Ұлттық тәрбие ұлт болашағы



Дата05.05.2023
өлшемі1,49 Mb.
#90275

Ұлттық тәрбие - ұлт болашағы
Ұлттық тәрбие қазір елімізде орын алып отырған көптеген мәселелерді: ана тілін, ата тарихын, ұлттық салт-дәстүрін білмейтін жастар, тастанды жетім балалар, «қиын» балалар, қарттар үйлеріндегі әжелер мен аталар, наша қорлыққа салынған жастар, тағы басқаларды бірте-бірте жоюдың және олардың алдын алып,
болдырмаудың негізгі жолы. 
Рухы асқақ, іргесі берік ел боламыз десек, ең бастысы ұрпақ тәрбиесі мен біліміне сергек қарауымыз тиіс.
Балаға мінез үш алуан адамнан жұғады: бірінші ата-анасынан, екіншісі – ұстазынан, үшіншісі –құрбысынан.
Бұл орайда ұлттық салт-дәстүрлерді үйрету сабақта және сыныптан тыс сабақтарда,тәрбие сағаттарында көрсету үрдіске айналып келеді . Еліміздің ертеңін сеніп тапсыратын отансүйгіш, еңбекқор ұрпақ тәрбиелеу үшін аянбай тер төгіп келеміз.
«Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» болғандықтан әдебиет сабағында оқушыларға тақпақтарды жалаң жаттатып, ертегілерді құр оқытып қана қоймай, оны оқушының санасына сіңіріп, мағынасына терең бойлатуға тырысамын.

Мақалды жалғастыр

Мақалды жалғастыр

  • Әдепті бала ата-анасын мақтатар,…………
  • Ана сүтін ақтамағанды ..........
  • Әке тұрып ұл сөйлегеннен без.........
  • Қарағайға қарап..............
  • Үйінде ұл-қызы бардың .............

.
Әдепті бала ата-анасын мақтатар, әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.
Ана сүтін ақтамағанды , ещкім жақтамайды.
Әке тұрып ұл сөйлегеннен без, ана тұрып қыз сөйлегеннен без.
Қарағайға қарап тал өсер, қатарына қарап бала өсер.
Үйінде ұл-қызы бардың, көгінде сөнбес жұлдызы бар.
Бала тәрбиесінде ең алғашқы ұстаз – ата-ана. Бала үшін үй ішінен, ата-анадан артық тәрбие жоқ.
Отбасында әке – әулет басшысы, отбасы мүшелерінің тірегі, асырап сақтаушысы, қамқоршысы болса, ана – өмірдің қайнар бастауы. Ана – ақылды тәлімгер. Ана бала бақытының бағбаны.
Әр ұлттың қай кезеңде болмасын алдында тұратын ұлы міндеттерінің ең бастысы өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты ұрпақ тәрбиелеу.
Болашақ қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл парасаты мол, мәдени, ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу аға буынның қоғам алдындағы зор борышы.
Қазақ халқы – рухани зор байлықтың мұрагері. Ежелгі ата-бабаларымыздың күмбірлеген күміс күйі, сыбызғы сырнайының үні, асқақтата салған әсем әні, ғашықтық жырлары, мақал-мәтел, шешендік сөздер,айтыс өлеңдерінің сан ғасыр бойы өз ұрпағын сегіз қырлы, бір сырлы, өнегелі де өнерлі адамгершілік ар-ожданы жоғары намысқой азамат етіп тәрбиелеп келгені тарихи шындық.
Қазақ халқының салт-дәстүрлері осы ұлттың мінез-құлқын, қасиеттерін көрсетеді. Кейбір салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары сол халықтың тұрмысына, тәрбиесі мен мінезіне, сеніміне, ырымына қарай қалыптасып, келеді.
  • Жанұядағы қыз бен баланың тәрбиесі қалай болуы керек?
  • Қазіргі жастар сыпайылық сиақты асыл қасиеттерден алыстап бара жатқан жоқ па?
  • Білім маңызды ма, әдеп маңызды ма?
  • Ата-әженің қолында тәрбиеленгенге қалай қарайсыз?

Жас ұрпақты Отанын, туған жерін сүйіп, оны қорғай білуге үйрету, оқушы бойында патриоттық сезім мен адамгершілік сананы қалыптастыру-егеменді мемлекетіміздің әр отбасы мен азаматтарының міндеті.
Ұлттық қадір-қасиет – ұлттық сана-сезімнің өзегі, адамгершіліктің бірегейі, халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамдық сана­сының жемісі, кісілік қасиеттер жиынтығы. Қазақ халқы өз ұрпағын адамгершілікке, ізгілікке, инабатты­лыққа тәрбиелеуді ежелден-ақ өзінің басты мақсаты етіп қойған.
Халық өз ұрпағына қайырымды­лықты ес білгеннен үйретіп, тиісті талап қою, дағдыландыру арқылы оны тұрмыстық салтқа, адамгершілікке, дәстүрге енгізді.

Қазақ халқының салт-дәстүрлерінің бірі – тұсаукесер. Тұсаукесер – сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып, ырым. Ол үшін арнайы ала жіп дайындалады. Бұл ала жіп аттамасын деген ұғыммен шыққан.


Назарларыңызға рахмет
Келесі кездескенше
Қош сау болыңыздар !!!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет