Ма алала жи а ы халы а их л ы ы да І



Pdf көрінісі
бет16/21
Дата15.03.2017
өлшемі1,54 Mb.
#9900
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

ҒАЛЫМ ҒИБРАТЫ
Тәуелсіздік жылдары отандық тарих ғылымдары сала­
сындағы жетістікке әжептәуір селкеулік тигізер жайсыз 
жайттың бірі – аты ғылыми болғанымен, заты жоқтың 
қасындағы сан алуан жарияланымдар. Шынайы ғылыми 
туындылардың ең басты құрылымдық негізі болып табыла­
тын қажетті категориялық­ұғымдық желістен мүлдем ада. 
Демек, ешқандай дәлелдеу жүйесінсіз қарадүрсін қисынмен 
һәм әсіре баяндау жосынымен «түсінікті» жазылған мұндай 
басылымдардың дәл қазір «құдай беріп тұр» десек, асырып 
айтпаспыз. Жақында ғана бір тарихшы профессордың аузы­
нан «абайсызда» шыққан сөзді сәл ыңғайлап айтқанда «тез 
оқылатын, тез қабылданатын тарихты жазатындардың» 
(бірақ, тарих жазылмайды, ең алдымен зерттелмеуші ме еді?!) 
дәурені жүріп тұр.
Расында да сан алуан тарихи, этнографиялық, тіпті ар­
хеологиялық ең күрделі деген мәселелерді қамтитын осын­
дай оқырмандардың жүрегіне жол тапқыш, өйткені, «тез 
оқылатын» жарияланымдардың қарасы өкінішке қарай, 
көбейіп кетті. Олардың авторлары (басым көпшілігі ғылым 
кандидаттары мен докторлары һәм профессорлар болса да) 
кез келген мәселені шынайы ғылыми зерделеудің бірден­бір 
қажетті жолы зерттеудің дәлелдеу жүйесін жасау екенді­
гіне бастарын қатырып жатпайды. Өйткені бұл – ғылыми 
ізденістің ең қиын әрі айырықша жауапты сатысы. Қиын да 
жауапты болатыны, жүргізіліп отырған зерттеудің дәлелдеу 
жүйесінің бірден бір арқауы – оның өзара себеп­салдарлық 
байланысқа негізделген категориялық­ұғымдық желісін 
құру қажеттігі сөзсіз туындайды. Ал «тез әрі түсінікті» 

236
жазатындардың бұған уақыты (бәлкім, методологиялық бі­
ліктілігі мен әуселесі?!) жете бермейді. Сөйтіп, қазір тари­
хи тақырыпқа қалам сілтейтіндердің арасында теориялық­
методологиялық «қиыр­шиырсыз» төтеден бірақ тартып 
жазып тастайтындардың ерекше тобы қалыптасты. Мұны 
қазіргі отандық тарихнамада қалыптасқан (өкінішке қарай) 
өзіндік үрдіс ретінде бағалауға әбден болатын сияқты. Бұлай 
деуіміздің қисыны мынада: мұндай басылымдарда мәселенің 
себебі емес, салдары ғана сарапқа салынады (бұл тұста сарап 
ұғымы белгілі шарттылықпен ғана қолданылып отыр. Себебі 
авторлардың көпшілігі ғылыми сараптаманы сұлу сөзбен 
айтылған пікірге саятын сыңайлы).
Алайда кез келген тарихи мәселелерді оқырмандарға 
«тез оқылатын» деңгейде жеткізу үшін ең алдымен олардың 
әрқайсысына ғылымның қазіргі соны жетістіктері мен 
талап­талғамына сәйкес іргелі зерттеу жүргізілуі керек емес 
пе еді?! Әлемдегі өркендеп отырған елдердегі өнегесі озық 
ғылымның тәжірибесі осыны айқын айғақтап отырған жоқ 
па? Рас, жоғарыда айтылғандай, тарих саласында кез кел­
ген іргелі зерттеу жүргізу – қиынның қиыны. Өйткені бұл 
үлкен методологиялық мәдениет пен біліктілікті һәм асқан 
жауапкершілікті қажет етеді. Отандық тарих ғылымында, 
соның ішінде, әсіресе этнология саласында іргелі зерттеулер­
дің тым аз кездесетіндігі ең алдымен осы жайтқа байла ныс­
ты болса керек. Оның үстіне, олардың «тез оқылатын, тез 
қабылданатындардың» қатарына жатпағандықтан бәлен дей 
бағалана бермейтіндігі тағы бар. Авторлары да «ұғынық­
ты әрі тез жазғыштарға қарағанда» оқитын аудиториясы аз 
болғандықтан мүлдем белгісіз десе де болады. Бірақ мұндай 
іргелі зерттеулер елімізде әзірше өзінің лайықты бағасын 
алмағанымен, тарихи тәжірибе айғақтап отырғандай, бәрібір 
мәңгі жасайды. Себебі ондай зерттеулердің ғана нәтижесі 
отандық ғылымды байытатын һәм дамытатын бірден бір фак­
тор болып табылады. 
Отандық тарихнамада шынайы бағалана қоймаған, сон­
дықтан да әзірше елеусіздеу қалып жүрген сондай еңбектердің 
қатарына, сөз жоқ, көрнекті этнолог әрі археолог профессор 
Серік Ескендірұлы Әжіғалидың Арал­Каспий өңіріндегі (әрі 

237
қарай – АКӨ) бірегей тарихи­архитектуралық ескерткіштер 
кешеніне отыз бес жыл бойы үзбей жүргізген зерттеулерін 
жатқызуға болады. Аталмыш өңір Маңғыстау, Үстірт, 
солтүстік Арал, Атырау теңізімен шендесетін аймақтарды 
қамтиды. Ғалымның айғақты пікіріне қарағанда, АКӨ­де 
жүз мыңдай қазақ тарихы мен мәдениетінің материалдық 
ше жіресі (мәтіні) іспеттес сан алуан ескерткіштер шоғырлан­
ған екен. Бұлар жекелей немесе кешенді архитектуралық 
жерлеу дәстүріне жататын некропольдер, молалар, кесене­
лер, сағанатамдар, төртқұлақ бейіттер, молалардың басына 
орнатылған стеллалар, ескерткіштер, сондай­ақ мешіттер 
мен қыстаулардың орындары және т.б. Серік Әжіғалидың 
өзі ұйымдастырып, өзі тікелей қатысқан ұзын саны отыздай 
ғылыми экспедициялардың барысында әлгі тарихи­мәдени 
ескерткіштердің бір мыңға жуығы зерттелінді. Осы тұста ерек­
ше екшеп айтар жайт – осыншама мол ескерткіштердің ішінен 
профессордың әлгі мыңды зерттеудің нысаны ретінде арнайы 
таңдауының басты гәбі мынада: олар зерттеу нысанының 
«типтік» деп аталатын ерекше категориясын құрайды. Сон­
дықтан да оларды зерттеу сайып келгенде аталмыш өңірдегі 
ежелден (шамамен қола дәуірінен) бастау алатын сан алуан 
этногенетикалық, этникалық, этномәдени, этносаяси, тіпті 
экономикалық үдерістерді зерттеу болып табылады. Бұл өз 
кезегінде аталмыш өңірдегі ғана емес, Қазақстан аумағында 
да Ұлы Далалық мәдениеттің (осы ұғымның кең қолданысы 
мағынасында) болмыс­бітімін ғылыми зерделеуге айрықша 
мүмкіндік ашады. Ғылымда типологиялық деп аталатын 
әдістің эвристикалық пәрмені де осында. Сонымен қатар 
айтылған ой­тұжырым Серік Әжіғалидың қарастырылып 
отырған зерттеулер циклінің ерекше танымдық әрі прак­
тикалық маңызын айғақтайды (себебі профессор өзінің әрбір 
зерттеуінде аталмыш ескерткіштерді экологиялық және 
антро 
погендік апаттан сақтаудың қажеттілігін үнемі атап 
өтіп әрі ғылыми негіздеп отырады). 
Аталмыш ескерткіштерді ғылыми айналымға енгізу үшін 
Серік Әжіғали бастаған экспедиция мың шақырымнан астам 
жол жүріп өткен екен! Өйткені ғалымның еңбектеріндегі 
өзі жасаған тарихи­мәдени ескерткіштердің карталары 

238
мен экспедициялар маршруттарына зер салсақ, аталмыш 
өңірдің бір шеті мен екінші шетіне орналасқан сан алуан 
ескерткіштердің ара қашықтығы мың шақырымнан асып 
жығылады. Бұдан профессор мен оның әріптестерінің атал­
мыш өңірді зерттеу үшін жаздың аптап ыстығында ұшан 
теңіз еңбек жұмсағандарын айқын аңғаруға болады. Ғалым 
өзінің көп жылдық зерттеуінің нәтижесінде Батыс Қазақстан 
аймағындағы тарихи­мәдени ескерткіштерді маңғыстаулық, 
үстірттік, доңызтаулық, ембі­сағыздық, солтүстік арал ма­
ңына жататын өңірлік, қобда­електік, солтүстік каспийлік 
деп аталатын үлкен топтарға бөледі. Ал солтүстік каспийлік 
деп аталатын ескерткіштер шоғыры өз кезегінде атырау, бөкей 
орда, жайық маңындағы, орал сыртындағы деп автордың өзі 
атаған өңірлік ішкі жіктерге топтастырылды. 
Сонымен бірге, автордың қисынды сараптамасына сүйен­
сек, бұл өңірде ежелден қалыптасқан тас қашау өнері мен 
оларды жасақтау дәстүрінің мәнді ерекшелігі тұрғысы нан 
қара ғанда аталмыш ескерткіштердің екі тобы қалыптас қан­
дығын аңғаруға болады: а) молалардың басындағы ескерт­
кіш тердің мол кездесетіндігімен және пошымының архаизм­
 ді лі гімен  ерекшеленетін  оңтүстік­батыс,  яғни,  Маң ғыстау­
Үс тірт кешені. Осы ретте айта кетер жайт, ес керт кіштердің 
бұл тобы көбінесе ерте ортағасырлық некропольдер мен мо­
лаларда шоғырланған; ә) далалық архитектуралық дәстүрдің 
тегеуірінді ықпалы неғұрлым айқын көрінетін. Сондық тан 
да типтік ескерткіштер аз кездесетін солтүстік кешен. Ес­
керткіштерді осындай өңірлік ерекшеліктеріне байла нысты 
типологиялық жіктеуді аймақтық деп атауға әбден болады. 
Қарастырылып отырған зерттеулер циклінің тағы бір 
ерекше ден қойдырар қыры, Батыс Қазақстандағы және оған 
іргелес аймақтардағы мемориалды­культтік ескерткіштердің 
алғаш рет теориялық және деректік тұрғыдан негізделген аса 
күрделі типологиялық классификациясының жасалуы дер 
едік. Бұл типологиялық классификацияның эвристикалық 
мәні сонда, ол типтік жағынан осы тұрғылас, уақыт жағынан 
шендес бүкіл Орталық Азиядағы архитектуралық­культтік 
ескерткіштерді зерделеуге методологиялық арқау бола ала­

239
ды. Оларды шартты түрде екі жікке (класс) топтауға болады: 
а) мешіттер мен тәу ететін жерлер (культтік) сияқты қоғам­
дық құрылыстар; ә) мемориалдық құрылыстар. Соңғысын 
типо логиялық зерделеу оны төмендегідей жіктеуге мүмкін­
дік берді: 1) кесене­там, күмбез сынды күмбезді құрылыстар, 
төрт 
 
құлақ бейіттер, сағанатамдар; 2) стела­құлпытастар, 
қой   тас, қошқартас сияқты мола басына орнатылған ескерт­
кіш тер; Сандықтас сынды жәшік­саркофагтар, қорған тәрізді 
бо лып келген қарапайым қоршаулар, моланың үстіндегі төм­
пешіктер («оба») және т.б. Профессор С. Әжіғали өз зерт теу­
лерінде бұлардың бәрін өз кезегінде топтарға, типтерге, ішкі 
типтерге, нұсқаларға, түрлерге жіктейді. 
Осындай типологиялық жіктеу авторға ескерткіштердің 
әрбір тобының, типінің, нұсқасының, түрінің әрқайсысы­
на тән өзіндік төлтума ерекшелігін ерекше екшеп талдауға 
мүмкіндік берді. 
Қарастырылып отырған зерттеулер циклінің тағы бір 
танымдық тағылымы мол қыры ескерткіштердің сан алу­
ан типтері мен түрлерінің тарихи­этнографиялық (және 
археологиялық) деректің ерекше категориясы ретінде 
зерделенуі дер едік. Осындай методологиялық ұстаным 
авторға АКӨ­дегі ежелден бастау алатын этногенетикалық, 
этномәдени, тіпті, экономикалық және этносаяси үдеріс­
тердің «тұрандық» (автордың термині) ерекшелігін талдауға 
эпистемологиялық арқау болды. Зерттеулер циклінде ав­
тор өзі негіздеген методологиялық ұстанымға сәйкес АКӨ 
төмендегідей этногенездік және культурогенездік үдеріс­
терді бастан кешті: 1) көне дәуір – б.з.д. VІІІ­VІІ ғғ. – б.з. 
І мыңжылдығының ортасына дейінгі кезеңде аталмыш 
үдерістердің субстраттық негізі массагеттік этномәдени 
дәстүр болды; 2) ерте ортағасыр – VІ­Х ғғ. аралығында Қазақ­
станның басқа да аймақтарындағыдай осы өңірде түркілік 
фактор, әсіресе, оғыздық дәстүр айырықша рөл атқарды; 
3) орта ғасыр – ХІ­ХVІІ ғғ. кезеңінде барлық қазақ өлкесі 
сияқты АКӨ­де қыпшақ факторы әсерінің күшті ықпалында 
болды. Бұл өңірдің этникалық және этномәдени болмысын 
«қазақтандыру» үдерісіне алып келді. Сонымен бірге, АКӨ­
дегі этногенетикалық және этномәдени (культурогенез) 

240
үдерісінің өзіндік ерекшелігі болды (мысал ретінде АКӨ­дегі 
этногенез және культурогенезде айырықша рөл атқарған 
түркімен, соның ішінде салор этникалық факторды атауға бо­
лады). 
Профессор Серік Әжіғалидың АКӨ­дегі сан алуан тарихи­
мәдени ескерткіштерді зерттеуге арналған үш жүзге жуық 
еңбектерінің ішінен өзінің зерттеу нысандарын қамтудың 
ауқымы және методологиялық тереңдігі мен дәйектілігі 
жағынан ерекше шоқтығы биік екі монографиясын шын 
мәніндегі академиялық іргелі еңбек ретінде айрықша 
бағалаған ләзім деп ойлаймыз. Біріншісі, «Көшпелілер ар­
хитектурасы – Еуразия тарихы мен мәдениетінің феномені» 
(Архитектура кочевников – феномен истории и культуры 
Евразии (Памятники Арало­Каспийского региона. – Алма­
ты: Ғылым, 2002. – 654­б.). Екіншісі, «Батыс Қазақстандағы 
жерлеу салтына байланысты архитектурасының генезисі» 
(Генезис традиционной погребально­культовой архитектуры 
Западного Казахстана (на основе исследования малых форм). 
– Алматы: Ғылым, 1994. – 260­б.). Отандық тарихнамадан 
гөрі, шетелдік, соның ішінде, Ресей ғалымдары тарапынан 
аса жоғары бағаға ие болған Серік Әжіғалидың осы және 
басқа да зерттеулерінің Қазақстан тарихы мен мәдениеті һәм 
археологиясы мен этнографиясына қосқан үлесі шын мәнінде 
өлшеусіз. Әсіресе, соңғы кезеңде Қазақстан Республикасы 
Мемлекеттік хатшысы М. Тәжиннің тікелей басшылығымен 
қолға алынып отырған Қазақстан тарихын әлемдік ғылымның 
талап­талғамына сәйкес қайтадан және терең зерделеу ісінде 
профессор Серік Әжіғалидың Арал­Каспий өңіріндегі тарихи­
мәдени мұраны кешенді зерттеулер циклінің орны мен рөлі 
ерекше деп айтуға әбден болады. Бұл нағыз ғалымның шы­
найы зерттеулерінің жоғарыда айтылған төтеден бірақ тартып 
«тез әрі түсінікті» жазылғандардан түбегейлі артықшылығы 
да осында. 

ШІ ШІ
а а

243
Қасымхан БЕГМАНОВ
ТАРИХЫМЫЗҒА ҚАТЫСТЫ ҚҰЖАТТАР ШЕТЕЛ 
МҰРАҒАТТАРЫНДА ШАШЫЛЫП ЖАТЫР
Ұлттық тарихымызды зерттеу мен зерделеу, сол арқылы 
оның көкжиегін кеңейту бүгінгі таңдағы аса маңызды мә­
селелердің біріне айналып отыр. Өйткені өткенді пайым­
дамай, жаңа тарихи дүниетанымды қалыптастыру мүм­
кін еместігін өмірдің өзі көрсетіп отыр. Елбасы Нұрсұл тан 
Назарбаев ұлттық тарихымыздың мәселелерімен тұ рақ­
ты және табандылықпен айналысып келе жатқаны мәлім. 
Алқалы жиындарда айтып қана қоймай, «Тарих тол қы­
нындағы халық» атты бағдарлама да жасады. Бұл құжат 
тәуелсіз мемлекетіміздің тарихын зерттеп, оны болашақ 
ұрпаққа жеткізуде теңдесі жоқ бағалы болып отыр. Тіпті 
мемлекет басшысы тарихтан тағылым алудың, оны нақты 
зерделеудің жолдарын да айтып берді.
Осыған орай ұлттық тарихымызды зерделеу жөнінде 
ведомоствоаралық жұмыс тобы құрылды. Топ жетекшісі 
мемлекеттік хатшы Марат Тәжин топтың кеңейтілген 
отырысында баяндама жасап, мемлекет басшысы ұсынған 
«Қазақстан­2050» стратегиясының қоғам дамуын жаңа 
белеске көтерудегі рөлі мен маңызы және ұлттық тарих­
ты зерттеудің дәстүрлі жолы төңірегінде жан­жақты 
әңгімеледі.
Бүгінгі таңда еліміздің барлық ғылыми саласында, еңбек 
ұжымдарында тарихқа қатысты ой­пікірлер, ұсыныстар, 
атқарылған жұмыстар жан­жақты сөз болып жатыр. Осыған 
орай қазақтың тұңғыш саяси эмигранты, адамзаттың 
азаттығы мен теңдігін көксеген, сол жолға бүкіл ғұмырын 
арнаған Мұстафа Шоқай туралы қостомдық тарихи­
деректі, танымдық деректі зерттеу кітабын жазып, өзі ре­

244
жиссер болып төрт сериялы деректі фильмі еліміздегі орта 
білім беру бағдарламаларына енген, халықаралық «Алаш» 
әдеби және Қазақстан жастар одағы сыйлықтарының ла­
уреаты, «Құрмет» орденінің иегері, белгілі қаламгер­этно­
гроф, республикалық «Дәстүр» журналының бас редакторы, 
көрнекті ақын Қасымхан Бегмановты әңгімеге тартып, 
ұлттық тарихымызға қатысты бірнеше сауал қойдық.
– Ұлттық тарих мәселесімен және ұлттық тұлғаларды 
жазумен көптен бері айналысып жүрсіз. Өзіңіз ақын бола 
тұра тарихқа терең бойлауыңыздың себебі неде?
– Ақын, жалпы, қаламгер болу үшін Отаныңды, еліңді, 
жеріңді жан­тәніңмен сүю – міндет, ал халқыңды шексіз 
сүю – парыз. Ал сол Отан мен халықтың шыққан тарихы бар 
емес пе? Оны терең білу, жан­жақты зерттеу, әрбір азамат 
үшін борыш. Еліміз тәуелсіздік алған алғашқы жылдарда 
«Алашорда» деген атпен бір үлкен жобаны іске асыруды ар­
мандадым. Көп томдық үлкен басылым даярлау, оған отандық 
және шетелдік дереккөздері мен құжаттық мәліметтерді 
айналымға енгізу, оны қарапайым оқырманға жеткізу арма­
ныма айналды. Біраз оңайлықпен мызғи қоймайтын есіктерді 
қағып, өз ұсынысымды білдірдім. Бірақ бұл құлшынысымнан 
еш нәтиже шыға қоймады. Мұның аяғы ұзақ жылға созылып 
кетті. Мен жасаған «Алашорда» жобасы осылайша іске аспай 
қалды. Есесіне, Алаштың ардақтысы, бүкіл түркі халқының 
қамын жеген ұлы қайраткер, есімі төрткүл дүниеге мәшһүр 
Мұстафа Шоқай жайлы жеке жоба жасадым. Әрине, тарих­
ты айтқанды жеке тұлғаларды елемей, ескермей кету қиянат. 
Өйткені тарихты жасайтын да жеке тұлғалар ғой. Сондай 
тұлғалардың бірегейі – Мұстафа Шоқай.
Басты мақсат – Мұстафа Шоқайдың кіндік қаны тамған 
Наршоқыдан бастап, ол болған тарихи орындарды, сан 
алуан мекендер мен кенттерді, түрлі білім және ғылым 
орталықтарын, алыс­жақын шетелдердің ірі қалаларына 
барып тарихи тұлға өміріне қатысты нақты деректер мен 
дәйектерді жинастыру болатын. Сондай­ақ ұлы қайраткер 
өміріне қатысты материалдармен ғана шектелмей, мүм­
кіндігінше ол тұрған, болған, қызмет істеген шаһар мен өңір, 

245
өлкелердің тарихын қоса зерттеуді де алдыма басты міндет 
етіп қойдым. Мұстафа Шоқай 51 жылдық ғұмырында шерлі 
Түркістанның болашағы үшін сансыз қиындықтарды басынан 
кешіре жүріп, алған бетінен қайтпаған табанды тарихи тұлға 
болып мәңгіге қалғандығына көзім анық жетті.
– Мұныңыз жөн болған екен. Осындай қыруар шаруаны 
жүзеге асыруды қалай бастадыңыз?
– Әрине, бүкіл Алаштың анасы болған Сыр бойынан, оның 
ішінде Мұстафа Шоқайдың туып­өскен жері – Шиелі ауда­
нына қарасты Наршоқыдан басталды. Ұлы тұлғаның туып­
өскен жері мен елінен басталған біздің ұзақ сапарымыз бала 
Мұстафаға үлкен өмірге жолдама берген Ташкент шаһарында 
жалғасып, одан ары Ферғана, Қоқан, Самарқаннан, орыстың 
Санкт­Петерборына ұласты. Одан кейін Әзірбайжан аста­
насы Баку, Грузия астанасы Тбилисиде жалғасып, Кутаиси 
қаласы арқылы Батуми айлағына дейін барып, Ыстамбұл 
қаласында болдым. Шоқай өмірінің соңғы 21 жылы өткен 
Францияның Париж, Ножан­сюр­Марн, Мария Шоқай жер­
ленген Шелль шаһарында, француздардың Фонтенбло тәрізді 
тарихи әдемі қалаларының мұрағаттарын аралап, ол дүниеден 
өткен Берлиндегі Мұстафа Шоқайдың бейітіне гүл шоғын 
қойып, құран бағыштадым. Мұстафа Шоқайдың жаназасы 
шығарылған Берлин мешіті, еске алу асы өткен Париждегі 
мұсылмандар мешітінде болып, фотоға түсіріп, таспаға жа­
зып алдым. Осы жерде бір тоқталып өтетін мәселе, Мұстафа 
Шоқайдың жүрген, тұрған жерлерін аралаған экспедиция 
кезінде үнемі менің жанымда республикаға танымал газет­
журналдардың өкілдері болды. Мұндағы мақсат – сапар ба­
рысымен халықты дер кезінде баспасөз арқылы таныстырып 
отыру еді. Кезінде солай болды да.
– Сапар аяқталған соң кітап жазуға отырдыңыз ғой…
– Жоқ, алдымен деректі фильм түсіруді қолға алдым. Ал 
кітаптың жалпы нобайы сапар барысында жазылды ғой. Са­
пар негізінде фильм сценариінің алғашқы нұсқасын қағазға 
түсірдім. Бұл деректі фильмнің режиссері де өзім болуға 
мәжбүр болдым. Қайталап айтамын, мәжбүр болдым. Себебі 
қолдағы бар материалдарды, дайын сценариді белгілі бір­екі 
режиссерге бергеніммен, олар Мұстафа әлеміне кіре алмады. 

246
Біреуінің жасаған фильмін өзім мүлде ұнатпадым. Деректі 
фильмге өзім режиссер болуым осылайша мәжбүрліктен 
туған еді. Үш сериядан және бір жалпы сериядан тұратын 
деректі фильмді жұртшылық жақсы қабылдады. Әсіресе, 
тарихшылардың көзқарастары, пікірлері мені қанаттандырып 
жіберді. Айталық, атақты жазушы Қабдеш Жұмаділов: 
«Фильмді ақын түсіргені дұрыс болыпты. Егер кино маманы 
түсіргенде бұрынғы сүрлеуден шыға алмай қалуы мүмкін ғой. 
Ал Мұстафа Шоқай – жан­жақты тұлға, ол саясаткер, демо­
крат, қаламгер, ақын, тағысын, тағылар», – деп айтты.
«Мұстафа Шоқай жолымен» деректі фильмі «Уақыт 
таңдауы – Выбор Времени» агенттігі мен республикалық 
қоғамдық­саяси «Президент және Халық» газетінің «Жылдың 
ең үздік деректі фильмі» атағын жеңіп алды. Қазақстан 
Республикасы Білім және ғылым министрлігі фильмнің 
маңыздылығын ескеріп, еліміздің орта мектептерінде тарих 
пәніне қосымша электрондық оқулық ретінде оқыту туралы 
арнайы қаулы қабылдады. Қазір сол бұйрық бойынша орта 
мектептерде қосымша пән ретінде оқытылып жатыр. Алма­
ты, Астана, Өскемен, Шымкент, Қызылорда қалаларында 
және Мұстафа Шоқайдың туып­өскен мекені Шиеліде деректі 
фильмнің тұсаукесері өтті.
– Деректі фильм түсіру, оны көрерменге әсіресе, мектеп 
оқушыларына жеткізуде біраз игілікті іс тындырыпсыз. 
Бі рақ осы фильм шыққан соң, бүкіл баспасөз шулаған сот 
болған жоқ па?
– Сондай келеңсіз бір жағдай болды. «Мұстафа Шоқай жо­
лымен» деректі фильмінің Өскеменде өткен тұсаукесерінен 
кейін, сол қаладан шығатын «Flash!» газеті Мұстафа Шо­
қайды «фашистермен сыбайлас, сатқын» деген мазмұнда екі 
бірдей мақала жариялады. Мұндай нақақ жалаға шыдай ал­
мадым. Өскемен қалалық сотына шағым түсірдім. Қалалық 
сот әлгі газеттің сөзін сөйледі. Мен ол газетті облыстық сотқа 
қайта бердім. Бір емес, екі адвокат жалдауыма, Астана да ғы 
Республикалық прокуратураға арнайы баруыма тура келді. 
Сот менің Мұстафа Шоқайға туыстық ешқандай қатысым ның 
жоқ екенін, ол үшін тек туыстықтары қағаз жүзінде дәлелден­
ген жақын туыстары ғана соттаса алатынын алға тартты. Содан 

247
мен Шымкенттегі КНБ архивіне М. Шоқай туыстарын алып 
барып, екі­үш күн жатып, олардың туыс тығын дәлелдейтін 
арнайы құжат алдым. Туыстары жаста рының ұлғайғандығына 
байланысты сонау Өскеменге барып сотқа қатыса алмайтын 
болған соң, маған нотариалды бекітіп, сенімхат берді. Осын­
дай қиындығы көп жолдардан өтіп, дәлелдеп шыққанымның 
арқасында облыстық сот «Flash!» газетінің жапқан жаласын 
теріске шығарып, менің шағымымды қанағаттандырды. Осы­
лайша әділдік орнады. Біраз ұлтжанды азаматтар баспасөз 
бетінде өз пікірлерін айтты. Жиындарда шығып сөйледі. Осы 
орайда ұлттық тарихымыздың жоғын жоқтап, шаруасын 
түзеп жүрген талантты тарихшы Мәмбет Қойгелдінің мына 
бір сөзі есімнен кетпейді: «Ел тәуелсіздігінің осынау 20 жы­
лында жеке басы үшін соттасқандар арамызда өте көп. Ал ұлт 
қайраткері үшін соттасқан арамызда жалғыз­ақ қазақ бар. 
Ол осы кітап пен деректі фильмнің авторы, зерттеуші ақын – 
Қасымхан Бегманов», – деп жазды. Бүгінгі таңдағы Елбасы 
саясатының басым бөлігі – жас ұрпақты ел мен жерді сүюге, 
Отанды құрметтеуге баулу. Осы тұрғыда «Мұстафа Шоқай жо­
лымен» деректі фильмінің атқаратын рөлі зор. Фильмді көрген 
әрбір жасөспірім тәуелсіздіктің не екенін, дербестіктің мәні 
мен мазмұнын және отанды сүюдің қадір­қасиетін жан­жақты 
сезінетініне еш күмән жоқ.
– Ендеше бүгінде Мұстафа Шоқайдың рулас емес, ет­
жақын туыстарынан кімдер бар?
– Бар, бәрі де көп қуғын­сүргін көрген, әбден шаршаған. 
Жоғарыда айтқанымдай, жастары да біразға келген. Мен 
дидарласып, сырлы сұхбаттар жүргізген, арнайы ауылдары­
на барып таспаға жазып алған Мұстафа Шоқайдың үш не­
мере інілері өкінішке қарай бұл күнде дүниеден өтіп кетті. 
Олар – Мұстафаның туған ағасы Сыздықтың немересі Да нияр 
Ерғалиұлы, Шоқайдың інісі Қалымбеттің балалары Ойдан 
мен Болат ақсақалдар. Данияр мен Ойдан ақсақалдар Шиелі 
ауданындағы Бірінші мамыр ауылында тұрса, Болат ақсақал 
Алматы облысының Ұзынағаш селосында 50 жылдан астам 
уақыт өмір сүріп, осыдан екі­үш күн бұрын дүниеден өтті. 
Осыдан жарты жыл бұрын біз тарихшы Мәмбет Қойгелді 
екеуіміз Ұзынағаш ауданының басшысына арнайы барып, 

248
Болат Қалымбеттің құлағалы тұрған үйін жөндеп беруін 
сұраған едік. Өкінішке қарай, бұл өтінішіміз орындалма­
ды. Болат ақсақал сол құлағалы тұрған, ешқандай жағдайы 
жоқ үйде дүниеден өтті. Енді тек көңіліме демеу – осы асыл 
ақсақалдардың бейнесін жазып алғаным ғана. Бүгінгі күні 
Құдайға шүкір, Мұстафаның туған інісі Нұртазаның қызы 
Нәмина апамыз бар. Ол кісі Келес жақта тұрады.
– «Мұстафа Шоқай жолымен» деп аталатын кітабы­
ңыз жарық көрді. Бұл шығарма тарихи деректерге сүйеніп 
жазылған болар?
– Мұстафа Шоқай туралы еңбегім бұрын­соңды тарихшы­
лар жазған кітаптардан өзгешелеу. Біріншіден, бұл тек қана 
тарихи деректерге ғана негізделініп жазылған жоқ. Кітаптың 
аты айтып тұрғандай, Мұстафа Шоқайдың өскен, білім 
алған, саяси жұмыстар атқарған және эмиграцияда жүрген 
елді мекендерде, қалаларда мен де болып, бәрі көзбенен 
көріп жазылған деректі дүние. Бұл кітапта бұрын­соңды 
тарихшылардың қолына түспеген көп деректер бар. Соның 
есіме түскендерін ғана айтайын. Шоқайдың Кетік айлағы 
арқылы Каспий теңізімен Баку жаққа шығуына көмектескен 
қазақ офицері Оспан Көбеев туралы жан­жақты зерттеліп 
жазылды. Сол Баку қаласындағы Шоқайлардың алғаш та­
бан тіреген ауданы Майлы емес, Байлы екені анықталды. 
Батуми мұрағатынан №2905. 7 наурыз 1921 жылы Мария 
Шоқайға берілген олардың алғаш шетелге эмиграцияға 
шыққан мезгілін анықтайтын құжатты таптым. Бұрынғы 
кездері эмигранттың шетелге шыққан уақыты айтылғанда 
қай күні, қай айда кеткені анық көрсетілмейтін. Сонымен 
қатар Мұстафа Шоқай Тбилисиде екі жылға жуық тұрған кез­
де мақалалар жазған, шығарған басылымдарының үйлерді 
іздеп тауып, бүгінгі күнге дейін бірде журнал, бірде газет деп 
жазылып жүрген Мұстафа Шоқай шығарған «На рубеже» 
атты басылымның журнал екенін анықтадым. Қазір қолымда 
«На рубеженің» түпнұсқа екінші саны бар. Пішіні жағынан 
қазіргі шығып жүрген журналдардан үлкен. Көлемі – 20 бет. 
Ал Санкт­Петербор қаласындағы мұрағаттардан Мұстафаның 
туу туралы куәлігі, Мұстафа Шоқайдың әр жылдардағы сабақ 
қорытындысына байланысты қойылған бағаларының емти­

249
хан кітапшасы, тіпті білім алу үшін төленген қаржыларының 
түбіртектерінің барлық көшірмелеріне дейін алдым. Бұл 
құжаттардың кейбірі бізге дейін ешкімнің қолына түспеген 
құнды дүниелер. Осы құжаттар сақталған Санкт­Петербор 
Орталық мемлекеттік мұрағатының №14 фондында, №3 
тізбесіндегі №55955 ісі бойынша «Құжаттарды пайдалану 
қағазына» үңілер болсақ, маған дейін төрт­ақ адам – Геше­
тов, А. Айтмұханбетов, Исахан, Шотбақовалар ғана қарағаны 
жайлы құжаттар толтырылғанын айта кетсем артық бол­
мас. Ал 2008 жылдың 9­13 қыркүйегінде ол мұрағатта менің 
отырғаным жайлы жазба дерек қалды. Мұнан басқа мен жүріп 
өткен сегіз мемлекеттегі Мұстафа Шоқай тұрған барлық 
пәтерлер анықталды. Ең бастысы – Түркістан автономиясы 62 
күн отырған Қоқандағы қасиетті үкімет үйін өз көзіммен ар­
найы барып көріп, фотосы мен видеосын жазып алдып, кітап 
пен деректі фильмде берілді.
Екіншіден, мен экспедициямен аралап жүргенімде Мұстафа 
Шоқайдың өзін көрмегенмен, көзін көргендермен қызметтес 
болғандармен көп сұхбаттастым. Кезінде Мария Шоқаймен 
біраз жыл бірге тұрып, қолұшын берген 92 жастағы Әлім Ал­
мат ақсақалмен, тағы да басқа толып жатқан саясаткерлер­
мен, әр түрлі елдердің мұрағат қызметкерлерімен, шетелдік 
эмигранттарды зерттейтін академиктермен сұхбаттастым. 
Мұстафа Шоқайға қатысты бұрын баспа бетін көрмеген нақты 
материалдар таптым. Тарихи құжаттарды кездестірдім. Міне, 
мұның бәрі бізге дейін, ешқандай оқулықта немесе зерт­
теу кітаптарында жазылмаған дүниелер болатын. Сонымен 
қатар кітаптың тағы бір ерекшелігі – сапарнама болған соң, 
жеңіл оқылатындығында. Енді жуырда мемлекеттік тапсы­
рыспен жарық көрген «Мұстафа Шоқай жолымен» кітабына 
қайта оралайын. Мәдениет және ақпарат министрі М. Құл­
Мұхаммед қазақтың тұңғыш эмигранты Мұстафа Шоқай ту­
ралы кітабымды шығаруыма тікелей көмек көрсетті. Осындай 
нақты қамқорлықтың нәтижесінде тарихи деректі, танымдық 
сапарнама «Мұстафа Шоқай жолымен» көлемі 40 баспа табақ 
болып кітап­альбом түрінде қайта жарық көрді. Кітаптың 
безендірілуі, қағазы осы заманға сай барынша сапалы жүзеге 
асырылған.

250
– Қасымхан аға, айтуыңызға қарағанда, «Мұстафа 
Шоқай жолымен» тарихи­деректі, зерттеу және танымдық 
сапарнамасы жаңалығы мол, халыққа айтары, берері көп 
кітап болған екен. Тарихымызды зерделеу, ол үшін шетелдегі 
тарихи жәдігерлерді зерттеу бүгінгі таңда күн тәртібінде 
тұрған мәселелердің бірі емес пе?
– Оның рас. Бұл жөнінде Мемлекеттік хатшы Марат 
Тәжин шетелдегі тарихи жәдігерлерді Қазақстанға қай тару 
мәселесін көтерді. Бұл өте орынды және дер кезінде көте­
рілген пайдалы іс. Болашағымызды болжау үшін артымызға 
қайырылып, өткенді бағдарлаудың, пайымдаудың маңызы 
зор. «Біз тарихи артефактілердің (бұл қазіргі заман тари­
хына да қатысты) барлық негіздегі шетелдік қоймаларын 
ұқыпты зерттеуге, сондай­ақ ол тарихи материалдарды Қа­
зақстанға қайтару мүмкіндігі жөніндегі мәселені қарауға, 
егер ондай мүмкіндік болмаса, олардың көшірмесін жаса­
тып, болашақта зерттеушілер мен жалпы жұртшылық үшін 
қолжетімді етуге тиістіміз», – деді Мемлекеттік хатшы. 
Тарихымызды зерделеуге, ұлы тұлғаларымызды танып­бі­
луге мұндай істердің пайдасы ұшан­теңіз. Қазақстанға қа­
тысты біздің халқымыздың өткеніне қатысты қаншама де­
ректер шетелдердің мұрағаттарында шаңға батып жатыр. 
Оны мен өз көзіммен көрдім. Санкт­Петерборда екінші рет 
болғанымда да Мұстафа Шоқайға қатысты деректерді іздеп 
отырып, әлем таныған ұлы жазушымыз Мұхтар Әуезовтің 
студенттік билетін таптым. Бұл бір ғана мысал. Сол сияқты 
Кавказ мұрағаттарында болғанымда, бұрын­соңды бұл жер­
лерге Қазақстаннан, тіпті Орта Азиядан бірде­бір ғалымның 
немесе зерттеушінің келмегенін анық аңғардым. Ал мұндағы 
құжаттар ұшан­теңіз. Уақыттың тапшылығынан Мұстафа 
Шоқайдың оншақты мақаласын ғана тауып үлгердім. Ал 
шындығында Мұстафа Шоқай Кеңес үкіметіне қарсы негізгі 
мақалаларын осы Кавказда болған кезінде жазған. Бүгінгі 
күні мен ғалымдар мен зерттеушілердің сол Тбилиси мен Ба­
туми мұрағаттарына баруын қалар едім. Өйткені грузиндердің 
өздері айтып отыратындай, онда сонау ғасырлар қойнауында 
қалған қыпшақтардың көне деректері аз кездеспейді. Гру­
зин тіліне қыпшақтардың шамамен мың жарымдай сөзі еніп 

251
кеткен. Ескі ғимараттарындағы орнаменттер де көңілімізге 
жақын, көзімізге жылы ұшырап көрінді. Ол орнаменттер­
ден түркілердің асқақ бейнесін анық аңғаруға болады. Оны 
грузиндердің өздері де жасырмайды.
Осы орайда менің айтарым, мемлекеттің бүгінгі көрсетіп 
отырған қамқорлығын тиімді пайдаланып, алыс­жақын ше­
телдерге экспедицияға шығып, елімізге қатысты құжаттарды 
мүмкіндігінше шұғыл жинап алуымыз керек. Бұл қадам орта 
мектептер мен жоғары оқу орындарында тарихты оқытудың, 
болашақ Қазақстан тарихын жазудың негізгі, әрі маңызды ең 
басты шарты болар еді. Қысқасы, Қазақстанның Қадыр ақын 
айтқандай, «пышақтың қырындай тарихын» қалыңдатқымыз 
келсе, шетелге шығып, мұрағаттарда тапжылмай отырып 
жұмыс істеуіміз керек. Сосын мемлекеттің бұл қамқорлығы 
уақытша науқаншылдықпен шектеліп, шолақ қайырылып 
қалмай, тұрақты, ұзақ жылдарға жасалған бағдарламалар 
арқылы біртіндеп жүзеге асса деген тілегім бар.
– Сіздің өлең жазумен, тарихты зерттеумен қатар 
ұлт 
тық салт­дәстүрімізді жинастыруда, оны халыққа 
жет кізуде табанды жұмыс атқарып келе жатқан азамат 
екеніңізді де білеміз. Осы тұрғыда атқарған шаруаларыңызға 
тоқталсаңыз.
– Салт­дәстүр, әдет­ғұрып – бұл әрбір халықтың өзіне ғана 
тән болмысы, жаратылысы, бітімі. Кез келген елді дәстүрі не 
қарап оның қандай ұлт екенінін аңғаруға болады. Менің жыл 
басында «Президент және халық» газетіне «Уықты бас құр 
сақтайды, Ұлтты дәстүр сақтайды» деген көлемді сұхбатым 
шықты. Сонда «Салт­дәстүр менің бойымда бар, қаныммен 
келген, көз ашқалы менің санамның түпкірінде бірге жаса­
сып келе жатқан аяулы сезімдерім», – деп жауап берген едім 
тілшінің бір сұрағына. Сонау ертеректе шыққан «Бесіктен 
бейітке дейін» кітабымда «Жарамазан», «Алтыбақан», «Жа­
сырынбақ», «Ханалшы», «Он екі таяқ» тәрізді көптеген 
ұлттық ойындар жайлы этнографиялық өлеңдер жазған едім. 
Олардың кейбірі ән текстеріне айналып кетті. Менің бұл 
тұрғыдағы бітірген тағы бір шаруам – 92 жыл ғұмыр кешіп, 
өмірден өткен, халқымыздың біртуар этнограф, білімпазы 
Жағда Бабалықұлымен жасаған көлемді сұхбатым. 

252
Кейбір әдебиет зерттеушілері, тағы басқа ғалымдар мен 
қаламгерлер бұл кітабымды роман­диолог деп те атап жүр. 
Біздің әдебиетімізде мұндай шығармалардың үлгісі бұрыннан 
бар. Мысалға жазушы Әзілхан Нұршайықовтың Бауыр­
жан Момышұлы туралы жазған «Ақиқат пен аңыз» кітабын 
айтуға болады. Қалай болғанда да халқымыздың бойындағы 
бүгінгі жастар тұрмақ, жасы елуден асқан біздің өзіміз біле 
бермейтін салт­дәстүр, әдет­ғұрыптар туралы жан­жақты ай­
тылды. Орайы келгенде айта кетейін, жуырда осы кітабыма 
байланысты Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл­
Мұхаммед мырзаның арнайы қабылдауында болып, сағатқа 
жуық әңгімелестім. Министріміз осы кітап туралы өзінің 
жылы лебізін білдірді. Әсіресе Шығыс Түркістанның тари­
хына қатысты Мұхаңның терең білетініне қайран қалдым. 
Кешегі Жүргенов пен Жәнібековтің жолын берік ұстанған 
министр «Этнографпен әңгіме», «Мұстафа Шоқай жолымен» 
атты кітаптарымды өзінің жеке кітапханасына қоятынын 
ризашылық сезіммен айтты. «Мұстафа Шоқай жолымен» 
деректі фильмін «Қазақстан» Ұлттық арнасы мен «Хабар­
дан» көрермендерге қолайлы уақытта көрсетуге нақты тап­
сырма берді. Сондай­ақ министрмен кездесуде төрт жылдың 
бедерінде шығып келе жатқан республикалық «Дәстүр» 
журналының жай­күйі туралы да сөз қозғалды. Онда жарық 
көрген материалдардың құндылығын, қажеттілігін бүгінгі 
күн тақырыбына сай келетінін айта келіп, алдағы жылдан 
бастап министрлік тарапынан көмек көрсетілетінін айтты. 
Қазір «Дәстүр» журналы 6000 тиражбен шығып жатыр. Жа­
сыратыны жоқ, мемлекеттік емес басылымдардың ішінде бұл 
ең жоғары көрсеткіштердің қатарына жатады. 
Министрдің көңіл бөлуіне журналдың аз жылда көп 
оқырман тартқаны, журналға шығып жатқан бұрын­соңды 
жарияланбаған, ғалымдар мен этнографтарға арнайы тап­
сырыспен жазылып жатқан мақалалар мен архивтен бұрын 
баспасөз бетін көрмеген фотосуреттер мен құнды дерек­
тер себепкер болса керек. Журналдың мұқабасына, ішкі 
беттеріне беріліп келе жатқан суреттер Республикалық 
мұрағат қорларынан арнайы алынып келеді. «Дәстүр» жур­
налына бірде­бір кездейсоқ мақала жарияланбайды. Өйткені 

253
журналдың мақсат­мүддесі айқын. Осынау шығармашылық 
аласапыран өмірімде көптеген азаматтардың қамқорлығын 
көріп, сол тұлғаларға арқа сүйеп соттан да, оттан да аман 
өттім.
– Жоғарыдағы бір сөзіңізде «елуден ассақ та» деген сөзді 
айтып қалдыңыз.
– Ердің жасы елудің нақ ортасына аяқ басып тұрмын. Жы­
лым ит, айым арыстан жұлдызына жатады. Марқұм анамның 
айтуы бойынша, тамыздың төртінші жұлдызында дүниеге 
келіппін. Ал төлқұжатым бойынша қыркүйек айының жиыр­
масында елу бес жасқа толдым.
– Қаламгермен сұхбаттасқанда қойылатын дәстүрлі 
сұрақ, алдағы шығармашылық жоспарыңыз қандай?
– Бұл өзі – дәстүрлі болғанымен өте қажет сұрақ. Шы­
ғармашылық адамын ойландыратын, серпілтетін, қам 
шы­
лайтын сұрақ. Жоспар көп. Ұлттық салт­дәстүр мен тарихы­
мыз төңірегінде, тарихи тұлғалар жайында қағазға түспеген 
ойда жүрген ел қажет ететін дүниелер бар. Бұл күндері 
алғашқы тараулардың нобайлары қағаз бетіне түсірілген 
«Экспедициядан кейінгі өмір» атты жаңа бір көлемді кітаптың 
үстінде жұмыс жасап жүрмін. Бұл кітапқа «Мұстафа Шоқай 
жолымен» экспедициясынан кейінгі фильмнің шығарылуы, 
кітаптың баспаға дейінгі халі, Мұстафа Шоқайға қатысты 
өткен сот процессі, сол кездердегі өзімнің ішкі жан дүниемдегі 
арпалысым, біздің қоғамдағы қазақтың рөлі жайлы ойларым 
енгелі отыр.
Ал өлеңге келетін болсақ, оны жазбау менің еркімдегі 
нәрсе емес. Өлең жазып жүрмін, соңғы бір­екі жыл көлемінде 
бі раз өлеңдер жаздым. Шынымды айтсам, өлеңім мені үнемі 
желеп­жебеп жүреді. Өлеңдеріме, басқа да жазған, сызғанда­
рыма арқа сүйеп өмір сүріп келемін. Менің шығармаларым нан 
басқа арқа сүйейтін ешкімім жоқ. Жоғарыдағы атқарыл ған 
жұмыстар, жан­жақты терең білімді, отты министр Мұх­
тар Құл­Мұхаммедпен, жуырда Елбасымыздың оңтүстік ке 
жасаған сапарындағы халықпен болған кездесуде, еңбегі аса 
жоғары бағаланған парасатты, іскер әкім Асқар Мырзахме­
товпен, Өскеменде өткен сот процесі тұсында қол ұшын созған 
құрдасым, сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлымен болған 

254
жуырдағы жылы кездесулер, сондай­ақ оқырмандарымның 
ыстық лебіздері менің көңілімді толқытып, серпілтті, қиялыма 
қанат бітірді. Мен осы үш азаматтың, халқымыздың жана­
шыр парасатты перзенттерінің шынайы қамқор көңілдеріне 
өзімнің шексіз алғысымды сүйікті газетім арқылы арнайы 
айтқым келеді.
– Қас­аға, енді ақыннан өлең сұрамау қиянат қой...
– Сиясы да кеуіп үлгермеген, еш жерде жарияланбаған 
жаңа бір өлеңімді оқырманға ұсынайын,..
– Әңгімеңізге рақмет!

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет