М. Утемисова. Международная научно-практическая конференция открылась приветствиями акима зко н. А. Ногаева и Генерального


Бүгінгі  XХІ  ғасырдағы  Қазақстан  азаматы,  өзін-өзі  мемлекеттің  өкілімін  деп  санайтын  әрбір  адам  еліміздің,  өзінің



Pdf көрінісі
бет2/8
Дата22.12.2016
өлшемі7,12 Mb.
#173
1   2   3   4   5   6   7   8

Бүгінгі  XХІ  ғасырдағы  Қазақстан  азаматы,  өзін-өзі  мемлекеттің  өкілімін  деп  санайтын  әрбір  адам  еліміздің,  өзінің 

ғылымын  білуі  тиіс  деп  ойлаймын.  Қазіргі  заман  жағдайында  жалпы  ғылым  мен  білім  немесе  басқа  да  оқу-тәрбие 

мәселелерінің педагогикалық жүйесінің әрқайсысы өз алдына күрделі жүйе болып есептеледі. 

12  қараша  күні  халықаралық  студенттер  күніне  орай  жаратылыстану-география  факультетінде 

университеттік ғылыми қоғам төрағасы Сапарбаев Жұмабек Суевбайұлының ұйымдастыруымен «Жастар 

және ғылым» атты ғылыми жобалар сайысы өткен болатын.

Жастар және ғылым

Бұл жобаға факультетіміздегі ғылымға қызығушылықтары 

бар  студенттеріміз  қатысып,  өздерінің  жобаларын  ұсынды. 

Қатысушыларымызды  сынға  түсірген  арнайы  сарапшылары-

мыз да болды. Олар биология және экология кафедрасының 

оқытушысы,  магистр  -  Ханым  Амангелдіқызы.  Биология 

ғылымдарының  кандидаты,  доцент  -  Асқар  Сәрсенұлы. 

География  кафедрасының  оқытушысы,  магистр  -  Айнұр 

Кенжалиқызы.  Химия  кафедрасының  оқытушысы  -  Маншук 

Муратқызы.  Студенттеріміз  бұл  жобаға  жақсы  дайындықпен 

келіп,  жүлделі  орын  иегерлері  атанды.Ерекше  жоба  ұсынған 

студенттер:

I  дәрежелі  дипломмен  география  мамандығының  1  курс 

01111 топ студентi - Каримов Дамир. Тақырыбы: «Аққұм қорығы».

II дәрежелі дипломмен биология мамандығының 1 курс 01107 

топ студентi - Жетесова Аякөз. Дайындаған жұмысы «Еуразия 

даласының таңғажайып жануары - Ақбөкен».

Нации проводит 

на  ежегодн ой 

основе  конкурс, 

целью  которого 

я в л я е т с я 

п о д д е р ж к а   и 

п о о щ р е н и е 

с т у д е н т о в . 

С т ат ь  в т о р о й 

год  подряд  сти-

пендианткой вы-

шесказанного фонда стало для меня большой честью. Я этим 

горжусь и, думаю, по праву. Кроме этого, как оказалось, наш 

вуз стал единственным в городе, студента которого поощрил 

Фонд в этом году. Это и честь, и большая ответственность. Ну 

и  конечно,  огромная  радость  для  меня  и  моих  близких.  Это, 

безусловно, успех, но успех, которого может достичь каждый 

– было бы желание!

III  дәрежелі  дипломмен  география 

мамандығы  1  курс  01111  топ  студентi  - 

Махмудова  Айсана  марапатталды.  Жоба 

тақырыбы: «Құм көшкінінің зардаптары мен 

оны  алдын  алу  жолдары».    Және  де  өте 

жақсы белсенділік танытқаны үшін биология 

мамандығы  1  курс  01103  топ  студентi  - 

Таскаиров  Самат,  химия  мамандығы  1 

курс  01101  топ  студентi  -  Колбаева  Айзада 

арнайы  алғыс  хатпен  марапат талды. 

Студенттерімізді  жеңістерімен  құттықтай 

отырып,  алдағы еңбектеріне жеміс тілейміз!



Гүлжайнар ЖҮСІПКЕРЕЕВА, 

Жаратылыстану-география факультеті 

химия мамандығының 01102 топ студенті 

№ 9 (904) қараша 2014 жыл

4

Халық  достығы  –  бейбітшілік кепілі



Қарашаның  5-ші  жұлдызында  жаратылыстану  –  география  факультетінің  «Химия»  мамандығы  1  курс  01101топ 

студенттері арасында,  келер жылдың Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығына орай «Халық достығы – бейбітшілік 

кепілі» атты дөңгелек үстел өткізілді. 

2014 жылдың 5-6 қарашасы күні «Педагогика және психология» кафедрасының ұйымдастыруымен педагогикалық 

факультеттің акт залында «Педагогика және психология», «Бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесі», «Әлеуметтік 

педагогика және өзін-өзі тану» мамандықтары бойынша студенттік топтар арасында кәсіби білім, біліктіліктерін арттыру, 

республикалық  студенттік  олимпиадаға  даярлық  және  оған  үздік  студенттерді  іріктеу  мақсатында  педагогикалық-

психологиялық олимпиада өткізілді. 

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ОЛИМПИАДА

Эрудиты с «экономическим» уклоном

Вряд ли кто поспорит с мнением, что бухгалтером, финанси-

стом или экономистом не рождаются. Однако среди студентов 

всегда находятся те, кому всегда нужны знания чуть больше, 

чем другим. Им интересно все, что касается их будущей про-

фессии. Да и среди школьников, что еще раздумывают о своей 

будущей жизни, немало тех, кому интересно проверить свои 

знания и наклонности. И как это выявить? Игра, пусть это звучит 

несколько по-детски, помогает выявить такие таланты. «Эрудит» 

- интеллектуальная викторина, которая прошла на факультете 

истории,  экономики  и  права,  стала  той  лакмусовой  бумагой, 

которая помогла открыть дорогу ребятам.

Игру «Эрудит» организовали сотрудники кафедры «Учет и 

финансы». За игрой, в которой приняли участие учащиеся 9-11 

классов школ города, наблюдали к.э.н., доцент СPI, заведую-

щая кафедрой учет и финансы Нугманова М.К., преподаватели 

Баудиярова Э.Н., Скок Е.А., Тогжанова А.К., преподаватели школ 

города, студенты 1-4 курсов специальностей «Учет и аудит», 

«Финансы», выпускники школ.

21 ноября 2014 г. в ежегодной интеллектуальной викторине  

«Эрудит» приняли участие выпускники школ г.Уральска. 

Школьники Искарова Дина, Ажигулова Светлана, Кежгалиев 

Нурсултан,  Андреев  Даниил,  Чекалин  Сергей,  Костенко 

Светлана,  Щекутеев  Владимир,  Полубаярова  Галина, 

Терентьева  Анастасия,  Нурманбекова  Диана  соревновались 

в  пяти  турах:  «Мой  край»,  «Казахстан  –  мой  дом  родной», 

«Полиглот»,  «Видеовопрос»,  «ЗКГУ  им.  М.Утемисова».  По 

результатам игры 1 место занял Чекалин Сергей (сш № 16), 2 

место Кежгалиев Нурсултан (сш № 17). 

Мероприятие прошло на позитивной ноте, по результатам  

которой школьникам были вручены  дипломы и благодарствен-

ные письма.  

Школьники изъявили желание в будущем поступать в ЗКГУ 

им М.Утемисова.

Также планируются  работы по проведению со школьниками 

различных школ других тематических деловых игр таких, как  

«Экскурс  в  мир  профессий»,  «Мир  профессий  и  я»,  деловая 

игра  «Экономика  и  предприниматель»  и  т.п.,  цель  которых



 

ознакомить учащихся с классификацией профессий в игровой 

форме, создать информационное пространство о профессиях, 

задуматься о своем профессиональном будущем. 



А.К. ТОГЖАНОВА, 

преподаватель кафедры учет и финансы

Д ө ң г е л е к  ү с т е л  б а р ы с ы н д а 

Е л б а с ы м ы з д ы ң  ж и ы р м а с ы н ш ы 

сессиясында  көрсетіліп  өткен  «Бір 

мақсат.  Бір  мүдде.  Бір  болашақ» 

атты  стратегиялық  бағыты  негізге 

а лынды.  Н.Ә.Назарбаевтың  бұл 

сессияда  қарастырған  мәселелері 

бейне  баяндама  арқылы  көрсетілді. 

Сессия  тарихына  көз  жүгіртіп,  оның 

қазіргі  атқарып  жатқан  облыс  және 

аудан  көлеміндегі  ж ұмыстарына 

байланысты  студенттер  өз  ойларын 

білдірді. Топ кураторы М.М Мукашева 

стратегия  барысына,  оның  болашақ 

ұрпаққа  маңыздылығы  жөнінде  өз 

ойын  толық тай  айт ты.  Дөңгелек 

үстеліміздің меймандары  факультетіміздің студенттік деканы 

Д.Н.Жүсіпқалиев  және  факультет  деканының  орынбасары 

А.Ф.Сағызбаев  тілектерін  білдіріп,  пікір  –  таласымызды  одан 

әрі жандандыра түсті.

Бұ л  дөң гелек  үс тел  с т удент тердің  отан ға  деген 

сүйіспеншілігін  арттыруға,  халықтар  достығын  насихаттауға 

көп үлесін тигізеді деген сенімдеміз.



Әнуар ХАМИТОВ, 

химия мамандығының 1-курс студенті

Олимпиаданың  салтанатты  ашылуына  «Ғылым  және 

коммерцияландыру  департаментінің»  директоры  Имашев 

Эдуард  Жүсіпұлы,  «Тәрбие  жұмысы»  бөлімінің  жетекшісі 

Жақсығалиева Альфия Сырымқожақызы қатысып, сөз сөйледі. 

«Әділ  қазылар  алқасының»  мүшелері  қатарында  Қалмақ 

мемлекеттік университеті «Биология және педагогикалық білім 

беру» факультетінің деканы З.О.Кекеева, Орал қалалық орта 

жалпы білім беретін эстетикалық бағыттағы мектеп – гимназия 

психологы  Э.В.Вагапова,  педагогикалық  факультет  деканы 

Г.А.Ергалиева,  педагогика  және  психология  кафедрасының 

меңгерушісі Ж.И.Сардарова болды.

Олимпиада  5  турдан  тұрды:  білімді 

компьютерлік тестілеу; таныстыру; фильмді 

психологиялық  талдау  («Педагогика  және 

психология» мамандығына), сабақтанүзінді 

(«Бастауыш  оқыту  педагогикасы  және 

әдістемесі»); педагогикалық-психологиялық 

жағдаятты  талдау,  шешу;  ғылыми  жоба 

қорғау;  педагогикалық-психологиялық 

ертегі.

Олимпиадаға 12 топ қатысып өз білім, 



біліктілік, өнерлерін ортаға салып, сайысқа 

түсті.  Олимпиада  нәтижелері  бойынша 

06305-топ,  яғни  «Акме»  командасы  1 

орынды, 06302-топ «Cапа» командасы мен 

06202-топ «Freids qeneration» командасы 2 

орындарды, 06203-топ «Leserf» командасы 

мен  06205-топ  «Body  knot»  командасы  3 

орындарды  иеленді.  06303–топ  «Психея» 

командасы  «Креативті»  номинациясын, 

06304-топ «Online» командасы «Актерлық 

шеберлік»  номинациясын,  06306-топ 

«Мейірім» командасы «Интеллектуал» номинациясын, 06307-

топ «Буратино» командасы «Үздік жоба» номинациясын жеңіп 

алды.  Студенттер  өздерінің  шығармашылық  істері,  актерлық 

шеберліктерімен көрермендерді тәнті қылды. 

Олимпиаданың  жоғары  деңгейде  ұйымдастырылуына 

кафедра  оқытушылары  О.Н.Ерниязов,  Н.У.Кулдашева, 

Э.К.Абдираймова, С.Ф.Баюканская зор үлес қосты. 



О.Н.ЕРНИЯЗОВ, 

педагогика және психология

кафедрасының оқытушысы, педагогика магистрі     

Бұл менің таңдауым

Әр адамның бұғанасы қатып, өзiн- өзi басқара алатындай, 

өзiн- өзi жүйеге келтіре алатындай жасқа келгенде, өміріне 

зор әсер ететін, өмірінің көп бөлігін осы нәрсеге арнайтын 

бір  таңдау  жасау  керек  болады  және  бұл  әр  адамның  ба-

сынан өтетін жағдай. Менiң таңдауым әрбір адамның сана-

сына  серпін,  ақылына  рухани  азық  қосатын  «кiтап»  деген 

ұлы сөзбен өте тығыз байланысты. Мен кiтап деген ұғымды 

кішкентай кезімнен санама сіңіріп өстім. Әжем кітапханашы 

болғандықтан, мен де әжемнiң жолын қудым деп ойлаймын. 

Алғашында кітапханаға барғанда кітаптарды түс-түсімен, бой-

бойымен орналастыратынмын. Өсе келе бұл мамандықтың 

да қыр-сырын түсінесiң.

Ақындықтың асқар шыңы болған Абай да, серiлiктiң серкесі 

болған Ақан серi, Бiржан сал да, жазушылықтың жоғарғы саты-

сында тұрған Ғабит, Сәбит, Мұхтар да, тағы басқа жазушылар, 

сахнаның саңлағы болған Шәкен де теңіздің тереңінде, асқар 

таудың шыңында тұрған жалғыз асыл қазынаның арқасында 

үлкен  белестерге  қол  жеткізіп,  талай-талай  асуларды 

бағындырды. Әрине сол асыл қазына дегеніміз -  кiтап.

Әр мамандықтың да өз қиындықтары мен соқпақ жолдары 

бар. Сол қиындықтарға төзе білген маман ғана үлкен дәрежеге 

жете  алады.  Сол  сияқты  кітапханашы  мамандығының  да 

өзіндік  қиындықтары  бар.  Кейбір  адамдар  кітапханашы 

мамандығына  сын  көзбен  қарайды.    Ал  оның  несi  бар? 

Кiтапхана да қазіргі технологиямен жабдықталған, білікті ма-

мандар басқарады, тұтынушының сұранысын қамтамасыз ете 

алады. Мен бұл адамдарға Расул Ғамзатовтың мына сөзімен 

жауап берер едiм: «кітаппен дос бол, кітаптың жомарт беттері, 

көзіңді тосар адал дос одан жоқ тегi».

Кiтап - ол қол жетпес шың,

Кiтап - ол теңіз тереңіндегi қазына,

Кiтап - ол сарқылмас байлық,

Кiтап - ол ақылды ғұлама. 

Мен өзiм «Кiтапхана ici» мамандығына түсемін деген ой 

үш ұйықтасам да түсіме кірген жоқ. Бірақ бұл мамандыққа 

түскеніме  ешқашан  өкінбек  емеспiн.  Өйткені  мен  бұл 

мамандыққа  келгеніме  өте  бақыттымын.  Себебі  күндердің 

күнi, қашан болса да, бұл менің нағыз таңдауым болар едi.



Надира МУФТИГАЛИЕВА, 

кітапхана ісі  мамандығының 1-курс студенті 

Біз қалай БҚМУ-ды таңдадық?

          

Біз, А.Абиева(Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану), 

Б.Шайхиева (Педагогика және психология), Қ.Аманғалиева 

(биология)  биыл  Орал  қаласындағы  №4  орта  жалпы  білім 

беретін мектебін бітіріп, аталған бөлімдерге оқуға түстік.

Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін таңдауымызға 

педагогика  және  психология  кафедрасының  доценті 

Б.А.Молдағалиев және оқытушы О.Н.Ерниязовтың үлкен әсері 

болды. Ағайларды 8-10 сынып аралықтарында мектепте көріп 

жүретін едік, ол күткеннен кейін олар біздермен тікелей жұмыс 

істей  бастады.  Сынып  сағаттарында  университет  туралы 

бейнеролик (кино) көрсетіп, буклет, плакат, «Өркен» газетінің 

әр нөмірін бізге таратып өткізеді. Сөйтіп, бізде университетке 

үлкен  қызығушылық  пайда  болды.  Нәтижесінде,  үшеуміз 

осы жоғары оқу орнын таңдадық, ал ата-аналарымыз біздің 

таңдауымызды қолдады. 

Бізге осында оқу ұнайды. Оқытушылар білікті, материалдық 

база жақсы, кітапхана, спортзалдың да жұмысы жақсы жолға 

қойылған.

Б.А.Молдағалиевтің жетекшілігімен студенттік – ғылыми  

жобаға дайындалудамыз. 

Мектеп оқушыларын БҚМУ-ға оқуға түсуге шақырамыз.



А.АБИЕВА, Б.ШАЙХИЕВА, Қ.АМАНҒАЛИЕВА, 

бірінші курс студенттері

№ 9 (904) қараша 2014 жыл

5

«Қайырымдылық-адами құндылықтардың сақтаушы 



күші» дегенді ұранға ала отырып, жақында университеті,  

жаратылыстану-география    факультетінің  ғылыми 

берлестігінің жетекшісі Жұмабек Сапарбаев  бастаған бір 

топ белсенді студеттер «1 қазан- Қарттар күніне» орай  

қариялар үйіне барып, «Қарты бар үй-қазыналы үй» атты 

қайырымдылық концерт қойып қайтты. 

Қарты бар үй - қазыналы үй

Ақылдың  кенін  арқалаған  ардақты  аталар  мен  ақ 

жаулықты аналармыздың ықыласына бөленген  бұл концерт 

көрермен  көзайымына  айналды  десек  қателеспейміз. 

Белсенді  1-курс  студенттері  дайындаған  көңілді  ән  мен 

әсерлі биде қазыналы қарттарымызды ерекше күйге бөледі. 

Кеш  сонында  қарияларымызға  дайындалған  арнайы 

сыйлықтар таратылып, көңілді би кешімен өз жалғасын тапты. 

Тағдыр қиындықтарына мойымайтын асыл қарттарымыздың 

жүзіне  күлкі,  жүрегіне  қуаныш  сыйлау  студенттеріміздің 

де  жүрігіне    қажымыс  қайрат,  таусылмас  мейірімділік 

сыйлағаны сөзсіз. Кішкене ғана уақыт ішінде болсада оларға 

көмек  қолын  созу,  жылулық  сыйлау,  қамқор  болу  біздің 

қоғам алдындағы борышымыз деп білетін студендттер,  өз 

адамгершілік, қамқорлық  қасиеттерін одан әрі толықтыра 

түсті.  Ал,  риза  болған  қарттарымыз  болса,  оларға  ақ 

баталарын  беріп,  өмір  белестеріндегі  қиындықтардан 

сүрінбей өтулеріне тілек білдірді. 

Осындай  мән-мағынаға толы  жылулыққа сыйлайтын  

қайырымдылық  кештер  алдағы    уақытта  да  өз  жалғасын 

табады деген үміттеміз.



Айнагүл ТӘЖІМУХАН, 

01113 группа 

«Екі жұлдыз» 

атты ән байқауы

М.Өтемісов  атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік 

университетінің мәдениет және өнер факультетінде 2014 

жылдың  14    қарашасында  Халықаралық  студенттер 

күніне  орай  ұйымдастырылған    «Екі  жұлдыз»  атты  ән 

байқауы өткізілді.

Бұл  аталмыш  ән  байқауында  әртүрлі  мамандық 

иелерінен  5    жұп  өнер  көрсеткен  болатын.  Қатысушы 

жұптардың  сахнада  өздерін  ұстауы,  актерлік  шеберлігі, 

бір-біріне  жарасымдылығы  айқын  көрінді.  Өздерінің  

қоңыр  дауыстарымен,  табиғи  талантымен  көрермен 

қауымға  жеткізе  білген  жұптарымыздың  өнерін  ерекше 

атап  өтуімізге  болады.  Мысалы,  «Вокал»  мамандығының 

1-курс  студенттері  Шакиров  Армат,  Төлеуғалиева  Әдемі, 

мәдени-тынығу жұмысы мамандығының  1-курс студенттері 

Темирболатова  Перизат,  Молдабекова  Гүлбану,  «Аспапта 

орындау және вокалдық өнер» мамандығының студенттері 

Төремұратова Айгерім және Асем Нұрлан. «Екі жұлдыз» атты 

ән байқауында әділ-қазылар алқасы ҚР халық әртісі , доцент 

Жұмағаным Әбдіхалыққызы Рахимова, вокал және аспапта 

орындау кафедрасының аға оқытушы Ворфоломеева Ольга 

Викторовна ,  вокал мамандығының аға оқытушы Потиченко 

Эллина  Генадьевна  байқау  қатысушыларын  құттықтап, 

марапаттады.  «Құлақтан кіріп бойды алар, әсем әнмен тәтті 

күй»-, деп Абай атамыз айтқандай өнерлі жұптарымыз әдемі 

дауыстарымен  көрерменнің жүрегінен орын ала білді. 

Г.ШАУКЕРОВА, 

мәдени-тынығу жұмысы мамандығының  3-курс студенті

Финансовая грамотность – залог успешного бизнеса

Денег много не бывает!

В  ЗКФ РГУ «Национальном Банке» РК открылся кабинет 

«Финансовой грамотности», в котором ведутся лекции по 

повышению финансовой осведомленности населения. 

6  ноября  2014  года  студенты  Западно-Казахстанского 

университета  имени  М.Утемисова  кафедры  учет  и  финансы 

посетили лекцию по финансовой грамотности. Лекцию провел 

Бабенов Болат Альбекович – ведущий специалист отдела кон-

троля финансовых организаций и защиты прав потребителей 

финансовых услуг РГУ «Национальный Банк» РК. Лекция про-

шла в специально оборудованном кабинете. Студенты задавали 

интересующие  их  вопросы,  такие  как  проблемы  ипотечного 

кредитования, банковский омбудсмен и другие. 

Кафедра учет и финансы уже не первый год сотрудничает 

с  ЗКФ РГУ «Национальный Банк».  Сотрудничество позволяет 

закрепить теоретические навыки на практике, быть в курсе де-

ятельности этих банков и, конечно же, повышать финансовую 

грамотность.  Это  двухстороннее  сотрудничество  позволяет 

быть в курсе последних изменений в финансово-банковском 

законодательстве и практике. Студенты с большим интересом 

посещают данные лекции, т.к. могут задавать вопросы именно 

практикам. А сотрудники Национального Банка, в свою очередь, 

делясь  своими 

знаниями  и  опытом,  повышают  финансовую 

грамотность потенциальных  сотрудников и клиентов. 



День национальной валюты РК и про-

фессиональный  праздник  работников 

финансовой  системы  был  отмечен  на 

факультете истории, экономики и права. 

17-18 ноября 2014 года были проведены 

деловые  игры  «Қаржы  көңіл  күй»    и  «Ум, 

талант  и…  много  денег».  В  нем  приняли 

участие преподаватели и студенты кафедры 

«Учет и финансы». Уже 21 год в обращении 

находится  национальная  валюта  –  тенге, 

которая  является  одним  из  признаков  су-

веренитета  страны.  Казахстанский  тенге 

считается одной из самых молодых валют 

в  мире,  так  как  Казахстан  одним  из  по-

следних вышел из рублевой зоны бывшего 

Советского Союза. 

Разработка новой валюты заняла один 

год, после чего прочно укрепила свои пози-

ции в качестве национальной валюты. Свои 

знания о национальной валюте – тенге, его истории продемон-

стрировали будущие финансисты. Студенты приняли активное 

участие в викторине, особый интерес вызвали такие вопросы 

как:  где  было  решено  создать  банкнотную  фабрику,  сколько 

степеней защиты, кто и как разрабатывает дизайн тенге и многие 

другие. Строгое, но справедливое жюри по достоинству оцени-

ло заинтересованность и активность участников. Победители 

конкурса получили дипломы и памятные подарки от спонсоров. 

Спонсорами игр стала ЗКФ РГУ «Национальный банк» РК и  ЗКФ 

АО «Народный Банк» РК. Проведение подобных мероприятий 

способствует повышению финансовой грамотности молодежи.

А.К. ТОГЖАНОВА, 

преподаватель кафедры учет и финансы

Мисс Геофак - 2014



Жаратылыстану-география факультетінде 2014 жылдың 

қараша айының 15 жұлдызында «Мисс Геофак-2014» атты 

арулар  байқауы өтті.

Бұл  байқауға  10  ару  қатысты  .Байқаудың  мақсаты 

қыз  балалардың  жан  дүниесіндегі  көркемдік  талғамын 

қалыптастыру,қазақ  халқының  қыз  тәрбиелеу  салт-дәстүріне 

байланысты әдептілікке тәрбиелеу. «Мисс геофак-2014»байқауы 

III кезеңді қамтыды. I кезең - шығармашылық тапсырма, II кезең - 

фото байқау, III кезең - концерттік бағдарлама. III кезең бойынща 

1 -«Мен қазақ қызымын», 2 - «Білгенге маржан», 3 - «Сұлудың 

сыры», 4 - «Өмірде не болмайды», 5 - «Көрсетпеген өнер зая 

кетеді»  атты  бөлімдерден  тұрды.  Мерекелік  кеш  қонақтары 

болып  студенттік  ректор  Төрехан  Дүйсенбаев,  кәсіподақ 

төрайымы  Гүлшат  Үмбетжанова,  достық  клубының  төрайымы 

Гүлжанат Қаленова, кәсіподақ төрайымының орынбасары Алмаз 

Қабдешов әділ бағаларын беріп, арулар өнеріне тәнті болып, осы 

шараны  ұйымдасырған  студенттік  деканы  Д.Н.Жүсіпқалиевке 

өз алғыстарын білдірді. Арулар байқауы тартысты әрі қызықты 

өтті. Әрбір топ жанкүйерлері өз аруларына қолдау көрсете білді. 

Байқау  қорытындысы  бойынша  «Мисс  Геофак  2014»  атанған 

аруымыз «Биология» мамандығының 01105 топ студенті Камшат 

Абдуллаева  иемденсе,  «Көрермен  көзайымы»  атағын  жеңіп 

алған «Биология» мамандығының 01103 топ студенті Ғабдуллина 

Ақнұр, «Өнерлі ару» атағына ие болған «Химия» мамандығының 

01101 топ студенті Сымбат Бақытжан, «Шебер ару»атағын жеңіп 

алған «Биология» мамандығының 01104 топ студенті Қарлығаш 

Аманғалиева  сынды  аруларымызға  бұйырды.  Мисс  Геофак 

арулар байқауы келген қонақтарға естен кетпес әсер қалдырды.



Айдана АСКАРОВА, 

биология мамандығының 01105 топ студенті 

ӨСУ ЖОЛЫ ӨРКЕНДІ

Жастарды ғылымға тарту

Дүйсенбі  күні,  яғни  17  қарашада 

М.Өтемісов атындағы БҚМУ-нің тарих және 

экономика  факультетінде  «Студенттік 

өмірдегі ғылымның рөлі» деген тақырыпта 

ғылыми  мастер-класс  өткізілді.  Оның 

жұмысын  университетіміздің  ғылыми 

жұмыс  жетекші  орынбасары  Нұрболат 

Зейдоллаұлы жүргізіп отырды. 

Жиналысқа  ғылыми  тәжірибесі  бар 

Шарафутдинова  А жар  Нұрболатқызы, 

Егзалиева  Асель  Болаткалиқызы  сияқты 

ғылыми  жұмыс  жетекшілері  және  ғылыми 

жұмысқа  ден  қойған  студенттер  қауымы 

қатысты. Сонымен қатар 2013-2014 жылдары 

облыстық,  республикалық  деңгейдегі 

ғылыми  жоба  жеңімпаздары  Сембаев 

Асылбек  және  Марат  Ширинбек  қатысып 

студенттер сұрақтарына жауап берді. Жиын 

тарих, құқық және экономика факультетінің 

ғ ылыми  жоба ғ а  ж ауапты  с т удент тік 

төрайымы  Мұс аға лиева  Перизат тың 

ұйымдастыруымен өткізілген болатын. 

Бұл  мастер-класс  тарих,  құқық  және 

экономика  факультетінде  алғаш  рет  өткендіктен  бұл  жиын 

тұсаукесер  ретінде  жүргізілді.  Жиынның  мақсаты  жас 

студенттердің тұлғалық дарынын анықтап, жан-жақты дамыту 

болды. Жиын сәтті аяқталды.



Перизат МҰСАҒАЛИЕВА, 

туризм мамандығының 2 курс студенті                                      

Жаратылыстану-география  факультетінде  студенттік 

ғылыми  қоғам  мүшелеріне  алғаш  рет  «Шеберлік  сыныбы» 

өткізілді.  Өткізген  университеттік  ғылыми  қоғам  төрағасы  - 

Жұмабек Сапарбаев.

Мақсаты:  Ғылыми  жобамен  айналысқысы  келетін 

студенттерге Ғылыми жобаның толықтай бағыт-бағдарын көрсету. 

Ғылыми қоғам студенттерiне және ғылыми жобаның жасалуын 

үйретуге келген қонақтарымыз: коммерциализация офисіның 

әдіскері,  химия  кафедрасының  оқытушысы,  жаратылыстану 

ғылымдырының  магистрі  Нұрболат  Зайдоллаұлы  Зайдолла, 

биология және экология кафедрасының оқытушысы, биология 

магистрi  Каным  Амангельдиевна  Галиева,  университеттік 

ғылыми қоғам төрағасы, 2 курс студенті Жұмабек Сапарбаев.



Гүлжайнар ЖҮСІПКЕРЕЕВА,

химия мамандығының 01102 топ студенті 

№ 9 (904) қараша 2014 жыл

6

Жылы жүректен – 



жаксы тілек

Өмір деген ағыны қатты бір өзен. Әр адамның жүрегіне 

жылы  тиер,  елес  боп  алдыңа  келе  берер,  ноқталап 

көкейіңде мәңгі сақтар кездері болары күмәнсіз.

Ол,  әрине,  жаныңда  қаны  қайнаған,  күлкіден  жүзі 

жайнаған,  өмірдің  бал  дәміне  тоймаған,  бір  қызықтан 

екіншісіне  ауысып  қоймаған,  ертеңін  ұмытып,  тек  бүгінін 

ойлаған жастық кезеңі.

Бұл  өмірде  есте  қалар  естеліктердің  ең  жақсысы  – 

қызығы  мен  шыжығы  қатар  жүретін  студенттік  жылдар 

екендігі даусыз.

Біз,  «педагогика  және  психология»  мамандығының 

06404  –  топ  студенттері  жуырда  мамандығымыздың 

қаншалықты  қасиетті  екендігін,  көп  қырлы  екендігін 

ұғынсын, студенттік өмірді босқа өткізбей әр күнін тиімді 

өткізуге  ой  салсын  деген  ниетпен  1  курс  студенттеріне 

арнап «Жылы жүректен – жақсы тілек» атты кездесу кешін 

ұйымдастырған болатынбыз.

Кеш барысында биылғы жылы Түркістан қаласындағы 

Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ – түрік 

университетінде  оздырылған  VI  Республикалық  пәндік 

олимпиаданың 3 орын иегерлері «Мегамайнд» командасы, 

яғни  4  курс  студенттері  мен  3  курс  студенттерінен 

құралған қыздар командасы сайыстан алған әсерлерімен 

бөлісіп,  сабақпен  қатар  ғылыми  конференцияларға, 

олимпиадаларға,  түрлі  қоғамдық  шараларға  қатысуға 

шақырды.

Сонымен  қатар  Шуппасова  Жаслина  «Студенттерге 

арнау» оқып, Галиева Аякөз бен Нұғманова Марал «Көңілді 

күн», «Туған жер» әнін орындаса, мың бұралған биші қыз 

Басшыбек Гүлдана «Қазақ биімен» көрермен ықыласына 

бөленді. Енді бір сәтте топ студенттері бірлесе флэшмоб, 

түрлі ойындар ұйымдастырып, психология гимнін шырқады.

Кеш  қонақтары  түрлі  тренингтермен,  тартымды  өлең 

шумақтарымен  өрілген  кештен  алған  әсерлері  ерекше 

екендіктерін жасырмады.

Факультет  деканы  Ергалиева  Гүлжан  Алғазықызы:  

«Жүректеріңіз тек жақсылыққа, мейірімділікке толы болсын, 

сонда  ғана  жылы  жүректен    жақсы  тілек  шығады»,-  деп 

тілек  білдіріп,осындай  тәрбиелік  мәні  зор  шаралардың 

ұйымдастырылуын қолдайтынын айтты.

Айгерім ҚУАНЫШҚАЛИЕВА, 

педагогика және психология мамандығының 

4 курс студенті

Играть – значит, развиваться




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет