Ұлттық архив



Pdf көрінісі
Дата12.01.2017
өлшемі458,65 Kb.
#1729

Құқықтар туралы билль деп кейінірек аталған, Конституцияға енгізілген 10 түзету бірінші АҚШ Конгресінің үштен екі бөлігінің берген 

даусымен қабылданып, оны штаттардың төрттен үшінің заң шығарушы органдары ратификациялады. 

Ұлттық архив 

К

өптеген



 

азамат


  аҚШ  К

онституциясының

 

негізінде



 

орнатылған

 

жаңа


 

орталыҚ


 

үКімет


 

тым


 

Қуатты


 

болып


 

Кетеді


 

деп


 

ҚорыҚҚандыҚтан

сөз


 

бостандығы

баспа


 

бостандығы

діни


 

бостандыҚ

 

және


 

басҚа


 

да

 



негізгі

 

ҚұҚыҚтарды



 

Қорғау


 

маҚсатында

 

Конституцияға



 

түзетулер

 

ұсынылды


. о

лардың


 

оны


 

Қабылданды

Қ

азіргі



 

Кезде


 

олар


 Қ

ұҚыҚтар


 

туралы


 

билль


 

ретінде


 

танылады




I Түзету 

(1791 жылы 15 желтоқсанда бекітілген)

Конгрес бір діни бірлестікті қолдайтын, яки болмаса 

сол дінді еркін ұстануға тыйым салатын; немесе сөз 

бостандығын, баспа бостандығын, халықтың бейбіт 

түрде  жиналып,  үкіметтен  мұңын  мұңдауын  өтіну 

еркіндігін шектейтін заң шығармайды. 

II Түзету 

(1791 жылы 15 желтоқсанда бекітілген)

Егемен  мемлекеттің  қауіпсіздігін  сақтауға  қажетті 

болғандықтан,  жақсы  басқарылған  халық  жасағын 

құру, халықтың қару сақтау және ұстау құқығына қол 

сұғылмайды. 



III Түзету 

(1791 жылы 15 желтоқсанда бекітілген)

Ешбір  жауынгер  бейбіт  заманда  қожайынының 

келісімінсіз ешбір үйге орналаспайды, ондай харекет 

соғыс кезінде тек заңда белгіленген тәртіппен ғана 

жүзеге асады.



IV Түзету 

(1791 жылы 15 желтоқсанда бекітілген)

Халықтың  өз  жеке  басының,  баспанасының,  қағаз-

құжаттарының  және  дүние-мүлкінің  негізсіз  тінтіліп, 

тыйым  салынудан  аман  болу  құқығы  бұзылмайды 

және  ант  яки  салтанатты  мәлімдеме  арқылы 

расталған, жеткілікті негіз болмаса, әрі тінтілетін жер 

һәм тұтқындалмақ адамдар мен тартылып алынбақ 

заттар сипатталмаса, ешқандай ордер берілмейді.

V Түзету 

(1791 жылы 15 желтоқсанда бекітілген)

Ешбір  адам  өлім    жазасы  кесілуі  яки  болмаса  бас 

бостандығынан  айыратын  қылмысқа,  құрлық  және 

теңіз әскери күштерінің қатарында, халық жасағының 

арасында  орын  алған  жайттарда  болмаса,  соғыс 

кезінде  немесе  халыққа  қатер  төнген  кезде  әскери 

қызметте  болмаған  болса,  үлкен  алқа  билерінің 

мәлімдемесінсіз не айыптау қорытындысысыз жауап 

Құқықтар туралы билль

АМЕРИКА ҚҰРАМА 

ШТАТТАРЫНЫҢ ЕЛШІЛІГІ

БОСТАНДЫҚТЫҢ ІРГЕТАСЫ


бермейді; ешбір адамға орын алған бір заң бұзушылық 

үшін  екі  мәрте  өлім  не  түрме  жазасы  төнбейді;  кез 

келген  қылмыстық  істе  өз-өзіне  қарсы  куәгер  болуға 

мәжбүрленбейді,  тиісті  заңмен  бекітілген  іс  жүргізу 

тәртібінсіз  өмірінен,  бас  бостандығынан  я  мүлкінен 

айырылмайды;  жеке  мүлік  әділ  қарымақысыз 

қоғамның пайдалануына берілмейді.   

VI Түзету 

(1791 жылы 15 желтоқсанда бекітілген)

Барлық 

қылмыстық 



қуғындау 

жайттарында 

айыпталушы өз ісінің жылдам әрі ашық сотта, қылмыс 

істелген-міс  делінген  штат  пен  ауданның  бейтарап 

алқа билерінің алдында қаралуына хақылы, ал аудан 

заң  бойынша  анықталып  қойылған  болуы  керек; 

тағылып отырған айыптың сипаты мен себебі туралы 

хабардар болуға; өзіне қарсы куәгерлермен беттесуге; 

өз пайдасына айғақ беретін куәгерлерді сотқа келуге 

міндеттетуге және өзін қорғау үшін адвокаттың көмегін 

пайдалануға хақылы. 

VII Түзету 

(1791 жылы 15 желтоқсанда бекітілген)

Ортақ  құқық  негізінде  талап-арыздың,  даудың  басы 

болып  отырған  нәрсенің  құны  жиырма  доллардан 

асса, істі алқа билерінің қарау құқығы сақталмақ, алқа 

билерінің  шешім  шығарған  фактысы,  ортақ  құқық 

ережелеріне  сәйкес,  Америка  Құрама  Штаттарының 

ешқандай сотында қайта қаралмайды. 



VIII Түзету 

(1791 жылы 15 желтоқсанда бекітілген)

Шектен  тыс  кепіл  талап  етілмейді,  шектен  тыс 

айыппұл  салынбайды,  қатыгез  һәм  ерекше  жаза 

қолданылмайды.

IX Түзету 

(1791 жылы 15 желтоқсанда бекітілген)

Конституцияда  кейбір  құқықтардың  атап  айтылғаны 

халықтың  басындағы  өзге  құқықтарды  жоққа  шығару 

яки кеміту дегенді білдірмейді.

X Түзету 

(1791 жылы 15 желтоқсанда бекітілген)

Америка  Құрама  Штаттарына  Конституция  бойынша 

берілмеген,  бірақ  жекелеген  штаттарға  пайдалануға 

тыйым  салынбаған  өкілеттік  сол  штаттардың  яки 

болмаса халықтың еншісіне қалдырылады. 

Халық өкілі Джеймс Мадисон түзетулерді Конгреске 

мақұлдатудың жолын тауып, кейін оның туған штаты 

Вирджинияда ратификациялануына ықпал етуде аса  

маңызды рөл атқарды.  ©AP Images

Вице-президент Джон Адамс Америка Құрама Штаттарының 

Сенатына, яғни Конгрестің сол тармағы түзетулерді  

мақұлдаған кезде, төрағалық етті.   ©AP Images

БОСТАНДЫҚТЫҢ ІРГЕТАСЫ

АҚШ МеМлекеттік депАртАМенті 



ХАлыҚАрАлыҚ МәліМет БАғдАрлАМАлАр Бюросы


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет