М э д е н и м у р а «Мэдени мұра»



жүктеу 13.67 Mb.
Pdf просмотр
бет54/55
Дата15.03.2017
өлшемі13.67 Mb.
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55

485

орындалған  кезде  реалды жай  тасы  “мәңгі жай  тасының” 

кебін  уақытш а  иемденеді  де,  жаңбыр  жауғызады  (ауа- 

райын өзгертеді).

Емдеу  (бақсылык)  магияга  катысты 

“айналайын”  ырымы

Түркілік  бақсылық  дәстүрде  сырқат  адамды  емшінің 

(бақсының)  айналу жоралғысы бар,  осы жоралғының мәні 

адамға  қонған  “ауруды”  басқа бір  нәрсеге 



“көш іру” (ауыс- 

т ыру)

 дегенге саяды.  Бақсы (адам)  сыркатты айналу аркы­

лы оның ауруын өзіне алады.  Сондықтан да,  қазақта “үйді 

немесе адамды айналып жүруге болмайды” деген ырым бар, 

осылай істеген жагдайда үй ішіндегі баска бір адамның не­

месе нақты бір адамның бойындагы сырқаттар үйді немесе 

адамды айналган адамга ауып кетуі мүмкін. Тек, өзінің үрпа- 

гын жақсы корген адам гана,  егер,  сол үрпагы ауру болган 

жагдайда, оны аурудан айықтыру, не болмаса ең қүрыганда 

ауруын азайту,  жеңілдету мақсатында оны айнала жүгіріп, 

үрпагының бойындагы ауруын озіне алатын болган.  Бүл -  

оз үрпагын аман сақтау үшін жасалатын ерікті қүрбандық, 

“айналайын

”деген сөздің мэн-магьшасы да “сен үшін қүрбан 

болуга дайынмын” дегенді білдіретін жанкештіліктің (жан- 

пидалықтың)  үраны.  Қүдіретті (бетер-текті)  күшке ие бақ- 

сылар да  ауруды  осылайша  емдейтін  болган;  бір жагынан, 

оның  күдіреті  өзі  қабылдаган  богденің  сыркатын  бейта- 

раптандыруга  мүмкіндік берсе,  екінші жагынан,  емшілік 

жасау — оның адамгершілік борышы болган.  Міне,  осы ай- 

налуды абақ (кіндік нүктелі шеңбер) таңба арқылы кескіндеп 

көрсетер болсақ,  шеңбер бойындагы межелік М-нүктесі — 

“ауру  орны”,  кіндік  К-нүкгесі  —  “ауруды  көшіру  орны” 

болып шыгады, негізгі идея — ауруды К-нүктеден М-нүктеге 

кошіру (ауыстыру,  беру)  болмақ.  Ягни,  М -нүктесі  К-нүк- 

тесінің қасиетін (нақты мысадда — ауруды) түгелдей немесе 

белгілі  бір  мөлшерде  озіне  алады,  М -нүктесі  белгілі  бір 

уақытка К-нүктесінің кейпіне еніп,  оның көшірмесі,  кебі, 

эманациясы болып шыгады.  Осы түргыдан алганда шеңбер 

бойындагы М-нүктесі — бір олшемнен екінші өлшемге, бір 

дүниеден екінші дүниеге өтер түстагы шекара,  қақла қыз- 

метін атқаратын болып шыгады.

Кіндік (“К ”) нүкте — “барлык ауру атаулының (бүрынгы, 

болашақтагы  жэне  осы  шақтагы)  жиынтыгы”,  “аурудын



486

кайнар-квзі”,  межелік (“М ”)  нүкте — оны айнала жүру ба- 

рьісында,  уақытша  болса  да  осы  қасиетке  ие  болу,  осы 

кейіпке ену межесі.

Бүл  жердегі  мысал  алдында  келтірілген  жеті  мысалға 

кереғар  болып  шығады,  өйткені,  алдыңгы  мысалдардағы 

“күт”,  “абырой”,  “нүр”  сияқты жақсы бағамды касиеттің 

қайнар-көзі болған кіндік нүктені  “жаман жағдай”  — ауру 

(дерт, сырқат)  иемденіп түр. Бірақ, мүнда да “көшіріп алу” 

идеясының бар екендігі дау гуғызбайды.  Рухтардың меншігі 

болатын ауру-дерт те — несібе,  сондьщтан да,  қаншама ке- 

реғар  болып корінгенімен,  оның да  ілкі қайнар-көздің бір 

қасиеті екендігін ескермеске болмайды.  Біз қатаң дуалистік 

(қайырымдылық пен зүлымдық) антагонистік принциптерді 

үстанған дәстүрдің емес, екі қарама-қарсылықты қатарлас- 

тыра  үстап  түрған  түсінігі  бар  дәстүрдің  мүрагеріміз  ғой, 

сол себепті,  осындай кереғарлықты түсінуге тиістіміз.



Абырой — жалпы жэне жеке  салалық үлгі,  эталон

Міне, сегіз түрлі этнографиялық мысал арқылы берілген 

ғүрыптық жоралғылардың барлығының да бір  “сценарий” 

бойынша  өткізіліп  түрғандығы  дау  тугызбайды,  олардың 

барлығы да бір архетиптен (сценарий-архетиптен) бастау алып 

шыққандығы да көрініп түр.

Сонымен,  осы  сегіз  мысалдағы тиісінше  М -нүкге  мен 

К-нүктеге берілген сипаттарды бір кесте арқылы топтасты- 

рып кврсетер болсақ:

Егер келтірілген сипаттамалардың іс жүзінде екі нүкге- 

ге қатысты болып отырғандығын ескерер  болсақ,  онда  біз 

“абырой”  мен  оның  көшірмесінің  сегіз  түрлі  варианттық 

сипаттамасын ғана корген болар едік.  Әрине, осындағы К- 

нүктеге беріжен сегіз түрлі қасиетгі басқаша, барьшша гылы­

ми “ақылды” терминология (мәселен,  “өнімділік”,  “потен­

ция”,  “өмірлік энергия”, т.б.  сияқты) арқылы беруге бола­

ды.  Бірақ,  әзірге маңыздысы бүл емес, бастысы -  осындай 

ала-қүла  “ілкі”  қасиеттердің іс жүзінде  бір  бастаудың,  бір 

нүктенің, яғни,  Нүрдың жекелеген (қарабайыр, символдық) 

сипаттары болып табылатындыгы;  біз әлгіндей қарабайыр 

Қасиеттер  туралы сөз  қозгағанымызда,  олардың  барлыгы- 

ның  да  ар  жагында  бір  гана  қүдіретті  бастау  -   Нүрдың 

жатқандыгын  естен шыгармауымыз керек.  Міне,  осындай

487


(жөне аталмаған басқа да)  қасиеттерге ие Нүр нүктесінің 

(К-нүктснің) түркіше екі орнықты атауы бар екендігін еске 

саламыз,  оның 

біріпшісі  —  “Қ у т ”,  екіншісі  —  “А бырой”. 

И рандық  танымдағы  “ф арн”  үғымы да  осы  нүктенің  бір 

атауы болып табылады.  Қүт пен фарнның белгілі сипатта- 

маларын пайдалану арқылы біз іс жүзінде  К-нүкгенің, яғни 

Нүрдың немесе Абыройдың ілкі сипаттарын реконструк- 

циялай аламыз.



Ғүрьштар

К-нүкте

М-нүкге

ж эн е “Айналу жоралғысы”

А бы р ой ,п р и н ц и п , 

ілкі  бастау,  қайнар- 

көз, н үр, көрілмес 

(непроявленность).

Абыройдың сыртқы көресіні 

(проявленность), оны ң болымды 

(реалды) дүниедегі “орьшбасары”

Үлгі,  эталон, 

модель

Эталонға елікгеуші, соны ң 

көшірмесі.

Ж ерлеу ж әне 

ас беру

Ата-баба рухының 

“жақсы қасиет- 

тері” немесе 

“ру-тек ырзығы”

Оған еліктеуші, оны ң көшірмесі.

Зиярат ету

Бүл да — сол 

сияқты.

Оған еліктеуші,  оны ң көшірмесі.

Қыз ұзату

Отбасының

“бақ-ырысы”

Оған еліктеуші,  оны ң көшірмесі.

Хан сайлау

Биліктің қайнар- 

көзі,  ілкі эталоны.

Оған еліктеуші, оны ң көшірмесі.

Бақсьшықка

багыштау

Астамтекті таным 

м ен күш тің қайнар- 

көзі, ілкі эталоны.

Оған еліктеуші,  оны ң көшірмесі.

Күнтізбе-

мүшел

Уақьптың қайнар- 

көзі,  ілкі эталоны.

Оған еліктеуші,  оны ң көшірмесі.

К үн жайлату Ылғалдың қайнар- 

көзі, ілкі эталоны.

Оған еліктеуші, оны ң көшірмесі.

Емдеу

Аурудың қайнар- 

көзі,  ілкі эталоны.

Оған еліктеуші, оны ң көшірмесі.

Қарап отырсаңыз, келтірілген мысалдардың егжетейлік 

(детальдік), үптік (инвентарлық), тақырьштық өзгешелікгерін 

есептемегенде бір архетипте,  бір архетиптік қаңқаға негіз- 

делген сан-алуан вариациялар болып табылатындығына көз 

жеткізуге  болады.  Осындағы сан-алуан  “мәңгілік”  нақты- 

лануға ие болған Кіндік — К-нүкте о бастағы “қүдайы КҮДІ'

488


рст”,

  “қүдайы бұйрық” (божественная доктрина, принцип) — 

Ңүр  (көрілмес),  “Нүрдың  қайнар-козі”  болып  табылады. 

Яғни,  айналудың  басты  идеясы  — 



“айналу  барысындагы 

меже-нуктеден (М -нуктеден) өту арқылы Щ рга жету,  Нур 

қайнарын  — Алла тагаланың Ақ (Х ақ)  дидарын көру,  нурдың 

қасиетінеп,  қуатынан,  сапасынан улес алу”,  “уақыт ш а бол­

са  да  Нурдыц кейпін,  мәртебесін,  функциясын  иемдену”

 бо­


лып табылады, өйткені, шеңберлі маршрут бойындагы меже- 

нүкте  (“қақп а”,  М-нүкте)  —  Нүрдьщ,  яғни  К-нуктенің 

төменгі деңгейдегі көшірмесі,  эманациясы ғой;  осы қақпа- 

дан/межеден оту арқылы айналушы қүдды өзін нүрға жет- 

кендей болып сезінеді.

Бүл архетип -   “айналу”, яғни,  “Абырой” архетипі.  Бүл 

архетип мифтік уақытта өткен оқиғаны қайталап (реактуа- 

лизациялап), жаңартьш, үлгі етіп отыруға негізделген. Осыған 

орай  “абырой”  үғымының  кескіндік  символы  ғана  емес, 

оның негізгі мен-мағынасы да анықталады:

1. Абырой -  ғаламды жаратудың төркін-нүктесі (исход­

ная точка), тумағы, хал-жағдайы.

2. Абырой -   мифтік уақыт кезінде ең алғаш рет жүзеге 

асырылған жасампаздық (жаратушылық) іс-әрекеттердің (іс- 

әрекеттер ретінің), оқиғалардың жиынтығы.

3.  Абырой -  оқиға болып өткен мифтікуақытгың келбеті, 

уақыттың өзі.

4.  Абырой -  барлық маңызды деуге болатын іс-әрекет- 

тердің, уақыттық циклдердің, жүріп-түру,  өмір-сүру, үста- 

нымдардың ілкі үлгісі, моделі.

Келтірілген этнографиялық мысалдардың барлығы да іс 

жүзінде  о  бастағы  жүзеге  асырылған  модельді  қайталауға 

(имитациялауға) негізделгендігі көрініп түр. Сондықтан да, 

қазақ танымындағы этнографиялық айғақтары сақталмаған 

басқа да түсініктерді осы архетиптік сценарийге сай рекон- 

струкциялауға болады.  Кіндік нүкте мен оның эманациясы 

болған  (шеңбер  бойындагы)  межелік нүкте  идеясын  одан 

әрі қарай тереңірек аша түсуге мүмкіндік бар,  өйткені,  біз 

тек негізгі үлгі боларлық шаблонды ғана корсетіп отырмыз, 

ал, осы шаблоннан өрбитін мысалдар мен қисьш-дәйектердің 

коп  болары  сөзсіз.  Бірақ,  мақала  тақырыбы  накты  қазақ 

танымындағы “абырой” үғымы жөнінде болып отырғанды- 

ғын  еске  салар  болсақ,  жалаң  абстракция деңгейіндегі  ой 

Машығына терендей бергеннен гөрі осы мөселеден ауытқы- 

мағанды жөн көреміз.

219-32

489


А бы р ой   —  ж ү р іп -т ү р у д ы н   т о л   эт а л о н ы

Абырой  — 



“адам  бойындагы  ец  асыл  қундылықтардың, 

кісілік пен  адамгершілік қасиеттердіқ  жиынтыгы,  кез  кел­

ген  іс-әрекет т ің,  ж уріс-түрыстың,  м інез-қулы қт ы ң  ілкі 

улгісі,  ілкі эт алоны ”.

  Әрине,  мифінен айырылған қогамдар 

үшін  “абырой” — тарихи (замани-уақыттық)  категория, ол 

заманына  қарай  өзгеріп  отырады.  Сондықтан  да,  біз  ілкі 

(мифтік)  абырой жөнінде сөз қозғағанымызбен,  “абырой” 

үғымының  заманына  қарай  өзгеріп,  жаңа  шарттылықтар- 

мен, талаптармен толығып отыратындығын айтқымыз кследі. 

Замана  абыройы да,  жекелеген  (әлеуметтік,  кәсіптік,  т.б.) 

абыройлар да  болады.  Басқаш а  айтқанда, 



“А бы рой ” деге- 

нім із

  — 


кез  келген  қазақ тарапынан  орындалуы  тиіс  журіп- 

т уру  ережесі  (кодексі),  қазақтың  “серілік  к о д ек сі”  һемесе 

“бусидосы ”,  орындалуы тиіс өсиеттер (заповедь) жиынтыгы.

“Абыройлы адам” дегеніміз -  



“о баста бекітілген журіп- 

туру,  өмір суру улгісіне сай тірлік етіп жатқан адам ” лсгенлі 

білдіреді.  Бүл  жерде  де  кіндік  нүктеде  орналасқан' үлгі- 

эталон бар;  адам баласы,  өзінің ғүмырында  (туғаннай бас­

тап өлгенге шейін) осы үлгіге сай болып,  осы үлгілің шарт- 

тарын  орындай  алса  гана  абыройлы  болмақ.  Мүндағы 

пенденің барлық бү дүниелік ғүмыры бір шеңберлік ;шна- 

лымды  немесе  бір  шеңберді белгілі бір мәрте  рет айналып 

шығуды  білдіреді.  Адам  ғүмыры  айналым  (цикл,  шеңбер) 

болса, әлдебір өмір сүру эталонын қайталау болса, онда осы 

шеңбердің кіндігінде “мәңгі адамның”,  “ілкі адамның”,! “ілкі 

ата-бабаның”  өзі түруы тиіс; бүл жагдайда кез келген адам- 

ның  тірлігі  осы  эталон-адамның  (“мәңгі  адамның”,  “ілкі 

адамның”,  “ілкі ата-бабаның”)  өмір сүру моделін қайталау 

болып шыгады.  “Абырой” үгымының кіндік нүктелік (қай- 

нар-көздік)  және  меже-нүктелік (сол  қайнар-көздің  қадір 

қасиеттерінің  бір  парасын  иемдену)  идеясы  жетпек  (ини­

циация), ягни, омір^сүрудің бір сатысынан екінші 

саты сы на 

өту гүрыптарымен, оның сынақтарымен сабақтасып жатыр. 

Тек осы, адамның мәртебесін (абыройын)  арттырып oitipa- 

тын меженіц қандай екендігі үмыт болган. Абыройлы болу 

үшін  адам  өзінің пенделік гүмырының белгілі  бір  с^тте- 

рінде  (“межелік нүктелерінде”)  абырой сынақтарын  бтіп, 

сапалық  түргьщан  алганда  озгеріп,  жетіліп  отыруы  тиіе. 

Қазіргі заман ыңгайына қарай айтар болсақ,  өз халқьінын



490 

;

мүрасын меңгеріп, талап-шарттарын орындаған бала ере- 

секке  айналады,  замана талабына сай білім алады,  еңбек 

етеді, ел басқарады.

Тек осындай әлдебір үлгі-эталонга (этикалық кодекске) 

сүйену арқылы адам өзінің абыройын сақтай, абыройлы бола 

алады.  Осы  үлгіні  үстана  алмасаң  — абыройсыз  қаласың, 

“абыройың  айрандай  төгіледі”,  абыройдан  айырыласың, 

“абыройдың жүты боласың”.

Миф  (немесе  кейінгі  аңыз,  жыр,  хикая)  бізге  осындай 

ілкі адамның нақты тарихи қоғам жағдайындағы эталонын 

береді. Әулиенің, жомарггың, әділ патшаның, қайырлы ба- 

тырдың өмірі — “абырой эталоны” — жалпы қоғам үшін үлгі 

боларлық модель болып шығады. Нақты қоғам жағдайында 

“абырой”  үғымы жекелеген әлеуметтік,  кәсіптік “абырой- 

ларға” бөлінеді.  Моселен,  “билеушінің (ханның,  қағанның) 

абы ройы ” ,  “жауынгердің  абы ройы ” ,  т.б.  Я ғни,  әрбір 

әлеуметгік мансаптың, әрбір кәсіптің оз “абыройы” — “үлгі 

етілер эталоны”  болады.  Билеуші  “ілкі,  мәңгі билеушінің” 

жүріс-түрысын  қайталаса,  батыр  “ілкі,  мәңгі  батырдың” 

жүріс-түрысын  қайталайды.  Қайталай  алса  -   абыройлы, 

қайталай алмаса — абыройсыз, абыройдан жүрдай болмақ.

Хан (елбасы) болып сайланған адам осьшдай “Абыройға” — 

“Мәңгі Ханның (Билеушінің) эталонына” ие болады, сол эта­

лонный, “көшірмесі”, кебі (ипостась) болады. Ол өзінің билік 

қүрған уақьпында осының іс-әрекетін, жүріс-түрысын, мінез- 

қүлқын, пейілін осы “Ілкі Билеушінің Үлгісіне” жақындатуға, 

соны қайталауға үмтылады. Абырой — тек билеушінің ғана 

емес,  кез-келген еркін адамның жету межесі,  үстану үлгісі, 

“көрнекі  қүралы”.  Яғни,  бүл  жерде  де  біз  әдцебір  үлгіні 

(еліктеуге, қайталауға арналған модельді) көріп отырмыз.

Міне,  көріп отырғанымыздай,  “абырой” деген үғымның 

негізгі  идеяларының  бірі  осындай  ыңғайда  түсіндіріледі. 

Абырой үғымына қатысты шығарылар қорьпъшдылар, әрине, 

осылармен шектеліп қалмайды.  “Абырой” сөзінің әйелдің, 

қыз баланың жыныстық пәктігіне (“девственность”) катыс­

ты  болуының  (абыройдан  айырылу  —  қыздың  пәктігінің 

жойылуы,  “қыздығының алынуы”) өзінің идеялық қисыны 

Да ілкі эталон, ілкі үлгінің мәңгі тазалығына, мәңгі пәктігіне, 

мәңгі арулығына, мәңгі көрпелігіне (свежесть) барып тіреледі. 

Сонымен қатар,  “абыройға”, яғни К-нүктеге меншіктелген 

“ілкі  бастаулық,  қай нар-көздік”  магынаның  кескіндік

491


(шеңберлік, таңбалық), сөздік (“аб” сөзі “үй”,  “үрғашыньщ 

жыныс  мүшесі”,  “қү рсақ”,  “бесік”  деген  мағыналарға да, 

“үлкен  кісі”,  “ана”  деген  мағыналарға  да  ие)  деңгейде  де 

өйелге,  аналық бастауға ие болып түрғандығын айтуға бо­

лады.  Мәселе осыменен бітіп қалмайды,  біз “абырой” үгы- 

мының  әйелге,  әйелдің  жыныс  мүшесіне  (әбиүр,  абиыр), 

ылғалдылық қатысты  (абыройдың тогілуі),  осылардан  ту­

ындайтын таңбалық (кескіндік) символизмді тек атап қана 

отырмыз, оның нақты мифтік қисындарына тоқталып отыр- 

ғанымыз жоқ.



Бөгденің  улгісі  —  бөгденің абыройы

Бүгінгі қазақ қоғамындағы келеңсіздіктердің бір үштьпы 

осы “абырой (кодекс,  заповедь) мәселесіне”  келіп тіреледі. 

Біріншіден,

  қазақ қоғамы,  баласынан көрісіне,  сауаттысы- 

нан ғүламасына, қойшысынан басшысына дейін “абыройлы 

болып омір сүру” қажеттілігін білмейді.  Әбден үмытып кет­

кен. 

Екіншіден,

 үмыт болған “абырой” дегеннің қандай шарт- 

тардан, талаптардан түратындығын анықтау,  нақтылау жа- 

гын қолға да алмай отыр.  Міне,  сондықтан да, ел билігінің 

(шаруашылығының, қорғанысының, әкімшілігінің, идеоло- 

гиясының)  түтқасы н  үстаган  үлкенді-кіш ілі  дәрежелі 

атқамінердің,  гылым түтқасын үстаған ғалымның, рухани- 

яггың түтқасын үстаған зиялының істеп отырғандары — коп 

жағдайда “абыройсыз іс” болып есептеледі.

Тарихи категория болғандықтан да, абыройдың заманы- 

на қарай озгеріссіз болып қала алмайтьшдығын айтып оттік. 

Уақьгг жаңа талаптарды басқа дәстүрлерден де қабылдай ала 

алады. Тек бүл жерде, богде дәстүрлердің үлгісін толықтай 

кошіріп  алуға  болады деген  ой  туындамауы  тиіс,  ойткені, 

мүндай өрекетгердің барлыгы да түптің-түбінде қоғамга апат 

әкеледі. Дәстүр ол озінің “эталондық” функциясын жогалт- 

пауытиіс, мың жерден “оркениетті”,  “либералды”,  “демок- 

ратияшыл” болса да, богденің (батыстың, орыстың, т.б.) эта- 

лонын (абырой үлгісін) сол күйінде кошіріп алу,  қайталау- 

дың арты -  жақсылықпен бітпейді, ойткені, богденің “абы­

ройы” — богденің мифінен, діни сенімінен, әдет-гүрпы мен 

салт-дәстүрінен бастау алып шыққан. Сондықтан да, оз абы- 

ройымызды  түгендей  алмай  отырып,  оз  абыройымыздын 

шарт-талаптарьш анықтап алмай түрып, озгенің моделін үлгі



492

ету  арқылы  іс  тындырам,  үш паққа  шығам  деу  — жай  бос 

қиял ғана емес, барып түрған зиянкестік болып табылады.

Абырой заңының жалпы қисындамасы осындай. Ал, оньщ 

ілкі эталоны, ілкі үлгісі қандай болған? Міне, бүгінгі қазақты 

да  ең' алдымен  осы  мөселе  толғандыруы  тиіс.  Бүл  — жеке 

қазакка да, ел бшіеуші, мемлекетгің басқару тетіктерін қольша 

үстап отырған басқарухпы қазаққа да қатысты. Яғни, қатар- 

дағы  азаматтан  бастап  Елбасыға  дейінгі  қ азақты ң  әр 

кызметіндегі, мансабындағы озіндік үлгі эталоны — “Абы­

рой  заңы”  болуы тиіс.  Эр  адам  осындай  өз  қызметіне  сай 

ата-бабалардан  бері  келе  жатқан  ілкі  үлгіге  (жүріп-түру 

кодексіне)  арқа сүйегенде ғана бірдеңе тындыра алады.  Өз 

дәстүрін (сөздің қазіргі түсініліп жүрген магынасында емес) 

сыйламайтын, өз көрсеткіштерін (тілін, ділін) менсінбейтін, 

не болмаса,  “тіпті, ол жақсы кісі болғанның өзінде де”, олар­

дын ешқайсысынан хабары ж оқ адам ел басқарып,  халық- 

тың көсегесін көгертеді деудің өзі қиял болып көрінер еді.

Біз бүгінгі ел тетігін басқарып, ел түтқасын иеленіп отыр­

ган кісілерден осындай үлгіні талап ете аламыз ба? Абырой 

заңы түгілі, өзінің ана тілінен мақүрым қалған, тіл білгеннің 

өзінде де “абырой” дегеннің не екендігінен хабарсыз, соның 

салдарынан басқаның әдет-ғүрпына,  басқаның жүріп-түру 

кодексіне (оның өзінде де тек қарақан басының қамы үшін 

ғана шалағай түрде) ден қойып жүрген “жаңа қазақ атқамі- 

нерлерінен”  бірдеңе күту,  бірдеме дәметудің өзі жөнсіз бо­

лар еді.  Біз осындай ілкі үлгіні — “Абырой заңы н”  рекон- 

струкциялаудың,  оны жаңа заманға сай бейімдеудің қажет- 

тілігін  еске  саламыз.  Тек  осыган  қүлақ  асар  адамдардьщ 

шыгуынан,  осыган  сүйенген жаңа  басқарушылар үрпагы- 

ның келуінен үміттенеміз. Өйткені, үмітсіз тек шайтан гана.



493

ТҮ СІН ІКТЕМ ЕЛЕР

Оқырманға  төмендегі  еңбектерді  ұсынамыз:  Р.  Генон 

“Қазіргі дүниенің дағдарысы”,  “Индуизм доктриналарын 

зерттеуге жалпы кіріспе”,  “Үлы триада”,  “Индуизм жайын- 

дағы  очерктер”,  соңғы  үш  кітап  орыс  тэржімасындагы 

“Дестүр жэне метафизика жайындагы очеркгер” жинағына 

кірген.  Сондай-ақ, жинаққа Р. Генонның шәкірттері Титус 

Буркхардтың  “ Ш ығыс  пен  Батыстың сокральдік өн ері” 

/1967 ж ./,  Фритьоф Ш юонның “Исламды түсіну Софының 

кітабың  /1961  ж ./  сияқты  еңбектері  еніп  отыр.  Р.  Генон 

мен  оның  шәкірттері,  эзотериялық  білімді,  адамнан  тыс 

әлдебір тылсым бүлақтан нәр алатын объекгивтік қүбылыс 

деп  есептейді.  Сондай-ак,  аталмыш  мектептің авторлары 

жайында ешқандай мәлімет жоқ.

Рене-Жан-Мари-Жозеф Генон  1886жылдың  15 қараша- 

сы  күні  Блуа  /Ф ран ц и я/  қаласында  католиктер  әулетінде 

дүниеге  келген.  Бала жасынан денсаулығы  нашар  болған, 

1904 жылы туған қаласындағы католик мектебін тамамда- 

ған  ол  Парижге  келіп  Роллен  колледжінің  математика 

факультетінде  оқуын  жалғастырады.  Математикаға  деген 

әуестік кейіннен  оның ой-жүйесіне,  тіпті жазу машығына 

да оз әсерін тигізді.

Математикалық білім алумен қатар,  Р.  Генон түрлі тыл- 

сымдарға үлкен ықылас  таныта бастайды, түрлі үйірмелерге, 

оның ішінде Жерар Анкосстың /орыстілді оқырмандар оны 

Папюс деген атпен,  магия жоніндегі коптеген еңбектердін 

авторы деп таниды/ мартинистік орденіне  қатысады.  Көп 

үзамай  Генон  мен  Папюстың  арасында  қайш ылық  туып, 

Генон бүрын мартинистер сыйлаған дәрежелерінен айыры- 

лып орденнен қуылады.  Р. Генон өмірінің бүл эпизоды ізсіз 

кеткен  жоқ.  Бүдан  кейінгі  өмірі  барысында  ол  қандай  да 

болмасын  “қүпия  үйымдарғаң  қарсы  болды,  бірқатар 

еңбектерінде жалған эзотериялық ілімдерді өшкереледі, және

494


басқа  еңбектерінде  де,  өзінің  қашанғы  салиқалы,  ізетті 

әдетімен оккультистер, теософтар мен спиритуалистер және 

тағы басқалардың интеллектуалдық кемшіндігін,  Ш ығыс- 

тың дөстүрлі  ілімдері жэне  жалпы  эзотериялық  ілімдерге 

келгендегі сауатсыздығын, надандығын баса айтып отырды.

Талапкер  француздың  еңбегі  далаға  кеткен  жоқ.  Ол 

Ш ығыстың  шын  мәніндегі  эзотериялық  дәстүрлерінің 

окілдерімен тіл табысты,  солардың ықпалымен  1912 жылы 

Абд-әл  Вахд  Яхья  деген  есіммен  / “Жалғыз  Жаратқанның 

қүлы”/   ислам  дініне  кірді.  Бүл  күнге дейін  Шығыс  өлемі 

оны XX ғасырдағы ең ірі теолог-софы ретінде осы есіммен 

таниды.  1930 жылы бірінші әйелі өлгеннен  кейін  Р.  Генон 

Еуропадан біржола кетіп Каир қаласына қоныстанады.  Осы 

жерде ол пайғамбардың қызы Фатимадан тарайтын Әулетгің 

өкілі мысырлық шейхтың қызына үйленеді.  Каирде Р.  Ге­

нон таза мүсылмандық жолды үстанып, мешітке барып, бар­

лык рәсімді атқарады. Өмірінің соңғы жылдарында ол зікірге 

ден қояды.  Сонымен қатар ол ғылыми ізденістерін де тоқ- 

татпайды, еуропалық “Изиданың кіреукесі”, “Дәстүрді зерт­

теу”  сияқты  журналдармен  қатынасын  үзбейді,  мүдцелес 

достарымен,  шөкірттерімен  хат  жазысып,  оларды  Каирде 

қабылдап  отырады.  Бірақ  аурулары  барған  сайын  мендеу 

тартып, ақырында  1951 жылдың қаңтарында көз жүмады.

Р. Генонның ең маңызды еңбектерінен “Веданта бойын­

ша адамның қалыптасуың,  “Кресттің символизмінң,  “Үлы 

триада”,  “Сандар патшалығы мен уақыт белгілері”,  “Бүгінгі 

дүниенің  дағдарысы”,  “Рухани  үстемдік  жэне  зайырлы 

билік”,  “Инициация жэне рухани жетілу”,  “Болмыс патша - 

сы”, “Дантені” эзотеризмің сынды және сондай-ақ, кейіннен, 

түрлі журналдарға жарияланған мақалаларын топтастырған 

“Киелі  ілімдердің  символдары”,  “Индуизм  жайлы  очерк- 

тер”  сияқты кітаптарын атауға болады.  Оның еңбектерінің 

және бір ерекшелігін айта кеткен жон. Аталмыш, эзотерия- 

лық ілімнің жалпы проблемаларын тиянақтаған, сондай-ақ 

ислам, индуизм /адвайта-веданта/, қиыршығыс ілімдері мен 

христиандық  және  т.б.  бағыштаған  еңбектерін  Р.  Генон 

исламды  қабы лдағаннан  кейін  жазған.  Алайда,  кандай 

қияс  оқырман  болса  да,  Р.Генонның текстерін  байыптап 

отырып,  оның қай дәстүрге  бүйрегі бүратынын анықтап 

бере алмас еді.



Каталог: fulltext -> buuk
buuk -> Л I м а. Ақтанова алалар әдебиеті (Қазақ балалар драматургиясы мәселелері) Оқу қуралы ifb u a h t p j f б а с п а с ы астана-2011
buuk -> Г. К. Сатыбалдиева биология гылымдарының кандидаты
buuk -> Монография «Тұран-Астана»
buuk -> Микркезз алматы
buuk -> Б. Р. К,ожахметова МӘШҺҮр жүсіп
buuk -> Іллаев, Ғ. У. Уәлиев, Н. Д. Абдуллина ж л т л т л fee
buuk -> Физиологиясы
buuk -> Д. филология ғьш ы мдары ны ң кандидаты
buuk -> Әдістемесі тұрдалиева Г. Ж. Тұрдалиева бастауыш
buuk -> Мемлекеттік тілде оқымайтын


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет