М әшһүр Жүсіп өлеңдерінің жанрлық-стильдік ерекшелігі



жүктеу 1.07 Mb.
Pdf просмотр
бет1/2
Дата15.03.2017
өлшемі1.07 Mb.
  1   2

ӘӨЖ.  821.512.122.  +821.  512.  161

Қолжазба  құқығында



Б А Р А Т О В А   М Ұ Х А Б Б А Т   Н Ұ Р Ж А У Қ Ы З Ы

М әшһүр Жүсіп  өлеңдерінің 

жанрлық-стильдік  ерекшелігі

10.01.02  -  казак әдебиеті

Филология ғылымдарының  кандидаты  гылыми дәрежесін 

алу үшін дайындалған  диссертацияның

Қазақстан  Республикасы 

Астана,  2006



Ж ұмыс JI.Н .Гумилев  атындагы  Еуразия  ұлттық университетінің 

қазақ әдебиеті  кафедрасында  орындалды

Ғылыми  жетекшісі: 

-  Қазақстан Республикасы Үлттық

Ғылым  Академиясының академигі, 

филология  гылымдарының докторы, 

профессор  Р.Н.Нурғали

Ресми  оппоненттер: 

- филология  ғылымдарының докторы,

профессор  С. Н.  Сүтжанов

-  филология  гылымдарының кандидаты, 

доцент  Ө.Әбдиманүлы

Ж етекш і  ұйым: 

- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым

министрлігі М .О.Әуезов атындагы 

Әдебиет жэне енер  институты

Диссертация  2007  жылы 



« і »

 

сагат  14.00-  де  Л.Н.Гумилев

атындагы  Еуразия  ұлттық  университетіндегі  10.01.02-  қазақ  әдебиеті  және 

10.01.07-  салыстырмалы  әдебиеттану 

мамандыгы  бойынша  филология 

гылымдарының  докторы  гылыми  дәрежесін  беру  жөніндегі  Д.  14.  31.03 

диссертациялық кеңесінің мәжілісінде қорғалады.

Мекен-жайы:  010008, Астана қаласы, Қ.М ұнайтпасов көшесі,  5  үй.

Диссертациямен 

Л.Н.Гумилев 

атындагы 

Еуразия 


ұлттық 

университетінің ғылыми  кітапханасында танысуға болады.

Автореферат  2006 жылы 

Милщеяи/іп

 таратылды.



I

Диссертациялық  кеңестің  ғалым

хатшысы, филология  ғылымдарының 

һ

докторы,  профессор 

“'Қ.Қ.Алпысбаев

Ж ¥М Ы С ТЫ Ң  ЖАЛПЫ   СИПАТТАМАСЫ

Зерттеудің  өзектілігі.  Кешегі  әміршілдік  жүйе  үстемдігі  дәуірінде 

өткен  ғасырлардағы  әдеби  мүраны  тек  таптық  түрғыдан  сараптаумен 

шектелу  нәтижесінде,  оның  көп  кыр-сырын  нағыз  ғылыми  түргыда 

ашылмай  келгені  мәлім.  Тәуелсіздік  алғалы,  ягни  1990-1991  жылдардан 

бастап  өнердегі,  оның  ішінде  көркем  әдебиеттегі  «ақтаңдақтарды»  ашуда 

елеулі  нәтижелерге  кол  жеткізілді  деуге  негіз  толық.  Әйтсе  де  көне 

жазбалардың  бір  орталыққа  жинакталып  бітпеуі,  жиналған  үлгілердің  де 

кезінде  дүрыс  бақьілауда  болмағандықтан,  «колды  болуы»  немесе  оның 

танылуы  кешеңцеуі  т.с.с.  өткен  әдеби  мүраны  зерттеу  ісін 

біршама 


тоқыратып  келгені  белгілі.  Міне,  осы  орайда  артына  өте  мол  мұра 

калдырған  қазақтың  белгілі  ақыны,  фольклортанушысы,  тарихшысы 

М әш һүр  Жүсіп  Көпейүлының  алғашқы  тоғыз  томдығы  жарық  көруі 

нәтижесінде  М әшһүр  Жүсіптің  басқа  мүралары  тәрізді  елеңдерінің 

ашылмаған  қыр-сырын  сараптауға  кеңірек  жол  ашылғаны  белгілі.  Осы 

орайда  М әш һүр  Жүсіп  өлеңдерінің  жанрлық-стильдік  ерекшеліктерін 

арнайы  саралау,  яғни  оны  ғылыми түрде дәйектеуді жүзеге  асыру,  сөз жок, 

зерттеу жүмысының көкейкестілігін негіздейтіні  анық.



Зерттеудін 

мақсаты  мен  міндеттері.  Қазакстан  Республикасы 

егеменді  ел  болғаннан  бері,  Елбасынын 

«Мәдени  мүра»  бағдарламасы 

аясында  ескерілмей  келген,  жоғалған  мәдени  мүраларға көңіл  бөлу қаулап 

өскені  белгілі.  Соның  бір  керінісі-  бүрын  есімі  де,  еңбектері  де  т.с.с. 

мәдениет  тарихында  «ақтаңдақтар»  катарына  саналатын,  қазақтың  белгілі 

акыны,  философы,  тарихшысы,  фольклортанушысы  М әшһүр  Жүсіп 

Көпейүлы  шығармаларының  кең  зерттеле  бастауы  дер  едік.  Зерттеудің 

басты  мақсатьі,  негізгі  нысанасы  М әшһүр  Жүсіп  өленлерінің  жанрлық- 

стильдік  ерекшеліктерін  әлемдік  әдебиеттану ғылымы  талабы түрғысынан 

арнайы  саралау  жүргізу.  М әшһүр  Ж үсін  шығармашылығын  зерттеу 

арқылы,  оньщ  акындық,  даралық  қолтаңбасын,  ягни  стилін  айкындау: 

әлеңдерінің 

жанрлык 


сипатын, 

туындының 

идеялық, 

такырыптык 

ерекшелігін  негіздеудегі  рөлін  таныту;  өлеңдерінің  көркемдік  ерекшелігін 

бағамдай  отырып,  оның  жанр  табиғаты  мен  стильді  дамытудағы  қызметін 

көрсету.

Осы  мақсаттарды алғаш рет ғылыми жүйелі түрде жүзеге  асыру үшін 

төмендегідей  міндеттер жүктелді:

-  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрлігінің  Орталык 

ғылыми,  кітапханасы  корындағы,  Әл-Фараби  атындагы  Үлттық  кітапхана 

қорындағы  т.б.  сақталған  материалдарды  жүйелеп,  зерттеу  жүмысына 

пайдалану;

-  Акын  шеберлігін,  ізденістерін  саралау  арқылы,  әдеби  процестегі 

ақынньщ жанрлық-стильдік ерекшелігін ғылыми түрғыдан дәйектеу;

-Ақын  өлендерінің  жанрлық-стильдік  ерекшеліктерін  саралай  отырып, 

ондағы  дәстүр  тағылымы,  дәстүр  сабақтастығы,  бейнелілік  мәнін  жан- 

жақты  ашу;

3


-  М әш һүр  Жүсігітін  өзіне  дейінгі  және  замандас  акындармен  үндестігін, 

дәстүр 


сабақтастығы 

мее  жаңашылдығын 

пайдалану  нәтижесінде, 

ақынның ол дәстүрге не косқанын, яғни даралық көрінісін  ашу;

-  Акын  шығармашылығының  жанрлык,  стильдік  сипатын  негіздеген 

көркемдік деңгейін  анықтау;

-  М әш һүр  Жүсіп  өлеңдерінің  жанрлык  табиғатын  жэне  стиль  ыкпалын 

зерттеудің  жалпы  казак  әдебиетінің  даму  заңдылығын  ашу  үшін  мәнді 

баспалдақ бола алатынын дәлелдеу.

Ж үмыстын 

зерттелу 

деңгейі. 

Рас, 


Мәшһүр 

Жүсіп 


шығармашылыгына  арналған  біраз  диссертациялардың  корғалуы,  біраз 

кітаптар  шығуы-  казақ  әдебиеттану  ғылымындағы  баска  салалар  тәрізді 

бүл  арнада  да  ілгері  басу  жүргенін  ескерген  жен.  Мәселен,  бүған  дейінгі 

жол-жөнекей  айтылған  жекелеген  ізденістерді  ескере отырып,  соның бәрін 

әрі  жалғастырып,  әрі  дамыту  арнайы  бір  зерттеуді  талап  етеді.  Біз 

солардың  ішінен  У.Қалижаиның  (М ешһүр  Жүсіп.  -   Алматы:  Атамүра. 

1998.-  30  б.),  С.Сүтжанның  (М әшһүр  мүрасы.-Павлодар.  2001,-  104  б.), 

Е.Қ.Ж үсіповтың  «М әшһүр  Жүсіп  шығармаларындағы  әдеби  дәстүр» 

кандидаттык  днссертациясын  (  Астана.  2001.-30  б.),  сондай-ак  оған  дейін 

эр  кезде  айтылған  белгілі  ғалымдардың:  Б.Кенжебаев  [1], Ә.Жиреншин  [2], 

М.Бөжеев  [3],  С.Дәуітов  [4],  Д.Әбілов  [5],  Қ.М әшһур  Жүсіп  [6]. 

С.Ш .Көпеев  [7],  С.Негимов  [8]  т.с.с.  еңбектерінде  акын  өлеңдерінің 

идеялық-тақырыіттық  негізі,  жекелеген  керкемдік  ерекшеліктері  біршама 

сөз  болғанына  назар  аударгқымыз  келеді.  Қазіргі  казак  әдебиеттану 

ғылымының  алдында  еткен  ғасырлардағы  әдеби  мүраны  жинақтап,  кажет 

түсініктермен  жариялаумен  қатар,  оны  әлем  жүртшылығына  таныту 

міндеті  түрғанын  зерделесек,  әдебиет  корындағы  асыл  қазынанын  бірі- 

М әш һүр  Жүсіп  ақындығын  арнайы  сараптау  міндеті  түрғаны  анык.  Міне, 

осы талаптар биігімен таразылағанда, М әш һур Жүсіп елеңдерінін жанрлык 

сипаты  жене  стиль  табиғатын  зерттеу  тек  осы  ақын  емес,  жалпы  казак 

әдебиетінің даму заңдылығын  жеткен  биігін  анықтау,  межелеу  үшін  мәнді 

баспалдак  бола  алатынын  зерделеген  жән.  М әш һүр  Жүсіп  еміріне,  жалпы 

ш ығармашылығына  катысты  деректердің  біз  келтіріп  еткен  еңбектерде 

баршылық екенін  ескере  отырып,  казіргі  әдебиеттану  ғылымы жетістіктері 

бнігімен  таразылап,  акын  өлендерінің  жанрлык  табиғатын  және  стильдік 

ерекшеліктерін  арнайы  сараптауды міндет етіп алдық.



Зерттеу 

жұмысының  ғылыми 

жаналығы. 

Баска  да  казак 

ақындары 

тәрізді  М әшһүр  Жүсіп 

шығармаларын 

жариялау 

және 

зерттеудің  бірер  онжылдыкта  игеріліп  бітпейтіні  анык.  М әшһүр  Жүсіп 



шығармашылығына 

арналған 

алғашкы 

ғылыми 


еңбектерді 

М әш һүртанудың  жаңа  орелі  кезеңінде  акынның  әлемдік  поэзия  дәстүрін 

жалғастыру,  дамыту  үрдісін  ашуға дайындык,  алғышарт  ретінде  бағалауға 

болады.  Осы  орайда  қазақ  әдебиетін  әлем  әдебиегі  дамуы  түрғысынан 

қарастырып,  дәстүр  сабактастығын,  өзектестігін  ашу  үшін  де  жекелеген 

ақындарға,  атап  айтканда,  артына  мол  мүра  қалдырған  М әш һүр  Жүсіпке 

кеңірек  көңіл  белу  кажеттігі  туары  белгілі.  Акынның  бүрын  еш  жерде

4


жарияланбаған  туындылары  алғаш  рет  ғылыми  айналымға  енгізілді. 

М әш һүр  Жүсіптің  барлык  өлеңдері 

жанрлық  түрғыдан  жүйелі  түрде 

зерделенді.  Диссертациялык  жүмыс  М әшһүр  Жүсіп  өлеңдерін  жанрлык- 

стильдік  түрғыдан  түтастай  зерттеу  объектісіне  айналдырылған  түнғыш 

ғылыми  еңбек  болып  табылады.  Осы  және  басқа  да  ізденіс  нәтижелері 

диссертациялық жүмыстың өзіндік ғылыми  жаңалығы  болып табылады.

Қорғауға  үсынылатын  тұжырымдар.  Диссертациялық  жүмысты 

орындау барысында төмендегідей түжырымдар үсынылады:

-  XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың  алғашқы жартысында еңбек  еткен 

белгілі  ақын  М әшһүр  Жүсіп  өлеңдерінің  жанрлык-стильдік  ерекшеліктері 

алғаш p er жүйелі түрде, жан-жақты  зерттелді;

-  М әш һүр  Жүсіптің  өзіне  дейінгі  қазак  әдебиетіндегі  көркемдік  дәстүрді 

кең  меңгеріп,  оны  дамытып,  соны  биікке  көтере  білген  суреткер  екені 

дәйектелді;

-  М әш һүр  Жүсіп  өлеңдерінің  жанрлык  сипаты  ашылды.  Атап  айтқанда: 

шолу,  түспалдау,  арнау,  сауал,  айтыс,  хат  өлеңдері  т.с.с.  ерекшеліктері 

көрсетілді;

-  М әш һүр  Жүсіп  шығармашылығы  өзіне  дейінгі  акындық  дестүр  мен 

замандас  ақындары  шығармашылығымен салыстыра зерттелді;

-  Акын  өлеңдеріндегі  дәстүр тағылымы  ж эне  стиль  ерекшеліктері,  дәстүр 

сабақтастығы  және  бейнелілік  мәні  осы  арнада  алғаш  рет  ғылыми 

айналымға енгізілді;

-  М әш һүр  Жүсіп  шығармаларыиың  көркемдігін  анықтай  отырып,  өзіндік 

ой тереңдігі мен  тіл  шеберлігіне бірдей мән  берілді;

-  Әлем  әдебиеті  дамуына  тән  ортақ  заңдылыктардын  М әш һүр  Жүсіпке 

ықпалы,  яғни  дәстүрді  игерумен  катар  өзіндік  ізденістерінің  өзара 

байланысы, үйлесімі  неғүрлым  кең сарапталады;

-  Көне  замандағы  Жүсіи  Баласағүн  (XI  ғ.),  Ахмег  Иассаун  (XIII  ғ.)  т.с.с. 

бастау  алған  бай  дәстүр,  оны  игеріп  жаңа  белеске  көтерген  кейінгі  XIX- 

XX  ғасырдағы  казақ  әдебнетінің  алыгітары:  Абай,  М әш һүр  Жүсіп, 

Ш әкәрім т.б.  еңбектері  жан-жақты  сараланады;

-  М әш һүр  Жүсіп  өлендерінде  алдымен 

аз  созге  көп  мән 

сыйғызу, 

шарттылық,  түспалдау,  дерексіз  үғымды  заттандыру,  жандандыру  т.с.с. 

көркемдік  амалдарын  колдану ерекшелігін  зерделеу жүзеге  асты. Акынның 

түрлі  амалдарды  игеруі,  лирика  жанры  шеңберінде  дамыту,  салыстыру, 

шендестіру т.с.с.  әдістерін  үтымды  пайдаланып отырғаны айкындалды;

-  Отаршылдық  кыспағында  адамдар  сезімін  түмшалауы  мүмкін 

теріс 


ниеттерді  т.с.с.  кең  ашуда  да  Мөшһүр  Жүсіптін  өзіндік  ізденістерінің  мәні 

ерекше екені  аныкталады;

-  Мөшһүр  Жүсіп  стилі  дегенде,  онын  шығыс  акындары  дәстүрін  игеріп, 

оны  заман талабымен үйлестіру, байланыстырудағы  ізденістері,  лнрикалык 

каһарман  негіздеуге 

бағытталған  сез  нақыштарын 

игеру,  түрленту 

мақсаты орындалуын  кореміз.



Зерттеудін  нысаны.  М әшһүр  Жүсіп  өлендерінің  жанрлык  сипаты, 

ондағы  дәстүр  тағылымы  жэне  стиль,  дәстүр  сабақтастығы  және 

бейнелілік мәні  зерттеудің негізгі  нысанына алынды.

Зерттеудін  теориялык  және  әдіснамалық  негіздері.  Лириканың 

жанрлык,  стильдік  табиғаты  дегенде, 

алдымен  даму  тарихында  мол 

тәжірибе жинақталған  әр  кездегі  орыс  әдебиеттану ғылымы  жетістіктеріне 

кеңіл 

белу 


кажет. 

Алдымен 


ХІХ-ХХ 

ғасырдағы 

В.Г.Белинский,

A.Н.Веселовский, 

В.Жирмунский, 

М.Б.Храпченко, 

В.Поляков,

B.П.Григорьев 

[9]  т.с.с.  еңбектерінің  тек  орыс  эдебиеттану  гылымы 

үшін  емес,  казак  эдебиеттану  гылымы  үшін  де  мәні  үлкен  екенін  атап 

айткымыз келеді.

Қазак  эдебиеттану  ғьгаымында  да  қазак  лирикасының  жанрлық 

толысу,  даму  тарихына  катысты  еңбектер  баршылық  екенін 

ескерген 

жөн. 

Олар: 


А.Байтұрсынов, 

Қ.Жұмалиев, 

М.Базарбаев, 

3.Ахметов,

З.Қабдолов, 

С.Қирабаев, 

М.Қаратаев,Т.Әбдірахманова, 

Р.Нүрғали, 

Т.Кәкішев,  Б.Кәрібаева,  С.Негимовтің  т.с.с.  жекелеген  ізденіс  нәтижелері 

[10].  Міне,  бүл  тақырыпты  зерттеу  барысында  жоғарыда 

аты  аталған 

орыс-қазақ  эдебиеттану  гылымының  корнекті  өкілдерінің  еңбектері 

ескеріліп,  оларга лайықты бага беріліп отырылды.

Зерттеудің  әдістері.  Диссертация  жазу  барысында,  негізінен тарихи 

-салыстырмалы,  талдау,  жүйелеу,  жинақтау, 

түжырым  жасау  әдіс- 

тэсілдері  колданылды.



Зерттеудің  теориялык  және  ирактикалық  маңызы. 

Жүмыс 


нәтижелерін  жогаргы  оку  орны  студенттеріне  арналған  казак  әдебиеті 

бойынша  оқылатын  дәрістерде,  сондай-ак  М эш һүртануға  қатысты  арнайы 

курсты  оқығанда,  түрлі  семинарлар,  факультативтер  жүргізгенде  кеңінен 

пайдалануга  болады. 

Сондай-ақ  зертгеу 

нәтижелерін  казак  эдебиетін 

зерттеушілерге,  жоғарғы  оку  орны  оқытушыларына,  магистранггарына, 

студенттер  мен  ізденушілерге  қажетті  теориялык-практикалық  көмекші 

күрал ретінде үсынуга болады.

Жұмыстың 

сарапталуы, 

макұлдануы 

мен 

жариялануы. 

Диссертациялык  жүмыстың  негізгі  нэтижелері  С.Торайгыров  атындагы 

Павлодар  мемлекетгік  университетінде  еткен  «I  М әшһүр  Жүсіп  оқулары» 

(2000  ж.),  «II  М эш һүр  Жүсіп  оқулары»  (2001  ж.),  «IV  М эш һүр  Жүсіп 

окулары»  (2004  ж.),  «VI  Сэтбаев  оқулары»  (2006  ж.)>  «Қ.Кемеңгеров 

тагылымы»  (2006  ж.)>  «V  М эшһүр  Жүсіп  оқулары»  (2006  ж.),  сондай-ак 

«Социальные  и  экономические  аспекты  развития  региона»  (2001  ж.), 

«Мемлекеттікті  ныгайту жагдайындагы тілдердің кызмет  аясы  мен дамуы» 

(2005 

ж.)  атты 



республикалық,  халықаралық  ғылыми-практикалык 

Конференцияларда  жасалған  баяндамаларда  дәйектелді.  Диссертациялык 

жүмыстың 

такы ркбы   бойынша  «ҚР  ҮҒА  Хабарлары»,  «Өлкетану»,

C.Торайгыров 

атындағы 

Павлодар 

университетінің 

хабаршысы 

журналдарында  мақалалар жарық корді.

Диссертациялык 

ецбек 


С.Торайгыров 

атындагы 

Павлодар 

мемлекеттік  университетінің 

казак  филологиясы  кафедрасында  жэне

6


Л.НГумилев  атындағы  Еуразия  үлттык  университетінің 

қазак  әдебиеті 

кафедрасында талқыланып,  корғауға үсынылды.

Зерттеу  жұмысынын  қүрылымы.  Жүмыс  кіріспеден,  үш   тараудан, 

корытындыдан және әдебиеттер тізімінен түрады.



Ж ҰМ Ы СТЫ Ң  НЕГІЗГІ  МАЗМҮНЫ

Кіріспеде  тақырыптың  езектілігі,  жүмыстың  мақсаты  мен  міндеті, 

зерггелу  деңгейі,  ғылыми  жаңалығы,  жұмыстың  нысаны,  корғауға 

ұсынылған 

түжырымдар, 

жүмыстың  теориялық  және 

әдіснамалык 

негіздері,  зергтеу  әдістері,  жүмыстың  теориялық  және  практикалық 

маңызы, жүмыстын сарапталуы,  мақүлдануы мен жариялануы сөз болады.



«М әшһүр  Жүсіп  өлеңдерінін  жанрлық  сипаты»  деп  аталатын 

бірінші  тарауда  баска  да  казак  ақындары  тәрізді  М әш һүр  Жүсіп 

шығармаларын  жариялау  және  зерттеудің  бірер  онжылдықта  игеріліп 

бітпейтіні  сөз  болады.  М әш һүр  Жүсіптің  шығармашылығына  арналған 

алғашкы  ғылыми  еңбектерді  Мәшһүртанудың  жаңа  өрелі  кезеңінде 

ақынның  әлемдік  поэзия  дәстүрін  жалғастыру,  дамыту  үрдісіи  ашуға 

әзірлік  ретінде  бағалауға  болады.  Осы  орайда  қазақ  әдебиетін  әлем 

әдебиеті 

дамуы 

түрғысынан 



қарастырып, 

дәстүр 


сабактастығын, 

өзектестігін  ашу  үшін де,  жекелеген  ақындарға,  атап  айтқанда,  артына  мол 

мүра  қалдырған  М әшһүр Ж үсіпке кеңірек  көңіл бәлу  кажеттігі  туғаны  сөз 

болады.


Әдебиеттанудың  баска  да  салалары  тәрізді  жанрлык  сипатын  сөз 

еткенде,  оның  бар  кезеңде,  бар  акында  үнемі  біркелкі  болып  келе 

бермейтінін,  қайта  дәуір,  стиль  т.с.с.  әсерімен  түрлі  езгеріске  түсіп  отыру 

мүмкіндігін  алдымен  діттегіміз  келеді. 

Осы  орайда  белгілі 

орыс 


зерттеушісі  В.Г.Белинскийдің:  «Жанрлардың  шекарасы  нағыз  дәлдіктен 

горі  шамамен  айырылады.  Қайткенмен  де  оны  картада  мемлекеттің 

шекарасын 

корсеткендей 

саусағыңмен 

нүкып 


көрсете 

алмайсың. 

Көркемөнер  қай  жақтағы  болсын,  бір  шекарасына  таяна  беріп,  өзінің 

әуелгі  мағынасын  біртіндеп  жоғалтады  да,  шекаралас  екінші  жанрмен 

мағыналас  болады.  Сөйтіп,  шекаралас  екі  сипатгар  ортактасып  екеуін 

жинастырады»-деп, 

жазғанын 

қазақ 


ғалымы 

С.Қирабаевтың

С.Сейфуллиннің  «Тар  жол,  тайғак  кешу»  туындысының  жанрлык  сипатын 

аныктау үшін  қолданғаны  [11] тегін емес.

Лириканың  жанрлык  сипаты  сөз  болғанда  да,  оның  тап-таза  бір 

түрін  бөліп  көрсету  мүмкін  бола  бермейтінін  де  жоғарыда  аталған 

(В.Г.Белинский  пікіріне)  сүйеніп  айта  аламыз.  Әйтсе  де  «тап-тазасы»  жоқ 

екен  деп,  оның  шартты  түрде  бөлінген  түрлері  бар  екенін  де 

жокка 

шығаруға болмайтыны  анык.



Кез  келген  ғылым  саласы  тәрізді  бүл  мәселеге  де  соңғы  нүкте 

қойылмайтынын,  қойылуы  мүмкін  де  еместігін  ескерсек,  мүнда  да 

бүрыннан  калыптасқан  басы  ашық  жанр  түрлері  бар  да,  әлі  толык 

анықталып  бітпегені,  әйтсе  де  сол  толыктыкка  жету  үшін  де  алдын-агіа

7


сараптауды  тосып  түрған,  әзірше  шартты  түрде  ғана  бөлініп  жүрген  жанр 

түрлері  бар  екендігін  де  ескерген  жөн.  Мәселен,  мысал  (басня),  мүң  өлеңі 

(элегия),  мадақ  өлең  (ода),  төрттаған  (рубаи),  нәзира  т.с.с.  бүрыннан 

шаңырақ  көтерген  даусыз  лирика  түрлері  саналады.  Ал,  жоқтау,  арнау, 

айтысты  т.с.с.  А.Байтүрсыновтың  1926  жылғы  «Әдебиет  таныткыш» 

кітабынан  бастап  үлттык 

өлең  түрі,  үлттық  үлгі  деп  қарастырып 

келгеніміз  белгілі.  Сонымен  бірге  ойлану  (медитативті),  жүмбақ,  хат  өлең 

түрлерін  жанр  түрі,  немесе  тақырып  т.с.с.  бойынша  жіктелім  үлгісі  деп, 

қабағат  саралауда  еш  ағаттық  жоқ.  Осы  орайда  шығыс  поэзиясында  кең 

орын  алған  рауаят,  хикаят  үғымдарын  да  ескермей  кете  алмаймыз. 

Соңғысының  жоғарыда  аталған  А.Еайтүрсынов  кітабына  енуі  де  осы 

ұстаным дүрыстыгын аша түседі.

Сондай-ак  шығармаларды:  үгіт  (дидактикалык),  шолу,  деректі, 

аңыз, 

түспал 


өлеңдері 

немесе 


махаббат, 

табиғат  такырыбындағы 

туындылар  деп 

бөлуде,  жанрлык  межелеумен 

бірге,  тақырыптық 

ерекшелік  қоса  ескерілетінін  де діттей  отырып,  казақ  өлеңдерінің жанрлык 

табиғатын  кең  саралау  үшін  бүлай  бөлудің  де  үтымды  түстары  мол 

екендігін ескермей  болмайды.

Қысқасы,  лирикалық  қаһарманньщ  ашылу  деңгейі,  белгілі  бір 

тақырыптың  қамтылу  кокжиегі  түрғысынан  болсын,  бұл  аталған  елең 

түрлерінің  т.с.с.поэмаға  мүлде  келмейтінін,  қалай  түрленсе  де,  лириканың 

жанрлық шеңбері  ішінде қалатынын басшылыққа аламыз.

«М әшһүр  Жүсіп  өлеңдерінің  жанрлык  сипаты» 

деп  аталатын 

алғашқы  тарауда  алдымен  лириканьщ  жанрлык  сипаты,  оньщ  бастау 

кездері  мен  негізгі  ерекшеліктері  сөз  болады.  Сөз  жок„  белгілі  орыс,  казак 

ғалымдарының  бүл  салаға  қатысты  пікірлеріне  иек  арта  отырып,  М әшһүр 

Жүсіптің  әлем  әдебнеті  дамуына  тән  ортақ  заңдылыктарды,  яғни  дәстүрді 

игерумен  қатар  өзіндік  ізденістерінің  жемісі  мол  екенінің 

сарапталуы 

заңды.

М әш һүр  Жүсіп  өлендерінің  жанрлык  сипатын 



анықтауда,  онын 

араб,  парсы,  орыс  т.с.с.  әдебиеті  дәстүрін  нгеруінің  игі  әсерін  сөз  ету 

үстінде  ол  омір  сүрген  замандагы  қоғамдық  хал-ахуалдың,  атап  айтқанда, 

отаршылыдык  қыспагы  осуіне  т.с.с.  наразылықтың  тікелей  ыкпалы 

болғанын  зерделеу  керек.  Міне,  осы  орайда  күні  бүгінге  дейін  Еуропа, 

орыс  поэзиясының  керкемдік  снпаты  кең  де  дүрыс  сараланып  келсе, 

шығыс  одебиетін,  оның  ішінде  мүсылмандык  шығыс  әдебиетін  жете 

таныта  алмау  да  орын  алғанын  ескерген  жөн.  Бүл  шығыс  эдебиетін 

зерттеуге,  оған  отаршылдық мүдде түрғысынан  бір жакты  қарау әсері де  аз 

болмағаны  анық.  Соньщ  салдарынан  да  көне  замандагы:  Ж үсіп  Баласағүн 

(XI  г.),  Ахмет  Иассауи  (XIII  ғ.)  т.с.с.  бастау  алған  бай  дәстүр  де,  оны 

игеріп  жаңа  биікісе  көтерген  кейінгі  казак  әдебиеті  өкілдері  Абай  (XIX  ғ.), 

М әшһүр  Жүсіп,  ІЛәкәрім  (XIX  ғ.  соңы  XX   ғ.  басы)  еңбектері  жете 

сараланбай  келді деуге  де негіз толық.

Осы  орайда  к\'ні  бүгінге  дейін  Еуропа,  орыс  ғалымдары  арасында 

мүсылмандык  шығыс  поэзиясын  тек  «дидактикалык  поэзия»,  яғни  екінші



катардағы  көркемдігі  онша  емес  үлгілер  ретінде  қарастыру  орын  алса,  ол 

жаңсақтықты  жою  үшін  де  мүсылмандық  шығыс  әдебиетін  жан-жақты 

саралаған  іргелі  еңбектер  қажетгігі  туындайды. 

Еуропалык,  орыс 

поэзиясынан  шығыстык  мүсылмандык  әдебиетгің  басты  ерекшелігі 

ретінде 


«дидактикалық» 

делінген 

өлеңдер 

аукымьщ да 

көңіл-кұй 

сезімдерінің  сан  алуан  қыры  ашылуы  мөнінің,  еңбекте  біраз  сөз  болуы 

заңды.  Осы  орайда  кез  келген  жанрдың  тап-таза  өмір  сүрмейтіні,  қайта 

бірінің  ішінде  екіншісі  өріс  алуы,-  бәрі  әрі  жанр  сипатын  сақтаудың 

езіндік  үрдісін  негіздеумен  бірге,  әрі  басқа  жанр  ықпалымен  толығу, 

жетілу  мәніне  көңіл  бөлу қажеттігі  туады.  Баска  да  мүсылмандык  шығыс 

акындары  тәрізді  М әшһүр  Жүсіп  те  сол  дидактикалық,  яғни  акыл  айтуға 

негізделді  дейтін  әлеңдерінде  алдымен  аз  сөзге  көп  мән  сыйғызу, 

шарттылық,  түспалдау,  дерексіз  үғымды  заттандыру,  жандандыру  т.с.с. 

амалдарын  жиі  қолданды.  Акын  лирика  жанры  шеңберінде  дамыту,  бірде 

салыстыру,  бірде шендестіру  т.с.с.  әдістерін үтымды  пайдаланып  отырды.

Ақын  үтымды  бейне,  айшыкты  сөз  үлгілерін  лирикалык  бейненін 

ішкі  көңіл-күйін,  жан  сырын  ашу  үшін  пайдалану  кезінде  шеберліктің 

алуан  амалдарын  іске  асырды.  Мәселен,  «Абыройым  төгілмесін  деп 

ойласаң,  //  Үяттан  қолшатыр  қып  ал  басыңа»-  дегенде,  дерексіз  үғымды, 

үятты,  белгілі  бір  заттық  қалыпқа  көшіруі,  яғни  дерексізді  заттандыру 

көмегіне  жүгінуі  жүзеге  асқан.  Сондай-ақ  «Жастықтьщ  бір  күн  көшіп 

кетер  аулы»-  дегенде,  әрі  тұрмысы, 

негізінен  «көшіп»,  қонумен 

байланысты  казак  өмірі  ерекшелігі,  яғни  үлттық  нақыш,  әрі  метафоралық 

тіркесті  пайдалану  шеберлігі  үтымды  қолданылған.  Сонымен  бірге 

адамның  ішкі  сезіміне  тереңдеу  үлгісін  танытқан:  «Өзіңнің  өз  бойыңда 

болсын  козің»-  жолы  да,  белгілі  бір  үғымға  көп  козбен  қараудың  әсерлі 

үлгісі ретінде көзге түседі.

Сонымен бірге акын  ел  мүктажын  кең камту  үшін  де  шолу өлеңдерді 

кеп  жазған.  Келемі  жағынан  эпоска  жуықтап,  өмірді  кен  қамтыған 

өлендерде  әрі  эпикалык  кең  тыныс,  әрі  лирикаға  тән  толғаныс  астасуы 

нәтижесінде 

белгілі 

бір  туындының 

жанрлық 

сипатьгаың 

өзіндік 

орнектермен  толығуы  жүзеге  аскан.  Акын  белгілі  бір  ойды  әсерлі  жеткізу 

үшін  салыстыру,  шендестіруді  шебер  пайдаланады.  М әселен:  «Өң  беріп 

жылтыратып  ысқанменен  //  Болғанын  көрдің  бе  айна  кара  тастан»-  деген 

жолда  кара  тастан  айна  жасалмайтыны  өрнектеу  көмегімен  сезім 

күрделілігі  үтымды  дэлелденген.  «Құр  тікен  қызыл  гүлсіз»  қолға  түсуі  де 

лирикалық  бейнедегі  белгілі  бір  сипат  т.с.с.  жетімсіздігін  әсерлі  ашуға 

ықпал  еткен.  М әшһүр  Жүсіпте  тек  шолу  емес,  шағын  оқиғаға  негізделген 

хикаят  елеңдердің  де  орын  алғаны  мәлім.  Атап  айтқанда,  алдымен 

сандықтан  айдаһар  шығуы,  оған  30  кісінің  де  шамасы  келмегенде,  жарты 

кісінің  жол  тапқаны  бейнеленген  «Жарты  нан»  елеңі-  соның  дәлелі. 

Хикаят  өлеңдерде  эпостағы  тәрізді  лнриканын  өзінде  оның  жанрлык 

мүмкіндігі  шеңберінде  шағын  окиға,  езіндік  тартыс  болатыны  да  назар 

аудартады.  ІПағын  тартыс  өз  кезегінде  бір  елеңде  бірнеше  бейне  болуын, 

олардың  сәйлеу түрлішелігін  негіздей  отырып,  лирикаға  драма  әсері  тиюі

9


мумкіндігіне  де  жарық  түсіре  алады.  «Ш айтанның  саудасы»,  «Анқау  адам 

туралы»,  «Алтын  табак»,  «Ханымбике»  т.с.с.  өлеңдері-  соның  айғағы. 

Сонымен  катар,  көркем  туындының  тек  жинақтау  мен  даралау  бірлігі 

түрғысынан  емес,  өмірде  накты  болған  жәйтгерге  негізделуі  «деректі 

өлендер»  шоғырына  жол  ашканын  да  ескерген  жөн. 

Бұл  түста  деректі 

өлеңдер  мен  қатар  белгілі  бір  аңыздарға  негізделген,  яғни  деректілігінен 

гөрі  шарттылығы,  әсірелеуі,  дамытуы  басым  аныздық  хикаяттарды  да 

арнайы  зерделеу  міндеті  туары  анық.  Отаршылдык  жүйе  қыспағы 

салдарынан 

XIX 

ғасырдағы 



жэне 

XX 


ғасыр 

басындағы 

қазақ 

ақындарының  өз 



ойларын  тікелей 

айту 


мүмкіндіктері  тарылуына 

байланысты  түспал  өлеңдерін  де  көптеп  тудырғаны  анық.  Бүл  езгешелік 

баска  казақ  ақындары  төрізді  М әшһүр  Жүсіпте  де  кеп  байкалады. 

Мәселен,  ақынның 

1907  жылы  Қазанда  басылған,  «Тірлікте  көп 

жасағандықтан,  көрген  бір  тамашамыз»  кітабына  енген:  «Соқыр,  саңырау 

және  жалаңаш»  өледі  осының  алдында  сөз  болған  «Ш айтанның  саудасы» 

тәрізді  тек  Мөшһүр  Жүсіптін  емес,  жалпы  қазақ  әдебиетінің  елеулі 

жетістігі  деп  айтуға  негіз  толық.  Мәселен,  «Қүмырскадай  нәрселерге» 

қырағының  одан  үлкенді  көрмейтін  «сокыр»  болуы,  сыбырлағанды 

алдымен  естісе  де,  қалыпты,  катты  дыбыстарды  естімейтін  «саңырау» 

алынуы,  үят  жері  көрініп  түрса  да,  етегі  үзын  киім  киген  «жаланаш» 

қосылуы-  бәрі  де  белгілі  бір  шартты  бейне  арқылы  карама-қарсы  сезімді, 

яғни  сезім  күрделілігін  эпос  емес,  шағын  жанр  лирикада  іске  асыра  білген 

акын  шеберлігінің  мәнді  бір  кыры  демекпіз.  Қыскасы,  жүмбақтап, 

түспалдап  айту  үлгілері  аркылы  М әшһүр  Жүсіп  лириканың  жанр  түрі 

ретінде толысуын,  кемелденуін жүзеге асырды.

Ақынның 


түспал 

өлендерінде 

ертегі, 

аңызды 


пайдалануы 

(«М әшһүрдін  езін-өзі  ертегі  қылып  сөйлегені»);  мысал  үлгісін  («Сәйгелді, 

сона,  бөгелек»)  енгізуі:  жүмбақ  өлеңді  («Бір  үйге»)  қолдануы-  бәрі 

ақынның  казак 

лирикасынын  жанрлық 

аясын 


кеңейтіп, 

бейнелеу 

күралдарын  жетілдіру  дәлелі.  Сонымен  бірге  М әшһүр  Жүсіптің  мадак 

өлеңдерін  жазуда  да  шағын  жанр  аясына  шалқар  шындык  сыйғызу 

талабын  іске  асырған.  Онда  тарихта  белгілі  адамдар  емірін  кең  камтып 

бейнелеу  арқылы,  әрі  өлеңде  лирикалық  бейнені  бірер  кырымен  ашу 

жүзеге  асса,  әрі  өмір  шындығын  неғүрлым  кең  қамту  өріс  алды.  «Өтеміс 

абыз»,  «Тайкелтір  би»,  «Ізбас  қажы»,  «Қажымүкан»,  «Мүса  Ш орманүлы» 

өлеңдері-  бүған  дәлел.  Осы  орайда  лирика  жанры  «тап-таза»  омір  сүре 

бермейтінін  біраз  ретте  поэмаға  жақындай  түсу  мүмкіндігін,  сойтіп 

лириканың  суреттеу  көкжиегін  кеңеюін  дәйектеу  керек.  Диссертацияда 

«ойлау»  өлендері-  деп  аталатын  туындылар  да  карастырылды.  Онда  бүл 

шығармалардағы  «философиялык  туынды»-  деп  атауда  шарттылықпен 

коса  кисындылык  та  шаң  береді.  Бүл  түста  еңбекте  Сағдидін  «Гүлстан» 

дастанындағы  жеке  жолдарға  үңілу  жанр  толысуына  төркіндестік  әсері 

мол  болуының  дәлелі  ретінде  берілген.  М әшһүр  Жүсіптің  философиялык 

өлеңдерін  талдау  кезінде  тағы  да  ақыннын  аз  сезбен  кәп  ой,  сезім  камту 

үлгілері,  поэзиядағы  «айтпай  айту»,  аңдату,  меңзеу  мәні  т.с.с.  сез  болады.

10


Лириканың  өзі  тақырыбына,  идеясына,  суреггеу  кұралдарына  сай  бірнеше 

түрлерге  бөлінеді  дегенде,  олардыд  «тагі-таза»  түрде  келмей, 

бірінің 

ішінде  екіншісі  өрістеп,  өзгеріп,  толығу,  кірігу,  кемелденуге  негіз 

қаланатынын  дәйектеу  де  ақын  ізденісінің  көп  қырлылығын  аша  түседі. 

Ш артты  түрде  болсьш  «мүңлы  өлең»- деген  туындылары  ерекшеліктері  де 

өзіндік бір төбе.  Белгілі бір кайғыға етпеттеу  жеке сезімнің  түйыкталуына 

емес,  басқа сезімдердід де  қосылыгі  ерістеуіне  қозғау  салу  үлгілері  баска 

ақындар  тәрізді  М әшһүр  Жүсіп  өлецдерінен  де  анык  көрінеді.  Онда  мұң- 

әйтеуір  қайғыға  берілу  емес,  белгілі  бір  қысымның,  отарлаудын  каншалық 

кең етек алғанына үңілтуге бастайды.

Екінші  тарауда  әсіресе  мүсылмандық  шығыс  поэзиясында  кен  етек 

алған  тәртгаған  (рубаи)  үлгілерінің  лирикада  аз  сөзбен  көп  шындык  беру 

өрісін  кеңейте  түскені  сараланады.  Бүл  түста  да  М әш һүр  Ж үсіпке  дейінгі 

дәстүр  сабақтастығына  көңіл  бөлінумен  бірге,  ақындык  өзіндік  ізденістері 

қамтылған.

М әшһүр  Жүсіп  төрттағандары  сөз  болғанда,  әсіресе  «М әш һүрдің  46 

жасында  сөйлегені»  туындысы  бір  өлең  емес,  бірнеше  елеңдер  шоғыры 

екенін  зерделеген  жөн.  Бүл  төрттағандардың  ерекшелігі  лирика  жанры 

аясында  бір  жолдың  ішінде  әрі  шағын  экспозиция,  әрі  үласу,  әрі  дамыту, 

әрі  шарыктау  шегі,  әрі  шешімнің  бәрі  түгел  қамтылмаса  да,  соның  екеу- 

үшеуі  енген  жағдайда  да  басқа  жоғының  әсері  де  коса  сездіріліп 

отыратыны- бәрі  акын шеберлігінің сан қырлы,  көп  сырлы екенін дәлелдей 

түседі.  Мәселен,  бір  рубаидың  өзінде  өзін  артық,  өзгені  кем  көрмеу 

керектігін  өйгілесімен,  бір  ат  мініп,  бір  атты  өңгермеу  ниетінің  отау  тігуі 

«Менен  асқан  кім  бар?»-  деп, 

лағу  сөйлеп,  «акымакты  семіртіп»  жем 

бермеуі-  бәрі  аз  созбен  шалқар  шындық  қамту  үлгісі  екені  анық.  Шығыс 

әдебиетінде  кең  тараған  мәснәуи  үлгісін  бір  рет  болса  да  колдануы 

акынның  лирика  жанры  көкжиегін  кеңейте  түсуге  көп  көңіл 

боліп 

отырғанын  айқындайды.



М әшһүр  Жүсіп  лириканың  бір  түрі  ретінде  «арнау,  жоктау 

өлеңдерді»  де  аз  жазбаған.  Әлем  әдебиетіндегі  орныккан  дәстүрді  кең 

меңгеріп  дамытқан  М әшһүр  Жүсіп  осы  үлгілерде  де  лириканың  жанрлык 

ауқымын  кеңейте  түскен.  «Мүса  Ш орманүлы»,  «Хүсайын  Боштайүлы» 

«Камардин  хазірет»,  «Мұкыш  Жүпарүлы»  т.с.с.  «жоктау»  өлеңдерін  де 

жазуда  да  М әшһүр  Жүсіп  қазақ  әдебиетінің  бай  дестүріне  иек  артып, 

шағын жанр  аясында өмірді  кең бейнелеуді  іске асырған.

Бірінші  тарау  соңына  қарай  М әшһүр  Жүсіптің  «Айтыс  өлеңдері» 

сыр-сипаты  сұрыпталады.  Онда 

бастап  бағыттаушы  лирикалык  жанры 

ыкпалымен  катар  екінші,  үшінші  лирикалык  бейне  әрекет етуі -  бәрі  оның 

эпос  әсерін  қабылдауын  дәлелдесе,  кейіпкер  созі  түрлішілігі  онда  драма 

ерекшелігінің  де  орын  алғанын  корсете  алады.  Бүған  акыннын  «Сүлеймен 

мен  байғыз»,  «Мәшһүр  Жүсіптің  карғамен  айтысы»,  «М әшһүр  Жүсіптің 

тырнамен айтысы» т.с.с.  өлеңдерін келтіруге болады.

11


Енбектің  «Дәстүр  тағылымы  жэне  стиль»  деп  аталатын  екінші 

тарауында  лириканы  стиль  түрғысынан  қарастыру  талабы  қойылып, 

шешімін 

тапты. 


М әшһүр 

Жүсіп 


өлеңдерінің 

жанрлык 


сипатын, 

ерекшеліктерін  дәйектеумен  қатар  ол  туындылардың  стильдік  табиғатын 

саралау  қажеттігі  анык.  Осы  орайда  көркем  әдебиеттің  баска  салаларына 

Караганда 

казак 

эдебиеттану 



ғылымында 

стиль 


мәселесінің 

аз 


қарастырылғанына  да  көз  жеткізе  аламыз.  Салыстырмалы  түрде  аз 

дегеніміздің  өзіне  арнайы  көңіл  бөлсек,  әр  кезеңде  түрлі  ізденістер  орын 

алғанын  атап  көрсетуіміз  керек.  Мәселен,  А.Байтүрсыновтың  «Әдебиет 

танытқыш»  (1926),  Қ.Жүмалиевтің  «Стиль-өнер  ерекшелігі»  (1966), 

Ф.Оразаевтың  «Заман  қаһарманы»  (1951),  Қ.М әш һүр  Жүсіптің  «Қазақ 

лирикасындағы  стиль  және  бейнелілік»  (1991)  т.с.с.  еңбектерде  және 

әдебиеттің 

баска 


мәселелерін 

карастыру 

үстінде 

осы 


такырыпқа 

байланысты  басқа  да  әдебиет  мамандарының  жекелеген  пікір  айтулары  аз 

болмағанын  еске  алу  керек.  Әйтсе  де  бүл  еңбектерде  кешеңдеп  жарык 

көрген 


М әш һүр 

Жүсіп 


Копейүлы 

тәрізді 


акындар 

әлеңдерінің 

ескерілмеуін,  ескерілуі  мүмкін  де  болмағанын  діттесек,  алдагы  игі 

дэстүрді  жалғастыра  отырып,  аталган 

акын  шығармаларын  стиль 

түрғысынан арнайы сараптау қажеті туады.

Орыс  эдебиеттану  гылымында  ақын  стилі  дегенде,  оны  алдымен 

дәуір,  кезең  стилімен  байланыстыра  карау  керектігі  жете  көрсетілген  [12]. 

Осы  орайда  орыс  эдебиеттану  гылымында  сөз  болған:  стильде  эрі  әр 

каламгер  дербестігі  жэне  сол  дәуірдегі  кезең  сарынымен  үндестік  орын 

алатыны,  стильде  бар  элементтердің  бір  квркемдік  орталықка  багытталуы 

іске  асатыны;  көркемдік  бүтіндіктің  жүйелі  үйымдасуының  бір  аспектісі  -  

стильдік  бүтіндік  екендігі;  стиль  туралы  лингвистикалык  түсінік  бар 

екендігін  ескеру  кажеттігі  т.с.с.  пайымдаулардың  казак  эдебиеттану 

гылымы  үшін  де  багыт  нүсқарлық  қүнды  пікірлер  екеніне  назар 

аударткымыз келеді.

Дэуір  стилі,  кезең  стнлі  дегенде,  бүкіл  мүсылмандық  шыгыс 

эдебиетінін,  оның  ішінде  коне  түркі  әдебиетінің  М әшһүр  Жүсіпке  ықпал 

етуін  алдымен  ескеру  керек.  Мәселен,  мүсылман  дінін  уагыздауды  басты 

нысана  еткен  Қожа  Ахмет  Иассауидің  XIII  ғасырдагы  «Диуани  хикмет» 

кітабында:  «Тарихатқа бастаушы,  адал  болған  Мухаммед,  //Хакиқаттың ак 

жолын  бастап  берген  -  Мухаммед» - деп  жазган  екен  [13,  58  б.].  Осындагы 

«ақ»  сөзі  тек  белгілі  бір керіністің,  не  угымның түсін  анықтауга гана емес, 

негұрлым  дүрыстық,  пәктік  нышанына  (символына)  айналғанын  аңгару 

қиын  емес.  Рас,  сырт  Караганда  V-VI1  гасырдағы  Орхон  жазуын  да, 

нактылап  айтсак  Күлтегін  жазбасында:  «Күлтегін  Байыргының  ак 

айғырына мініп,  шабуылга ұмтылды»  [14, 4 б.]  -  дегенде,  мінген  айгырдың 

түсін  аныктау  гана  жүзеге  аскан  тәрізді.  Әйтсе  де  зерделей  түссек, 

«шабуылға  ұмтылды»  сөздерінің  кері  әсерін  діттесек,  «ак»  сөзіне  тек  түс, 

рең  емес,  бір  түрлі  айбарлылык,  мықтылық  нышаны  да  ыкпал  еткенін 

зерделей  алар  едік.  Сол  тәрізді  бүрынырақ  туса  да,  XV  ғасырларда  хатка 

түсті  делініп  жүрген  әйгілі  «Қорқыт  ата»  кітабындагы:  «Алтын  тагына

12


қайта  мініп,  өзінің  ақ  шатырларын  тікті»  [15,  133  б.]  дегендегі  «ақ»  сөзін 

де  сырт қарағанда ғана түс  өзгешелігі  айнасы деуге болар,  әйтпесе, тек осы 

үғым  тақка да,  осы  аркылы  оған  отырған  ханға да  өзіндік  айбар,  сес  үстеп 

тұрғанын байкауға болады.

М әш һүр  Жүсіп  осы  дәстүрді  жалғастырып,  оны  биікке  көтергенде, 

өзіндік  бетін,  стилін  коса  танытады:  «Ак  болсын  хаққа  көңлің  бүл 

сыкылды  //  Ш ынының  жалтыраған  айнасысын»,  «Зындан  жаман  жер  емес 

ак  кісіге»  т.с.с.  М әшһүр  Жүсіпте  әрі  нактылык,  әрі  жеке  бір  «ақ»  сөзін 

бөліп  көрсету,  оған  символдык  рең  себездеу  коса  жүзеге  аскан.  Сонымен 

бірге  бүл  үғымды  беруде  де  М әшһүр  Жүсіптін  лирикалык  каһарман 

сезімін  тереңдетуді  жүзеге  асыруын  көреміз:  «Ак  жагынан  коретін  бір  де 

көз  жок».  Осы  орайда  «ақ»  сәзіне  карама  карсы  үғымда  колданылған 

«қара»  сөзін  беруде  де  М әшһүр  Жүсіптің  өзіндік  колтаңбасы,  сезім 

қарама-карсылығының  кемегімен  ішкі  толғанысқа  үңіле  түсу  талабы  кең 

беріледі:  «Төгілсе акка қара , жүзі  қара».

Осы  орайда  отаршылдық  қыспағындағы  адамдар  сезімінде  тууы 

мүмкін  теріс  ниеттерді  кең  ашу  үшін  «кара»  сезін  беліп  көрсетуінің  де 

М әш һүр  Жүсіптің  әрі  сыншыл  реализм  бағытына,  ағым  әсеріне,  әрі  өзінің 

күрескерлік  рухына  сай  өрістегеніне  көз  жеткіземіз:  «Қара  күн  кейінгіге 

салғаның  ба?!  Сарыарка,  адыра  нүл  боп  калғаның  ба?!»,  «Көңілімді  кун- 

тун сайын жүдетеді // Тұнжырлар  томырықты  қара жылым»,  «Қара жақтан 

караушы  ортасындаУ/  Жалғыз  калдың  сопайып,  ей,  бишара!»  Міне,  халық 

күйзелуін,  теңсіздік  үстемдігін  шегелеу  мақсатында  «ак»  пен  «кара» 

сөздерін  озінше  қарама-карсы  қоюды  іске  асырумен  бірге  заман  ықпалын, 

оз  күрескерлігін  сабактастыра орістетуді  акын  баска  сөз  қолданыстарында 

да  дамыта  түседі.  Мәселен:  «нұр»,  «күн»,  «тең»,  «жарык»  сөздері-  әрі 

мезгіл  ерекшелігін танытумен  бірге,  озбырлыкка  қарсы  оянуды,  еркіндікті 

аңсауды  меңзегенін  байымдатумен  ерекшелінеді.  Осы  орайда  «ак»  пен 

«қара»  үғымдарын  жарыстыру,  қарама-қарсы  койып  шендестіру  тәрізді 

«таң»,  «нұр»,  «жарық»  үғымдарына  «түн»,  «караңғы»  орнектерін  карама- 

қарсы  қою үлгілері де  әрі  мусылмандық  шығыс  әдебиеті дәстүрі  ыкпалын, 

әрі  азаттыкты  аңсаған  М әшһүр  Жүсіитің  отарлау  белгісіне  арналған  осы 

ұғымдарға  ерекше  мән  беруін,  яғни 

стиль  ерекшелігін  танытады.  Бүл 

ойлар  мына  жолдар  да  ерекше  жаркырап  көрінген:  «Қамалып  өмір  бойы 

калған  түнге,  //  Қадалып  қарай  -карай   ай  мен  күнге»,  «Алды-арты  бул 

қараңғы түн, // Үміт бар болды деген бір жарық күн» т.с.с.

М әшһүр  Жүсіп  стилі  дегенде,  оның  неғұрлым  көп  колданатын  сөз 

өрнектерін  бөліп  көрсету,  атап  айтканда,  жарык,  күн,  таң  атуы  т.с.с  тәрізді 

неғурлым  турақты  нышан  белгілерді 

саралау  кезінде  сол  уғымдармен 

жарыстырыла, 

біраз 

ретте 


қарама-карсы 

мәнде 


алынып 

отырған 


нақыштарға  да  кеңіл  бөлген  жон.  Соның  бірі:  «Тұн»,  «караңғы» 

үғымдарына  байланысты  баламалар  шогыры.  Ж арык  -   қашан  да  жаңа 

өмірдің,  жаңалыктың,  білімділік,  ізгіліктің  бастау  көзі  ретінде  алынса,  ал 

«қараңғы»  сөзі  және  соған  мағыналас  жакын,  туыстас  «түн»  орнегі  сол 

«жарыққа»  қарама-қарсы:  білімсіздік,  топастық,  тенсіздік,  кулдыкка

13


мойынсұну  ұғымын  бейнелеуге  пайдаланылып  келгені  белгілі.  Баска  да 

баламалар  тәрізді  бұл  өрнек  те  күні  кеше  пайда  бола  қалған  жок,  сонау 

әріден 

келе 


жатыр. 

Мәселен, 

1069-1070 

жылы 


жазылған 

Жүсіп 


Баласағүнның «Құтты білік»  кітабында мына  нақыш  орын алған:

Түнекте  едім, түнімді  сөкті  барып,

Зүлматта едім,  күн  нүрын төкті  жарық  [16,  83  б.].

Міне,  мүнда  «түн»  білімсіздік,  қараңғылық  үғымын  жинақтап 

түспалдауға  арналса,  «жарык»  сөзі  кас  шындықты,  білімді  меңгере 

бастауды  меңзеп  түрганы  анык.  Тек  көне  түркі  емес,  бертінгі  татар 

әдебиеті  жүлдызы Ғабдолла  Тоқай да  өзінің  1909 жылғы  «Көңіл  жүлдызы» 

өлеңінде:

Өмірім -   түн:  тас караңғы, ай жоқ,  күн жок, жоқ күндіз,

Ш үкіршілік  етем,  түнде  жарқырайды  көп  жүлдыз  [17,  15  б.]  -   деп, 

сол  кездегі  басқа  үсақ  халықтар  тәрізді  татар  елінің  теңсіздікте,  қорлықта 

емір  сүріп  жатқанын  түспалдап  бейнелген.  М әш һүр  Жүсіпте  де  түн: 

теңсіздік,  озбырлык  қысымның,  қараңғылық,  білімсіздіктің  символдық 

(нышандық) белгісі  ретінде келтіріліп отырған:

1.  Қамалып өмір бойы калған түнге,

Қадалып карай-қарай ай мен күнге.

2.  Бү дүние-айсыз бүлт,  караңғы түн,

Жалған  сөз -  ер жігіттің бойына мін!

Ж алғанға жетемін деп  куа берсең,

Таң атып,  жарық сәуле, шықпайды  күн!

3.  Алды-арты  бүл дүниенің  қараңғы түн,

Үміт бар-болар деген бір жарық күн.

4.  Тыңдаған  азаматқа бүл сөзім шын,

Көңілі  ақымақтардьщ -  караңғы түн.

5. Түні туған залымдардың Қүдай аткан,

Суыр болды пысықтар  інде жаткан.

6.  Көңіліміз үшбу күнде жерден төмен,

Қараңғы, кайғы басып, болған түннен  [18].

Көріп  отырғанымыздай,  алғашқыда  емір  бойы  түнге  камалу,  яғни 

белгісіздік,  карақғылық,  озбырлык  қыспағының  тым  үзакка  созылғанын 

паш  ету  алға  шыкса,  екіншіде  де  сол  идея  жалғастырылған.  Ал,  үшіншіде 

сол  караңғы  түннен  кейін:  «...  болар  деген  бір  жарык  күн»  -  үміт  бар 

екендігі  ескертілсе, төртіншіде жалпы акымақ адамдардың  көңілі  «каранғы 

түн»  екені  бөлініп  көрсетілген.  Бесіншіде  «залымдардың  күдай  аткан»  түні 

туғандығына  назар  аударылса,  соңғыда  караңғы  түн,  яғни  жалпы  қыспак, 

теңсіздік,  жоқшылық  салдарынан 

белгілі  бір  адамдар  кеңілдерінің  аяқ 

астындағы жерден төмен  екеніне назар аудартылған.

М әш һүр  Ж үсіп  стилі  дегенде,  оның  шығыс  ақындары  дәстүрін 

игеріп  заман  кыспагымен  байланыстырып,  әзіндік  бейне  жасау  үлгісін 

оның  «жол»  үғымына  байланысты  колданған  сөз  накыштарынан  коруге 

болады.  Осы  орайда  «жол»  таза метафора  емес,  кобінесе  символдык  мэнге 

ие болып,  оз мағынасын  кеп  кеңейтіп, езгіде жаткан халыкты  бостандыкка

14


бағыттаушы  ретінде  бейнеленгеніне  назар  аудартамыз:  « ¥ за қ   жолға  өмір 

бойы  дайындал»,  «Кете  алмай  жүргенім  ғой  үзақ  жолға»,  «Екі  көңіл  арасы 

қара жолда» т.с.с.

М әш һүр  Жүсіпте  «махаббат»  ұғымын  жырлауда  да  әрі  өзіне  дейінгі 

бай  дәстүрмен  үндесетін,  әрі  халықты  бақытқа  жеткізу  кілті  ретіндегі 

символдык  бейне жүзеге асқан.  Басқа әріптестері тәрізді  М әш һүр Жүсіпте 

де  әрі  Аллаға,  әрі  әділдікке,  әрі  бақытқа  т.с.с.  берілу  дәлелі  ретінде 

«махаббат»  өрнегінің кең мағынада алынып келгеніне  кеңіл  бөлеміз.

М үсылмандық  шығыс  ақындары  ізгілікке  қарама-  қарсы  ашкөздікті 

сынау  мақсатында  «нәпсі»  үғымы  мағынасын  кеңейтуді  іске  асырғаны 

мәлім. 

Отаршылдык  әсерімен  де  адамдардың  бір  тобының  азып-тозу, 



адасуын  көрсету  үшін де,  М әшһүр  Жүсіп  «нәпсі»  үғымын  мағынасын  көп 

кеңейтіп  пайдаланған:  «Нәпсіні  қүрбан  кылып  бауыздасақ,  //  Қүдайға 

жетеді  екен  сонда  парыз»,  «Нәпсіміз-  бір  аждаһа  тоймайтүғын»,  «Өз 

нәпсің-  бойыңдағы  жаннын жауы» т.с.с.

XIX  ғасырдың  соңғы  ширегі  мен  XX  ғасыр  басындағы  казақ 

әдебиетін,  оның  ішінде  М әшһүр-Ж үсіп  өлеңдерін  жеке  алмай,  оны  көне 

заманнан  келе  жатқан  бай  шығыс  әдебиетінің  заңды  жалғасы  ретінде 

қарастыруымыз  заңды.  Әйтсе  де  шығыс  әдебиетінде  ең  жиі  колданылады 

деген  дәстүрлі  сөз  өрнектерін,  түрақты  баламалар  шоғырын  бөліп 

қарастыру  кезінде,  атап  айтқанда,  таң  атуы,  жарық,  қараңғы,  түн  т.с.с 

ұғымдардың  әдебиетте  қолданылу  ерісін  саралағанда,  мұның  бәрі 

эдебиеттану  бағытынан  ауыткып,  тіл  білімі  зерттеушілері  ісіне  кірісу 

еместігін де атап  айтқымыз келеді.  Бүл арада біз әдебиеттің тек тіл  арқылы 

жүзеге  асатынын  діттеумен  бірге  оның  тілмен  ш ектелмейтін  езіндік  кең 

өрісі  бар  екенін  есте  үстауымыз  керек.  Осы  орайда  әдебиеттанудың  басқа 

салалары  тәрізді  стильді  зерттеуде  де  тәжірибесі  мол  орыс  эдебиеттану 

ғылымында  дәлелденген  пікірлерге  иек  артқан  жөн  деп  еанаймыз. 

М эселен,  стиль  туралы  арнайы  қомақты  еңбек  жазып,  орыс  эдебиеттану 

ғылымында  козге  түскен  Г.Н.Поспеловтын  мына  пікірі  ой  саларлык  «Бүл 

айтылғандардың  бөрінен  сәйлеу  түрлерін  «тіл  стильдері»  -  деп  атау 

арқылы  лингвисттердің  екі  бірдей  кателік  жасағаны 

көрініп  түр. 

Біріншіден,  олар  жоғарыда айтылғандай,  сейлеудегі  қолданысынеыз тілдің 

стилі  болмайтынын,  оның  қандай  да  болсын  стильдік  күрылымдарға 

бейтарап  екенін  олар  ескермейді.  Екіншіден,  олар  сол  арқылы  стиль 

үғымын  дербестіктен  айырады,  кандай  да  болсын  стильдік  функция 

атқаруына  байланыссыз  тілдің  кез  келген  қолданыстағы  элементтерін 

сойлеу стнліне енгізеді»  [19,  с. 13].  Міне,  осы  түрғыдан  байымдасақ,  «көз 

жасы»,  «жылау»  үғымдарына  байланысты  соз  колданыстары  да  тек  тіл 

саласындағы  мамандар  емес,  әдебиетшілер  үшін  де  стилді  анықтарлык 

куатты  фактор  екенін  зерделеген  жон.  М эселен:  «Көл  болды  көздің  жасы 

тоқтамаса»  дегендегі:  «көздің  жасы»  -  сезі  лирикалық  қаһарманның  жеке 

тағдыры  ғана  емес,  бостандыққа  жетпеген  халык  касіретінің  айнасы  екені 

мәлім.  «Өткіздік  омір  жасты 

жылауменен»  жолында  да  ел  қайғысы

15


жинақталып,  әсерлі  берілген.  Қысқасы,  халық  мұңы-  лирикалық  қаһарман 

сезімін негіздеуші:  «Ағызсам  екі  көздің қанды  жасын».

Ел  касіретін  жинақтап  беру  мақсатында  «соқыр»,  «саңырау», 

«жалаңаш»  ұғымдарын  беруде  де  М әшһүр  Ж үсіпте  әрі  өзіне  дейінгі  бай 

дәстүрмен  үндестік,  әрі  өзіндік  сөз  саптау  ерекшелігі  бірлікте  алынып 

отырады.  М әш һүр  Ж үсіптіч  1907  жылы  Қазан  каласында  басылған 

«Тірлікте  көп  жасағандықтан,  көрген  бір  тамашамыз»  кітабының  соңғы 

жағында  «Соқыр,  саңырау  және  жалаңаш»  өлеңі  енгізілгені  белгілі.  Бұл 

тегін  емес.  М үсылмандык  шығыс  әдебиетіңде  ізгі  жолға  кереғар 

үғымдарды  жинақтап  бейнелеу  үшін  «сокыр»,  «саңырау»,  «жалаңаш» 

үғымдары  ежелден  сөз болып  келе жатқаны анық.  Бірер мысал келтірейік: 

Не  білер  қадіріңізді  әрбір надан,

Гауһар қадірін  соқыр білмес,  ей, жаным,

(1353  ж.  Хорезми)  [20,  105  б.].

Жалаң тудым  анадан, кірем жерге жалаңаш,

Көцілім  күпті жарадар,  оныма ажал қарамас.

(1069-1070 ж. Жүсіп Баласағүн)  [16,  177  б.].

М әш һүр  Ж үсіпте  «соқыр»  ұғымын  көп  кеңейтіп,  көзге  көрінерлік 

белгілі  бір  күбылыс,  затты  көрмеу  емес,  онан  анағүрлым  кең  білімсіздік 

зиянын,  ізгілікті көре алмауды т.с.с  ашу үш ін қолданып отырған:

1.  Көз-еоқыр,  құлақ саңырау болғандықтан,

Біз білдік қызық дәурен соның бәрін!

2.  Күнелттім бір үй толған  соқыр  бағып,

Оған мен жаранамын  қалай жағып?!

Түрінің қандай екенін қайдан білсін,

Самаладай қойсаң да мың шам  жағып.

3.  Елуден  жасым асты,  өзім -  бала,

Сокьір мен  саңырауға  болдым дана.

4.  Керек  істі  кормейді  өз басына,

«Соқыр» - деп,  салдым соны сөз басына.

Дәнемені өз козі көрмеген сон,

Жүктырар  соқырлығын жолдасына.

5. Соқырлар қайдан білсін кез қадірін,

Танитын жан  қайда бар сөз қадірін?!

Танысын:  қарға, бүлбүл -  кайсысы оңды,

Ж амандар -  білмей жүрген  өз қадірін  [21 ].

Міне,  осындағы  алғашқы  үзіндіде  «біз»  үғымы  алынғанда,  сол 

кезеқцегі  адамдар  білімсіздігі,  ақ  пен  караны  айыра  алмауы  соз  болеа, 

екіншіде,  лирикалык  каһарман  озін  боліп  алып,  «бір  үй  толған  соқыр 

бағып»  күнелткенін  айтады  да,  «самаладай  қойсаң  да,  мың  шам  жағып» 

олардың  көрмейтінін  ашады.  Үшіншіде,  «соқыр  мен  саңырауға»  дана 

болудың  күйкілігі  байқалса,  төртіншіде  «өз  басына»  «керек  істі» 

көрмеушіні 

«сокыр»  деп  бағалау  мәні 

өрнектелген.  Ал,  соңғыда 

соқырлардын  басқа  түгіл  «көз  қадірін»  білмейтіндігіне  көңіл  белінген. 

Мүның  бәрі  сол  кезеңде  етек  алған  надандықты  ақынның  «соқыр»  созі

16


көмегімен  беруін  танытса,  қажет  атаулыны  естімеу  де  білімсіздіктен 

туатыны  «саңырау»  сөзі  арқылы  жинақталыи  берілген.  М ұндай  өзектестік 

пен  стиль  байланысын  М әшһүр  Ж үсіптің  баска  да  баламалары  түсында 

көптеп  кездестіруге  болады.  Мүның  бәрі  стильдік  оқшау  үғым  еместігін, 

оның  көркемдік  әдіс,  ағым,  дәстүр,  үлттық  өрнек  т.с.с.  үғымдармен  кең 

байланыста өрбитінін дәлелдей алады.

Диссертацияның  «Дәстүр  сабақтастығы  ж әне  бейнелілік  мәні» 

деген  үшінші 

тарауды  екіншідегі  «стиль»  үғымын  жеке 

бір  арнада 

«бейнелілік»  ұғымымен  байланысты арнайы зерлей қарастыруға арналған.

Д әстүр  сабақтастығы  сөз  болғанда,  стиль  мәні,  ерекшелігі  алдымен 

ескерілуі  керек.  Бүдан  бүрын  да  кеңіл  болгеніміздей,  стильге  арналған 

әдебиетш ілер  козкарасымен  қатар  тіл  мамандары  үйғарымдары  қоса 

жүретінін,  бүл  екеуінің  ара-түра  бір-біріне  үндесуі  болғанымен,  негізінен 

алғанда,  езіндік  бағыт,  жолдары  болек-болек  екенін  алдымен  ескерген 

жөн.  М әселен,  стильді  коп зерттеген  орыс эдебиеттану ғылымының белгілі 

маманы  Л.И.  Тимофеев  стильді  «дербес  стиль»  үғымымен  шектеуге 

әкелсе,  оны  сынаған,  В.А.  Ковалев  қанша  жазушы  болса,  сонша  стиль 

болмайтынын тиек етіп,  екі  аралықта стильдік бағыт т.с.с.  орын алатынына 

көңіл  болгізген  [12].  Сол  салада  көп  ізденген  екінші  бір  зерггеуші  Ю.Б. 

Борев  тарихи  дамудың  тездеуі  т.с.с.  XX  ғасырға  карай  эдебиеттану 

әлеміне  «көркемдік  әдіс»  үғымын  әкелгеніне,  бұл  үғымның  стильден 

беделдірек  болғанына  суреткердің  дербес  стилі  үғымы  коғам  дамуына 

байланысты  дамитынына  назар  аудартқан  [12].  Ж азуш ынын  дербес  стиль 

үғымының үзақ тарихи даму нәтижесінде  қалыптасқанына,  оның реалистік 

әдебиет  дамуымен  байланысты  екеніне  белгілі  әдебнет  теориясы  маманы 

Г.Л.Абрамович  та  көніл  болген  [22].  Белгілі  ғалым  Г.Н.  Поспелов  тіл 

мамандарының  стиль  үғымдарын  белгілвудегі  біраз  қателіктерін  сөз  етсе 

[12],  Б.П.Гончаров  стильді  қарастыру  шығарманын  көркемдік  жүйесімен 

байланысты  жүруі  керектігіне  коңіл  болген  [23].  Орыс  эдебиеттану 

ғылымында  стиль  үғымының  бір  орында түрмайтынына,  оның  үнемі  даму, 

өзгеру  үстінде  болатынын  белгілі  зерттеуші  Корней  Чуковский  дітгесе 

[24],  стиль  қажеттілігін  ескеру  тек  онымен  тұйыкталу  керек  дегендік 

еместігі  Е.В.  Ермиловада  айтылған  [25].  Стильді  анықтауда  тіл  білімі 

салалары  ішінде синтаксис ролі  ерекше  екенін  атап корсеткен  Б.Эйхенбаум 

дәлелдерінде  де  ой  саларлық  бағалы  тұжырымдар  мол  екенін  атап  өткіміз 

келеді  [26].

Стильге  қатысты  казак  әдебнетшілері  пікірлері  ішіндегі  мына  бір 

түжырымдарды  бөліп  көрсетуді  жөн  деп  таптык.  Қазақ  эдебиеттану 

ғылымында  осы  ұғымды  бастап  зерттеген  көрнекті  ғалым  Қ.Ж үмалиев 

пікірінде  стиль  мәні  сәтті  межеленген:  «Егер  жазушының  стильдік 

ерекшеліктері  ең  алдымен  тақырып  таңдау,  ш ығармаларының  идеялық- 

мазмүны,  жанры,  композициясы,  адам  образын  жасау  әдістерін  қамтиды 

десек, 

сөз 


коры, 

сөйлем 


күрылыстары, 

поэтикалык 

тілі 

басқа 


компоненттерден  олқы  сокпайды.  Өйткені  кандай  ш ығарма  болсын,  тіл 

аркылы жасалынады.  Сондыктан тіл шешуші  орын  алуға тиіс»  [27].  Белгілі

17


жазушы 

Ә.Кекілбаев 

түжырымы 

да 


бағыт 

берерлік 

мәнділігімен 

ерекшеленеді:  «Суреткердің  өмірге  деген  ез  көзкарасы  болуы,  оқушыға 

ылғи  да  ез  ойын  айтуға  тырысушылық  субъективизмді  күшейтіп  жібереді 

екен  деп 

коркуға  болмайды. 

Суреткердің  өзіндік  қиялы, 

өзіндік 

көзтастасы,  өзіндік  ой  тебіренісі  мен  субъективизмнін  арасы  жер  мен 

көктей.  Субъективизм,  академик  Б.Храпченко  айткандай,  суреткердің 

өзіндік  пікірінің  көптігінен  емес,  өмірге  деген  керендігінен  өрбиді.  Ой- 

пікірдің  даралык  сипатын,  субъективтілігін  М.  Ш олохов  творчествосынан 

да  үшырастыруға  болады.  Мэселен,  ол  өзінің  «Тынық  Донында»  бірінші 

империалистік  соғысты  орыс  әдебиетінде  оған  дейінгі  ешкім  көрсетпеген 

атымен  соны  кырынан,  оз  барлау,  оз  топшылаулары  арнасынан  корсетіі 

[28].  Зерделеп  қайталасақ,  Қ.Жұмалиев:  «Қандай  шығарма  болсын  тіл 

аркылы  жасалады»  - деп,  стильді  анықтаудағы тіл  мысалдары мәніне коңіл 

болсе,  жазуш ы  Ә.Кекілбаев  суреткердің  дербес  кезқарасы  мәніне  назар 

аударткан.

М үның  бәрі  белгілі  бір  ақын  шығармашылығын  қарастырганда, 

оның  озіндік  бейнелеу  қүралдарын  арнайы  саралау  мәніне  алып  келеді. 

Акын  стиліндегі  бейнелілікті  қарастырғанда,  алдымен  оның  коркем 

әдебиеттің  ажарлау  құралдарын  (эпитет,  теңеу)  қалай  колданғанына 

арнайы  коңіл  болу  міндеті  туады.  Бүл түста да  стиль  хақындағы  тіл  білімі 

мамандары  мен  әдебиетшілер  үйғарымдары  арасында  «Абылай  аскан  асу» 

жоқтығы,  бүл  үғымның  екі  жакта  да  кызмет  ете  алатыны,  онсыз  стиль 

мәнін  кең  ашу  мүмкін  еместігі 

анықталады. 

Мәселен, 

кәркем 

әдебиеттің  ажарлау  қүралдары  (эпигет,  теңеу)  және  күбылту  түрлері 



(ауыстыру,  алмастыру,  кейіптеу,  меңзеу  т.с.с.)  сөз  болғанда,  тіл  білімі 

ғалымдары  оны  шығарма тілін т.с.с.  анықтау үшін  қолданса,  әдебиетшілер 

ақын  стилін, дербес бітімін т.с.с.  ашу үшін  пайдаланып отырады.  Алғашқы 

тарауда  «ақ»  сезі  белгілі  бір  дәстүр,  үғым  төркіндестігін  ашу үшін  алынса, 

бү  жолы  оны  тек  бір  арнада:  ажарлау, түспалдау,  күбылту  нақышы  ретінде 

алып  қарастырамыз.  М үнда  «ақ»  созі  ізгілік  бастауы  т.с.с.  ұғымдарды 

берумен 

қатар  лирикалық  қаһарман 

сипатын 

ашуға, 


яғни 

жанр 


ерекшелігімен  бірге  стильдік  белгіні  айкындау  үшін  де 

қызмет  етеді. 

Белгілі 

бір 


ажарлау 

құралдарын 

қолдануда 

ақындар 


әрі 

дәстүр 


жалғастығын,  әрі  өзіндік ерекшелігін қоса орбітетінін  дәлелдеу  арқасында 

барып  суреткер  стилін нақты межелеуге  мүмкіндік  аламыз.

Тек  «ақ»  сөзі  емес,  «алтын»,  «асыл»,  «асқар»,  «биік»,  «жарық», 

«терең»,  «тәтті»,  «қызыл»,  «кара»,  «тас»,  т.с.с.көріктеуіштерін  қолдануда 

да  әрі  дәстүр  ыкпалы,  уакыт  әсері,  әрі  озіндік  ізденіс  белгісі  коса  отау 

тіккені-  бәрі  М әш һүр  Жүсіп  стилін  ашуға кызмет етеді.  Мәселен,  М әш һүр 

Жүсіптің  өзінен  бүрынғы  ақындарда  қолданылып  келген  дәстүрлі  және 

өзіндік  көріктеуіштерді,  атап  айтқанда,  «алтын»  орнегін  игеруіне  қарап, 

ондағы  әрі  дәстүр'  ықпалын  қабылдау,  әрі  тың  ізденістерді  мол  камту 

ерекшеліктерін кореміз:

18


1. 

Тағы  да талай бақ берсін,

Басына алтын тақ берсін  ...

(Үмбетей  Тілеуұлы -  XVIII ғ.)

2. 

Сен  жиырма жасқа жеткен соң,



Алтын тұғыр үстінде

А қ сүңкар күстай түледің.

(Бүкар Қалкаманұлы -  XVIII ғ.)  [29,  111,  123  б.].

3. 


Көніліне қайғы кірді талай-талай,

Көңілі  ер Ғалының -  алтын сарай!

Көзінен жасы ағып, түгі  шығып,

Ж өнелді  ашуланып үйге қарай.

(М әшһүр Ж үсіптің «Ғалыньщ ниеті» өлеңінен)  [30,  62  б.].

Сонымен  бірге,  акынның:  «Жатқандай  тәтті  үйқыда  қазак  халқы,  // 

Айырылмай жақсы  менен  жаман  парқы»,-  деген мысалында  белгілі  бір 

адамдардың  күреспейтінін  ашу  үшін,  оның  әрекетсіз  күйін,  үйықтауын 

бөліп алып,  оған деректіге тән  «тәтті»  баламасын үстеу көмегімен олардын 

ез  бакыты  үшін  қаж ет  әрекетке  кірісе  алмауы  әсерлі  шенелген.  М әш һүр 

Ж үсіп  сонымен  бірге  «тәтті»  сөзін  татулық,  махаббат,  дүниеқорлық 

деңгейін,  яғни  бірде  оң,  бірде  теріс  (дүниеқорлық -  теріс)  сипаттарды  ашу 

үшін пайдаланган.

Көркем  әдебиеттің  ажарлау  қүралдары  дегенде,  тек  көріктеуіш   емес, 

теңеуді  пайдалануда да  М әш һүр  Жүсіпте  әрі  өзіне  дейінгілермен  үндестік, 

әрі  өзіндік  ерекшелік  катар  отау  тігіп  отыратынына  көз  жеткізер  едік. 

Теңеуге  арналған  әлем  әдебиеті  ізденістерін  арнайы  қарау  бүл  еңбек 

аукымына  кірмейді,  әйтсе  де  сонын  ішіндегі  екі  пікірді  бөліп  алгымыз 

келеді.  Әдебиет  теориясы  оқулығын  жазған  З.Қабдолов  былай  дейді: 

«Әдеби  гілге  үстеме  магына  беріп,  оның  көркіне  көрік  қосатын,  сол 

арқылы 

әдеби 


ш ыгарманьщ  

мазмұнын 

қүнарландырып, 

пішінін 


ажарландыратын 

керкемдеу 

күралдарының 

бірі 


-   теңеу 

(орысша 


сравнение).  М үнда  суреткер  заттьщ,  қүбылыстын  ерекш е  белгілерін 

корсетпей-ақ,  оны  басқа  затпен,  күбылыспен  салыстыра  суреттейді.  Сонда 

бүлар  туралы  окырман  түсінігі  айқындалу  үстіне  тереңдейді  де,  өнер 

туындысының  эстетикалык  әсері  күшейе  түседі»  [31].  Бүл  пікірдің  әрі 

дамытылған, тереңдетілген нүскасы  З.Ахметовте  бар:  «Халық  поэзиясында 

көбірек  кездесетін  теңеулср  айқындығымен де,  дәддігім ен де  козге  туседі. 

Оларды  салыстыру  үш ін  күнделікті  өмірде  кездесетін,  барш аға  түсінікті 

қүбылыстар 

алынады. 

Сондай-ақ 

халық 

өлең-жырларындағы 



жиі 

колданылатын  эпитеттер  де,  әсіресе  заттың  кандай  да  бір  сипат-белгісін 

айкын,  дәл көрсетуімен  багалы  болады»  [32].

Теңеу  түрлері  айтылғанда,  ақын  өлеңдерінде  әрі  неғүрлым  жиі 

кездесетін,  әрі  ең  әсерлі  үлгілерді  алдымен  келтіру  керек  десек,  соның  бір 

көрінісі  белгілі  бір  үнамды  сезім:  тәтгілік,  ізгілік  баламасы  ретінде 

ұсынылган «балдай» тенеуін  колдану айшыктарын  атап  айтқымыз келеді:

1. 


Балдан тәтті  оның маған бүл мехнаты,

Естіп,  оқып жерге кірді қүл Қожа Ахмет.

19


Қожа Ахмет Иассауи.  [13,  56 б.].

2. 


Өленім  айтсам тәтті шекер, балдай,

Дем берсе тіл мүдірмес жаббар Алла.

Абыл Тілеуүлы.  [33].

3. 


Алтыннан абзал білемін Қүдай  нүрын,

Балдан тәтті  көремін кәусар суын.

М әшһүр Жүсіп.

4. 


Кем емес кейбір сөзім халуа балдан,

Ләззатлы- қазы-қарта, жая-жалдан![34].

Осы  орайда  бүл тәттілік,  яғни  ізгіліктің  де  өзалдына  дербес  мақсат 

еместігін,  бәрі  де  Алла  жолына,  яғни  ізгілік  бастауына,  соны  негіз  еткен 

Мәиіһүр  Жүсіп  стиліне  бағындырылып түрғанын  бөліп  көрсеткіміз  келеді.

Көркем  әдебиетте  «теңеу»  сөз  болғанда  да,  әрі  тіл  мамандары,  әрі 

әдебиетшілер  үшін  бүл  үғымның  мәнділігі  ескеріле  отырьга,  оның  стиль 

ашудағы  қызметі  сараланады.  Мүны  біз  әсіресе  «иттей»,  «ит  сыкылды», 

«жалындай»,  «ағаштай»,  «темірдей»  т.с.с.  теңеулерінен  көреміз:  «қызыл 

жел, жемтікш ілді  жібермеңдер // Ит сықылды жетекке еретүғын».

Эпитет  тәрізді  теңеуді  әрі  дәуір  ықпалы,  адамдар  күресі,  әрі  акын 

ерекшелігі  негіздейді  десек,  соның  бір  көрінісі  «иттей»,  немесе  «ит 

сықылды» теңеуі көмегімен жасалған баламалар дер едік:

1. 


Нәпсім үшін  жүрер едім  итгей  кезіп,

Заты үлық Ием,  сыйынып келдім саған.

Қожа Ахмет Иассауи  [13,  31  б.].

2. 


Жігіттің  алған жары жаман болса,

Қанш ық иттей тақымдар кәпір деген.

Шал Қүлекеүлы  [29,  152  б.].

3. 


Мақтан үшін қайратсыз болыс болмақ,

Иттей кор боп,  өзіне сөз келтірмек.

Абай Қүнанбаев  [35,  45  б.].

4. 


Досын түгіл, дүшпаның кез болмасын,

И г сықылды қабатын  ырсық ауыз.

М әшһүр Жүсіп.

5. 


Қызыл жел,  жемтікшілді жібермеңдер 

Ит сыкылды жетекке ертүғын  [36].

Біз  келтірген  ақындардьщ  бәрінде  де  бүл  баламаның  бірыңғай 

жағымсыз  реңкте  алынғанын  діттесек,  әрі  дәстүр  тағылымын:  эр  кезде 

емір  сүрген  ақындар  сөз  қолданысындағы  сарындастықты,  әрі  М әшһүр 

Ж үсіптің  сол дәстүрді  сақтап,  өрбіткенін кәреміз.

Тұспалдау  күралдарын  (ауыстыру,  алмастыру,  кейіптеу  т.с.с.) 

пайдалануда  да  әрі 

дәстүр,  заман  талабы  ықпалы,  әрі  өзіндік  ізденіс 

көрінісі  қабат  көрінетінін  де  нақты  межелеген  жөн.  Мэселен,  «алтын» 

«күміс»,  «бүдақ»,1 «қыран»,  «сұңқар»,  «түлпар»,  «жылан»,  «бөрі»,  «егін», 

«дария»,  «ит»,  «есек»,  «теңіз»,  «жіп»  т.с.с.  баламаларын  қолдану  кезінде 

дәстүр  ықпалын  қабылдаған  заман  талабын  ескергендік,  өзіндік  ізденісті 

айқындауға  бейнелеу  нақыштары  ентізілгені-бәрі  де  лирика  көркемдігін

20


я my  үш ін  стильге  үңілу  мәнділігін  дәлелдей  түседі.  Еңбекте  қүбылтудың 

бір  салалары:  алмастыру,  меңзеу  үлгілері  келтірілгенде  де,  әрі  дәстүр 

ыкпалы,  әрі  белгілі  бір  кездегі  халық  мүддесі  талабын  ескеру,  әрі  жеке 

ақын ізденісі  әсері  коса жүргені  айкындалады.  М әш һүр  Ж үсіптің кейіптеу 

үлгілерін  қолдануда  да  дәстүр  тағылымын  т.с.с.  ескерумен  бірге  өзіндік 

ізденісін,  сөз  саптау  тәсілін,  оның  ішінде, 

үлттық  нақышты  т.с.с.  кең 

игеруін  кореміз.  Мәселен,  «адасу»  сөзінің  бүрынгы  мүсылмандық  шыгыс 

әдебиетінде,  XV-XX  гасырдағы.  казақ  әдебиетінде  және  М әш һүр  Жүсіпте 

жиі  қолданылуы  тегін  емес.  «Адасу»  мағынасы  көп  кеңейіп,  белгілі  бір 

кеңістіктегі  багыттан,  жолдан  ауытқумен  шектелмей,  ауыспалы  кең 

мәндегі  ізгі  жолдан  таю  т.с.с,  түрінде  берілуі-  әрі  сөз  мағынасын  кеңейту, 

әрі  ақынның  кәркемдік  қүралын  жетілдіру,  сол  арқылы  стилді  дамыту 

үлгілері.  Осы  іспетті  толысу  үлгілерін 

ауыспалы  мағынаға  ие  болып, 

түспалдауға  бағындырылған:  «үйықтау»,  «тәгу»,  «тасу»  өрнектерінен  де 

көруге болады.

М әш һүр  Жүсіптің  заман  қыспағына  бейімделгендіктен  де,  тура  айта 

алмаған  түстарда  түспалдауға  жиі  барғанын  ескерсек,  соның  көрінісі-  сөз 

мағынасын  коп  кеңейтіп,  оган  символдық  мән  дарытуының да  мәні  үлкен 

болды.  М үны  біз  «соқыр»,  «түн»,  «таң»,  «төн»,  «гүл»,  «бүлбұл»,  «базар», 

«махаббат»,  «жаз»,  «тау»,  «дария»,  «бұлт»,  «түман»,  «қан»,  «у»  т.с.с. 

баламаларын қолдану  өрісі туралы да айта аламыз.

М үньщ  бәрі  қаламгер 

стилі  сөз  болғанда  белгілі  бір  баламалар 

қолданудағы  дәстүр  үндестігін,  заман  ықпалы  мәнін  ескерумен  бірге 

ақынның  жеке  ізденісін,  езіндік  нақыштарын  зерлеп  саралау  арқылы  ғана 

суреткер стилін кең межелеуге мүмкіндік туатынын көрсетеді.

Қысқасы,  белгілі  бір  ақын  туындыларынын  жанрлық,  стильдік 

ерекшеліктерін  ашу  казак  әдебиетінің  жеткен  биіктігін  межелеу  үшін 

ерекше мәнді дегіміз келеді.


Каталог: fulltext -> dist
fulltext -> Гшһңр Ц£ңсиі о л ж й з й л й р ы н 0й іы иийлі
fulltext -> Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрліп
fulltext -> Б. Бурамбаева терісі бағалы аңдарды
fulltext -> Бижан бижан Ж.Қ. Павлодар, 2015
fulltext -> К14 Л. К. Казангапова
fulltext -> Л I м а. Ақтанова алалар әдебиеті (Қазақ балалар драматургиясы мәселелері) Оқу қуралы ifb u a h t p j f б а с п а с ы астана-2011
fulltext -> Г. К. Сатыбалдиева биология гылымдарының кандидаты
dist -> S Қолжазба қүқығында Жүсіпова jiaypa Қуандыққызы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының“Қазақ түбі” үлгілері


Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет