Ұлтты ұЛЫҚтайтын ұлы даланың жеті қыры


«Түркі өркениеті: түп тамырынан қазіргі заманға



бет10/16
Дата17.01.2023
өлшемі77,5 Kb.
#61631
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16
4. «Түркі өркениеті: түп тамырынан қазіргі заманға
дейін» атты ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ ГЕНЕЗИСІ
Осы жоба аясында 2019 жылы Астанада Түркологтардың дүниежүзілік конгресін және әртүрлі елдер музейлерінің экспозицияларына ежелгі түркі жәдігерлері қойылатын Түркі халықтарының мәдени күндерін ұйымдастыру. Википедияның үлгісінде Қазақстанның модераторлығымен Түркі халықтарына ортақ туындылардың бірыңғай онлайн кітапханасын ашу
5. «Ұлы дала» атты ежелгі өнер және технологиялар музейін ашу
6. «Ұлы даланың ұлы өркениеттері» атты жалпыұлттық тарихи реконструкциялар клубын құру
7. Ежелгі Отырар қаласының бірқатар нысандарын - үйлері мен көшелерін, қоғамдық орындарын, су құбырларын, қала қамалының қабырғалары мен тағы да басқа жерлерін ішінара қалпына келтіретін туристік жоба жасау
8Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы жобасы аясында  «Дала фольклорының антологиясын» жасау және «Ұлы даланың көне сарындары» жинағын басып шығару
9. Қазақстанның өркениет тарихының үздіксіз дамуын көрсететін деректі-қойылымдық фильмдердің, телевизиялық сериалдар мен толықметражды көркем картиналардың арнайы циклін өндіріске енгізу.

Енді осы мақалаға орай «Ұлы даланың жеті қырының» бірнешеуіне тоқталайын:


1. Атқа міну мәдениеті


«Атқа міну мәдениеті мен жылқы шаруашылығы жер жүзіне Ұлы даладан тарағаны тарихтан белгілі», - дейді Нұрсұлтан Әбішұлы. Жазушы Асқар Сүлейменовтің «Өзгелер маймылдан жаралса жаралған шығар, қазақ жылқыдан жаралған» дейтін сөзі еске түседі. Иә, қазақтың арғы-бергі тарихын саралап қарасаңыз ұйқысыз өтсе де, жылқысыз өтпегенін көруге болады. Дала тарихын ат тұяғының ізімен жазған көшпенділердің соңында Ботай, Берел, Есік секілді тарихи қорғандар қалды. Кешегі Геродоттың, Рубруктың, Страбонның, Марко Полоның жазбаларынан көшпенділердің ат жалындағы мәдениеті, ат жалындағы соғыс өнеріне жетіктігі, ат жалындағы рухани қазынасы қаншалықты тереңде, қаншалықты бай болғанын көреміз.
Қазақ даласында қолға үйретілген жылқы жануары әлемдік өркениетті алға сүйрегені анық. Әсіресе ауыздық пен үзеңгіні ойлап тапқан бабаларымыз әлемнің тізгіні мен тіреуішін қолына ұстады десек болады. Бұл туралы тарихтың атасы атанған әйгілі Геродот: «Олар ат үстінде де, жаяу да соғыса береді, соғыстың екі тәсілін де жетік меңгерген: садақпен және найзамен қаруланған, қарапайым қару мен айбалтаны да қолданады. Сондай-ақ олар аттарының алқымын сауытпен қаптайды, ал жүгендерін, ауыздықтарын және құйысқандарын алтынмен зерлейді» деп жазса, араб саяхатшысы Ибн-батута «…Дешті Қыпшақтарда төрт доңғалақты үлкен арбалар болады. Оған екі немесе бірнеше ат жегіледі, кейде ат орнына арбаның жеңілдігі мен ауырлығына қарай қара мал немесе түйе пайдаланылады. Айдаушы салт атқа мініп, ұзын бишікпен немесе ұзын шыбыртқымен бағыттап, оларды жолға түсіріп отырады. Арбаның үстіне бір-бірімен жіңішке қайыстармен байланыстырылған әрқилы ағаштардан құрастырылған үйшіктер орнатылады. Үйшіктердің сырты киізбен немесе басқа да материалмен қапталады. Бұл арбалардың алмалы-салмалы терезелері болады. Үйшіктің ішінде отырып, сыртта не болып жатқандығының бәрін аңдауға болғанымен, оның ішінде отырғандар көзге түспейді» дейді. Екеуі де тарихта болған, екеуі де ежелгі қазақты көзімен көрген тарихшылар.
Сан ғасырдан бері тақымынан тұлпары, қарынан құрығы, қолынан найзасы түспеген қазақты ХҮІІІ ғасырдың соңында орыстың Ақ патшасы түсіруге талпынды. Тіпті бүгінде аңызға айналған ІІ Екатерина айтты дейтін сөз көкейімізде сайрап тұр. «Қазақтарды атқа мінгізбеңдер. Олар атқа мінсе кімді болса да таптап кетуден тайынбайды» деген әйел патшаның қаймығуы орынды да еді. Себебі «Ту ұстаған салт атты жауынгердің бейнесі - батырлар заманының ең танымал эмблемасы, сонымен қатар, атты әскердің пайда болуына байланысты қалыптасқан көшпенділер әлемі «мәдени кодының» айрықша элементі» еді. Ал әлем сахнасына атпен шыққан көшпенділер өркениетінен нәр алған бүгінгі Еуропа адамбасты, жылқы денелі кентаврлардан бекер сескенбесе керек. Себебі де жоқ емес, бабаларымыз жылқы жануарының арқасында тізеліні бүктіріп, мойындыны иілткен.
Демек, ауыздықтап ат мінген бабаларымыз адамзат тарихына өлшеусіз үлес қосып, өркениет көшін дамудың жаңа сатысына көтергенін байқау қиын емес. Атқа міну мәдениеті кешегі бабаларымыз үшін әлемді аузына қаратқан айтулы оқиға болса, бүгін сол бабалардың ұрпағы аттың оң-терісін ажырата алмайтын жағдайға жетті. Қазіргі ұрпақ жылқы көрсе құлағын бір қағып тұра беретін есекпен шатыстыруға айналды. Енді қазақ халқы үшін арғымаққа алтынды ер салып, төс айылды бос тартып, шап айылды берік тартып, екі тізгін, бір шылбырды қолға алып, атқа қонар сәт келді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет