М. Уалихонов М., Собрание сочинении в 5 томах изд. Ан каз. Алматы, 1961. 2т. Б. 235. 14. Абай Құнанбаев [14]. Шығармалары 2 том. 1968. Алматы, Б. 193



Pdf көрінісі
Дата05.01.2017
өлшемі414,85 Kb.
#1220

ВЕСТНИК   ЖГУ им. И. Жансугурова   № 2-3 / 2012

 

 



114 

 

насихаттап, азаматтық сапа-қасиеттерді  дәріптеу  өріс  алуы тиіс[14]. 



 

ӘДЕБИЕТТЕР 

1.  Елбасының  «Бәсекеге  қабілетті  Қазақстан  үшін,  бәсекеге  қабілетті  экономика 

үшін,  бәсекеге  қабілетті  халық  үшін»  2004 жылы 19 наурыз 

2.Коменский Я.А. Избр. пед. соч., в 2-х т, Москва, 1982, Т.1, Т. 2,- С.576. 

3. Руссо Ж.Ж. Пед. соч . в2-х, Москва, 1981, Т. 1, 645 с. Т.2, -С.336 . 

4. Ушинский К.Д.,  Пед. соч:  в8 т. Москва, 1988, ТД-С.350 . 

5. Макаренко  А.С., Пед. соч: в 8 т, Москва, 1983,-Т.5,-С. 490. 

6. Сухомлинский В.А., Избр. пед. соч:  в Зт-х, Москва, 1980, Т.1,-С357  

7. Алтынсарин Ы.  Таңдамалы шығармалар,  Алматы, 1955.-Б.266.  

8.  Белинский  В.Г.,  Избранные  педагогические  сочинения:  Москва,  «Педагогика», 

1982.-С.58. 

9. Әл-Фараби қазақ даласының ойшылдары,  

10. Қорқыт ата , Ә. Дербазаматтық ісалин.-Алматы:  Қазақстан, 1993.-Б.64. 

         11.  Жастарсагұн,  Кұтты  білік  (Кұдағу  білік)-көне  түркі  тіліне  аударған  және  алғы 

сөзі  мен түсініктерін  жазған А. Егеубаев.  Алматы, 1986.-Б.616. 

12. Қашқари  М., Диуани ұлығат-түрік.  Алматы, 1996.-Б.237. 

13.  М.  Уалихонов  М.,  Собрание    сочинении  в  5  томах.  изд.  АН  Каз.Алматы, 

1961.2т. -Б.235. 

14. Абай Құнанбаев [14], . Шығармалары  2 том. 1968 . Алматы, Б.193 . 

 

 

             УДК 79 



Қ.Т. Джанабаев 

 

І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ-сы.  



ҚАЗАҚ  ҰЛТТЫҚ  ОЙЫНДАРЫН  ОҚУ ЖӘНЕ ТӘРБИЕ  ҮРДЕСІНДЕ 

ПАЙДАЛАНУДЫҢ  ӨЗЕКТІЛІГІ 

 

Мақала халық педагогикасының адам, отбасы, өскелең жас ұрпақты тәрбиелеу туралы 

арман-мақсаттарын,  орныққан  пікірлерін,  ұсыныстарын  қамтып  көрсететін  педагогикалық 

идеялар,  қазақтың  ұлттық  ойындары  мен  халқымыздың  салт-дәстүрлері  өткен  мен  қазіргінің 

арасындағы байланысы. 

В  статье  обосновывается  мнение  народной  педагогики,  связь  «человек,  семья, 

воспитание  молодого  поколения».  Посредством  казахских  национальных  игр  в  учебом 

процессе  раскрываются    педагогические  идеи,    рассматривается  связь   обычиев  и традиций  

казахского народа. 

The  article  substantiates  the  opinion  of  the  people's  pedagogy,  communication  «person, 

family,  upbringing  of  the  younger  generation».  By  means  of  the  Kazakh  national  games  in  учебом 

process  disclosed  pedagogical  ideas,  we  consider  the  relationship  обычиев  and traditions of Kazakh 

people. 

 

Тірек  сөздер:  қазақ  ұлттық  қозғалмалы  ойындар,  салт-дәстүр,  көне  тарих, 

ұлттық энциклопедия, эстетика-психология.  

 

«Өзге  халықтар  сияқты  қазақтың  да  ертеден  қалыптасқан,  атадан  –  балаға  мұра 



болып жалғасып келе жатқан ұлттық ойын-сауық түрлері бар. Зер салып байқап отырсақ, ол 

ойын-сауықтар  қазақтың  ұлттық  ерекшелігіне,  күнделікті  тұрмыс-тіршілігіне  тығыз 

байланысты туған екен және адамға жастайынан дене тәрбиесін беруге, оны батылдыққа, 


ВЕСТНИК   ЖГУ им. И. Жансугурова   № 2-3 / 2012

 

 



115 

 

ептілікке, тапқырлыққа, күштілікке, төзімділікке т.б. әдемі адамгершілік қасиеттерге баулуға 



бағытталған екен». Ал енді, «Қазақстан. Ұлттық энциклопедия» кітабында қазақтың ұлттық 

ойындарының мән-маңызы туралы былай деп жазылған: Қазақтың ұлттық ойындары бес 

түрге  бөлінеді.  Олар:  аңға  байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын, 

зеректікті,  ептілікті  және  икемділікті  қажет  ететін,  соңғы  кезде  қалыптасқан  ойындар. 

Олардың негізгілерінің өзі жүзден астам. Бұл ойындардың көбісінің ежелден қалыптасқан 

арнайы өлеңдері бар. Өлеңдер ойынның эстетикалық әсерін арттырып, балалардың өлең-

жырға деген ыстық ықыласын оятып, көңілін көтереді, дүниетанымын арттырып, еңбекке 

баулиды, ширықтырып, шынықтырады. «Қазақ ұлты негізінен ұрпақ қамын басты мақсат 

етіп  қойып,  балалардың  нағыз  азамат  болып  қалыптасуына  аса  зор  мән  берген. 

Қоғамымыздың ірге тасын нығайту үшін бүгінгі жастарға үлгілі, өнегелі тәрбие беру қазіргі 

міндеттердің  бірі.    Оқушыда  жалпы  адамзаттық құндылықтар мен адамның айналадағы 

дүниемен  жеке тұлғалық қатынасын (этикалық, эстетикалық, адамгершілік тұрғысынан) 

тәрбиелеу  мақсатын  халқымыздың  мәдени  рухани  мұрасының,  салт-дәстүрінің  озық 

үлгілерін  оның  бойына  дарыту  арқылы  жүзеге  асыруға  болады.  Осымен  байланысты 

бағдарлама халқымызға тән әдептілік, қонақжайлылық, мейірімділік, т.б. сияқты қасиеттер, 

табиғатқа  деген  қарым-қатынасындағы  біздің  халыққа  тән  ерекшеліктер.  Жас  ұрпақ  өз 

халқының мәдениетімен, асыл мұраларымен ұлттық әдебиеттер арқылы танысып келеді. 

Халық ойынды тәрбие құралы деп таныған. Ойынды сабақта қолдану оқушылардың ой-

өрісін  жетілдірумен  бірге,  өз  халқының  асыл  мұраларын бойына сіңіріп, кейінгі ұрпаққа 

жеткізе білу құралы. Бірақ оны жүргізуге арналған нақты әдістемелік құралдар жоқтың қасы. 

Зерттеу жұмысында орыс тілінде жазылған әдебиеттер қолданылды. Соның нәтижесінде 

қазіргі таңда тақырыптың өзектілігі туындап отыр.  Отбасы, өскелең жас ұрпақты тәрбиелеу 

туралы  арман-мақсаттарын,  орныққан  пікірлерін,  ұсыныстарын  қамтып  көрсететін 

педагогикалық идеялар мен салт-дәстүрлері өткен мен қазіргінің арасындағы байланысты 

көрсетеді.  Ол  тарихи даму барысындағы  әлеуметтік мәні бар ақпаратта (білім, білік) т.б. 

жиналып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Ең алдымен, халық педагогикасы өскелең 

ұрпақтың  еңбек  пен  өмір  сүру  бейнесінің  негізі  болып,  оларды  келешектегі  қызметіне 

дайындайды.  Біздің  халықтық  педлагогикада  еңбек  тәрбиесі  өте  ертеден  бастау  алады. 

Ертеден  келе  жатқан  еңбек  тәрбиесінің  әдіс-тәсілдер  құралы,  сөз  жоқ,  еңбек  болып 

табылады.  Еңбек  адамның  қалыптасуы мен тәрбиеленуінде бір ұрпақтан екінші ұрпаққа 

өмірлік тәжірибе береді және халықтың даму барысында шешуші  роль атқарады. Еңбек ету 

кезінде адамның дене, ақыл-ой, эстетикалық дамуы мен еңбек тәрбиесі қатар жүреді.  

Этнограф – ғалымдардың пайымдауынша, ата-бабаларымыздан бізге жеткен ұлттық 

ойындарымыздың тарихы Қазақстан жерінде б.з.б. бірінші мыңжылдықта-ақ қалыптасқан. 

Олардың ішінде тоғызқұмалақ, қуыршақ, асық ойындары Азия елдерінде тайпалық одақ- тар 

мен алғашқы мемлекеттерде кеңінен тарады. Біздің қоғамыздағы ұлттық ойындардың негізі, 

шығу  тегі  халқымыздың  көшпелі  дәстүрлі  шаруашылық  қарекеттерінен  бастау  алады. 

Бұлардың көбісі мал шаруашылығына, аңшылыққа, жаугершілікке негізделген.  

Ахмет Жүнісовтың айтуынша (Фәниден бақиға дейін, - Алматы: «Қайнар», 1994), 

«Өзге  халықтар  сияқ-ты  қазақтың  да ертеден қалыптасқан, атадан – балаға мұра болып 

жалғасып келе жатқан ұлттық ойын-сауық түрлері бар. Зер салып байқап отырсақ, ол ойын-

сауықтар қазақтың ұлттық ерекшелігіне, күнделікті тұрмыс-тіршілігіне тығыз байланысты 

туған  екен  және  адамға  жастайынан  дене  тәрбиесін  беруге,  оны батылдыққа, ептілікке, 

тапқырлыққа,  күштілікке,  төзімділікке  т.б.  әдемі  адамгершілік  қасиеттерге  баулуға 

бағытталған екен». Ал енді, «Қазақстан. Ұлттық энциклопедия» кітабында қазақтың ұлттық 

ойындарының мән-маңызы туралы былай деп жазылған: «Қазақ ұлты негізінен ұрпақ қамын 

басты мақсат етіп қойып, бала-лардың нағыз азамат болып қалыптасуына аса зор мән берген. 

Нәтижесінде дәстүрлі бала тәрбиесінің басты құралы ретінде ұлттық ойынды орайластырып, 

дамытып отырған».  Аңға байланысты ойындар: ақсерек-көксе-рек, аңшылар, аңшылар мен 

қояндар,  кірпіше  қарғу,  қас-құлақ, ордағы қасқыр. Малға байланысты ойындар: аларман 



ВЕСТНИК   ЖГУ им. И. Жансугурова   № 2-3 / 2012

 

 



116 

 

(қойға  қасқыр  шапты),  асау  көк,  бура-қотан,  көксиыр,  соқыр-теке,  түйе мен бота. Түрлі 



заттармен ойналатын ойындар: ағаш аяқ, аққала, ақпа, ақсүйек, ақшамшық, алакүшік, алты-

бақан, арқан аттау, арқан тартпақ, арқан тартыс, арынды арқан, асау мәстек, асық, аттамақ, 

ауыртаяқ, әйкел, әуетаяқ, батпырауық, белбеу соқ, белбеу тартыс, дауыстап атыңды айтам

епті  жігіт,  жаяу  көкпар,  жемекіл,  жігіт  қуу,  жігіт  ойыны,  күзетшілер,  күміс  ілу,  қамалды 

қорғау,  қараше,  қимақ,  қыз  қуу,  лек  (шөлдік),  монданақ,  орамал  тастау,  сақина  жасыру, 

сиқырлы таяқ, тапшы, кімнің дауысы, таяқ жүгірту, тепе-теңдік, тобық, тұтқын алу, түйілген 

орамал,  шалма,  шертпек,  шілдік,  хал  қалай?  Зеректілікті,  ептілікті және икемділікті қажет 

ететін  ойындар:  айгөлек,  айдапсал,  атқума,  аударыспақ,  бағана  өрмелеу,  балтам  шап, 

бөріктастамақ, бұғнай, бұғыбай, бұқатартыс, бұрыш, біз де, егер..., жасырынбақ, жаяу жарыс, 

көкпар, көрші, күрес, қарамырза, қассың ба, доссың ба?, қындық-сандық, орын тап, отырмақ, 

санамақ,  сұрақ-жауап,  тасымақ, тасымалдау, тең көтеру, тымпи-тымпи, ұшты-ұшты, үй 

үстіндегі кім?, шымбике. 

Соңғы кезде қалыптасқан ойындар: әріп таңдау, бригада, мейрамхана, нөмір, пароль, 

пошта, сымсыз телефон, сыңарын табу. Бұлардың ішінде бірқатар ойындар спорттық, той 

ойындары  болып  саналады. Ал енді, қазақтың ұлттық ойындарының ішінде «қуырмаш» 

тәрізді жас сәбилерге арналған да ойындар бар. Біз енді қазақтың ұлттық ойындарының 

негізгілерін талдап, тарқатсақ. Ақсүйек. Қыз-бозбалалар оны жазғы айлы түнде ойнаған. 

Ойын бастаушы жылқының бақай сүйегін, ол болмаса қойдың жілігін немесе жауырынын, 

жамбасын қолына алып, ойынға қатысушыларға көрсетіп, белгілеп алады да, ойыншыларды 

екі топқа бөліп, алысырақ барады да ақсүйекті лақтырып жібереді. Қай топтың ойыншылары 

ақсүйекті бірінші  болып тапса, сол топ жеңген болып саналады. Сүйек еті мүжіліп, далада 

жатып күнге күйіп, әбден ағарған болуға тиісті. Халықтық педагогиканың ең бір көне тиімді 

құралдарының  біріне  ойын  жатады.  Ойын  арқылы  бала  қоршаған  ортаны  өз  бетінше 

зерделейді.  Сөйтіп, өзінің өмірден байқағандарын іске асырып, қоршаған адамдардың іс-

әрекетіне  еліктейді. Соның нәтижесінде өзі көрген жағдайларды отбасылық тұрмыс пен 

қызмет түрлерін жаңғыртады. Мәселен, қазақтың ұлттық ойындары: «Бәйге», «Көкпар», 

«Алтын сақа», «Қыз қуу», «Тоғызқұмалақ» т.б. балалардың еңбекке деген қарым-қатынасы 

мен қабілеттерінарттырады. Ойын дегеніміз – адамның ақыл-ойын дамытатын, қызықтыра 

отырып ойдан-ойға жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін 

ғажайып  нәрсе.  Ұлы  педагог  В.И.Сухомлинский:  «Ойынсыз,  музыкасыз,  ертегісіз, 

творчествосыз, фантазиясыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды», - дейді. Демек, 

шәкірттің ақыл-ойы, парасаты ұлттық салт-сананы сіңіру арқылы баии түседі. Оқу үрдісінде 

ұлттық ойын элементтерін пайдалану сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сай алынады. 

Сонда ғана оның танымдық, тәрбиелік маңызы арта түседі. Оқушыларды, әсіресе, «Сиқырлы 

қоржын», «Көкпар», «Асық» секілді  ұлттық ойындарға қатыстыру өте тиімді екеніне көз 

жеткізу  қиын  емес.  Бұл  ойындарды  жаңа  материалды  бекіту  немесе  қайталау  кезінде 

қолдану  керек  деген  пікір  бар.  Оқушы  ойынның  үстінде  не  соңында  өзінің  қатысу 

белсенділігіне  қарай  түрлі  баға  алуы  мүмкін.  Мұғалім  әр  оқушының  еңбегін  бағалап, 

ынталандырып  отыруы  тиіс.  Ойынның  тәрбиелік  маңызы  мынада:  ол  баланы 

зеректікке,  білгірлікке  баулиды.  Бабаларымыздың  асыл  қазыналарына  деген 

көзқарасын  құрметтеуге  сөз  әсемдігін  сезінуге  үйретеді.  Батылдыққа,  өжеттікке 

тәрбиелейді.  Ендеше  еңбекке  баулу  сабағын  ұлттық  ойындар  арқылы  сабақтастырып 

түсіндіру  пән  тақырыптарын  тез,  жылдам  меңгеруге  ықпал  етеді.  Оқушының  сөздік 

қорын  байыта  түседі.  Халқымыздың  ұлы  перзенттерінің  бірі,  аса  көрнекті  жазушы 

М.Әуезов:  «Біздің  халқымыздың  өмір  кешкен  ұзақ  жылдарында  өздері  қызықтаған 

алуан  өнері  бар  ғой.  Ойын  деген,  менің  түсінуімше,  көңіл  көтеру,  жұрттың  көзін 

қуантып,  көңілін  шаттандыру  ғана  емес,  ойынның  өзінше  бір  ерекше  мағыналары 

болған»,  -  деп  тегіннен  тегін айтпаса керек. Сабақта және тәрбиеде, яғни балабақшалар 

мен  бастауыш  мектептерде  ұлттық  ойынды  ұтымды  пайдаланса,  алдымен  еңбекке 

баулу  және  дене  шынықтыру  пәндерінде  оқушылардың  өз  бетімен  жұмыс  жасау 



ВЕСТНИК   ЖГУ им. И. Жансугурова   № 2-3 / 2012

 

 



117 

 

дағдыларын  қалыптастыру  шарттары  теориялық  тұрғыдан  негізделсе,  онда 



оқушылардың  білімге  деген  құштарлығын  арттыруға  және  халықтың  асыл  мұрасын 

бойына  сіңіріп,  ұлттық  сананы  қалыптастыруға  болады.  Ұлттық  дәстүрлі  халық 

ойындарының  ел  арасындағы  беделі,  тарихи  қоғамдағы  алатын  орны  және  болашақ 

ұрпақты  өсірудегі  қажеттілігі,  оның  шығу  тарихы  туралы  ғылыми  тұрғыдан  бізге 

дейінгі  ғалымдар  да  көп ізденді. Қазақ балаларының ұлттық ойынына тоқталғандардың 

бірі  –  орыс  ғалымы  А.Алекторов.  Мәселен,  оның  «О  рождении  и  воспитании  детей 

киргизов,  правилах  и  власти  родителей»  (Орынбор,  1891)  атты  еңбегін атауға болады. 

Автор  бұл  еңбегінде  көшпенді  қазақ  халқының  өмір  сүру салтындағы баланың дүниеге 

келген  сәтінен  бастап  өсу  динамикасына  дейін  ұлттық  ойын  мен  қимыл-қозғалыс 

әрекетінің  алатын  орны  және  балғындардың  денсаулығы  мен  дене  мүшесінің 

қалыптасып  дамуындағы  жеке  халық  ойындарының  қажетті  жақтарын ашып көрсетеді. 

Қазақтың  белгілі  ғалым  ағартушылары  А.Құнанбаев,  Ш.Уәлиханов,  Ы.Алтынсарин 

халық  ойындарының  балаларға  білім  берудегі  тәрбиелік  мәнін  жоғары  бағалап,  өткен 

ұрпақтың  дәстүрі  мен  алтын  құрметтеп,  адамдардың  ойы  мен   іс-әрекетін  танып 

түсінуде  жастардың  эстетикалық,  адамгершілік  ой  талабының  өсуіне  оның  атқаратын 

қызметін  жоғары  бағаласа,  М.Жұмабаев  ойындарды  халық  мәдениетінің  бастау  алар 

қайнар  көзі,  ойлау  қабілетінің  өсу  қажеттілігі,  тілдің,  дене  шынықтыру  тәрбиесінің 

негізгі  элементі  деп  тұжырымдайды.  Ұлттық  ойындар  халық  тәрбиесінің  дәстүрлі 

табиғатының  жалғасы.  Ежелден  дәстүрлі ойындарда халықтың өмір сүру әдісі, тұрмыс-

тіршілік  еңбегі,  ұлттық  дәстүрлері,  батырлық-батылдық  туралы  түсінігі,  адалдыққа, 

күштілікке  ұмтылуы,  шыдамдылық,  т.б.  құндылықтарға  мән  берілуі  –  халық 

данышпандығының  белгісі. Қазақтың  ұлттық  қозғалыс  ойындарын  спорттық 

ойындардан  ажыратып,  алғаш  рет  бөліп  қараған  ғалым  М.Гуннер  қазақ  ойындарына 

топтамалық  жіктеу  жасай  отырып,  ұлттық  ойындарды  оқу  үрдісінде  пайдалануға 

ұсыныс  жасайды.  Бұл  жерде  айта  кететін  бір  жайт,  Қазақ  КСР  Халық  Комиссарлар 

Кеңесінің  1943  жылғы  шешіміне  сәйкес  1949  жылы  жарық  көрген  «Краткий  сборник 

казахских народно-национальных видов спорта» атты еңбегі М.Гуннердің толықтырып, 

өңделген  кітабы.  ХХ  ғасырдың  басында  көшпенді  халықтар:  қазақ,  өзбек,  қырғыз, 

түркімен,  қалмақ,  т.б.  отар  елдері  туралы  этнографиялық  деректер  жинақтап,  олардың 

ұлттық  мәдениетінің  тармағы  –  халық  ойындары,  оның  ішіндегі  құрамдас  бөлшегі 

болар  ойынын  жинап  зерттеуді  Түркістан  генерал-губернаторы  арнайы  шенеуніктер 

мен  миссионер  ғалымдарға  жүктеген.  Орыс  ғалымы  А.Васильев  «Игры  сартовских 

детей»  атты  мақаласында  Ферғана  және  Сырдария  аймақтарын  мекендеген  өзбек 

халқының  ұлттық  ойындарының  бірнеше  түрлерін  ажыратып,  топқа  бөліп,  нақты 

зерттеген. Ізденіс барысында автор Ферғана балаларының күнделікті ойнайтын ертеден 

келе  жатқан  дәстүрлі  «Гимчук  тушты  бошимга»  ойыны  Ташкенттегі  сарт  балаларына 

таныс  емес  екендігін  айтады.  Ал  М.Гавриловтың  авторлығымен  жазылған 

«Перепелиный  спорт  у  Ташкентских  сартов»  атты  мақаласына  өзбек  халқының  ойын 

түрлерінің  айрықша  маңыздысы  жыл  мезгілдерінің  белгілері  уақытында  «Құстар 

ойынын»  (тауық,  қаз,  т.б.)  ойнаудың  ережесі,  ойын  түрлері,  тәртібі  зерттеледі.  Кеңес 

дәуірі   жылдарында  қазақтың  ұлттық  дәстүрлі  халық  ойындары  күн  тәртібіндегі  өзекті 

мәселе  болғанына  қарамастан,  сол  тоталитаризм  кезінде  дәстүрлі  ұлттық  ойындарды 

зерттеген  авторлар  қатарында  М.Тәнекеев,  Б.Төтенаев,  М.Балғымбаев,  Ә.Бүркітбаев, 

т.б.  есімдерін  атауға  болады.  Әсіресе,  М.Тәнекеевтің  қазақтың  ұлттық  және  дәстүрлі 

ойындарын  зерттеген  деректерінің  өзі  жеке  мәселе.  Оның  негізгі  еңбектері 

Қазақстандағы  спорт  пен  дене  тәрбиесі  саласына  арналған.  Ең  бастысы,  ол  дене 

тәрбиесінің  халықтық  педагогикасы  сияқты  көкейтесті  мәселесінің  негізін  қалаған 

М.Тәнекеевтің  авторлығымен  шыққан  алғашқы  туынды  «Казахские  национальные 

виды  спорта  и  игры»  (Алматы,  1957).  Бұл  зерттеуінде  ізденуші  қазақтың 

«Тоғызқұмалақ»  ойынының  ереже  тәртіптерін  таразылап,  халық  ойынының  қажетті 



ВЕСТНИК   ЖГУ им. И. Жансугурова   № 2-3 / 2012

 

 



118 

 

жақтарын ашып, сонымен қатар, басқа да ұлттық қозғалмалы, спорттық ойын түрлеріне 



тоқталып,  анықтама  беріп  жіктеп,  құнды  мұрағат  деректеріне  сүйене  отырып,  ғылыми 

сараланған  пікірлер  айтады.  Ғалым  негізінен  Қазақстандағы  Қазан  төңкерісіне  дейінгі 

кезеңде  дене  тәрбиесі  мәдениетінің  дамуын  талдай  отырып,  тарихта  тұңғыш  рет,  дене 

мәдениеті  мен  спорттың екі даму бағытын қара халықтық және ақсүйектік деп көрсетіп, 

оны  формациялық  әдістемеге  сүйеніп,  яғни  таптық  тұрғыдан  қарастырады.  Сонымен 

бірге  ғалым  зерттеуіне  әскери   қолданбалы  маңызы  бар  кейбір  спорт  және  ойын 

түрлерінің  өрлеуіне  отаршыл  Ресей  патшалық  өкіметінің  саяси  көзқарасын  көрсетеді. 

М.Тәнекеевтің  аталған  еңбегінде  таптық-формациялық  идеологиялық  көзқарас 

тұрғысынан  сол  заманға  сай  зерттелгеніне  қарамастан,  бүгінгі  күні  өз  құндылығын 

жоймаған,  ғылыми  тұрғыдан  аса  жоғары  еңбек  болып  табылады.  М.Тәнекеевтің 

басшылығымен  бұдан  басқа  да  бірнеше  ғылыми  монографиялық  еңбектер 

жазылды.   Кеңестік  кезеңдегі  ұлттық  ойындардың  маңызы  мен  қажеттілігін 

көрегендікпен  қарастырған  ғалым  Б.Төтенаев  «Қазақтың  ұлттық  ойындары»  (Алматы, 

1994)  атты  еңбегінде  дәстүрлі  қазақ  ойындарын  бірнеше  топқа  бөліп,  ойын шарттарын 

жазып,  жастар  үшін  тәрбиелік  мәнін  дәлелдеп,  ойын  зерделеген.  Аталған  автор 

қаламынан  халықтың  этнопедагогика  мен ұлттық ойындар арасындағы байланыс және 

ойындардың  ертеңгі  болашаққа  керекті  қасиеттілігін  зерттеген  басқа  да  қомақты 

ізденістер  дүниеге келеді.   

Е.Сағындықовтың   авторлығымен  жазылған  ғылыми  монография  «Ұлттық 

ойындарды оқу-тәрбие ісінде пайдалану» (Алматы, 1993) деп аталады. Ғылыми еңбекте 

қазақ  мектептерінде  І-ҮІ  сыныптарда  қазақ  халық  ойындарын  жекелеген 

классификацияларға  топтап,  оны  сабақта  және  сабақтан  тыс  тәрбие  жұмыстарында 

қолдану  әдістері  анықталып,  қазақ  халық  ойындарына  педагогикалық  талдау  жасалып, 

оқу  үрдісінде  пайдалану  қажеттілігі  негізделеді.  Ә.Бүркітбаевтың  авторлығымен  1985 

жылы  жазылған  «Спорттық  ұлттық  ойын  түрлері  және  оның  тәрбиелік  мәні» 

жинағында ұлт спорты түрлері мен ұлттық спорт ойындарының  балалардың күнделікті 

өміріндегі  алатын  орны,  тәрбиелік  маңызы  және  ат  спорты  мен  ұлттық  ойындардың 

ережесі  қарастырылса,  М.Балғымбаевтың  «Қазақтың  ұлттық  спорт  ойыны  түрлері» 

(Алматы,  1985)  атты  еңбегіндегі  ат  спортына  қатысты  бәйгені  бастап  жорға  жарыс, 

аударыспақ,  жамбы  ату,  аламан  бәйге,  т.б.  жарыс  түрлеріне  салыстырмалы  талдау 

жасалады.  Бала  өміріндегі  ұлттық  және  спорттық   қимыл-қозғалыстың  және  ойынның 

алатын  орны,  формасы  және  мазмұны  үлкен  адамның  тұрмыстық  күйімен,  еңбек 

түрімен  және  мазмұнымен  салыстырылса,  қаладағы  қажеттіліктің  бір  тұсы  адамды 

дағдыға  үйрету  екендігін  байқаймыз.  Ойын  түрлері  мен  шарттарын  бала жасына қарай 

бөліп  классификация  жасап,  бірнеше  халық  ойындарын  ұсынған.  Олардың  ішінде 

«Қояндар»  (2-3  жастағыларға),  «Аңшы  мен  ит  және  қояндар»  (4  жастағылар  үшін), 

«Торғай  мен  мысық»  (5-6  жастағыларға  арналған)  қозғалмалы  ойындарын  зерттеп, 

қолданысқа  түсірген.  А.Быкованың  басшылығымен  баспадан  шыққан  «Физическое 

воспитание  в  детском  саду»  кітабында  балабақшаның  әр  тобында  жас  ерекшелігіне 

қарай  өткізетін  қарым-қатынас  ойындарын  ұйымдастыру  және  оны  өткізу  әдістері,  т.б. 

мәселелер қарастырылған. Мысалы, қозғалып ойнау барысында алғашқы күннен бастап 

балаларды  өзін-өзі  тежеуге  үйрету,  сонымен  қатар  барлық  баланың  қабылдау  қабілеті 

бірдей  емес  екендігі,  яғни  белсенділер  мен  жайбасар  әлсіз  балалар  арасындағы  тепе-

теңдікті  сақтау  қасиеті,  оларды  әр  түрлі  ойынға  тарту  арқылы  шыңдау,  ұмтылдыру, 

бірнеше  рет  бір  ойынды  ойнату  барысындағы  баланың  физиологиялық  өзгерісімен 

қатар  психологиялық  тұрғыдан  сенімділігінің  артуы  ғылыми  еңбектің  құндылығын 

жоғарылатады.

 

Қазақ  халқының  өмірде  болып  жатқан  сан  қилы оқиғаларды бастан аяқ 



баяндап  беретін  ғасырлар  бойы  бірге  жасасып келген әдет-ғұрып ойындары бар. Қазақ 

халқының  ұлттық  ойындары  көпшілік  жағдайда  үлкен  тойларда,  мерекелерде, 

думандарда  ойналатын  болған.  Осы  ұлттық  ойындардың  негізгілері  «Наурыз» 


ВЕСТНИК   ЖГУ им. И. Жансугурова   № 2-3 / 2012

 

 



119 

 

мерекесінде  ойналатын  ойындар  болған.  Ұлыстың  ұлы  күні  ойналатын ойын-сауықты 



«наурызнама» деп атаған. Ол күнде наурыз деген бір жазғытұрым мейрам болып, халық 

наурызнама қыламыз деп той тамаша қылады екен. Бұл күні үлкен болсын, кіші болсын 

осы  мейрамға  келіп,  көңілді  ойын-сауықтар  жасалады.  Тойға  ат  жарыс,  палуан  күрес, 

басқа  да  спорт  бәсекесі,  айтыс  түрлі  ойындар  мен  ән,  өлеңдер,  наурыз  жырлары 

айтылады.  Наурызнама  бұрын  3-9  күнге  созылатын,  халық  ұлттық  дәстүрмен  әдет 

ғұрыптары  кеңінен  қолданылатын  ерекше  үлкен  той.  Қыз  қуу  —  қазақ  халқының  өте 

көне  ойындарының  бірі.  Ол  республикамыздың  халықтарының  арасында  кеңінен 

тараған  ұлттық  ат  ойыны  тобына  жатады.  Сонау  ертеден  келе  жатқан  спорт  ойыны, 

ертеде  «Қыз  қашар»,  «Қыз  қуалар»  деп  аталғаны  болмаса,  біздің  заманымызға  дейін 

оншама  өзгеріссіз  жеткенін  атап  өтуіміз  керек.  Бұл  жарыс  өзінің  түрі  жағынан  біздің 

заманымыздан  бұрын  қандай  болса,  қазірде  сол  күйінде  қалды.  Сол  заманғы  тәртіп 

бойынша  жарыс  жігіт  пен  оның  қалыңдығы  арасында  өткізілген  (біздің  заманымыздан 

бұрын  VIII—VII  ғасырларда  Қазақстанның  территориясын  жайлаған  кейбір  рулардың 

арасында  осындай  тәртіп  болған).  Егер  жігіт  жарыста  жеңілсе,  ол  өзіне  қойылатын 

талапты  ақтай  алмағаны  үшін  оның  қызбен  некелесуге  құқы  болмаған.  Ертедегі  аңыз-

ертегілерге  қарағанда,  қазақтарда  тағы  бір  мынадай  әдет-ғұрып  болған.  Осы  әдет 

бойынша  жарысқа  екі  рудың  қыз  бен  жігіті  түскен.  Жігіттің  жеңілуі  оған  салынатын 

айыппен  қоса,  өз  руында  еті  тірі  жігіт  пен  жүйрік  атының  жоқтығы  үлкен  кемістік 

болып  табылған.  Егер  қыз  жеңілген  деп  табылса,  оның  жағының  келісімі  бойынша, 

ешқандай  қалыңсыз-ақ  ол  жеңген  жігітке  тұрмысқа  шығады.  Дене  шынықтыру  пәнінің 

теориялық  дәлелдемесін  қазақтың  ұлттық  ойындарының  тәжірибелік  жағымен біртұтас 

алып  қарайды.  Қазақ  халқының  ұлттық  ойындарының  зерттелуі.  Қай  халықтың 

болмасын,  оның  ұлттық  ойындарының  белгілі  бір  мақсаты  мен  әлеуметтік-

психологиялық  тұрғыдан  ерекше  қасиеттері  болады.  Сондықтан  халық  арасында 

қалыптасқан  ойындар  туралы  сипаттамалық  жинақтар,  деректер  және  құжаттар  дұрыс 

зерттеу  мен  талдауды  қажет  етеді.  Сонымен  түйіндеп  айтарымыз,  қазақтың  ұлттық 

ойындарының  басқа  халықтардың  ұлттық ойындарынан айырмашылығы  - оның шығу, 

пайда  болу  тегінің  ерекшелігіне  байланысты  белгілі  бір  тәрбиелік  мақсат  бірлігін 

көздейтінінде. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



1.

 

Төтенаев Б.  « Қазақтың ұлттық ойындары» – Алматы «Қазақстан»  1978 



2.

 

Төтенаев Б.   «Қазақтың  ұлттық ойындары»  – Алматы, «Қайнар» 1994ж. 



3.

 

Аймауытұлы Ж.  «Психология»  – Алматы «Рауан»  1995 ж. 



4.

 

Жарықбаев Қ.  «Психология»  – Алматы «Білім»  1993 ж. 



5.

 

Казахи -Алматы: Казахстан 1995 г. 



6.

 

Казахская  ССР, краткая  энциклопедия. Том 3.  с-457. Алматы 1989г.  



 

           ӘОК 796.62 

 

К.И. Дузжасаров, А.К. Кожатае в, Е.Қ.Туғанбае в  

 

І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ. 

 

ҚАЗАҚСТАНДА  ВОЛЕЙБОЛ СПОРТЫНЫҢ  ДАМУЫ 

 

Бұл мақалада Қазақстан Республикасында волейболдың пайда болуы мен қалыптасуы 

туралы түсінік берілген. 

В этой статье описывается история и развития волейбола в Республики Казахстан. 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет