М э д е н и м у р а «Мэдени мұра»



жүктеу 13.67 Mb.
Pdf просмотр
бет53/55
Дата15.03.2017
өлшемі13.67 Mb.
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55

476

'

жасап  келіп,  осы  нүктеден  өткенде  айналушы  жаңа  сапа 

мен  қасиетке,  дәрежеге,  т.б.  ие  болады.  Зерттеушілер  осы 

ерекетке жэне осы (“М ”) нүктеге ғана көңіл бөліп, өздерінің 

ясекелеген тақырыптардағы пайым-түжырымдарын осылар- 

ға  ғана  сүйене  отырып жасап  жүр.  Сонда,  үмыт  калганы, 

ескерілмей қалғаны қайсысы? 

Осы жоралғылық сценарийдегі “отпектік-шекаралық қал-



жағдайдың”  ең  қарапайым  символы нүкте  болатындығын 

ескерер болсақ, осы “нүктеге” қатысты назар аударуға түрар- 



лык  тағы  бір  мезет  — 

нуктенің  екеу  екендігі.

  Яғни,  кіндік 

нүкте  мен  шеңбер  (қозғалу,  әрекет  жасау  маршрутының 

бойындағы)  межелік  нүкте.  Осындай  екі  нүктенің  болуы, 

дәлірек айтқанда, болгандығының анықталуы -  қазақ (түркі) 

дүниетанымы үшін аса маңызды.  Р.  Генон индуистік,  авес- 

!  талық (ирандық),  ассирпялық дәстүрлердегі “ғалам ағашы” 

жонінде әңгімелей отырып,  “екі ағаш” жөнінде сөз қозғай- 

ды,  яғни,  солардың ішінде авесталық дәстүрде  “аспандық 

(үжмақтық)”  ағаш  пен  оның  жердегі  “орынбасар”-ағашы 

деген  келтірім  бар: 

“одного  небесного  (или  скорее  “райеко -

1

го...  ”)   и  другого  земного,  второе  выступает  как  “замести- 



тель ” первого для  человечества, удаленного от  “изначального 



местопребывания ”,  как опосредованное созерцание образа есть 

“замест ит ель”  непосредственного  видения  реальност и” 5. 

Біздің скі нүктеміз де  сондай:  біреуі 



(кіндік-нукт е)

  -   “ілкі 

бастау, кврілмес”, екіншісі 

(меж е-пукте) —

 оның адамдарға 

(бү  дүниеге)  көрінетін  “орынбасары”,  болымды  (реалды) 

ақиқаттың нысаны.  Міне, аталған нақты ғүрыптық матери- 

алдарды зерттеу кезінде ескерілмей,  “көрілмей”  қалғаны да 

осы нүктелердің біреуі, дәлірек айтқанда, — корілмес “кіндік 

j  нүктесі”  мен  осы  нүктенің  “ М ”  нүктесімен озара  қарым- 

қатынасы болып отыр.

Айналу жоралғысындагы басты идея да осы кіндік-нүкте- 

ге  барып тіреледі,  ойткені,  айналушы,  шеңбер  бойындағы 

“М ”  нүктесін  басып  өткен  сайын,  сол  нүктенің  өзі туды- 

рып түрған қасиет пен сапаны, мәртебені иемденіп қоймай- 

Ды, 

ол  о  баста  кіндік  (“К ”)  нүктенің жасампаздығын,  жа­



сап, белгілеп берген шарттарын қайталайды, соның қасиеті 

мен дәрежесін иемденеді.

Р.  Генон.  Мировое Древо Ц   Р.  Генон.  Символы  священной  науки. 



М.  “ Беловодье”.  2002.  с.  352.

I

477

Бүл жерде кезінде Р. Генонның тарапынан қарастырыл- 

ған, кіндік пен шеңбер символизмі арқылы жақсы түсіндіріде 

алатын  “көрілм ес”  (непроявленность)  ж әне  “корееін” 

(проявленность)  үғымдары немесе 



“кіндік идеясы

” жөнінде 

әңгімелеуге тура келеді. 

“Центр есть,  прежде всего,  начало, 

исходная точка всех вещей,  точка первопричины,  без формы и 

размеров,  стало быть,  неделимая,  а следовательно,  единствен­

но возможное изображение изначально  Единого.  От него,  че­

рез его проявление,  произошло все остальное... ”.

  Біздің “Абы- 

ройымыздьщ”  орны да — осы кіндік нүкте,  принцип, яғни, 

“центральная  точка  и  есть  Принцип,  чистое  Бытие,  а про­

странство,  которое  оно  наполняет  своим  излучением  и  ко­

торое существует лишь в силу этого  излучения

  — 


это мир... ” 

Кіндік нүкте -  Принцип  (Абырой) белгісі болса,  шецбер -  

Дүниенің  (Ғаламның)  символы. 

Кіндік  пен  шеңбердің  ара- 

қатынасын былайша сипаттауга болады: кіндік  шеңберсіз-ақ 

өмір  суре береді,  ал кіндігі болмаса  шеңбер де бола алмайды (\

Межелік (“М ”) нүкте, метафизикалық таным иерархия- 

сында кіндік (“К ”) нүктеге багынышты болып орналасады, 

ойткені,  кіндік нүкте  — принцип ретінде  нүрдың  қайнар- 

козі  (корілмесі)  болса,  межелік  нүкте  —  бар  болғаны  сол 

нүрдың шапағы, көрінер “қақпасы”  (көресіні), эманациясы 

болып шығады.  Енді осыларды жеке мысалдар арқылы нақ- 

тылап  көрелік.  “Айналу  жоралғысы”  бар  “ш екаралық” 

ғүрыптар (жэне мифтер)  мыналар:

1.  Жерлеу жэне ас беру ғүрпындағы “айналу жоралғысы”.

2.  Үйлену (некелесу) ғүрпындағы “айналу жоралғысы”.

3.  Зиярат ету (әулие басына түнеу) ғүрпындағы “айналу 

жоралғысы”.

4.  Хан сайлау ғүрпындағы “айналу жоралғысы”.

5.  Бақсылыққа бағыштау ғүрпындағы “айналу жоралғысы”.

6.  Күнтізбелік (мүшелдік)  “айналу”.

7.  Күн жайлату ғүрпындағы “айналдыру жоралғысы”.

8.  Емдеу  (бақсы лы қ)  магияға  қаты сты   “айналайы н” 

жоралғысы.

Осы тізімді нақты мысалдар арқылы өспеттеп, өрқайсы- 

сындағы “айналу ырымын” жеке элементтер мен мотивтер 

бойынша талдай отырып, нәтижесінде барлығына да ортак, 

архетиптік “айналу идеясын” реконструкциялауға болады.

Р.  Генон.  Идея  Центра  в  древних традициях / /   Р.  Генон.  Символы 

священной  науки.  М.  “ Беловодье”.  2002.  С.  87-88.

478


Ж ерлеу  ж эне  ас  беру  ғүрпындагы 

“ айналу  ж оралғы сы ”

III.  Уәлихановтың  қалды рған  мәліметіне  қарағанда, 

19

 ғасырдьщ қазақтарыңда өлікті үйден шығарғаы кезде оның 



мейітінің үстінен үйдің үп-мүлкі (үп — утварь) мен тамақ- 

ты айналдыру ырымы жасалатын болған екен7.  Маңғыстау 

қазақтарының арасында 20 ғасырдың басында болған неміс 

саяхатшысы Р.  Карутц оларда олікті үйден шығарған кезде 

дорбаға салынған нан мен етгі оліктің басынан айналдырып 

алып, артынан сол тамақтан үй адамдарының ауыз тиетіндігі 

жөнінде  жазып  қалдырыпты8.  Осы  ырым  бүгінде  де  бар, 

тек  мүнда  ет  пен  нанның  орнына  бір  корап  шай  оліктің 

басынан айналдырылып алып қалынады 

(Т.  Қондыбаеваның 

мәліметі).

  Үйден  мола  әкетіліп  бара жатқан  оліктің басы­

нан  (денесінен)  қандай да  бір  тамақты  айналдырып  алып 

қалып,  артынан  осы  тамақты  жеу  қажеттілігі  жоніндегі 

келтірім Сібірдің түркі тілді халықтарында (мәселен, хақас- 

тарда, тувалықтарда) да болған9. Ал,  20  ғасырдың  50 жыл- 

дарының  аяғына  дейін  Красноводскіде  (Шағадам,  Түрік- 

менстан)  түрған  анам  Тәрбие  Қондыбаева  сол  жақтағы 

түрікпендердің олікті жерлеу ғүрпында үйден шығарылған 

олікті адамдардың айналып откендігін козімен коргенін ай­

тып берді; іс жүзінде бүл да — айналу ырымының бір нүсқа- 

сы. Ас беру ғүрпындағы айналу ырымының нақты этногра- 

фиялық мысалдары жоқ, тек шор түркілерінің тіліндегі “ас 

беру”  (поминка) деген создің шор және телеуіт тілдеріндегі 

“айналу”  дегенді  білдіретін  “әбрә/ебре”  созінен  ш ыққан 

“ебрәт”,  “ебірік” деген атаулармен берілуіне қарап,  о бас­

тагы  ас  беру  кезінде де  ас  беріліп  отырған  олген  адамның 

моласын айналу жоралгысының болгандығын түспалдауға

Ч.Ч.Валиханов.  Тенкри  (бог)  / /   Собр.  соч.  в  5  т.  1  том.  А.  1971. 



С. 113.;  Нуриля  Шаханова.  Понятие  “оО т ”  в  традиционном  мировоз­

зрении  казахов

  / /   Культура  кочевников  на  рубеже  веков  (XIX-XX,  XX- 

XXI  в.в.):  Проблемы  генезиса  и  трансформации.  А.  1995.  Сс. 160-169.

*  Р.  Карутц.  Среди  казахов  и  туркмен  на  Мангышлаке.  Спб.  1919. 

с-118.;  Нуриля  Шаханова.  Понятие  “оО т ”...  сс. 160-169.

В.  П.  Дьяконова.  Погребальный  обряд  тувинцев  как  историко-эт­



нографический  источник.

  JL  1975.;  Нуриля  Шаханова.  Понятие  “оӨ т ”... 

Сс.160-169.

479


болады9.  Н.  Шаханова  бұл  жоралғының  мәнін  былайша 

қорытындылапты: 



“В данном случае круговые,  обводящие дви­

жения  каким-либо  видом  пищи  вокруг  головы  или  туловища 

умершего  совершались,  очевидно,  с целью перенести  с покой­

ника  на  пищу  какие-т о  положительные  свойства.  В  пользу 

этого предположения говорит то,  что пища затем съедалась 

членами  семьи  умершего,  в  том  числе  и  дет ьми

,10.  Осыны 

символ-кескін арқылы көрсетер болсақ:

Яғни,  олген  адам  кіндік нүктеде  орналасып,  тірі адам 

оны айналғанда немесе кейбір мүлік пен асты өліктің ба­

сынан айналдырғанда,  кіндік нүктенің  “несібесі”  межелік 

(шеңбер  бойындағы)  нүкте  арқылы  беріледі.  Бүл  жердегі 

түпкі қайнар-көз — кіндік нүкте болса,  межелік нүкте осы 

қайнар-көздің  (өлгеннің  “рухының”)  белгілі бір  қасиетін 

жеткізіп  беруші  аралық  буын  рөлін  атқарып  түр.  Міне, 

зерттеушілер осы межелік (“М ”)  нүктеге ғана көңіл бөлген 

де,  негізгі,  бүкіл  жоралғының  өзегі  болған  кіндік  (“К ”) 

нүкте ескерусіз қалған.

Үйлену  (некелесу)  ғүрпындағы  “айналу  жоралғысы”

Дэл  осындай  ырым  қазақтың  (басқа  да  түркі,  моңғол 

халықтарының)  үйлену (қыз  үзату)  ғүрпында да бар.  “Қа- 

лындықтың,  күйеудің еліне  аттанар  алдында,  басынан ас- 

тамақтың қандай да бір түрін айналдырып алып қалу жорал- 

ғысы,  сірә,  отбасыдан,  ауылдан кетіп бара жатқан адамнын 

өлдебір жақсы бастауын көшіріп алып, үсгап қалу идеясына ие.

10  М.  К.  Семби.  Тюркский  меридиан.  А.  2002,  сс.77-78.

11  Нуриля  Шаханова.  Понятие  “қ ут ”...,  с .160-169.

480


Көне,  XIX  гасырдагы деректердің бірінде  семейлік қазақ- 

тардагы осындай ғүрып көрсетіліпті:  “Қалындықты аттан- 

дырар күні, отбасы мүшелерінің бірі “үйдің бақыты қызбен 

бірге кетіп қалмасы үшін”, түйіншекке оралған етті немесе 

басқа бір тағамды қалындықтың басынан екі-үш рет айнал- 

дырып  алып  қалады”.  Осындай  деректі  келтіріп  отырған 

зерттеуші  “үй  бақыты,  ырзығы”  дегеннің  кейінгі  түсінік 

екендігін,  бүл  жерде,  осы  жоралғының  идеялық  негізін 

“өмірлік күш ”,  “өмір олеуеті (потенция)” сияқты архаика- 

лык 


мән-мағына қүрағандығын топшылайды. 

“По-видимо­

му,  круг идей,  связанных у  казахов с представлением о  “счас­

тье дома ”,  которое может унести с собой умерший или ух о ­

дящая в другой род невеста,  такж е соотносится с семанти­

ческим комплексом идеологем  “плодородие ”,  “изобилие ”,  “р а з­

множение ” и т.д,  который широко известен у  тюркских (қут) 

и иранских (фарн) народов

  2.


Осы  жоралғыны  да  алдыңгы  мысалдағыдай  кескіндеп 

корсетуге болады.  Бүл жагдайда да, кетіп бара жатқан қыз- 

дан алып қалынатын “отбасылық бақ-ырзық” кіндік нүкте- 

мен байланысты болып шыгады; осы нүкгені айналу бары­

сында, шеңбер бойындагы межелік (“М ”) нүктенің делдал- 

дыгы аркылы кіндік нүктеден, ягни абыройдан,  принцип- 

тен,  қүттан, нүрдан сыбага-үлес алынады.

Зиярат  ету  (эулие  басына  түнеу)  ғүрпындагы 

“айналу  жоралгысы”

М.  Сенбі  Бабы рды ц  ж азбалары ндагы   оньщ   Дели 

(Үндістан) мацьшдагы Шейх-Низам-эулие мен Қожа Қүтпы- 

ад-диннің мазарларын айналу жоралгысын  (айналмақ) жа- 

сагандыгы  жоніндегі  мәлімет  келтіре  отырып,  мүндагы 

гүрыптың мән-магынасын былайша түсіндіреді: 



“Осындай 

айналудың м әні жай гана  әулиеге деген қурметін білдіру емес 

(бул  — гурып  семантикасының  екінті (вторичный)  қабатьі), 

өмірден  өткен  даңқты  әулиелердің  батасын  алып,  шапага-

12 

Б.  А.  Литвинский.  Кангюйско-сарматский  фарн  / /   К  историко- 

культурным  связам  племен  Южной  Сибири  и  Средней  Азии.  Душанбе. 

1968;  В.  И.  Абаев.  Историко-этимологический  словарь  осетинского  языка.

1  том.  М-Л.  1958;  Д.  С.  Раевский.  Очерки  идеологии  скифо-сакских  пле- 

мен.  М.  1977.;  Нуриля  Шаханова.  Понятие  “қүт 

сс.  160-169.

481

тын иелену тілек-пейілінде жатыр

 ”13.  Бүл жерде де  айнал- 

мақты кескіндеп көрсетуге болады:  кіндік нүкте — өулиенің 

мазары,  әулиенің  қадір-қасиеті,  батасы,  межелік  нүкте  — 

осы қадір-қасиет пен батаны алуды мүмкін ететін сыртқы, 

аралык инстанция.  Межелік-нүктеден өту барысында айна- 

лушы  сол  нүктенің  қадір-қасиетін  (шапағатын)  алмайды, 

өйткені,  бүл  нүкте  — бар  болғаны  кіндік  нүктенің  эмана- 

циясы,  сыртқы  көресіні  ғана;  ол  өз  қасиетін  емес,  кіндік 

нүктенің қасиетін уақытша түрде ғана  айналушыға  беруге 

мүмкіндік беретін инстация ғана.

Хан  сайлау  гүрпындагы  “айналу жоралгысы”

Өге ежелгі заманда пайда больш, ең ақырғысы XIX ғасыр- 

дың бірінші жартысына дейін сақталған “хан сайлау” ғүрпы- 

ның бір жоралғылық элементінің “ақ киізге отырғызылған 

(хандық мөртебеден)  үміткерді” күн бағытымен айналдыру 

болғандығын білеміз.  Осы жоралғыда да шеңбер мен кіндік- 

нүкте  идеясы бар.  Яғни,  “айналдыру”  процесі кезінде  хан 

тағынан үміткер тек айналу шеңберінің бойындагы белгілі 

бір межеден (“М ” нүктеден) откенде ғана хандық мәртебеге 

ие болады.

Шеңбер бойымен үш (жеті, тоғыз) рет айналып, межелік 

(“М ”)  нүктеден  үш  (жеті,  тогыз)  рет откенде  үміткер хан- 

дық мәртебеге ие болады.  Бірак, бүл мәртебе — нақты мәңгі 

уақыт түрғысынан  алғанда  уакытша  нәрсе,  ойткені,  меже 

нүкте  оған  оз  мәртебесін  (инвеститурасын)  беріп  отырған 

жоқ, бар болғаны кіндік нүктеге тиесілі “мөңгі хан/билеуші”,



13  М.  К.  Семби.  Тюркский  меридиан,  сс.  77-78.

482

“билеушілік бастау”, “барлық өткен, келер, осы билеушілердің 

жиынтығы”,  “бір мезгілдегі откен,  келер жэне осы хандар- 

дын 

тоғысуы”  түсініктердің  сарқытын  уақытша  (тарихи 



уакыт бойында) ғана иемденуге мүмкіндік беріп отыр.  Меже 

нүктеден  өткен  үміткер  осы  “мәңгі  ханның”  мәртебесін 

уакытша ғана иемденеді,  оның уақытша кебі (ипостась) бо­

лып шығады.



Бақсылыққа  бағыштау  гүрпындагы  “айналу  жоралғысы”

Бақсылыкка бағьпнтау (бағышталу)14  ғүрпы да іс жүзінде 

“хан  сайлау”  ғүрпын  қайталайды.  Мәселен,  буряттардағы 

бақсылық  бағыштау  ғүрпы  былайша  суреттеледі: 



“В  день 

совершения обряда посвящения народ собирается к назначен­

ному месту,  где  садят  в  землю  девять  берез  по  три  в ряд  и 

украшают  их  шкурами  девяти  разных  животных.  Готовя­

щийся  сидит  на  войлоке  перед  березами;  старый  шаман  не­

сколько раз поливает  ему голову холодным тарасуном,  а  т о­

варищи хлещут  его по голове ветвями  до тех пор,  пока  он не 

задрожит.  ...Тогда  поднимают  его  на  войлоке  к  березам  и 

он,  уцепившись за  ветви  (ср.  со  “выскакиванием  на б ер езу”у  

древне-тюркских правителей.  — прим.  автора статьи),  окру­

жает каж дую березу три раза...  ”15.

  Мүнда да бақсылыққа 

бағышталушы  үміткер  айналу  процесі  кезінде  бір  межені 

(“М ”  нүктені)  үш рет басып откенде ғана бақсы бола ала­

ды. Ол да “мәңгі бақсының”,  “бақсылық бастаудың”,  “бар­

лык откен, келер, осы бақсылардың жиынтығына” уақытша 

ғана ие болады.  Тек бүл ғүрыпта  “К ”  (кіндік)  нүкте рөліне 

қайың ағашы ие  болып түр  (тоғыз  қайың — іс жүзінде  бір



14 

Біз  орыс тіліндегі  үш  мағыналы  “посвящение”  (бірінші  —  “қатар- 

ға  алу”,  “қабылдау”,  екінші  —  “күпиясымен  таныстыру”,  үшінші  — 

“арнау”,  “бағыштау”)  терминінің  қазақша  баламасы  ретінде  “бағыш- 

тау”  деген  сөзді  үсынып  отырмыз.  Бүгінгі  қазақ  тілінде  осы  соз  “по­

священие”  созінің  бір  ғана  мағынасына  (“арнау”)  сойкес  келеді,  бірақ, 

создің  этимологиясының  коп  сатылы  мифтік  келтірімден  орбігендігі 

осы  созге  “қатарға  алу,  қабылдау”  жоне  “күпиясымен  таныстыру”  де­

ген  де  жаңа  (долірек  айтқанда,  үмытылған  коне)  мағыналарды  да  мен- 

шіктеп  жіберуге  мүмкіндік  береді.  Посвящение  —  “бағыштау”,  обряд  по- 

вящения  —  “бағыштау  (бағышталу)  “ғүрпы”.  Осы  создің  тандалу  себеп- 

терін  кітап  соңындағы  создікте  қарастыратын  боламыз.

ь  Традиционное  мировоззрение  тюрков  Южной  Сибири.  Знак  и  ри­

туал  (Л  М.  Сагалаев,  И.  В.  Октябрьская).  Новосибирск.  “Наука”.  С.  92-93.

483

қайың), мүның өзі кіндікгің символикасының нақтылануьша 

қатысты  кейінгі  зерттеулерімізге  қажетті1

 егжетей  (деталь) 

болып табылады.  Іс жүзінде  үш-үштен  кдтарластырылған

тоғыз  қаиың  мен  оларға  шінген  тоғыз  та 

айналымның тоғыз бөлігі немесе тоғыз сат 

лады. Яғни, эр айналым жасаған сайын, ба 

ден оте отырып бір тағының кейпіне ие бо 

бойынша ілкі қайың бір мезгілде тоғыз ке 

Осындай сандық символиканы алдыңғы мысалдардағы “хан 

сайлау”  ғүрпы  мен  “мүшел”  есебіне де  қагысты  болар деп 

түспалдауға болады.

ғының  терісі  бір 

ысы болып сана- 

қсы меже-нүкге- 

|лады, осы қисын 

йіпті болуы тиіс.

Күнтізбелік  (мүшелдік)  “айналу”

Ж ылдық,  мүшелдік күнтізбелік есепт ;улер де  шеңбер

бойымен  қозғалуға  негізделген;  яғни,  болгілі  бір  уақыт 

түтастығы  шеңбер  ретінде  қабылданады да,  осы  шеңбер 

тиісінше тең бөліктерге (айларға, жылдарға|) болінеді.  Міне, 

осы  шеңберлі  жолдың  бойындағы  меж е-нүктені  (“М ” 

нүктені)  “жаңа  ай ”  немесе  “жаңа жыл”  қақпасы ,  ф икса­

торы (“тіркегіші”) деп атауға болады.  Осы межелік нүкте- 

ден откенде жаңа ай немесе жаңа жыл туады, яғни,  бірінің 

соңынан  бірі  тізбектелген  айлар  мен  жылдар  белгілі  бір 

уақыт  кесігінде  (айлы қ  немесе  жылдык  мерзімге)  жаңа, 

уақытша,  бірақ қайталанып келіп отыратын мәртебеге  ие 

болады. 

“Космос в представлении  древних был  “развернут  ” 

из единой  точки  в  прост ранстве-времени.  Такая  т очка  во 

времени  известна  —  это  Новый  год.  Лю бой  Новый  год  — 

это  возобновление  времени  с  его  начала.  В  конце  года  и  в 

преддверии  Н ового  года  повторяется  мифическое  м гн ове­

ние  перехода  от  Хаоса  к  сотворению  мира

 

.  М үнда  да 



бірегей  нүкте  ретінде  айналу  ш еңберінің  бойындагы 

межелік (“М ”)  нүкте алынған да,  кіндік нүкте ескерілмей 

қалған.  Кез  келген уақыттық-күнтізбелік цикл  (ай,  жыл, 

мүшел)  —  ілкі  модельді  —  ілкі,  о  бастағы  үлгі  болған 

циклді қайталап отырушы ғана; яғни, нақты айналым соңы-

16  E.  Е.  Кузьмина.  Сцена  терзания  в  искусстве  саков  / /   Этнография 

и  археология  Средней  Азии.  М.  1979.  С.  80.;  Ануар  Галиев.  Реактуа­

лизация  Космоса  в  обрядах  тюрков  / /   Культура  кочевников  на  рубеже 

веков  (Х1Х-ХХ,  ХХ-ХХІ  в.в.):  Проблемы  генезиса  и  трансформации. 

А.  1995.  С с.152-159.

484


на қарай ескіріп, межеден өткенде қайтадан жаңарып оты­

ратын цикл бар болганы бастапқы Уақыттың улгісін қайта- 

лап қана отырады.  Кіндік нүктеде  “уақыт бастауы”,  “бар­

лык  откен,  келер,  осы  уақыттардың  жиынтығы”,  “уақыт 

тудырушы”,  “бір  мезгілдегі откен,  келер жэне осы  уақыт- 

тың тоғысы”,  “мәңгі жыл”,  “мөңгі ай”,  “мәңгі мүшел” деп 

атай беруге болатын ілкі Уақыт орналасады. Межелік нүкте — 

осы Уақытгың үлгісін уақытша беруші инстанция ғана. Сон- 

дьіқтан да, меже нүктеден откен нақты “атаулы” уақьгг белгілі 

бір мерзімге  осы  “ілкі уақыттың”  мәртебесіне,  кейпіне  ие 

бола алады.  Мәселен, меже нүкгеден откен “тышқан” жылы 

жаңа жыдцық немесе мүшелдік жылдық мәртебеге,  ең бас­

тысы  “мәңгі мүшел жылының кезекшілік”  мәртебесіне  ие 

болады.  Келесі  кезек  —  сиырдікі,  одан  соң  —  барыстікі, 

осылайша  12 мүшелдікжыл, кезек-кезек “мәңгі мүшелдің” 

мөртебесін иемденіп,  бір жылдық мерзімге “мүшелдік жыл- 

дық уақыттың торағасы” қызметін атқарады.

Күн  жайлату  ғүрпындағы  “айналдыру жоралғысы”

Жаңбыр  жаудыру  (кең  магынасында  -   ауа  райын  оз­

герту)  м ақсатында  “күн  ж ай латқан”  кезде  жай  тасын 

(“йада таиггы”) бастан асыра айналдырады немесе бір дүға- 

ны  әлденеше  рет  (40-41  рет)  қайталайды,  мүндағы  “дүға 

қайталау” дегеннің озі де іс жүзінде “айналдыру”,  “шеңбер 

бойымен жүру” дегенге сай келетіндігін ескерер болсақ, осы 

жоралгыдан да  “шеңбер  мен  кіндік нүкте”  символикасы- 

ның бар екендігін  корер  едік.  Айналдырылған  “жай тасы” 

немесе қайталанган “соз” (“дүға”) меже-нүктеден откен сайьш 

жаңа сапаға ие бола бастайды, қажетті айналу немесе айты- 

лу молшері орындалган кезде “жаңбыр жауады”. Бүл жорал- 

гьшың астарында да екі нүкте, яғни,  екі тас бар.  Біріншісі — 

реалды жай тасы болса, екіншісі -  айтылмайтын, бірақ ойда 

болатын “мәңгі жай тасы” — ылгалдылықтың (қүттың, нүр- 

дың) қайнар-козі.  Олар тиісінше межелік нүкте мен кіндік 

нүктеге сәйкес  келеді:  жай тасын бастан  асыра айналдыру 

кезінде айналу шеңберінің межелік нүктесінен откен сайын 

әлдебір  сапалық  озгеріс  болып  отырады,  жай  тасы  кіндік 

нүктедегі “мәңгі жай тасының”  функциялары мен қасиет- 

теріне  ие  бола  бастайды.  Айналу  шарты  (40-41  рет  айнал­

дыру  немесе  ’’қүпи я  формуланы ”  (дүганы)  қайталау)



Каталог: fulltext -> buuk
buuk -> Л I м а. Ақтанова алалар әдебиеті (Қазақ балалар драматургиясы мәселелері) Оқу қуралы ifb u a h t p j f б а с п а с ы астана-2011
buuk -> Г. К. Сатыбалдиева биология гылымдарының кандидаты
buuk -> Монография «Тұран-Астана»
buuk -> Микркезз алматы
buuk -> Б. Р. К,ожахметова МӘШҺҮр жүсіп
buuk -> Іллаев, Ғ. У. Уәлиев, Н. Д. Абдуллина ж л т л т л fee
buuk -> Физиологиясы
buuk -> Д. филология ғьш ы мдары ны ң кандидаты
buuk -> Әдістемесі тұрдалиева Г. Ж. Тұрдалиева бастауыш
buuk -> Мемлекеттік тілде оқымайтын


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет