М. Б. Әмірханов ¤. Д. Сандықбаева



жүктеу 410.61 Kb.
Pdf просмотр
бет2/4
Дата22.12.2016
өлшемі410.61 Kb.
1   2   3   4
§ 4. Үйсіндер 

 

Үйсіндер  ежелден  келе  жатқан  белгілі  түркі  тайпаларының 

бірі. Сондай-ақ, қазақ халқының қалыптасуына негіз болған тай-

палар қатарына жатады.  

Жазба  деректерде  б.з.д.  І  ғасырда  үйсін  халқының  саны 630 

мың  болған  делінеді.  Мұның  өзі  олардың  іргелі  ел  болғанын 

дәлелдейді.  Үйсіндердің  жайлаулары  мен  қыстаулары  Іле,  Шу, 

Талас  өзендерінің  алқаптарында  болған.  Іле,  Талас  өзендері 

бойында  егіншілік  өркендеген.  Мемлекеттің  астанасы  Қызыл 

Аңғар (Чигучен) қаласы. Ол қала қазіргі Ыстықкөл мен Іле өзе-

нінің  оңтүстік  жағасында  орын  тепкен.  Жетісудағы  тиграхауд 

сақтардың орнын кейін үйсін тайпалары мекендеді. Үйсіндердің 

территориясы:  батыста  Шу,  Талас  өзендеріне,  шығыста  Тянь-

Шань  тауларының  шығыс  бөлігін,  ал  солтүстікте  Балқаш  кө-

лінен  бастап,  Оңтүстікте  Ыстықкөлдің  оңтүстік  жағалауына 

дейінгі өңірді қамтыды. 

Үйсіндердің жоғарғы билеушісінің титулының атауы Гуньмо 

(Күнби)  деп  аталды.  Үйсіндерде  жерге,  малға  жеке  меншік  қа-

лыптаса  бастады.  Мұның  өзі  мемлекеттің  пайда  бола  бастау-

ының  белгілері  еді.  Әскербашылар  мен  басқа  да  билік  басын-

дағы  адамдардың  алтыннан,  мыстан  жасалған  мөрлері  болды. 

Олардан  кішірек  басшылардың  да  мөрі  болған.  Бірақ  олардың 

көбі тастан, күйдірілген саз балшықтан жасалды.  

Үйсіндер  жайлы  ежелгі  тарихшы  Сыма-Цянь  мәлімет  қал-

дырған.  Үйсін  тайпалары  ежелгі  түрік  тілінде  сөйлеген.  Үйсін-

дер Қытаймен кең дипломатиялық қатынаста болды. Сондай-ақ, 

ұйғыр  тайпаларымен, Орта Азияның  ғұн,  қаңлы  тайпаларымен, 

Енисей  қырғыздарымен  қарым-қатынаста  болған.  Үйсіндердің 

көрші елдермен оның ішінде қаңлылармен, ғұндармен қатынасы 

көбіне  бейбіт  жағдайда  өрбіді.  Сыртқы  қауіпсіздігін  нығайту 

үшін үйсіндер ғұндармен бірнеше рет одақ құрған. Ал Хань им-

периясы  олардың  күшейіп  кетуінен  қорқып,  үнемі  осы  одақты 

бұзуға әрекет жасап отырған. Үйсіндер қыз  алып, қыз беру ар-

қылы кейбір көршілермен де татулық байланыс орнатқан. Көш-

пелі  үйсіндердің  тұрған  үйі-киіз  үй  болатын.  Үйсіндер  қысты-

гүні екі түрлі үйде тұрған: кірпіш үй, тас үй. 

 

13


 Шаруашылығы. Мал шаруашылығы үйсіндер өмірінде аса 

маңызды  болған.  Жетісу  жеріндегі  үйсіндер  малдың  негізгі 

түрінің бәрін: қой, жылқы, сиыр, қос өркешті түйе, ешкі өсірген. 

Әсіресе, жылқы шаруашылығы жақсы өркендеген. 

Олар түйе өсіруге де көңіл бөлген. Сонымен қатар, үйсіндер 

бау-бақша  мен  қатар  дәнді  дақылдар  да  өсірген.  Көбіне  тары 

мен  арпа  еккені  байқалады.  Оны  біз  зираттардан  табылған 

ыдыстардың  түбіндегі  дәндерден  көреміз.  Үйсіндерде  біздің 

заманымыздың бас кезінде-ақ, егіншілік пен отырықшылық бол-

ған.  Оларда  үй  кәсібі,  қол  өнер  дамыған.  Әсіресе,  керамика 

ыдыстарын жасау кең өріс алған. 

Салт-дәстүрі  және  діни-нанымы. Үйсіндердің  салт-дәстүрі 

туралы ғылыми деректер жоқтың қасы. Тек қайтыс болған адам-

ды жерлеу дәстүрі туралы біраз мәліметтер бар. Бұл мәліметтер 

археологиялық  қазба  деректер  бойынша  жинақталған.  Ертедегі 

үйсіндер өлген адам тіріледі деп есептеген. Сондықтан да адам-

ды жерлегенде оған о дүниеде керек болады-ау деген заттардың 

бәрін қоса көмген. Алдымен қайтыс болған адамды сәндеп киін-

дірген.  Тірі  кезінде  пайдаланып  жүрген  заттарын  жанына  қоса 

қойған. 

 

§ 5. Қаңлылар 

 

Б.з.д. ІІІ ғасырда Қазақстанның оңтүстігінде қаңлы тайпалық 

одағы құрылды. Қаңлылар қазақ халқының қалыптасуына негіз 

болған  көне  түркі  тайпаларына  жатады.  Өзінің  ұзақ  тарихында 

оның шекарасы кейде ұлғайып, кейде кішірейіп отырған. Бұған 

әр түрлі шапқыншылықтар мен соғыстар себеп болған. 

Қаңлы  тайпаларының  атамекені  Сырдария  өзенінің  орта 

ағысы  мен  Қаратау  жотасы  болған.  Қаңлы  елі  күшейген  тұс-

тарда  замандағы  атақты  мемлекеттер  Қытай,  Рим,  Кушан  оны-

мен  жан-жақты  байланыс  жасап  тұрған.  Қаңлылардың  күшейіп 

гүлденген  дәуірінде  олар  Ташкеннен  Хорезмге  дейінгі  жерге 

иелік  еткен.  Қаңлы  елін  хан  билеген.  Оның  үш  орынбасары, 

уәзірлері болған. Елдің астанасы Битянь қаласы. Ол қазіргі Түр-

кістан  қаласының  маңында  болған.  Ал,  екінші  бір  деректерде 

елдің астанасы Отырар қаласы болғандығын көрсетеді. 

 

14



Жазба деректерге қарағанда, қаңлы елі бес бөлікке бөлінген. 

Әр бөлік өзінің орталық қаласының атымен аталған. Әр бөліктің 

кіші ханы болған. Олар Ұлы ханға бағынған. Елдің билігі мұра-

герлік жолмен әкеден балаға өтіп отырған. 

Ру басылары, бай адамдар, ақсақалдар кеңесі, әскери көсем-

дер қарапайым халықты өздеріне мәжбүрлеп бағындырды. Мү-

лік  теңсіздігі  адамдардың  бай,  кедей  болып  бөлінуін  туғызды. 

Қытай  деректерінде  қаңлы  билеушісінің  жазғы  және  қысқы 

сарайлары  бір-бірінен 900 шақырым  қашықтықта  орналасқан 

деп айтылады. 



Шаруашылығы.  Қаңлылар  табиғаты,  климаттық,  геогра-

фиялық  ерекшелігі  әр  түрлі  өңірді  мекендеген.  Шаруашылық-

тың дамуы да, адамдардың кәсібі де сол табиғаттық-климаттық 

жағдайларға байланысты болды. Хорезмде, Арал өңірінде, Таш-

кент  алқабында  отырықшылық  дамып,  қоныстар  мен  қалалар 

қалыптаса  бастады.  Отырықшы  қоныстар  тұрғындары  егінші-

лікпен  айналысты.  Олар  тары,  арпа,  бидай  өсірген.  Шаруашы-

лықтың маңызды бір саласы ол мал шаруашылығы болды. 

Қаңлылардың  қыстаулары,  негізінен  Сырдария  бойында 

болған.  Ал  малдың  жайылымы  Орталық  Қазақстан  далаларына 

дейін жеткен. 

Мәдениеті  және  діни-нанымы.  Мәдениеттің  қалыптасуына 

отырықшы  тайпалар  да  көшпелі  тайпалар  да  қатысты.  Қаң-

лылардың ірі ескерткіштерінің бірі - Алтынасар қала жұрты. Ол 

16  га  жерді  алып  жатыр.  Қалада  тұрғын  үйлер  қатарластыра 

салынған.  Сондай-ақ,  қаңлылар  арасында  ән-күй,  музыка,  би 

сияқты  көркем  өнер  салалары  жақсы  дамыған.  Қаңлылардың 

діни-нанымы  басқа  да  тайпалар  сияқты  табиғаттан  тыс  күшке 

сеніп,  сол  күштерге  табынып,  құрбандық  беріп  отырған,  үй 

жануарларын да құрбандыққа шалған. Күнге, айға, жұлдыздарға 

да табынып, ата-баба аруағына сиынған. 



 

§ 6. Ғұндар 

 

Біздің  заманымыздың  басында  Қазақстан  аумағын  мекен 

еткен тайпалардың ішіндегі ең жауынгері ғұндар болды. Ғұндар 

туралы  мәліметтерді  қытай  деректерінен  кездестіруге  болады. 

Ғұндар  Қазақстан  жеріне  Орталық  Азиядан  б.з.д.  І  ғасырдың 

 

15



соңы мен б.з. І ғасырында келген. Дәл осы кезеңде Еуразияның 

ұлан-байтақ  даласында,  соның  ішінде  Қазақстан  жерінде  де, 

“Халықтардың ұлы қоныс аударуы” болды. 

Бес  ғасырға  жуық  уақыт  бойы  ғұндар  кең  далаға  билік 

жүргізді.  Деректерге  қарағанда  ғұндар 24 руға  бөлінген.  Әр 

руды ру ақсақалдары басқарған. Ғұндардың билеушісін “шаньюй” 

деп  атаған.  Ғұн  қоғамында  “түменбасын”  шаньюйдің  жақын 

туыстарынан  қоятын  болған.  Ғұн  әскерінің  негізін  атты  әскер 

құраған. Ғұндарда әскери іс аса жоғары дамыған. Ғұн тайпалары 

ежелгі  түрік  тілінде  сөйлеген.  Ғұндар  бірлестігінің  негізін 

салушы Мөде болды. 

Б.з.д. 55 жылы Ғұн мемлекеті оңтүстік және солтүстік ғұндар 

болып екіге бөлінді. Оңтүстіктегі ғұндар Хань империясына ба-

ғынды,  ал  солтүстіктегі  ғұндар  Моңғолияның  солтүстік  баты-

сындағы Қырғызнұр көлінің маңына орналасты. Ғұндардың Қа-

зақстан  жеріне  екінші  рет  қоныс  аударуы  шамамен  біздің 

дәуіріміздің 93 жылы басталған. 

Еуропа  елдеріне  жасалған  жорықтар  кезінде  ғұндарды  Еділ 

(Атилла)  басқарды.  Аттилаға  дүние  жүзінің  мәдениет  қайрат-

керлері өз шығармаларын арнаған, ал қазақ ғалымларының іші-

нен  Аттила  туралы  алғаш  рет  ғылыми  пікіра  айтқан  Ш.  Уәли-

ханов  болды.  Ғұндардың  аты  тарихта  әсіресе  жаугершілік  жо-

рықтармен әйгілі болды. 

Ғұндар  батысқа  қарай  тез  жылжып,  тайпалардың  біреуін 

күшпен  бағындырса,  екіншісін  соғыссыз  қосып  алып  отырады. 

Қазақстан жеріне олар: Сырдария, Арал теңізіне, Орталық және 

Батыс  Қазақстан  жеріне  жетеді.  Ал,  б.з.  ІV  ғасырында  олар 

орыстың  оңтүстік  даласына , одан  әрі  Дунай  өзеніне  дейін  ба-

рып, “ғұндар” деген атпен қазіргі Венгрия жеріне жетіп қоныс-

танады.  Ғұндар  Дунайға,  одан  Италияға  өтіп,  кейінірек  Рим 

империясының  құлауына  себеп  болады.  Жалпы  ғұндар - түркі 

халықтарының ежелгі бір тармағы. Ұлы ақын Мағжан Жұмабаев 

“Пайғамбар”  деген  өлеңінде  өзін  ғұндардың  ұрпағымын  деп 

есептеген. 



Шаруашылығы  және  тұрмысы.  Ғұндардың  өмірінде  мал 

шаруашылығының маңызы ерекше болды. Ғұндардың малының 

бәрі дерлік бүкіл жыл бойына жайылып бағылды. Олар отырық-

шылық пен егіншілікті де білді. ХІ ғасырда өмір сүрген Махмұд 

 

16


Қашғари  ғұндардың  диқаншылықпен  айналысатын  мәдениетті 

тайпа екендігін, өздері түркі тілінде сөйлегенімен, өзара түсіні-

сетін  басқа  да  тілдері  болғанын  айтады.  Бұл  деректерден  ғұн-

дардың  отырықшылыққа  көшкенін  және  түркілене  бастағанын 

көреміз. Аң аулау да ғұндар өмірінде маңызды орын алды. Бей-

біт күндері мал бағып, аң аулап күнелткен. Ғұндар киіз үйлерде 

тұрған.  Жүннен  жасалған  текемет,  кілемдерді  төсеніш  еткен. 

Сондай-ақ, ғұндар атты, ошақты қадір тұтқан. 

  

§ 7. Сарматтар 

 

 Сарматтар  туралы  деректер  өте  аз. “Сармат”  тайпасының 

аты  көне  дәуір  авторларының  еңбектерінде  б.з.д.  ІІІ  ғасырдан 

бастап  кездеседі.  Бұдан  сарматтар  осы  кезде  ғана  пайда  болды 

деген  түсінік  тумауы  керек.  Бұл  кез  сарматтардың  күшейген, 

кемеліне  келген,  яғни  тарих  сахнасында  кеңінен  белгілі  бола 

бастаған  кезі  еді.  Сарматтар  ғұндармен  бірге  Қазақстанның  ба-

тыс өңірін мекендеген. Сондықтан сарматтардың тілі иран тілі-

нен түркі тіліне ауысқан.  

Сарматтардың құрамында роксоландар, аландар, аорстар, си-

рактар  тағы  басқа  тайпалар  болған.  Сарматтарда  елдің  ішкі-

сыртқы мәселелерін ру ақсақалдары мен тайпа көсемдері қауым 

мүшелерін  қатыстыра  отырып  шешкен.  Әскери  демократия 

заманында  ішкі,  сыртқы  мәселелерді  әскербасылары,

 

қолбас-


шылар  шешетін  болды.  Олар  қауым  мүшелерімен  ақылдасып, 

тек әскери жасақ қатарындағы адамдармен ғана санасты.  

 Сарматтар  қоғамында  әскери  демократия  ерлерге  де,  әйел-

дерге де бірдей қатысты болды. Сарматтарда әйелдердің

 

қоғам-


дағы ролі мен орны басқа көшпелі тайпаларға қарағанда жоғары 

тұрды. 


Сарматтардың мәдениеті мен шаруашылығы.  

Сарматтардың  ескерткіштері  Батыс  Қазақстан  аймағында 

кездеседі.  Олардың  кейінгі  кезеңдегі  ескерткіштері  қазіргі  Ук-

раина жеріне дейін жеткен. 

Батыс Қазақстан жеріндегі ескерткіштері Жайық, Елек, Жем, 

Сағыз өзендерінің бойына тақау орналасқан. 

Тарих  ғылымында  ерте  сармат  ескерткіштерін  савромат  ес-

керткіштері деп атайды. Жалпы сармат ескерткіштері үш дәуір-

 

17


ге  бөлінеді.  Олар:  ерте,  орта  және  соңғы  сармат  дәуірі  ескерт-

кіштері.  

Савроматтардың  кейініректегі  ұрпағы,  олардың  мәдениетін 

жалғастырушы тайпа - сарматтар. Кейбір зерттеушілер бұларды 

бір-бірінен  бөлмей  сарматтар  деген  бір-ақ  атпен  атау  керек 

дейді.  Бірақ  олардың  өмір  сүрген  уақытындағы  айырмашы-

лықтар, мәдениетіндегі кейбір өзгешеліктер оларды кейде бөліп, 

кейде савромат-сармат деп қосарлап атауға негіз болды. Жалпы, 

сармат  обалары  әр  түрлі  заттарға  өте  бай.  Ерлердің  де,  әйел-

дердің  де  қабірлерінде  қару-жарақ  міндетті  түрде  қойылады. 

Сондай-ақ алтын, күміс заттар да қойылатын болған. 

Ал  шаруашылығы  болса  олар  негізінен  көшпелі  мал  ша-

руашылығымен  айналысты.  Басты  түліктері  қой  мен  жылқы 

болды.  Түйе  мен  сиыр  аз  болған,  оларды  негізінен  күш  көлік 

ретінде  пайдаланған.  Сарматтар  жартылай  көшпелі,  тіпті  оты-

рықшылықпен  айналысқан.  Сарматтар  өмірінде  аңшылық  қо-

сымша роль атқарды. Сондай-ақ, олардың шаруашылығында те-

мір,  алтын,  күміс,  мыстан  әртүрлі  зергерлік  тұрмыстық  заттар 

жасау кең тараған. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



18

ІІІ ТАРАУ. ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН 

 

§ 8. Түрік қағанаты (552-603 жж.) 

 

Біздің заманымыздың І мыңжылдығында Еуразия далаларын-

дағы  этникалық  орта  өзгере  бастады.  Дәл  осы  уақытта  қазіргі 

түркі  тілдес  тайпалардың  этникалық-саяси  бірігуі  қалыптасқан 

еді.  Осы  дәуірде  түркілердің  рухани  мәдениеті  де  жаңа  сатыға 

көтерілді. Түркі жазба мәдениеті мен сына жазуы, хатқа түскен 

түркі  әдебиеті  қалыптасты.  Түркілерде  алғашқы  діни  наным-

сенімдер  буддизм,  христиан,  манихей,  ислам  діндерінің  ықпа-

лымен, өзге де өркениет жетістіктерінің әсерімен пайда болған. 

Олар  көшпелі  және  жартылай  көшпелі  өмір  кеше  отырып,  бір-

тіндеп  қалалық  және  отырықшы  тұрмысқа  көшті.  Отырықшы-

лыққа көшкен тайпалар өзіне тән өркениеті түрлерін қалыптас-

тырды,  олардың  сол  кездегі  әлемдік  мәдениетте  өзіндік  орны 

бар. 


V-VІ  ғасырларда  түркілер  далалы  аймақтарды  мекендеді 

және оларды қытайлықтар “жужаньдар”, еуропалықтар “авар-



лар” деп атаған. 

“Түркі” сөзі (қытайша “тукюе”) алғаш рет көшпелі халықтың 

атауы ретінде б.з. VІ ғасырында пайда болды. Бізге түркілердің 

тарихы  VІІ-VІІІ  ғасырларда  жазылған  Орхон-Енисей  жазба-

лары  арқылы  белгілі.  Ол  ескерткіштер-түркілер  мекендеген 

Енисей  өзенінің  бойы  мен  қазіргі  Монғолия  жеріндегі  Орхон 

өзенінің  жағасынан  табылған  құлыптастағы  жазулар.  Сондық-

тан  да  оларды  “Орхон-Енисей  жазуы” деп  атап  кеткен. Ескерт-

кіштер  VІІ-VІІІ  ғасырлардағы  Түркі  қағандығының  тұсында 

Білге қаған (хан), Күлтегін (әскер басы), Тоныкөк (ақылшы, ке-

ңесші)  сияқты  атақты  адамдарға  арнап  тұрғызылған  құлпы-

тастағы жазулар. ҮІ ғасырда Қазақстан жері сол кезде аса қуат-

ты болған Түрік қағанатының қоластына қараған. Түрік қағана-

ты  Орталық  Азиядағы  тайпалық  одақтардан  біріккен  ежелгі 

мемлекет. “Түрік”  атауы  алғаш  рет  қытайдың 542 жылғы  ше-

жіресінде кездеседі. Ал түріктердің мемлекеттік дәрежеге көте-

рілуі 552 жылдан басталады. Бұл этно-саяси бірлестіктің негізін 

салушы  Бумын  қаған  еді. 552 жылы  түрік  қолбасшысы  Бумын 

 

19


аварларға  қарсы  шықты.  Ол 553 жылы  дүние  салды,  ал  оның 

ізбасары  Мұқан  қағанның  билігі  кезінде  Түрік  қағанаты  Ор-

талық  Азияда  саяси  үстемдікке  жетті.  Қағанаттың  негізгі  құра-

мы  түркі  тілдес  халықтар  болды.  Олардың  басым  көпшілігі 

“теле” тайпалары. Теле-көптеген түрік тілдес тайпалардың ортақ 

атауы.  Қытай  шежіресі  бойынша  “теле”  сөзінен  “түрік”  сөзі 

шыққан.  Сондықтанда  “теле”  мен  “түрік”  сөзі  бір  мағынаны 

білдіреді.  Түрік  қағанатының  құрамында 30-дан  аса  теле 

тайпасы  болған.  Олардың  ішінде  қырғыз,  оғыз,  ұйғыр,  дулу, 

үйсін  тағы  басқа  да  тайпалар  болған. VІ  ғасырдың 70 жылда-

рында  түрік  қағанаты  Солтүстік  Кавказ  бен  Қара  теңіздің  сол-

түстік жағалауына дейін үстемдік етті. 

VІ  ғасырдың  екінші  жартысында  түрік  қағанатының  билігі 

Азияның  біраз  аймағын  қамтыды.  Осы  кезеңде  Түрік  қағанаты 

Қытай, Иран, Византия сияқты ірі мемлекеттермен терезесі тең 

түсіп, күшті мемлекеттің біріне айналды. 



Шаруашылығы.  Қағанат  халқы  көшпелі  және  жартылай 

көшпелі  мал  шаруашылығымен  айналысты.  Қыстаулары  Іле, 

Шу,  Талас,  Ертіс,  Сырдария  өзендерінің  бойында  орналасқан. 

Өзен  бойларындағы  қыстауларда  түрік  тайпалары  егіншілікпен 

айналысқан.  Сондай-ақ, “Күлтегін”  ескерткішінде  қала  туралы 

сөздер де кездеседі. Бұл түріктердің кейбір бөліктерінің отырық-

шылыққа көше бастағанын көрсетеді. Оған басты дәлел Жетісу 

және  Оңтүстік  Қазақстанда  археологиялық  зерттеу  кезінде  тұ-

рақты үй-жайлардың табылуы. 

Түріктердің  көп  тараған  көлігі  жылқы  болды.  Олардың  бас-

панасы  көші-қонға  ыңғайлы  киіз  үй  болды.  Өйткені  мұндай  үй 

тез тігуге, тез жығуға қолайлы еді. 

Ал,  Түрік  қағанатының  ыдырау  себебі - қаған  әулетінің 

ішіндегі  билік  үшін  талас-тартыс.  Сондай-ақ,  қағанаттағы  ха-

лықтар не саяси, не экономикалық жағынан ұйыса алмады. 

Осындай  себептердің  салдарынан  қағанаттың  ішінде 581 

жылы  соғыс  басталады.  Мұндай  қайшылықты  өз  пайдасына 

шешуге  тырысқан  көрші  мемлекеттер  шабуылдарын  күшейте 

түсті.  Ал,  түрік  қағанаты  оларға  қарсы  тұрудың  орнына  жеке 

ұлыстарға  бөлініп  кетті.  Ақыры 603 жылы  Батыс  және  Шығыс 

Түрік қағанаты болып екі жарылды. 

 

20



§ 9. Батыс түрік қағанаты (603-704 жж.) 

 

Түрік  қағанатындағы  әлеуметтік  қарама-қайшылықтардың 



ушығуы, өзара қырқыстар, Қытайдың қағанатқа қарсы шабуыл-

дары 603 жылы түрік қағанатын Шығыс және Батыс түрік деген 

екі дербес бөлікке бөлуіне душар етті. Батыс түрік қағандығы он 

тайпаның (он оқ бұдун) бірігуі нәтижесінде пайда болды. Батыс 

түрік  қағандығына  Жоңғария  мен  Орта  Азияны  жалғастырып 

жатқан  жерлер  және  Шығыс  Түркістанның  едәуір  бөлігі  кірді. 

Ал,  Шығыс  түрік  қағандығы  Монғолияны  иеленді.  Батыс  қаға-

наттың орталығы Шу өзенінің бойындағы Суяб қаласы болатын. 

Жазғы  ордасы  қазіргі  Жамбыл  облысының  жеріндегі  Мың-

бұлақта орналасты. 

Алғашқы  кезде  қағандықты  Тардуш  қаған  басқарған.  Бұл 

Батыс түрік қағанатының билігі күшейген кезі еді. Шығыс Түрік 

қағанаты  керісінше,  саяси  басқару  жағынан  әлсіреп,  қытай-

лардың шабуылына ұшырап отырды. 

Батыс түрік қағанатының саяси билігінің күшейген кезі Шегу 

(610-618 жж.) мен Тон (618-630 жж.) қағандардың билік құрған 

кездері  болды.  Шегу  қаған  шығыстағы  шекарасын  Алтайға,  ал 

батыстағы  шекарасын  Памир  тауына  дейін  жеткізді.  Ал,  Тон 

қаған  батыстағы  елдерді  жаулап  алуды  ойлады.  Қаған  салық 

жинауға  жергілікті  адамдарды  бекітіп,  оларға  “селиф”  деген 

атақ берді.  

Қағанның  билігі  шексіз  мұрагерлік  жолмен  беріліп  отырды. 

Қағанатта  жоғарғы  лауазымдарға  ябғу,  шад,  елтебер  сияқты 

атақтар  берілді.  Ал  сот  істерін  бұрықтар  мен  тархандар  атқар-

ған.  Сондай-ақ,  қағанаттағы  қарапайым  халықты  “қара  бұдұн-

дар” деп атаған. Бұл сөз қазақтың “қалың бұқара”, “қара халық” 

деген сөздерімен мағыналас. 

Түріктер  көрші  тайпалар  мен  халықтарға  қарсы  шапқын-

шылық  жасап,  құл  айдап  әкелетін  болған.  Қағанат  ішіндегі  он 

алты  жылға  созылған  тайпа  аралық  соғыстар (640-657 жж.) 

Жетісуға  Таң  империясы  әскерінің  баса  көктеп  кіруіне  әкеліп 

соқты. 704 жылы  Батыс  түрік  қағандығы  құлағанымен,  осы 

қағанатқа кіретін “он оқ” халқының ішінен түргеш деген тайпа 

өз алдына дербес қағандық құрып, тарих сахнасына шықты. 

 

21


Шаруашылығы.  Батыс  түрік  қағанаты  шаруашылығының 

негізін жартылай мал шаруашылығы құрады. Малы жоқ немесе 

малы  аз  кедей  шаруалар  егіншілікпен  айналысқан.  Қағанаттың 

едәуір бөлігі отырықшылыққа көшіп, қолөнермен шұғылданған. 

Шығыс  Түрік  қағандығымен  салыстырғанда  оның  әлеуметтік 

құрылымы  да  едәуір  күрделі  болды,  яғни  феодалдық  мемлекет 

дәрежесіне  көтерілді.  Тек  Шу  алқабының  өзінде  VІ-VІІ  ғасыр-

лар қарсаңында 18-ге жуық қала мен ірі қоныс болған. Олардың 

негізгі тұрғындары соғдылар, түркілер және сириялықтар еді. 

Осы қалаларды алғаш суреттеп жазғандардың бірі қытайлың 

саяхаткер тарихшысы Сюань Цзан. Ұлы Жібек жолы Батыс тү-

рік қағанаты арқылы өткендіктен, бұл өңірде сауда мен қолөнер 

біршама тәуір дамыды. 

Ескертетін  жайт:  өзгелерге  қарағанда  қағандық  өмірінде 

соғдылардың рөлі жоғары дәрежеде болды, бүкіл экономикалық 

және ақша қатынастары солардың тікелей қатынасуымен жүрді. 

 

§ 10. Түргеш қағанаты (704-756 жж.) 

 

Қағанаттың  жері  Орта  Азияның  оңтүстік-шығысында  Шаш 



(Ташкент)  қаласынан  бастап  Шығыс  Түркістандағы  Бесбалық, 

Тұрфан  қалаларына  дейінгі  аралықты  қамтыды.  Үшелік  қаған 

өзінің иелігіндегі тайпаларын екі ордаға бөлген. Қағанаттың үл-

кен ордасы Суяб қаласында, кіші ордасы Іле бойындағы Күнгіт 

қаласында болды. 

Түргештер туралы алғашқы деректер “Күлтегін” ескерткішін-

де және қытай жазба деректерінде кездеседі. Түргеш тайпалары 

VІ  ғасырда  Шу,  Іле,  Талас  өзендерінің  аймағын  мекендеді.  Ал, 

Жетісудағы  керуен  жолдарының  көбі  солардың  бақылауында 

болды. 


Саяси  билік  қаған  қолында  болды.  Қағанат 20 әкімшілік 

аймаққа  бөлінді.  Қағанатта  Үшелік  қайтыс  болғаннан  кейін 

оның  мұрагері  болып  баласы  Сақал  қаған (706-711 жж.)  таққа 

отырады. 706 жылы билік үшін сары түргеш және қара түргеш 

тайпаларының  арасында  талас-тартыс  басталады.  Екі  тайпаның 

арасындағы тартыста қара түргештер жеңіске жетіп, Сұлу қаған 

орданы  Талас  (Тараз)  қаласына  көшірді.  Сұлу  қағанның (715-

738  жж.)  тұсында  түргештер  қайта  күшейеді.  Сұлу  қағанның 

 

22


шайқастарға тікелей өзі қатысатынына әрі ылғи да жеңіске же-

туіне қарсы арабтар оған “мүйізді қаған”, “сүзеген” деп ат қой-

ған.  Сондықтан  арабтар  Сұлу  қағанмен  ашық  майданда  соғы-

судан  сескенген. 754 жылы  қағанатта  талас-тартыс  шиеленісіп, 

Түргеш  қағандығы  біржола  әлсіреді. 756 жылы  Түргеш  қаған-

дығын  қарлұқ  тайпасының  көсемдері  құлатып,  билікті  өз  қол-

дарына алды. 

Түргештер  көшпелі  мал  шаруашылығымен,  жартылай  оты-

рықшы  егін  салумен  және  сауда,  қолөнермен  айналысты.  Түр-

геш  қағандығының  кезінде  сауданың  дамығандығы  байқалады. 

Оған  басты  себеп-қағанат  жерінің  Жібек  жолы  бойында  орна-

ласуы еді. Екіншіден, сауда ісінің қайнаған орталығы Суяб, Ба-

ласағұн,  Тараз,  Испиджаб  сияқты  қалалар  да  әсер  етті.  Қазба 

жұмысы  кезінде  Тараз  қаласынан  “Түргеш  қағанатының  тең-

гесі” немесе “түріктің көк ханының теңгесі” деген соғды жазуы-

мен жазылған теңгелер табылған. Бұл теңгелер 704-766 жылдар 

арасында Таразда соғылған. 

Қағандықтың  халықаралық  саудаға  араласуы  экономикалық 

және мәдени дамудың дұрыс бағыт алғандығын көрсетеді.  

 


Каталог: repository -> history
history -> С. Ə. Тортаев орта ғасырлардағы азия жəне африка тарихы алматы 2009
history -> Анықтамалық қолданба Пікірлер Ұғымдар
history -> Айг‰л Аязбайқызы Жумадуллаева
history -> Сəбет Балтаұлы Бап-Баба (Бабаев)
history -> Графикалық компьютерлік модельдеу
history -> Мәшімбаев С. М. Еуропа және америка
history -> Лекциялар курсы Редакциясын басқарған тарих ғылымдарының докторы, профессор Қ. С. Қаражан Алматы
history -> Булгакова Д. А
history -> Бабаев С. Б., Оңалбек Ж. К


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет