. 1 т мақта ауырма ,10 ц темір ауырма? 

  10. Інісінің 14 асығы бар,ағасының одан бес асығы артық.Екеуінің неше асығы бар?

  11. 9 бен 27 сандарыныңарасындақаншажұп сан бар? 

  12. Отбасында жетіқызжәнеәрқайсысындабір-біріненінісібар.Отбасынданеше бала бар?

  13. Кенжетай 1968 –жыл 29-ақпанда дүниегекелген. Қазір 41-жаста болса осы кезге дейін неше рет туған күн жасады?

  14. Айсұлубір сан ойлады. Оны 5 кебөліпнәтижесін 28 ден азайтып еді,3 шықты. Ол қандай сан ойлаған?

  15. Теңдіктің сол жағындағы сандардың арасына теңдік орындалатындай етіп қосу таңбасын қой. 44444444 = 500

  16. Теңдіктің сол жағындағы сандардың арасына теңдік орындалатындай етіп, амал таңбаларын қой. 333333 = 1000

  17. Қалаға 100 турист келді, олардың 10-ы немісше де, французша да білмейді. 75-і тек немісше, ал 83-і тек французша сөйлейді.Неше турист екі тілде де сөйлейді?

  18. Квадрат пішінді бөлмеде 10 орындықты әр қабырғада орындықтар саны бірдей болатындай етіп қалай орналастыруға болады?

  19. Бес таңбалы 52*2* саны 36-ға бөлінеді. * орнына қандай цифрлар қою керектігін анықтаңдар. Есептің барлық шешімдерін көрсетіңдер.

  20. Үшбұрыштың үш төбесіне 1,2,3 сандары қойылған. Қосындысында 17 болатындай тағы алты санды: 4,5,6,7,8,9 қалай қоюға болады?

  21. Немересінің жасы неше ай болса, әжесінің жасы сонша жыл, ал олардың жастарының қосындысы 52-ге тең. Немересі нешеде? Әжесі ше?

  22. Сіріңке шиінің ұзындығы 4,5 см.13 шиден метрді қалай құру керек?

  23. 8 лақ пен 9 қазды 5 қораға аяқтарының саны 10 және әр қорада лақ пен қаз болатындай етіп қалай орналастыру керек?

  24. Кез келген амал мен 6 цифрын 3 рет қолдану арқылы 30 санын жазыңдар.

  25. Күндізгі 12-де жаңбыр жауып тұр, ал 36 сағат өткенде күннің көзі жарқырап шығады деп тұжырымдауға бола ма?

Логикалық сұрақтар жауаптарымен:





  1. Жанұяда 2 ұл және әр ұлдың 2 әпкесі, 1әкесі бар. Әр қыздың бір анасы бар. Жанұяда барлығы қанша адам бар?

  2. Сағат тілі тәулігіне неше рет тік бұрыш жасайды?

  3. 4 ұл да неше саусақ бар? 

  4. Қос жегілген аттар 40 км шауып өтті. Әр ат неше км шауып өтеді? (40)

  5. Сағат тілі тәулігіне неше рет тік бұрыш жасайды? ( 4 рет)

  6. Үлкен ағасында 2кәмпит, ал інісінде 12 кәмпит бар.Үлкен ағасы інісінен неше кәмпитті алғанда, олардың кәмпиттерінің саны теңеледі? (5)

  7. 5 жұмыртқа 12 минутта піседі, 10 жұмыртқа ше? ( 12 минутта, бәрін бірге саламыз).

  8. Үш майшам жанып тұрды, екеуін сөндірсе нешеуі қалады? (екеуі, біреуі сөндірілмегесінжанып кетті).

  9. Тәуліктің қалған бөлігі өткен бөлігінен екі есе артық болса, қазір сағат неше? (8)

  10. Мектепке келе жатқан 5 балаға қарсы жолда тағы 4 бала жолықты.

Мектепке неше бала барды? ( 5 бала )

  1. Екі адам 4 сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады? ( 4 сағат)

  2. Төрт пен бестің арасында қандай таңба қойылғанда 4-тен артық, 5-тен кем сан шығады? ( үтір )

  3. Тоғайда 10 қарға отыр. Аңшы олардың екеуін атып алды, нешеуі қалды. (2)

  4. Үйде 12 шәшке мен 9 табақшалар бар.Балалар шәшкелердің жартысын және 7 табақша сындырды.Неше шәшке табақшасыз қалды? (4)

  5. Бір жанұядағы 5 ұлдың бір бірден қарындасы бар. Жанұяда барлығы қанша бала бар?( 6 бала ).

  6. Әсет пен Азатқа 5 тәтті тоқаштан әперді.Әсет өзінің тоқаштарын 6 минутта жеп қойды да, әр тоқашын 4 минутта жеп жатқан Азатқа қызғанышпен қарады. Әсет әлі неше минут Азатқа қызғанышпен қарайды? (14мин)

  7. Столдың төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышты кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? ( 5 )

  8. Тоғайда 10 қарға отыр. Аңшы олардың екеуін атып алды, нешеуі қалды? (2)

  9. Барлық араб цифрларының көбейтіндісі нешеге тең? (0)

  10. 3 әкесі мен 6 ұлы 42 алма сатып алды. Әрқайсысына 6 алмадан тиді. Бұл қалай? (1ата, 2 әке, 4 бала)

  11. Дүкеннен 19 теңгеге сауда жасадық, бірақ сенде ылғи 3 теңгелік, ал сатушыда 5 теңгелік. Тығырықтан шығар жол бар ма? (24 теңге төлейді)

  12. Сымбаттың 2 қуыршағы, 3 алмасы, 1 шоколады, 2 апельсині, 5 шабдалысы, 1велосипеді бар. Сымбаттың қанша жемісі бар? (10)

  13. Жолдас үш баланың жастарының қосындысы 29-ға тең. 5 жылдан кейін олардың жастарының қосындысы қанша болады? (44)

  14. Көгілдір түстес 3 тоты құс 3 кг жемді 3 күнде, жасыл түстес 5 тоты 5 кг жемді 5 күнде, ал сарғыш түстес 7 тоты 7 кг жемді 7 күнде жеп тауысады. Тотылардың ең қомағайы қайсысы? (көгілдір түстес)

  15. Аспанда бірнеше құс ұшып барады. Біреуі алдында, екеуі артында, біреуі артында, екеуі алдында, біреуі екеуінің ортасында. Барлығы неше құс ұшып барады? (3)

  16. Бір жанұяда екі әкесі, екі баласы бар. Барлығы нешеу? (үшеу: атасы, әкесі, баласы)

  17. Бір жанұяда 5 ұл бар, олардың әрқайсысының қарындасы бар. Жанұяда неше бала бар? (алты)

  18. Үстел мен креслоның арақашықтығы – 3 метр. Егер үстелді де, креслоны да 2м оңға жылжытса, олардың арақашықтығы неше метр болады? (3 метр)

  19. Тәулік қай кезде қысқарақ, қыста ма әлде жазда ма? (бірдей)

  20. Егер 6 тонна алманы 3 кг-дық пакеттерге орау керек болса, қанша пакет қажет? (2000)

  21. Бөлмеде 2 ит, 3 құс, 1 шыбын бар. Осы жануарлардың бәрінің аяқтарын қоса есептегенде қанша болады? (20)

  22. Үйректер ұшып келе жатыр: біреуі артында, екеуі алдында, біреуі екеуінің арасында және үшеуі қаз-қатар. Қанша үйрек ұшып келе жатқанын есептеңдер. (3)

  23. Екі санның қосындысы сегізге тең, айырмасы екіге тең, көбейтіндісі он беске тең. Олар қандай сандар? (5 пен 3)

  24. Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5)

  25. Тәрелкедегі 7 бауырсақтан 7 балаға бір-бірден және тәрелкеде бір бауырсақ қалатындай етіп қалай бөліп беруге болады? (6 балаға бір бауырсақтан бір бала бауырсақты тәрелкесімен алады)

  26. Жолдас үш баланың жастарының қосындысы 29-ға тең, 5 жылдан кейін олардың жастары бірге алғанда қанша болады? (10+10+9=29, 10+5+10+5+9+5=44)

  27. Үш дос қыз кездесті. Біреуі қара көйлек, екіншісі қызыл, ал үшіншісі ақ көйлек киген екен. Егер Сәуленің көйлегі қызыл да, қара да емес, Дананың көйлегі қызыл болса, онда Қатираның көйлегі қандай? 20 . Отбасында 7 қыз және әр қыздан бір –бірден бауыры бар .Отбасында барлығы неше бала?
    (8)

  28. Ағаш үстінде 30 торғай отыр еді ,аңшы оның 2 – ін атып түсірді. Торғайлардың қаншасы қалды?(2 – уі қалды,қалғандары ұшып кетті)

  29. Қосарланып жегілген үш ат 1 сағат ішінде 14 км жол жүреді.Осы уақыттың ішінде 1 ат қанша жол жүреді?(14 км)

  30. Үш түйе ұшып келе жатыр . Аңшы олардың біреуін атып алады. Олардың қаншасы қалды ?(түйе құс ұшпайды )

  31. Тек 6 цифрын 3 рет пайдаланып 30 санын өрнекте: (6 • 6 – 6) 

  32. Қандай санның жазылуында қанша әріп бар болса сонша цифр бар ?
    ( 10 және 100 )

  33. Үш ағайындының жастарының қосындысы 44-ке тең. Үш жылдан кейін олардың жастарының қосындысы неше болатынын анықтаңыз. (53)



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет