М. К. Ахметова Мәтін лингвистикасы



Pdf көрінісі
бет41/207
Дата07.01.2022
өлшемі4.96 Mb.
#20846
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   207
3-модуль 
Танымдык блок
Мэтін  байласымы
Қ арасты ры латы н  мэселелер:
1.  Мәтінді  ащындайтын  басты  белгілер:  байласым  жэне 
тутасым.
2.  Байласымды ж узеге асыратын тілдік амал-тзсілдер.
3.  Сөздердің магыналъщ топтарының мәтінтүзімдік қызметі.
I.  Мэтінді айңындайтын  басты  белгілер:  байласым  жэне
тутасым
Мәтіннің  басты  белгісіне  байласым  және  тұтасым  жатады. 
Байласым  -  көлденеңінен  (бір  сөйлем  екіншісімен,  ол  үшінші 
сөйлеммен байланысады), an тұгасым - тігінен айкындалатын беягілер 
(мэтін бөліктерінде, мысалы күрделі фразалық тұгасымда, абзацта, 
бөлімде,  тарауда  т.б.  қамтылған  мазмұнның  бірімен  екіншісінің 
байланысып 
жатуы).  Мәтін  тұтасымы  -  лингвистикалық тұрғыда 
айқындауға келмейтін категория.  Егер мэтін ұғынылатын тиянакгы 
нәрсе ретінде кабыдцанса тұгасым қасиеггін иеленген болып есептеледІ 
(А.А.Леонтьев).  Демек,  мәтін  тұтасымы  кабылдаушы  тарапынан 
айқындалады. 
Егер  оқырман  мәтінді  оку барысында  оны  біртұтас 
дуние  ретінде  кабылдамаса,  ол  мәтінге  тұтасымдык  сипат  тән 
болмаганы.
Мэтін байласымы (когезия) курделі бірдіктерді кұрайтын тілдік 
құралдардың  белгілі  әдіс-тәсілдермен  ұйымдасуынан  көрінеді. 
«Мәтіннің байласымы мен тұтасымын айыра білген жөн. Байласым 
іұтасымның шарты болып табылады, ал тұгасым байласым арқылы 
толыкгай айқындала алмайды. Енді бір жағынан, байласым сипатына 
ие мэтін ұнемі тұгасым қасиегін иеленбейді» /1,168/.
Мәтіннін,  байласым  категориясы  сөйлемдердін  бір-бірімен 
магыналык-тұлғалық  жағынан  байланыса  кедіп,  біртұтас  мэтінді 
ұйымдастыруға  қатысуын  білдіреді.  Егер  магыналык-тұлгалык 
жағынан  сәйкеспейтін  сөйлемдерді  бір  мәтінді  ұйымдастыруда 
қолданатын болсақ, онда ол эр нәрсенің басын бір шалган тусініксіз, 
шадагай д үние болып шығады. Мэтін кұрылымындагы көлемді тұлға- 
бірліктер  курделі  фразалық  тұтасымдардан  бастап,  лексикалык
53


біряіктерге шейіи мағыналық жағынан езара байланысып,  мэтіннің 
негізгі мазмұнымен тығьв байланысып жатады. Мәтіннің негізін, онын 
тұгасымын осы бірліктер арасындағы түлғалык-мағыналық байланыс 
тұзеді. Соның негізінде байласымның екі тәсілі көрінеді:
1.  Эксплицитті  -   мэтін  құрамындағы  сөйлемдердің  өзара 
формальды, тілдік бірліктердін, қолданысы арқылы байланысуы;
2. Имплицитті - мэтін қүрамындағы сөйлемдердің өзара мағына 
бірлігі арқылы байланысуы.
Мәтін байласымы - тек екі сөйлем аралығын ғана қамтымайды, 
бұл  күрделі  фразалық  тұгасымдарды,  абзацтарды,  тарауларды  да 
біріктірегін категория. Ендеше мэтіндегі сөйлемдер арасындаекі түрлі 
байласым түрі анықгалады. Оның бірі -  іргелес байласым, яғни өзара 
іргелес  сөйлемдер  арасында  орнаса,  екіншісі  -   алшақ  байласым, 
араларында  бір  не  бірнеше  сөйлем  орналасқан  синтаксистік 
бірліктердің арасында жүзеге асады.  Іргелес және алшақ байланыс 
түрлері  мәтін  бөліктерін  бір  мағыналык-құрылымдык  тұтасымга 
ұйымдастыруда үлкен қызмет атқарады.
Мэтіндегі байласымды жүзеге асырушы яексика-грамматикалык 
амал-тәсілдер  -  есімдік,  тэуелдік  жалгау,  үстеу,  шьшау,  қыстырма, 
синоним,  антоним  сөздер,  етістіктің  бірьщ ғай  шақ  түлғасы, 
синтаксистік паралельділік, түрлі қайталауларт.б.
Мэтін 
лингвистикасында 
мэтіннің  құрылымдык 
б ірлік терін ің  
байласым ын жүзеге асыруға катысатын қүралдар субституттар мен 
дейксистер,  скреп  сөздер  немесе  шегеңдеуіштер 
(Ж .Қайш ығүлова 
термині)деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   207




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет