Ұлтты ұЛЫҚтайтын ұлы даланың жеті қыры



бет13/16
Дата17.01.2023
өлшемі77,5 Kb.
#61631
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
ҰЛТТЫ ҰЛЫҚТАЙТЫН
ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ

Қазақстан Республикасының Президенті


Нұрсұлтан Назарбаевтың мақаласына орай
Оқырмандарға қызмет көрсету
бөлімшесінің басшысы
Бектібаева Лиза Асқарқызы
25.04.2019 ж.
Еліміз Тәуелсіздік алғаннан бері «Тарих толқынында», «Мәдени мұра», «Ұлы дала», «Рухани жаңғыру» сынды іргелі бағдарламалардың соңынан жарық көрген «Ұлы даланың жеті қыры» атты еңбекте тарихи санамызды қалыптастыруда батыл көзқарастар мен маңызды бағыттар орын алған.
2018 жылдың 21 қарашасында Қазақстан Респуликасының Президентінің ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ атты мақаласы шықты.
ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ атты мақала барлық мекемелер мен кәсіпорындарда талқыланып, қазіргі уақытта осы мақала басшылыққа алынып жұмыстар жүргізілуде.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жалғасы ретінде оның жаңа қырларын айқындап, тарихи сананы жаңғыртудың жолдарын көрсетеді.

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ атты мақала үлкен ІІ-бөлімнен тұрады.


І-бөлім: ҰЛТ ТАРИХЫНДАҒЫ КЕҢІСТІК ПЕН УАҚЫТ
7-тараудан тұрады:
1. Атқа міну мәдениеті
2.Ұлы даладағы ежелгі металлургия
3. Аң стилі
4. Алтын адам
5. Түркі әлемінің бесігі
6. Ұлы жібек жолы
7. Қазақстан - алма мен қызғалдақтың отаны

ІІ- бөлім: ТАРИХИ САНАНЫ ЖАҢҒЫРТУ


6-тараудан тұрады:
1. Архив -2025
2.Ұлы даланың ұлы есімдері
3.Түркі әлемінің генезисі
4. Ұлыдаланың ежелгі өнер және технологиялар музейі
5.Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы
6.Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі

«Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт» және «Тарихи сананы жаңғырту» деп аталатын екі бөлімнен тұратын мақалада Елбасы ұлттық тарихымызды ежелгі заманнан қарастырып, оның тұжырымдамасын нақтылауға шақырады. Бұл күрмеуді шешу үшін тарихымызға ғылымның бүгінгі жетістігі тұрғысынан қарап, бұрынғы еуропацентристік көзқарастардан арылып, ұлтымыздың арғы даңқты тарихын талдап оқытуға шақырады. Мәдени мұра, Тарих толқынында, Рухани жаңғыру бағдарламалары басталғалы жастарды ұмытылып бара жатқан өз халқымыздың әлемді таң қалдырған рухани және материалдық мәдениетіміздің үлгілері қызықтыруда. Осының барлығы жастарға эстетикалық және патриоттық тәрбие берудің құралы.


Дәстүрлі қазақ қоғамында жас ұрпаққа тәрбие беру процессінде оларға тарихи білім беру негізгі міндет болыр есептеледі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақ болмысының келесі бір ерекшелігі-оның тарихшылдығы. Қара халықтың тарихтан хабардығы мейлінше жоғары болған. Керек десеңіз, білім институттарының дамыған жүйесі бар бүгінгі күннің өзін бұрынғы қазақтардың санасындағы жаппай тарихшылдықпен салыстыруға болмайды» деп жазды.
Тарихи білімі бар азаматтың мәдениетті, білімді, жан-жақты адам болып өсетіндігі белгілі. Өз халқының тарихын білген жас өскін елін сүйген, халқының қамын, ойлаған, жерінің жаңаруы, гүлденуі жолында күрескер болып қалыптасады.
ХҮІІІ ғасырда қазақ елі екі бірдей жаудан қорғанды. Дәл осы дәуірде халықты отан сүйгіштік рухта тәрбиелеу, оған тарихи мағлұмат беру күрестің негізгі формасына айналды. Өкінішке орай орыстың, жоңғардың, қытайдың ықпалында қалған аймақтарда халық өзінің тарихи жадынан айырыла бастады. Жат жерлік ғалымдар қазақ тарихын бұрмалап, оған түзету енгізіп, халқымыздың өткені жөнінде өз нұсқаларын жазды. Сөйтіп халық арасында жалған тарихшылық пайда болды.
Ендеше, біздің төл тарихымызға оң көзқарас қажет. Көп қырлы әрі ауқымды тарихымызды дұрыс түсініп, қабылдай білуіміз керек. Елбасы атап көрсеткендей, бұл басқа халықтардың ролін төмендетіп, өзіміздің ұлылығымызды көрсету үшін жасалмайды. Ең бастысы, біз нақты ғылыми деректерге сүйене отырып, жаһандық тарихтағы өз роліміз бен орнымызды байыппен әрі дұрыс пайымдауға тиіспіз.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мақаласында тарихтың түйінді мәселелерін көпшілікке түсіндіру мақсатында Ұлы даланың жеті қырына тоқталады. Бұл айтылғандардың барлығы да біздің жеріміздің материалдық мәдениетінен бастау алады, ендеше бізге жат емес.
Мысалы, атқа міну мәдениеті мен жылқы шаруашылығы жер жүзіне Ұлы даладан тарағаны тарихи ақиқат. Біздің өткеніміздің барлығы да атпен байланысты. Қазақтың осындай үлкен территориясын ұрпақтарына сақтап қалуда салт атты батырлардың маңызы ерекше зор.
Мақалада айтылғандай, біздің Ұлы далада ежелгі металл өндірудің ошақтарының бірі болды. Сөйтіп, тарихтың жаңа дәуірінің жаңа парақтары ашылды.
Көне қазақ жерінің ғылым үшін де, өркениет үшін де ауыз толтырып айтатындай жетістіктері баршылық. Оның жарқын көрінісі, көркем болмысы мен рухани байлығының айшықты белгісі – «аң стилі» өнері.
Сонымен қатар 1969 жылы Есік қорғанынан табылған Алтын адам. Кейін байтақ даламыздың басқа өңірлерінде де осындай жәдігерлер көптеп табылды. Түркі қауымы ұлан-ғайыр далада көшпелі және отырықшылық өркениетін қалыптастырды. Өнер мен ғылымның, сауданың орталығына айналды. Мақалада Елбасы жетістіктерді айта келіп, бұл түркі әлемін дүниежүзілік өркениетке Әбу Насыр Әл-Фараби, Қожа Ахмет-Яссауи тағы басқа ұлы ойшылдарды қалыптастырғанын атап көрсетеді.
Елбасы Ұлы даланың тағы бір мақтанышының қатарына – Ұлы жібек жолын қосады. Ол ұлыстар мен елдер арасындағы әлемдік өзара тауар айналымы мен халықтар ынтымақтастығын дамытуға негіз болғандығын айтады.
Сонымен қатар Елбасының аталған мақаладағы ең басты көңіл бөлген мәселесі - тарихи сананы жаңғырту. Елбасы оны бірнеше ірі жобалар арқылы дамыту қажет деп санайды. Ол жобалар: Архив - 2025; Ұлы даланың ұлы есімдері; Түркі әлемінің генезисі; Ұлы даланың ежелгі өнер және технологиялар музейі; Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы; Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі.
Сондай-ақ, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылып, бүгінгі күні кезегімен, ретімен жүзеге асырылып жатқан руханият саласындағы игі істеріміздің жалғасы. Осы бағдарламалар жүзеге асқан уақытта Түркі жұртшылығының, түркі әлемінің дүниежүзілік өркениетке қосқан үлесін сезінеді, тарихтағы біздің Ұлы тұлғаларымызды басқа ұлттар мен ұлыстар халқы білетін болады. Сондай-ақ, біздің жас ұрпаққа отан сүйгіштікке тәрбиелеуге, тарихи білімді дәріптеуге, Қазақстанда туризімді дамытуға үлкен мүмкіндіктер жасайды.
Бағдарлама халықтың гуманистикалық курсы және потенциалын көрсетіп, оның тарихи тәжірибесін байытып, болашақтың сенімді тірегі болмақ.
Жоғары білімді әрі рухани бай адамдар ғана заманның жаңа талаптарына дер кезінде жауап қатып, дұрыс шешім қабылдай алады. Елбасының бұл мақаласы ұлтымыздың өз рухани құндылықтарын құрметтеуге, сыйлауға, аялауға және танып-білуді дамытуға бастама болатын бағдарлама. Бұл мақалада тарихи, тәрбиелік, қоғамдық-саяси және мәдени ағартушылық бағыттағы маңызды жобаларға қатысты қабылданар нақты қадамдар көрсетілген. Олардың бәріне үлкен жауапкершілікпен қарауға тиіспіз.
Енді осы мақалаға орай «Ұлы даланың жеті қырының» бірнешеуіне тоқталайын:
1. Атқа міну мәдениеті
Жеті қырлы алмастың әуелгі қырына, гауһардай жарқырап күллі көшпенділер дәуіріне, адамзат дамуына сәуле түсіріп тұрған атқа міну мәдениетіне тоқталайық. «Атқа міну мәдениеті мен жылқы шаруашылығы жер жүзіне Ұлы даладан тарағаны тарихтан белгілі», - дейді Нұрсұлтан Әбішұлы. Жазушы Асқар Сүлейменовтің «Өзгелер маймылдан жаралса жаралған шығар, қазақ жылқыдан жаралған» дейтін сөзі еске түседі. Иә, қазақтың арғы-бергі тарихын саралап қарасаңыз ұйқысыз өтсе де, жылқысыз өтпегенін көруге болады. Дала тарихын ат тұяғының ізімен жазған көшпенділердің соңында Ботай, Берел, Есік секілді тарихи қорғандар қалды. Кешегі Геродоттың, Рубруктың, Страбонның, Марко Полоның жазбаларынан көшпенділердің ат жалындағы мәдениеті, ат жалындағы соғыс өнеріне жетіктігі, ат жалындағы рухани қазынасы қаншалықты тереңде, қаншалықты бай болғанын көреміз.
Қазақ даласында қолға үйретілген жылқы жануары әлемдік өркениетті алға сүйрегені анық. Әсіресе ауыздық пен үзеңгіні ойлап тапқан бабаларымыз әлемнің тізгіні мен тіреуішін қолына ұстады десек болады. Бұл туралы тарихтың атасы атанған әйгілі Геродот: «Олар ат үстінде де, жаяу да соғыса береді, соғыстың екі тәсілін де жетік меңгерген: садақпен және найзамен қаруланған, қарапайым қару мен айбалтаны да қолданады. Сондай-ақ олар аттарының алқымын сауытпен қаптайды, ал жүгендерін, ауыздықтарын және құйысқандарын алтынмен зерлейді» деп жазса, араб саяхатшысы Ибн-батута «…Дешті Қыпшақтарда төрт доңғалақты үлкен арбалар болады. Оған екі немесе бірнеше ат жегіледі, кейде ат орнына арбаның жеңілдігі мен ауырлығына қарай қара мал немесе түйе пайдаланылады. Айдаушы салт атқа мініп, ұзын бишікпен немесе ұзын шыбыртқымен бағыттап, оларды жолға түсіріп отырады. Арбаның үстіне бір-бірімен жіңішке қайыстармен байланыстырылған әрқилы ағаштардан құрастырылған үйшіктер орнатылады. Үйшіктердің сырты киізбен немесе басқа да материалмен қапталады. Бұл арбалардың алмалы-салмалы терезелері болады. Үйшіктің ішінде отырып, сыртта не болып жатқандығының бәрін аңдауға болғанымен, оның ішінде отырғандар көзге түспейді» дейді. Екеуі де тарихта болған, екеуі де ежелгі қазақты көзімен көрген тарихшылар.
Сан ғасырдан бері тақымынан тұлпары, қарынан құрығы, қолынан найзасы түспеген қазақты ХҮІІІ ғасырдың соңында орыстың Ақ патшасы түсіруге талпынды. Тіпті бүгінде аңызға айналған ІІ Екатерина айтты дейтін сөз көкейімізде сайрап тұр. «Қазақтарды атқа мінгізбеңдер. Олар атқа мінсе кімді болса да таптап кетуден тайынбайды» деген әйел патшаның қаймығуы орынды да еді. Себебі «Ту ұстаған салт атты жауынгердің бейнесі - батырлар заманының ең танымал эмблемасы, сонымен қатар, атты әскердің пайда болуына байланысты қалыптасқан көшпенділер әлемі «мәдени кодының» айрықша элементі» еді. Ал әлем сахнасына атпен шыққан көшпенділер өркениетінен нәр алған бүгінгі Еуропа адамбасты, жылқы денелі кентаврлардан бекер сескенбесе керек. Себебі де жоқ емес, бабаларымыз жылқы жануарының арқасында тізеліні бүктіріп, мойындыны иілткен.
Демек, ауыздықтап ат мінген бабаларымыз адамзат тарихына өлшеусіз үлес қосып, өркениет көшін дамудың жаңа сатысына көтергенін байқау қиын емес. Атқа міну мәдениеті кешегі бабаларымыз үшін әлемді аузына қаратқан айтулы оқиға болса, бүгін сол бабалардың ұрпағы аттың оң-терісін ажырата алмайтын жағдайға жетті. Қазіргі ұрпақ жылқы көрсе құлағын бір қағып тұра беретін есекпен шатыстыруға айналды. Енді қазақ халқы үшін арғымаққа алтынды ер салып, төс айылды бос тартып, шап айылды берік тартып, екі тізгін, бір шылбырды қолға алып, атқа қонар сәт келді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет