Ұлтты ұЛЫҚтайтын ұлы даланың жеті қыры



бет11/16
Дата17.01.2023
өлшемі77,5 Kb.
#61631
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Мақал-мәтелдер:
Жорға жүрісінен пұл болады,
Жаман жүрісінен құл болады.
***
Жорға жолына тоқтар,
Жақсы жөніне тоқтар.
***
Ат айналып қазығын табар.
***
Аттан тай озады,
Атадан бала озады.
***
Тұлпар түбін табады,
Жақсы адам елін табады.
***
Аттың бәрі тұлпар болмас,
Құстың бәрі сұңқар болмас.
***
Аттан айырлсаң да,
Ер-тоқымнан айырлма.
***
Арғымақ аттың баласы,
Аз оттап, көп жусайды.
Асыл ердің баласы,
Аз сөйлеп, көп тыңдайды.
***
Ат адамның қанаты,
Ас адамның қуаты.
***
Жүйрік ат аяғынан ақсайды,
Жақсы жігіт ағайыннан ақсайды.
***
Алысты жақындататын ат,
Жақынды алыстататын жат.


2. Қазақстан - Алма мен Қызғалдақтың отаны


1. Алма
Жабайы алманың эволюциялық тарихын зерттеу кезінде шетел ғалымдары әлемдегі алма атаулының арғы атасы Қазақстанда, оның ішінде Алматыда екенін ғылыми деректермен дәлелдеді. Алманың отаны - Алатау. Генетик ғалымдардың «Nature Communicatons» журналында жариялаған зерттеуі бойынша, «Malus djmestica» атты алма сұрыбы біздің елімізден тараған. Алманың осы түрлері атақты Жібек жолымен Шығыс пен Батыс елдеріне жеткен. Ары қарай Алатау алмасы Американы жаулаған. Кейіннен олар жабайы алманың гендерін пайдаланып, осы жемістің неше түрлі сұрыптарын алған. Ал алманың отаны Алматыдағы жабайы алма ағашы 1973 жылы оған алғаш сипаттама берген Ресей ботанигі Иоганн Сиверстің құрметіне «Сиверс алмасы» (Malus sivesii) деген атау алды. Бұл алма сұрыбы 950-1250 метр биіктікке дейінгі Алатаудың бөктерінде өседі. Оның ғажайып дәмі мен жемісінің ерекшелігі де осындай аумақта өсетіндігінде.
Соңғы жылдары қоғам белсенділері «Алматының символы, қазақстандықтардың мақтаныша болған әйгілі апорт жойылды» деп дабыл қағуда. «Олардың бұл алаңдаушылығы да негізсіз емес» дейді Экология және орнықты даму институтының директоры, Орталық Азия Өңірлік экологиялық орталығы басқару кеңесінің мүшесі, белгілі ғалым Құралай Кәрібаева. «Бір кездегі жасыл желекке оралған ару қаланың ішіндегі саябақтар оталып, орнына зәулім ғимараттар салынды. Ерекше қорғалатын аумақ санатындағы Алатау бөктеріне зәулім сарайлар салынып, алма бағы аяусыз қиратылды. Соның салдарынан алма түрлерінің атасы-Алматы апорты жойылып кетудің аз-ақ алдында тұр» дейді. Бүгінгі күні әлемдегі барлық алма сұрыптарының түп төркіні саналатын Сиверс алмасы тек Іле Алатауы ұлттық қорығында өседі. Мұндағы алқаптың 1,5 пайызын жабайы алма ағашы алып жатыр. Қазіргі уақтта осы алқапты сақтап қалу мәселесі ғалымдарды қатты алаңдатып отыр. «Егер алманың атасы жойылып кетсе, аз уақыттан кейін олардың басқа түрлері де жер бетінен жойылады» дейді ғалымдар.
Біріккен Ұлттар Ұйымының биологиялық алуантүрлілік туралы конвенциясында «Жер байлығының ең маңыздысы барлық халықтар мен ұрпақтар үшін өсімдіктердің генетикалық ресурстарын сақтау» деп жазылған. Сондықтан, әлемдегі мемлекеттер дамимыз деп қоршаған ортаны қорғауды шетке ысырып қойған.
Қазір Қазақстанның өсімдік қоры қорғауға мұқтаж қалпында. Қаланың тау беткейінен отап тасталған алма бақтары енді қалпына келмейді. Мәселен, 1970 жылғы жеміс ағаштарының санағы бойынша, Алматы облысында 3 млн. 51 мың апорт ағашы өскен бұл бүкіл республикадағы алманың 80 пайызы. Қазір олар 100 мыңға жете ма, жетпей ме белгісіз.
Бұл бір жағынан заңнамалық қорғаудың жоқтығынан да орын алуда. Жер кодексіндегі шикіліктің салдарынан қорықтарымыз талай жерінен айырылып қалды. Мәселен, қазіргі күні Іле Алатауының құрамындағы ұлттық парктің 11 мың гектар жерін Көкжайлау таң шаңғысы курорты құрылысына беру қарастырылған. Бұл жағдайда 27 гектар таулы орман жойылады, оны орнына келтіру үшін кемінде 150 жыл керек. Егер кезінде «Өсімдіктер дүниесін қорғау туралы» жеке заң болғанда Алматыдағы алма бағының белдеуі біршама сақталып қалар еді.
Бүгінгі күні жабайы алмаларды сақтау бағытындағы жұмыстар негізінен халықаралық және республикалық ғылыми жобалар, дүниежүзілік даму банкі гранттары аясында жүргізілуде. Сондай-ақ апортты қалпына келтіру үшін жабайы алма түрлерін сақтаудың жаңа әдістері мен құралдарын әзірлеу және енгізу, республикалық және жергілікті деңгейде табиғатты пайдалануды реттеу шараларын жедел жүргізу қажет. Апортты қайта жаңғырту ғалымдардың ғана шаруасы емес. Соңғы жылдары жекелеген кәсіпкерлер де алма өсіруге ден қоя бастады.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында айтылғандай, осы танымал жемісті тарихымыздың символы ретінде қайта жаңғырту жөніндегі шаралар жаңаша бағыт алуға тиіс. Туған жерімізде өскен әрбір тал ағашты мәпелеу, қорғау, сақтау – әрқайсымыздың міндетіміз. Байлығымыздан айырылмай, барымызды бағалай білуіміз керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет