Ұлттық бірыңҒай тестілеу бойынша дайындықҚа арналған күнтізбелік тақырыптық жоспар



Дата17.03.2023
өлшемі53,39 Kb.
#75160

ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУ БОЙЫНША ДАЙЫНДЫҚҚА
АРНАЛҒАН КҮНТІЗБЕЛІК ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР
БИОЛОГИЯ





Тақырып

Күні

1

Тірі организмдерді жүйелеу. Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың ерекшеліктері.




2

Өсімдіктер мен жануарларды анықтауда дихотомиялық анықтамалықтарды қолдану.




3

Жасушалық биология. Жасуша органоидтары.




4

Жасушадағы органикалық және бейорганикалық заттар.




5

Заттардың тасымалдануы. Өсімдіктердің зат алмасуға қатысушы мүшелері (ксилема, флоэма).




6

Жануарлардағы қанайналым мүшелері.




7

Тірі организмдердің қоректенуі. Фотосинтез




8

Тыныс алу. Тыныс алудың анаэробты және аэробты типтері. Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың тыныс алу мүшелерінің құрылысы.




9

Бөліп шығару. Өсімдік бөлінділерінің ерекшеліктері.




10

Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың зәр шығару жүйелерінің құрылысы.




11

Қозғалыс. Өсімдіктердегі қозғалыс. Жануарлардың қозғалу мүшелері.




12

Адам қаңқасының құрылысы. Сүйектің құрылысы.







Буынның құрылысы мен қызметі. Бұлшықет ұлпаларының құрылысы мен қызметі.




13

Координация және реттелу. Жүйке жүйесінің типтері. Нейронның құрылысы мен қызметі.




14

Жұлын. Ми бөлімдері. Үлкен ми сыңарлары.




15

Рефлекс. Биологиялық ырғақ.




16

Көру және есту мүшесінің құрылысы.




17

Гормондар. Рецепторлар.




18

Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштік. ДНҚ, ген, хромосома ұғымдарымен танысу.




19

Көбею. Өсу және даму. Митоз және мейоз, олардың биологиялық маңызы.




20

Гаметогенез және спорогенез.




21

Модификациляық және мутациялық өзгергіштік (нүктелік, хромосомалық, геномдық, ядролық, цитоплазмалық муациялар).




22

Моногибридті және дигибридті будандастыру.




23

Жыныспен тіркесіп тұқымқуалау. Кроссинговер.




24

Эпистаз. Полимерия. Комплементарлық.




25

Тірі ағзалардың көбею түрлері. Споралы өсімдіктердің тіршілік циклі. Ашық тұқымды және жабық тұқымды өсімдіктердің тіршілік циклі.




26

Қолдан сұрыптау. Мәдени өсімдіктердің мен үй жануарларының шығу орталықтары.




27

Микробиология және биотехнология. Бактериялардың пішіні, маңызы. Вирустар




28

Экожүйелер. Экологиялық сукцессиялар.




29

Қазақстанның ерекше қорғалатын аумақтары, қорықтар. Қызыл кітап.




30

Эволюциялық даму. Жерде тіршіліктің пайда болуы. Эволюциялық теориялардың негізгі қағидалары.




31

Ч. Дарвиннің эволюциялық теориясы. Синтетикалық теория. Тіршілік үшін күрес түрлері.




32

Түр. Түр түзілу критрийлері. Полиплоидия. Гибридтену.




33

Селекция ғылымы. Селекция әдістері.




34

Антропогенез.




35

Глоссариймен жұмыс.




36

Сынақ тестермен жұмыс істеу.





ТІРІ ОРГАНИЗМДЕРДІ ЖҮЙЕЛЕУ.
ОМЫРТҚАСЫЗ ЖӘНЕ ОМЫРТҚАЛЫ ЖАНУАРЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
Жер бетінде өсімдіктердің алуан түрі өссе, жануарлардың көптеген түрлері тіршілік етеді. Жыл сайын биолог ғалымдар олардың жаңа түрлерін ашуда. Өсімдіктердің, жануарлардың көптүрлілігін бағдарлайтын жүйелеу (систематика) ғылымының мақсаты — өсімдіктер мен жануарларды әртүрлі топтарға жіктеу. Бұл жаңадан ашылған түрлерді жалпы жүйеде өз орнына орналастыруға көмектеседі. Демек, оларды топтарға біріктіреді — жіктейді.
Жануарлар мен өсімдіктерді жіктеудің негізгі бірлігі түр болып табылады. Жануарлардың жіктелуі — түрден типке дейінгі әртүрлі таксондардың бір-біріне тәуелділігі. Түр — құрылысы, тіршілік ету ортасы ұқсас, өзара шағылысып ұрпақ бере алатын және белгілі аумаққа қоныстанған даралар жиынтығы. Түр өз кезегінде популяциялардан тұрады. Популяция — белгілі бір ареалда ұзақ уақыт басқа популяциялардан оқшау тіршілік ететін, бір түрге жататын даралар тобы.
Жүйелеудің негізгі бірлігі ретінде түр ұғымын ғылымға енгізген швед ғалымы Карл Линней (1707-1778) болды.
Ғалымдар жаңа түрлерді ашып сипаттады және оларға атау берді. Алғашқыда атаулар сол түрді ашқан зоологтің ана тілінде берілген болатын. К.Линней түрлерді атауда жалпыхалықаралық латын тілін пайдалануды ұсынды. Әртүрлі мемлекеттердің зоолог ғалымдары қандай жануар жөнінде айтылып жатқанын түсіну үшін К.Линней әрбір түрге екі сөзден тұратын латын атауын берді. Атаудың бірінші сөзі — зат есім, ол жануардың белгілі бір туысқа жататынын (мысалы, «шағала») білдіреді, атаудың екінші сөзі — сын есім, түр анықтамасын («көл») береді. Нәтижесінде белгілі құстың — көл шаваласының түр атауы анықталады. Бұл атау тек соған ғана тиесілі, мұндай атаумен басқа жануар аталмайды.
Жақын түрлерді бір туысқа біріктіреді. Мысалы, қарға, құзғын, шауқарға және ұзақ қарғалар туысына біріктірілген. Жақын туыстарды тұқымдасқа біріктіреді — қарға туысы, сауысқан туысы, жорғаторғай туысы, самырсын туысы қарғалар тұқымдасына біріктірілген. Өз кезегінде жақын тұқымдастарды отрядқа біріктіреді. Көкшымшық тұқымдасы, қарғалар тұқымдасы, қарлығаштар тұқымдасы торғайтәрізділер отрядына жатады. Жақын отрядтар класты құрайды — торғайтәрізділер отряды, жапалақтәрізділер отряды, қазтәрізділер отряды құстар класына жатады. Жақын кластар типке біріктірілген. Құстар класы, қосмекенділер класы, сүтқоректілер класы желілілер (хордалылар) типіне жатады.
Қазіргі кезде жануарлардың 25 типін ажыратады. Бұлардың барлығы жануарлар патшалығына біріктірілген. Жануарлардың заманауи жіктелуі олардың арасындағы туыстық, эволюциялық қатынасты көрсетеді (32-сурет). Өсімдіктерді жүйелеу: түрлер туысқа, туыстар тұқымдасқа, тұқымдастар қатарға, қатарлар класқа, кластар бөлімге, бөлімдер патшалыққа бірігеді.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет