М. ҚАлтайұлының мысал өЛЕҢдері



Pdf көрінісі
Дата06.03.2017
өлшемі1,71 Mb.
#7627

Ш

 

« й  



ттш

УДК  894.342.574

М. ҚАЛТАЙҰЛЫНЫҢ МЫСАЛ ӨЛЕҢДЕРІ

ӘМІРЕНОВ Ә Д .

С.Торайәыров ат ындаәы Паөлодар мемлекеттік 

униөерсит ет інің қазақ әдебиеті кафедрасының аәа 

оқытушысьі.

Мщапада ХХгасыр басындагы цазақ әдебиетінің дамуына өзіндік 

улес қосцан Маңыш Қалтайүлының мысал жанрындагы өлеңдері сөз 

болады.

В статье расматривается  творчество МКалтаева, который 

внесшего знанителъный вклад в развитии казахской литературы начала 

ХХвека.

Іп агіісіе <5 Іоій аһоиі іһе Макуяһ Каһае\ роегіу&епге м/һо тсиіе 

етіоүгпіепі іо іһе Шегаіиге о/һе Ъе£Іпіп£о/ХХсепІигу.

Мақыш  Қалтайүлы  поэзиясының  бір  саласы-  мысал  өлеңдері. 

Мысал жанрының қазақ әдебиетінде ерекше қарқынмен дамып, әдеби 

проңесте  айрықша  маңызға  ие  болған  кезеңі-ХІХ  ғасырдың  екінші 

жаргысы  мен  XX  ғасырдың басы.  Жазба әдебиетте Дулат Бабатайұ- 

лы, Ыбырай Алтынсарин, Абай Қүнанбаевтар бастап дүниеге әкелген 

соны  жанр  Ахмет  Байтүрсынов,  Мәшһүр  Жүсіп  Көпеев,  Спандияр 

Көбеев, Бекет Өтетілеуов, Сүлтанмахмүг Торайғыров, Сәбит Дөнен- 

таев сияқты т.б. ақын-жазушылар пшғармашылығында жалғасын та- 

уьш қазақ әдебиетіндегі мысап жанрының түтас жүйесі көрініс берді. 

Осы  кезде  қазақ  қоғамында жүріп  жатқан  саяси-әлеуметтік,  шаруа- 

пгылық өзгерістер рухани жандану мен серпілістер мысал жанрының 

күрт дамуына әсер еткен қозғаушы факторлар болды. Зерттеуші ғапым 

Т.Қожакеевтің сөзімен айтқанда:  « ...дәуірдің жүртты ағаргу, тәрби-



42

Вестник ПГУЛҺ2, 2004

елеу  идеясына  қарай  XX  ғасырдың  басында  мысал  жанры,  әсіресе 

дидактикалық мысалдар бірінші қатарға шықты» [1,43].

Сөз болын отырған ксзеңде  қазақ мысалының дамуына Мақыш 

Қалтайұлы  да өз үлесін  қосты.  Ақын  өзінің  ағартушылық  мұратын 

халыққа тиімді  де  түсінікгі  етіп  жеткізу  үпгін,  қазақтың  үғымына, 

таным - түсінігіне жақын, табиғатында ауыз әдебиеті нүсқаларымен 

соның ішінде хайуанаттар туралы ертегілерімен егіз осы мысал жан- 

рына қалам таргып, жүртқа ғибрат, нақыл - өсиет айту ниетімен бірне- 

ше  мысалдар жазады.  Ақын  мысалдары  Қазанда  1910  жылы  «Біраз 

ғибрат сөз...» деген атпен жарық көрді. Онда «Қой, сиыр, ешкі, арыс- 

тан...»,  «Сабырсыздық»,  «Есекгің ойнауы»,  «Аз  үміт  көп  зарар  бе- 

рер», «Бал қүрты мен шыбын», «Жақсылыққа жамандық», «Фақыр- 

лық, байлық», «Садақат» атты барлығы сегіз мысал олеңі қамтылған. 

Ақын  мысалдарында  негізінен  адамдар  бойында  кездесетін  теріс 

қыиық, жайсыз мінездерді әртүрлі аңдар, қүстар кейпінде, кейде адам- 

ның өзін қатыстырып («Жақсылыққа жамандық») суреттей отырып, 

одан қажетті қорытынды жасап, ғибрат, моральмен туйіндейді. Кітап- 

тың  өлеңмен  жазылған  беташарында  ақын  мысал  жазудағы  басты 

мұраты, негізгі бағытын былай аңдатып өтеді:

Риуайатын рауиннің баяндаймын,

Білмегеннен ерініп аянбаймын.

Қанша ғажиз болсам да әр ісімде,

Бір Алладан басқаға таянбаймын.

Қанағат, тауфиқ бізге жолдас болса,

Бергені көп Алланың үлкен баймын.

Қанагат, тауфиқ жағы тақыр болса,

Адамның азғыны боп қалғандаймын [2,2],- деген жолдарда ақын- 

ның адамгершішк ои - мұратгары жатыр. Яғни Жаратқанның адал пен- 

десі ретінде өмір сүру үішн ең алдымен соған тән ип қасиеттерді бойыңа 

дарьгга бшуің қажег. Ал адамгершілік қасиепің негізі - имандьшық. Иман- 

дылық - Алла тағаланың көрсеткен хақ жолымен журу арқылы гана бола- 

ды («Қанша ғажиз  болсам  да әр ісімде, бір Ашіадан  басқаға таянбай- 

мын»). Сонда имандылықгың өзі - адами қасиеттердің жиынтығы болып 

табыпады. Солардың іпгінде ақын «қанағат», «тауфиқ», «ынсап» ісатего- 

рияларына айрықша тоқгалады.  Бұлар бар жерде Адам деген  ардақгы 

апқа ие болғаның, ал енді «Қанағат, тауфиқ жағы тақыр болса, Адамның 

азғыны боп қапғаңдаимьга» деген діни - пәлсапалық, гуманистік ой тұйеді 

Бүдан шығатын қорьггынды, ақын шығармашылығына тән діни агаріу- 

шьшық, гуманистік мүрат - мақсатгарының оның мысал өлеңдерінде де 

басты нысана болып жалгасып жатқанын аңғартады.


серия 

Филологи ческая

43

Жалпы мысал ғасырлар бойы қалыптасқаи дәстүрі бар жанр. Бұл 



жөнінде  орыстың  мысал  жанрын  зерттеуші  ғалымы  А.С.Степанов: 

«Басня - один  из нанболее распространенных  во всей мировой лите- 

ратуре жанров которую  имеет богатую и древную традищпо.  Басни 

Крылова, Эзопа, Лафонтена, Федра, Пипьпая заслужили мировую из- 

вестность, украсили национальные литературы» [3,5], - деп мысал жан- 

рының әлем әдебиетіне кең тараған дәстүрлік ерекпіелігі бар екенін 

айтса, қазақ әдебиетін зерггезгпп ғалым Р.Нұрғалиев: «Мысал жанры- 

ның  қазақ  әдебиетіне  бойлай  ену  құбылысы  әлемдік  көркемдік 

дәстұрдің  типологиялық  ұқсастығын  көрсетеді  [4,7]  -  дей  отырып, 

бұл достүрдің қазақ мысалының дамып, қалыптасуына, әсері мол бо- 

лғанына тоқталады.

Макыш мысалдары да осындай дәстүрлік негізде жазылған. «Ри- 

уайатын» (аңыз,  әңгіме-  Ә.Ә.) рауиннің  (әңгімешінің) баяндаймыю> 

деп  өзі  аңғартып  отырғандай, ақын  мысал  жанрының  ортақ  сюжет, 

тақырыпка  жазыла  беретіи  қалыптасқан  дәстүрін  сақтай  отырып, 

жазған  мысалдарына  жаңа  идеялық  сипат  беріп,  өзіндік  ақындық 

қуатымен  дамытады.  Соның  бірі  -  «Аз  үміт  көп  зарар  берер»-  деп 

аталатын  мысалы.  Мысал  сюжеті  әлем  әдебиетіне  кең  тараған:  шы- 

ғыс жәуһарларының  ішінде «Кәлила мен Димнада» бар, ежелгі грек 

мысалшысы Эзоп та осы оқиғаға мысал арнаған [5,75]. Эзоп мысалын 

Әлихан Бөкейханов қазақ тіліне тәржімалапты [6,344]. Бұлардың бар- 

лығында оқиға желісі негізінен қара сөзбен, проза үлгісінде баяндала- 

ды.  Осы  ыңғайда назар аударарлық бір жай:  бұл оқиға негізінде по- 

эзия үлгісімен қазақ тілінде жазылған мысалдың екі нұскасы ғана бар. 

Біріншісі-  біз  сөз  қылып  отырған  Мақыш  Қалтайүлынікі  болса, 

екіншісін  жазған Сәбит Дөнентаев.  Сәбиттің мысалы «Көзі тоймай- 

тын  ит»  -  деген  атпен  1915  жылы  Уфада  шыққан «Уақ-түйек»  кіта- 

бында басылды.  Ал,  Мақыш  мысалы  жоғарыда  айтып  өткеніміздей 

1910 жылы тасқа басылған болатын.  Демек,  қазақ мысалшыларынан 

бүл оқиғаға бірінпгі болып қалам таргқан адам - Мақыш Қалтайүлы.

Енді  мысалдың өзіне келетін болсақ,  оған  «Кәлила мен Димна- 

ның»  «Дәрігер  Барзуя»  тарауындагы  мына бір  әңгіме  негіз  болған: 

«Алайда дүние қызыгынан баз кешкен тақуалардың тіршілігіне төзе 

алмаспын  деп  қорықтым,  өйткені  жасымнан  бойыма  сіңген  дарқан 

дағдым  кесірін тигізер деп  ойладым,  дүние  қуып  талаптанудан  без- 

сем, онда ана бір кезде пайдалы екеніне көзім жетіп арындай ұмтыл- 

ған  игілі  әрекетімді,  үйренген  әдетімді  тастап  кетермін  деп  қауіп- 

тендім. Аузына сүйек тістеп өзеннен өтіп бара жатқан ит сияқты бол- 

ғым келмеді. Өйткені әлгі ит судың ішінен өз көлеңкесін көріп, бөгде


44

Вестник ПГУ№ 2,2004

ит деп ұғады да, оның сүйегін тартын алмақ болып суға сүңгиді, сон- 

да ит іздеген етіне де жете алмайды, өзінің тістеген сүйегінен де айы- 

рылып қалады» [7,56].

Осындағы  ит туралы оқиғаның  негізгі  фабуласын  сақтай  отырып 

Мақыш иггің қомағайлық іс - әрекетін өлең жолдарымен былай жетюзеді: 

Бір ит бір күні аузына тістеп етті,

Бір көпірдің үстінен жүріп өтті.

Өзінің көлеңкесін суда көріп,

Басқа ит деп көлеңкесін хиял етгі.

Сол итгің аузындағы етгі алам деп,

Аузымен суды қапты секіріп кеп.

Аузына тістеген ет суға түсіп,

Аш қалды екі арада кересін жеп.

Мүнда көрсеқызар, көзі тоймас қызғаншақтық, нәпсіқұмар, дүние- 

қорлық әшкереленіп, мысқылданады. («Аш қалды екі арада кересін (атау 

кере - өлер апдындағы соңғы дәм - Ә.Ә.) жего>). Ақын адамдар бойында 

кездесетін жат пиғылды иггің іс - әрекеті арқылы мысалдап көрсетеді.

Мысалды  жоғарыда  атап  өткен  нүсқалармен  салыстырар  бол- 

сақ, сюжетгік құрылымында ешқандай өзгешелік жоқ.  Оқиға желісі 

бәрінде бірдей өрбиді. Айтпақ ой, көздеген мұрат, тақырып та бір. Ол 

- қанага гшылық. Эзоп «Басня направлена против человека жадного» - 

деп  түйіндесе,  Әлихан  аудармасында  оқиға  ғана  баяпдалып,  қоры- 

тынды пікір айтылмайды. Сәбит мысалыпың түйін пікірін:

Әрқайда «ашкөздінің» олжасы осы,

Байқасаң іс түбіне көзің салып [8,17], - деп қысқа да нұсқа қа- 

йырса, Мақыш мысапының соңында:

Бұл қиссада пайда көп ғибрат алсаң,

Барына қапағат қыл тілге нансаң.

Біреудің мал - бақытына көзің салсаң,

Сол итгей боларың хақ әуре-сарсаң,- деген ғибрат айтады, қана- 

ғатшыл болуға үндейді. Мысал астарыпда «Қанағат қарын тойғызар, 

қанағатсыз жалғыз атын сойғызар» деген халық нақьшы жатыр.

Айта кететін енді бір жағдай:  «Эзоп мысалында, Әлихан аудар- 

масында  және  Мақыш  тәмсілінде  иттің  аузына  тістегені  ет  болса, 

Сәбнт мысалындасүйек. С.Талжанов қазақшалаған «Кәлила мен Дим- 

нада» оқиға:«... сонда ит іздеген еггке де жете алмайды, өзінің тістеген 

сүйегінен де айырылып қалады»  [7,56], - деп аяқталады. Яғни  итгің 

аузындағы  сүйек  судағы  көлеңкесінде  ет  болып  көрінеді.  Ал,  араб 

тіліндегі түпнүсқада итгің судан тістеп өткені  «дылғун»  [9,95], бұл 

сөз  «сүйек»  (анат.  термин  ретінде-  қабырға)  мағынасында  да  «ет»


серия 

Ф илологи ческая

45

(турапған,  жаншылған)  мағынасында  да  қолданыла  береді  [10,461]. 

Негізінен  жалны  атау  ретінде  араб  тілінде  «ет»  -  «ләхм»,  «сүйек»- 

«ғазм» ден аталады. Сөз болып отырған нұсқаларда итгің аузындағы 

«затгың» әр түрлі аталу себебі де араб сөздерінің осындай көп мағы- 

налы қолданылысында болса керек.

Мәселе  бүл  сняқты  ауыс  -  түйісте  жатқан  жоқ,  мүның  бәрін 

тәһпіпггеп  айтып  отырғандағы  мақсатымыз  -  мысал  әлем  әдебиеті 

мен  фольклорьгада  қалыптасқан  заңдылық  ретінде  қабылданатын 

оргақ сюжет, тақырыи түрғысынан, типологиялық үқсастығы жағы- 

нан көне де бай дәстүрі бар жанр екенін айтып өту.

Мақыпі мысалдарынан  көрінетін енді бір ерекшелік- оның  мы- 

сал өлеңдеріндегі персонажында. Классикалық үлгідегі Эзоп, Лафон- 

тен, И.А.Крылов мысалдарында, сондай - ақ, қазақ мысашпылары Абай, 

Ахмет,  Сәбиттердің мысал  өлеңдерінде  қарға  -  мақтаншақ,  даңғой; 

түлкі - алаяқ қу болса, Мақыпі мысалдарында керісінше, қарға- ақыл 

айтып, жен сілтейтін данагөй («Сабырсыздық») түлкі- адамға көмек 

көрсетіп ажалдан алып қалған қүтқарушы ретінде бейнеленеді. («Жак- 

сыпыққа жамандық»). Ал итгің образы екі түрлі берілген: бірінппсінде, 

«Аз үміт көп зарар берер» мысапында, көзі тоймас,  көрсеқызар қыз- 

ғаншақ  болса,  «Садақат»  атты  мысалында  адамның  адал  досы, 

көмекшісі  персонажы  регінде  алынады.  Қожасының  қорасына  үры 

гүсіп, оны сезіп қалған ит үріп болмаған соң, үры итті алдап алдына 

нан тастайды.  Сонда:

Ит ойлайды, қожамның хақын сақтап,

Үрының алдауына нанбайын деп.

Неше жылғы нығметгі нанга сатып,

Азға бола алданып қалмайын деп...

Неше жыл тәрбиелеп тамақ берген,

Қожамның көзіне шөп салмайын деп.

Ит одан сайын қатгы шабалана үріп, үйдің иесі сыртқа шығады, 

үры қашып кетеді. Мысалдагы ғибрат:

Ит те болса ақтады нығмет хақын,

Залымды жібермеді үйге жақын.

Адамзат болған соң ақылы бар,

Нығметке кәпірліктен зинһар сақтан,-

деген  шумақпен  беріледі.  Мүнда  «асын  іпііп,  аяғына түкірме» 

деген өнеге  бар.  Мысалдың негізгі айтары-  адамдардың бір-бірімен 

достық қатынасы, адал достық  мәселесі.

Мақьпп мысалдарының сюжеттері  Эзоп,  И.А.Крылов  мысалда- 

рымен, кейбіреулері классикалық «Шығыс әдебиеті» үлгілерімен, енді


46

Вестник ПГУ Мв2, 2004

біреулері әлемдік фольклормен астасып, тоқайласып жатса да, ақын 

оны  өзінше  дамытады.  Оның  мысалдарының  сыры  көтерген  тақы- 

рып, қозғаған мәселелерінен көрінеді.  Негізінен адамгершілік тақы- 

рыбына,  әділетсіздікті,  мінез  -  құлықты  түзетуге  арналғандықтан, 

ақын мысалдарында өткір сатирадан гөрі өнеге айту, ғибраттау сияқ- 

ты дидактикалық ой басым. Мұның барлығы құр риторикалық ақыл 

айтумен емес, персонаждардың іс - әрекеті, қимылы арқылы көрсете 

отырып, пікірді тұспалдап жеткізеді, соңында ғибрат айтады.

Мақыштың баспа бетін көрген осы аталған сегіз мысалынан ба- 

сқа  мысалдары  жоқ.  Т.Қожакеев  ақынның  «Сұтке  түскен  тышқан» 

деген мысалы жайында сөз қозғайды. Бірақ, мысалдың қайда басылғ- 

аны,  оны  қайдап  алғаны  туралы  мағлұмат  жоқ  [ 11,304]  Осы  аттас 

мысалды татар ақыны Ғабдолла Тоқай жазған [ 12,81 ]. Ал, қазақ қалам- 

герлерінен бұл оқиғаға мысал жазған ешқайсысын кездестірмедік.

ӘДЕБИЕТ


1.ҚожакеевТ. Сатирапық жанрлар.Алматы: Мекгеп,  1983.- 2146

2.Мәшһүр Қалтаев Біраз ғибрат сөз. Қазан, 1910.-22 б  .

3.Степанов  Л.С.  Мастерство  Крылова  баснописңа.  М.,  Советс- 

кий писатель, 

1956.-С.299.

4.Байтүрснов А. Ақжол. /Қүраст. Нүрғалиев Р.-Алматы: Жалыи, 

1991.-464 6.

5.Эзоп. Заповеди. Басни. Жизнеописание. Ростов: Фенике, 1999.-с320.

6. Бөкейханов Ә.Шығармалар. Алматы: Қазақстан, 1994. -384 б.

7. Кәлипамен ДимнаУ Ауд. С.Талжанов.-Алматы: Жальш, 1986.-288 б.

8. ДөнентаевС. Үрпағымаайтарым. Алматы: Жазушы,  1989.-3046.

9. Кәлила мен Димна. Бейрут,  1896.- 364 сух.



10.

 Баранов Х.К. Арабско - русский словарь. М., Рус. 



яз., 1984.-С.944.

11. ҚожакеевТ. Сатира негіздері. Алматы: Санат,  1996.-464 б.



12. ТоқайҒ. Таңдамалы іяығармалары. Алматы: Жазушы, 1975.-336 б.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет